Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүрек-тамыр жүйесі
Жоспар:
1. Ағзаның ішкі ортасының маңызы
2. Қан, оның құрамы
3. Қан топтары, қан құю
4. Иммунитет және оның түрлері. ЖИТС туралы түсінік
5. Жүректің құрылысы мен жұмысы. Қан айналымы
6. Балалардың жүрек-тамыр жүйесінің бұзылу себептері
1. Ағзаның ішкі ортасының маңызы
Денеден зат алмасуының ақырғы өнімдері ұдайы шығарылып отырады. Бұл процестерді қан, қан сұйықтығы және лимфадан түзілген ағзаның ішкі ортасы қамтамасыз етеді. Ішкі орта ағзаның барлық жасушалар мен ұлпаларына қоректі заттар мен оттегін береді, ағзаның барлық жасушаларының қалыпты тіршілік ету әрекетіне қажетті жағдайларды жасайды, бұл оның құрамының айтарлықтай тұрақтылығы мен физикалық, химиялық қасиеттердің арқасында мүмкін болады. Ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын сақтау гомеостазға жатады. Ағзада өтетін өзгерістер ішкі ортаның құрамы мен қасиеттеріне әсер етеді. Француз ғалымы Клод Бернард қанды «ағзаның айнасы» деп атады.
2. Қан, оның құрамы
Қанның ағзадағы маңызы алуан түрлі. Қанның негізгі қызметінің бірі – бұл оттегі мен көмір қышқыл газын, қоректік заттарды, дене жасушалары тіршілік әрекетінің өнімдерін тасымалдау. Сонымен қатар ол бір мүшелерде түзіліп, басқа мүшелердің қызметіне әсер ететін заттарды тасымалдайды, қан қорғанышы қызметін атқарады. Ағзаның жылуы терінің тамырларын аралап өтетін қан арқылы қоршаған ортаға беріледі. Температура жоғарылағанда терінің тамырлары кеңейеді. Мұнда қан сыртқы ортаға жылуды көп бөліп шығарады, ағзаны қызып кетуден сақтандырады, қоршаған орта температурасы төмендегенде, терінің тамырлары тарылады, бұл ағзаның жылу шығаруын кемітеді. Сөйтіп, адам денесінің бүкіл өмір бойы тұрақты температурасын сақтайды.
Адам қанының мөлшері айтарлықтай тұрақты және ол дене салмағы мен жасқа байланысты, жаңа туған балада қан дене салмағының 15-20%, емшектегі балаларда 13%-ын құрайды.
Қан плазмасы. Қан плазмасында тіршілікке қажетті барлық заттар – су, минералдық тұздар, ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, ферменттер болады. Плазмада 90-92% су болады. Ондағы ақуыздардың мөлшері 6,6-8% аралығында ауытқып отырады.
Эритроциттер. Бұл – пішіні жағынан екіге бүктелген дискаға ұқсас қанның ядросыз жасушасы, олардың құрамы гемоглобин ертіндісі мен оның қосындылары арқылы көрсетілген.
Жаңа туған нәрестеде орта есеппен эритроциттер 1 мл3 – 7,2 млн, 5-6 айлықта 4-4,5 млн. болады. 1 жастан кәмелетке толғанға дейін көбейе береді. Олар 30 күннен 120 күнге дейін өмір сүреді.
Гемоглобин – құрамында темір бар ақуыз тектес зат. Ол эритроциттермен қанға қызыл түс береді. Гемоглобин өкпеде оттегімен байланысып, тұрақсыз қосынды оксигемоглобин құрайды. Ал ұлпаларда оттегінің шамалы бөлігін беріп көмірқышқыл газымен байланысып карбогемоглобинге айналады. Ағзада ол тыныс алу қызметін атқарады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қанында гемоглобин құрамы 80-81%, 10-11 жастағыларда ересектердегі сияқты 85% дейін болады.
Лейкоциттер. Қанның белсенді қозғалатын ядросы бар және пішінін ұдайы өзгертіп отыратын жасушалары лейкоциттер деп аталады. 1 мл3 жас балалар қанында 8-11 мың, ересектерде 6-8 мың лейкоциттер болады. Лейкоциттер қорғаныш қызметін атқарады. Олардың ағзаға еніп кеткен бөгде заттар мен микробтарды сіңіретін қабілеті бар. Бұл фагоцитоз деп аталады. Фагоцитоз құбылысын орыс ғалымы И.И.Мечников ашқан.
Лейкоциттер қанның ақ түйіршіктері, ядро мен протоплазмадан тұрады. Дені сау ересек адамның шеткері қанында 4,0-8,0+103 литр (4-8 мың 1 мм) лейкоциттер болады.
