- •Пән бойынша өзіндік тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •6.1 Салыстырмалы психологияның тарихы және қазіргі аспектілері кр 2201 Коррекциялық психология
- •5В050300-Психология мамандығына арналған
- •Оқу бағдарламасы
- •Курс мазмұны
- •Дизонтогенез ұғымы Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары Дизонтогенез ұғымы мен классификациясы Дизонтогенездің параметрлері
- •Дамуында бұзылуы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері
- •Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері. Түйсік пен қабылдау
- •Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Зейін және ес (жады)
- •Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы
- •Дамуында бұзылуы бар балалардың отбасын психологиялық – педагогикалық қолдау
- •Психокоррекциялық –дамытушылық бағдарламаларды құру ерекшеліктері.
- •Коррекциялық психологияда қолданатын әдістер
- •Практикалық сабақтардың болжамдық тақырыптары
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •Қазақстан Републикасы Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Жұмыс оқу бағдарламасы
- •6.1 Салыстырмалы психологияның тарихы және қазіргі аспектілері
- •5В050300-Психология
- •Модульдік оқу жоспарынан көшірме
- •Модуль бойынша пәннің тақырыптық жоспары
- •Пән мазмұны
- •1 Модуль. Коррекциялық психология ғылымына кіріспе
- •Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары
- •Дизонтогенез ұғымы мен классификациясы
- •Дизонтогенездің параметрлері
- •Практикалық сабақтар
- •Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары
- •Дизонтогенез ұғымы мен классификациясы
- •Дизонтогенездің параметрлері
- •1.3 Тақырыбы: Дамудағы психикалық ауытқушылықтар.
- •Тақырыбы: Психикалық ауытқушылықтар түрлерінің коррекциясы.
- •Тақырыбы: Психикалық денсаулыққа депривацияның әсері
- •Тақырыбы: Олигофренпедагогика негіздері.
- •Тақырыбы: Тифлопсихология және жеке тұлғаның көру қызметі бұзылысы кезінде дамуы.
- •2 Модуль Дамуында бұзылуы бар балалардың танымдық процестерінің даму ерекшеліктері
- •Сабақтың тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балалардың іс-әрекет ерекшеліктері
- •Сабақтың тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері
- •Практикалық сабақтар
- •Кестені толтыру:
- •Тақырыбы: Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Зейін және ес (жады)
- •2.4 ТақырыбыАрнайы психологияның қолданбалы аспектілері
- •2.5 ТақырыбыПсихикалық дамудың тежелу классификасының негізгі принциптері
- •Бақылау түрі
- •Аралық бақылау материалдары
- •Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
- •Студентке арналған пән бағдарламасы
- •Модульдік оқу жоспарынан көшірме
- •Бекітілген кестеге сәйкес курс бойынша сабақ кестесі
- •Бағалау саясаты
- •Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша студенттердің білімін бағалау шкаласы
- •Пән мазмұны
- •Сөж тақырыптары
- •Осөж тақырыптары
- •Реферат тақырыптары
- •Негізгі әдебиет
- •Қосымша әдебиет
- •Дәріс кешені
- •1.Қарым-қатынас мәдениетін үйрету тобы
- •3. Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы
- •4. Жағымсыз (ұнамсыз) стереотиптерді бұзу тобы
- •Дизонтогенез параметрлері
- •Бцп түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар
- •1.Паралич (сал) пен парез.
- •2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.
- •3. Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі (гиперрефлексия).
- •Синкинезиялар.
- •Тізбекті тіктелу рефлекстерінің жеткіліксіз дамуы (статикалық-кинетикалық рефлекстер).
- •8. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар.
- •9. Қорғаныс рефлекстері.
- •10. Патологиялық рефлекстер (жазылу және бүгілу).
- •Позотондық рефлекстер.
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •Бақылау сұрақтары:
- •2.Эгоцентризмді бұзу тобы.
- •3. Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы.
- •Практикалық сабақтар
- •1.Коррекциялық психология психология ғылымының қолданбалы саласы ретінде
- •2. Коррекциялық психологияның әдіснамасы мен тарихы.
- •3: Кемістік және оның орнын толтыру
- •4 Дизонтогенез ұғымы
- •Баланың психикалық дамуының жалпы және спецификалық заңдылықтары
- •Дизонтогенез ұғымы мен классификациясы
- •Дизонтогенездің параметрлері
- •5 Дамудағы психикалық ауытқушылықтар және депривация
- •6. Коррекциялық психология– практик психологтың іс-әрекет сферасы.
- •7. Дамуында бұзылуы бар балалардың іс-әрекет ерекшеліктері
- •8. Дамуында бұзылуы бар балалардың жеке тұлғалық даму ерекшеліктері
- •9. Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері. Түйсік пен қабылдау
- •10. Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Зейін және ес (жады)
- •Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы
- •Дамуында бұзылуы бар балалардың отбасын психологиялық – педагогикалық қолдау
- •Психокоррекциялық –дамытушылық бағдарламаларды құру ерекшеліктері.
