Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1. Бастауыш мектеп жасындаы балаларды жйке жйесі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32.04 Кб
Скачать

Бастауыш мектеп жасындағы балалардың жүйке жүйесі

Жоспар:

1. Жүйке жүйесі және жүйке ұлпасы

2. Жұлынның құрылысы

3. Мидың құрылысы

4. Үлкен ми сыңарлары қыртысының құрылысы мен қызметі

5. Вегативтік жүйке жүйесі

1. Жүйке жүйесі мен жүйке ұлпасы

Ағза біртұтас. Бір мүшенің жұмысының өзгеруі бүкіл ағзаның қызметінің өзгеруіне әкеліп соғады. Мысалы: дене еңбегі тыныс алуға, теріс бөлінуге, бұлшық еттің жиырылуына әсер етеді. Ағзадағы барлық жүйелердің қызмет атқаруы орталық жүйке жүйесінің бақылауында болады. Ол дененің үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз етеді.

Жүйке жүйесі ағзада көптеген қызмет атқарады:

1. Ағзаның қоршаған ортамен байланысын жүзеге асырады. Мысалы: сырттан әсер еткен тітіркендіруге жауап реакциясын қайтарады: ыссыдан қолды тартып алады, тамаққа сөл бөлінеді, көзге бөгде зат енгенде жас бөлінеді.

2. Жүйке жүйесі мүшелерінің жұмысын реттейді. Мысалы: парасимпатикалық жүйкелер қозғанда жүректің жұмысы әлсірейді, баяулайды, ал симпатикалық жүйкелердің әсерінен жүректің жұмысы күшейеді.

3. Жүйке жүйесі мүшелердің өзара жұмысының әрекетін үйлестіріп отырады. Мысалы: дене еңбегі кезінде жұмыс атқаратын бұлшық еттер мен қан тамырлар кеңейеді, тыныс алу жиілейді, жүрек қызметі жылдамдайды, зат алмасу артады.

4. Жүйке жүйесі арқылы адамның ойлау өрісі дамиды.

Жүйке жүйесі екі бөлімге бөлінеді:

- Орталық жүйке жүйесі;

- Шеткі жүйке жүйесі.

Орталық жүйке жүйесі жұлын мен мидан құралады. Шеткі жүйке жүйесі соматикалық (бас сүйек пен жұлыннан тарайтын жүйкелер) және вегативтік (симпатикалық және парасимпатикалық) жүйкелерден құралады.

Жүйке ұлпасы жүйке жүйесі қызметінің негізі болып табылады. Ол жүйке жасушалары – нейрондардан құралады. Нейрон денесінен және одан тарайтын өсінділерден тұрады. Оның аксон деп аталатын бір ұзын өсіндісі болады және тармақталған көп қысқа өсінділері болады. Оларды дендриттер деп атайды. Бір жүйке талшықтарының аксондары екінші жүйке талшықтарының дендриттерімен тікелей байланыспайды. Олардың арасында арнаулы түзіліс бар. Ол синапс деп аталады. Әрбір нейрондардың цитоплазмасы мен ядросы болады. Жүйке импульстері дендриттер арқылы нейронның денесінен өтеді, ал аксон арқылы одан шығарылады. Қозу процесі жүйке импульстері арқылы пайда болады. Жүйкенің құрамына кіретін аксондар мен дендриттердің жүйке талшықтары деп атайды. Бір жүйкенің құрамында мыңдаған жүйке талшықтары болуы мүмкін. Көптеген нейрондардың өсінділері май тәрізді қабықшамен қапталған. Бұл қабықша оларды қоршаған жасушалардан бөліп тұрады. Мұндай қабықшалардың бунақты көруге болады. Оларды жұмсақ қабықша деп атайды. Ал қабықшасы жоқ талшықтарды қатқыл талшықтар деп атайды.

Афференттік нейрондар деп қозу импульстерін шеткі бөлімнен орталық жүйке жүйесіне жолдайтын жүйке жасушалары аталады.

Эфференттік нейрондар деп қозу импульстерін орталық жүйке жүйесінен шеткі бөлімге жолдайтын жүйке жасушалары аталады.

Синпанс туралы ұғым. Жүйке тітіркендіргіштері қатаң түрде белгілі бір жасушаның аксондарынан екіншісінің дендритіне өтеді. Бір жүйке талшықтарының аксондары екінші жүйке талшықтарының дендриттерімен тікелей байланыспайды. Олардың арасында арнаулы құрылыстағы түзіліс болады. Ол түзілісті синапс деп атайды. Синапс арқылы тітіркеністің өту жылдамдығы олардың жүйке бойымен өту жылдамдығынан төмен болады. Синапстардың қасиеті:

- тітіркенуді бір бағытта өткізеді;

- тітіркенуді өткізуді қажетті жағдайда кідіртеді.

Жүйке ұлпасының негізгі қасиеті – қозғыштық және қозуды өткізгіштік.

Қозғаштық – жүйке ұлпасының тітіркендіргіштердің әсерінен қозу қабілеті.

Өткізгіштік – жүйке ұлпасының қозуды өткізу қабілеті.