Лейкоциттер екі үлкен топқа бөлінеді:
- Дәнешелі (гранулоциттер);
- Дәнешесіз (агранулоциттер).
Дәнешелілерге нейтрофильдер, эозинофильдер, базофильдер кіреді. Протоплазмасында дәнешелілері жоқтарға моноциттер мен лимфоциттер жатады. Лейкоциттердің барлық түрлерінің бір-бірімен тұрақты ара қатынасы бар. Әр 100 лейкоцит бөлшектерінің тұрақты ара қатынасы бар. Әр 100 лейкоцит бөлшектерінің тұрақты ара қатынасын лейкоцитаралық формула деп атайды. Дені сау адамда әр 100 лейкоциттердің 0-1% базофильден, 2-4% эозинофильдерден, 3-6% нейтрофильдің таяқша, 51-67% сегмент тәрізділерінен, ал 23-40% лимфоциттерден, 4-8% моноциттерден тұрады. Лейкоцитаралық формула адам науқастанғанда өзгереді.
Лейкоциттер 2-4 тәулік қана өмір сүреді. Оларды қан, көк бауыр, жіліктің майы, лимфа бездері жасап шығарады. Лейкоциттердің пішіні тұрақты емес, олар амеба сияқты пішінін өзгертеді, жіңішке тамырлардың қабырғалары лейкоциттерді кезеген қан жасушалары деп атайды;
- диапедез қасиеті – оның қан матырдан ұлпаға шығуы;
- фагоцитоз қасиеті – лейкоциттердің микробтарды және қандағы бөгде заттарды сіңіріп, қорытып жіберуі.
Лейкоциттердің атқаратын қызметі. Олардың атқаратын қызметі микробтарға қарсы арнайы заттар жасап шығарып, оларды қоршап алады және жұтады. Мысалы бір базофиль 25 микробты, 1 моноцит 100 микробты қармай алады.
- Лейкоциттер дененің қайта жаңғыруына (регенерация), жараның бітуіне қатысады.
- Лейкоциттер ферменттердің қызметін атқарады.
- Лейкоциттер жасушаның өлуіне белсенді түрде қатысады.
Тромбоциттер. Тромбоциттер немесе қан пластинкалары, сопақша, домалақша пішіндес болып қан тамырлардың қабырғасына жақын орналасады. Олардың 1 мм3 қандағы мөлшері 300-400*109.
Тромбоциттердің қасиеті. Тромбоциттер фагоцитозға жабысып, оларды бір-біріне жабыстырады. Сонымен қатар биологиялық заттар жасап шығарып, қажет емес затты жұта да алады.
Тромбоциттердің атқаратын қызметі. Олардың басты қызметі қанның ұю процесіне қатысады.
Қанның құрамында ерекше ақуыз болады, олар эритроциттерде агглютиногендер, ал қанның плазмасында агглютининдер. Агглютиногендер А және В болып латыни әрпімен белгіленеді. Плазмадағы агглбтининдер де екеу, олар грек әрпімен α және β болып белгіленеді.
Қанның әуелі адамның қанын анықтап алады, тобы сәйкес келген жағдайда құюға болады.
Егер эротроциттегі агглютиноген А мен плазмадағы агглютинин α кездесетін болса, эритроциттер бір-бірімен жабысып, газ тасымалдау қасиетінен айырылып агглютинация процесі пайда болады. Агглютинация дегеніміз – эритроциттердің бір-біріне жабысуы. Бұл эритроциттердің мембрана қабығының жарылуынан гемолиз пайда болады. Қан беруші адамды донор, ал қанды қабылдаушыны реципиент деп атайды.
Резус-фактор. 1940 жылы Америка ғалымдары Ландштейнер мен Винер маймылдың макакус-резус деген тұқымының қанынан ерекшк ақуызды кездестірген. Бұл заттар кейін адамның табылған және оның адамға қан құйған кезде ерекше маңызы бар екені анықталады. Қандағы ерекше ақуыз маймылдың атымен резус-фактор деп аталады. Статистика бойынша бұл ақуыз дүние жүзіндегі әр 100 адамның 85% қанында бар, ал 15%-да жоқ. Резус агглютиноген адам қанының эритроциттерінде болады. Ол адамның жынысына, жасына, ұлтына қарамайды. Тұқымнан тұқымға өтеді. Бала туғанда ата-анасының біреуінде резус-фактор бар, ал екіншісінде жоқ болса, балада резус қайшылық болады. Резус қайшылықтың алдын алмаған жағдайда нәрестенің гемоглобин ауруына шалдығу қаупі бар.
