5.2. Жүректің жиырылуы
Жүректің жиырылуы жиілігі мен күшінің жасқа байланысты өзгеруі. Жүректің тамырларға айдайтын қанының мөлшері жүректің жиырылу жиілігіне, сондай-ақ систолалық көлемге, яғни сол жақ қарыншаның әрбір жиырылуы кезінде қолқаға шығарылатын қанның көлеміне байланысты.
Жүректің өсуіне қарай қанның систолалық көлемі артады. Нәрестенің жүрегі әрбір систола кезінде қолқаға бар болғаны 2,5 мл қан өткізсе, бірінші жылдың соңына қарай систолалық көлем 10 мл-ге жетеді. Мұны жүрекке келетін қан мөлшерінің артуымен және оларға жиырылатын құлақшадан қанның келуіне байланысты қарыншалардың созылатындығымен түсіндіруге болады. Бала өмірінің екінші жылының соңына қарай систоланың көлем шамамен 4 мл-ге, ал әрбір келесі жылы 2 мл-ге артып отырады.
Жүрек адам өмірінің алғашқы айларында минутына 120-140 рет, бірінші жылдың соңына қарай 100-130 рет, 2-4 жасар балаларда – 90-120 рет, ал 5-6 жасар балаларда 80-110 рет жиырылады. Бұдан кейінгі жылдарда жүректің жиырылу жиілігі мен күшінің тұрақсыз болады. Жүрек циклдерінің бір-бірінен ұзақтығы, тісшелерінің биіктігі жән әрбір тісшелердің арасындағы қашықтық жөнінен айтарлықтай айырмашылық болады. Едәуір дәрежеде ырғақ бастаушының қызмет атқару күйінің өзгергіштігімен байланысты болатын жүрек циклдерінің мұндай әркелкілігі әсіресе, екі жасқа дейінгі балаларда өте айқын байқалады. Мектеп жасына дейінгі кезеңде ол біраз кемиді, ал 7-8 жаста қарай кейбір балалардың жүрегі біркелкі жиырылады. Көпшілік балалардың жүрегі 14-15 жаста жейін әркелкі жиырылады.
Қанның минуттық көлемі, яғни жүректің 1 минутта итеріп шығаратын қан мөлшері адам өмірінің алғашқы айында орта есеппен 325 мл-ге тең болады. Дене салмағының 1 кг-на есептегенде бұл шамамен 100 мл болады. Бір жастағы балаларда минуттық көлем 1200 мл-ге, 1 кг салмаққа шамамен 120 мл, ал бес жастағы балады 2000 мл-ге, 1 кг салмаққа шамамен 100 мл тең болады. Ересек адамда минуттық көлем орта есеппен 4000 мл-ге, 1 кг салмаққа шамамен 60 мл тең болады. Сонымен, 1 кг салмаққа есептегенде минуттық мөлшер балаларда өте көп мөлшерде қажет ететіндігімен түсіндіруге болады.
Қан айналым шеңберлері. Қан айналымның үлкен шеңбері сол жақ қарыншадан басталады, одан артерия қаны қолқаға келеді. Ол барлық мүшелерді қанмен қамтамасыз ететін көптеген артериялар түзеді.
Қан айналымының үлкен шеңбері сол жақ қарыншадан басталып, салатамыр қаны құйылатын оң жақ құлақшадан аяқталады.
Қай айналымының кіші шеңбері оң жақ қарыншадан басталады, салатамыр қаны бұл жерден өкпе көктамырларына келеді. Бұл көктамыр екі тармаққа бөлінеді, оның біреуі сол жақ өкпе, екіншісі оң жақ өкпеге барады. Көктамырлар өкпеде одан әрі тармақталады да, өкпенің өте ұсақ ұяшықтары – альвеолдарын шырмап жататын жиі қылтамырлар торын түзеді. Қан бұл жерден сол жақ қарыншаға келеді де, қайтадан қан айналымының үлкен шеңбері бойымен қозғалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш. Набидоллина Бастауыш мектеп жасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Оқулық. 2-басылым. «Фолиант» баспасы. Астана-2011. 146-160 беттер.