- •Коррекциялық психологияда қолданатын әдістер
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы
- •1.Тақырыбы: Коррекциялық психология психология ғылымының қолданбалы саласы ретінде.
- •2. Тақырыбы: Коррекциялық психология (түзету) және оның түрлері
- •3.Тақырыбы: Дамудағы психикалық ауытқушылықтар.
- •4. Тақырыбы: Психикалық ауытқушылықтар түрлерінің коррекциясы.
- •5. Тақырыбы: Психикалық денсаулыққа депривацияның әсері
- •6. Тақырыбы: Олигофренпедагогика негіздері.
- •7. Тақырыбы: Тифлопсихология және жеке тұлғаның көру қызметі бұзылысы кезінде дамуы.
- •9.Тақырыбы: Арнаулы психологияның қолданбалы аспектілері.
- •10. Тақырыбы: Психикалық даму тежелістерінің негізгі классификациясының принциптері.
- •Кестені толтыру:
- •11.Тақырыбы: Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Зейін және ес (жады)
- •12. Тақырыбы: Психикалық үдерістердің даму ерекшеліктері: Ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы
- •13. Тақырыбы: Дамуында бұзылуы бар балалардың отбасын психологиялық – педагогикалық қолдау
- •14. Тақырыбы: Психокоррекциялық-дамытушылық бағдарламаларды құру ерекшеліктері.
- •15.Тақырыбы: Коррекциялық психологияда қолданатын әдістер:
- •Студенттердің өзіндік жұмысына арналған материалдар:
- •1.Тақырыбы Коррекциялық психология психология ғылымының қолданбалы саласы ретінде
- •2 Тақырыбы Коррекциялық психологияның әдіснамалық негізі және тарихы
- •3 Тақырыбы Дамудағы психикалық ауытқулар
- •4 Тақырыбы Әр түрлі бұзылыс түрлерінің коррекциясы
- •5. Тақырыбы Депривацияның психикалық дамуға әсері
- •Тақырыбы: Олигофренопедагогиканың негізі.
- •Тақырыбы: Тифлопсихология және жеке тұлға дамуының есту анализаторының бұзылыстары
- •Тақырыбы Психикалық толық дамымаған формасының балалардағы әлеуметтену ерекшеліктері
- •9.Тақырыбы Арнайы психологияның қолданбалы аспектілері
- •10. Тақырыбы Психикалық дамудың тежелу классификасының негізгі принциптері
- •Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау материалдары
- •Курс бойынша емтихан сұрақтары:
- •Арнайы кабинеттер, аудиториялар мен зертханалар тізімі.
Бақылау сұрақтары:
1. Мүмкіндігі шектеуді баланың тууымен байланысты, отбасында қандай қиындықтар пайда болады?
2. Атаулы проблемаға ата-аналардың реакциясы қандай?
3. Ата-аналарға қолдау көрсету технологиялары қандай?
4. Реабилитациялық жұмыстардың түрлеріне сипаттама бер.
5. ҚР ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдау жұмысы туралы айт.
6. Психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттері.
7. ҚР білім беру саласында қолданылып жүрген психологиялық қызмет моделінің авторы кім?
8. Психологиялық қызметтің қажеттігі неде?
9. Даму бұзылуының кез келген категориясындағы балалармен жүргізілетін психологиялық жұмыс жобасын құр (жұмыстың жүргізілу формасы, мақсаты мен міндеттері т.б.)
Дәріс тақырыбы: Психокоррекциялық –дамытушылық бағдарламаларды құру ерекшеліктері.
Аннотация: Психокоррекциялық іс - әрекеттің ұйымдастырушылық - психологиялық негіздері.Коррекция жұмысын жүргізуге қойылатын талаптар. Коррекциялық топтармен жұмыс ұйымдастыру. Мектепалды балалармен коррекциялық – дамытушылық жұмыстар. Кіші мектеп жастағы балалармен коррекциялық – дамытушылық жұмыстар. Балалардың және ересек адамдардың қарым-қатынасын коррекциялау Коррекциялық ойындар. Ертегітерапия - баланы коррекциялық-дамытушылық жұмыстың бір әдісі ретінде. Изотерапия. Балшықтерапия және құмтерапиясы. Музыкотерапия, иппотерапия және психогимнастика.
Дәріс жоспары:
Психокоррекциялық іс -әрекеттің ұйымдастырушылық-психологиялық негіздері.
Коррекциялық топтармен жұмыс ұйымдастыру.
Мектепалды балалармен коррекциялық – дамытушылық жұмыстар.
Кіші мектеп жастағы балалармен коррекциялық – дамытушылық жұмыстар.
Балалардың және ересек адамдардың қарым-қатынасын коррекциялау
Дәріс тезистері:
Психологтың жеткіншектермен жүргізетін жұмысы ең алдымен олардың іштей үлкен болғысы келетін қажеттілігі, айналадағы ортада өзін анықтауы, өзін түсінуі, өз мүмкіндіктерін жете білуі және өмірде өзінің бар екендігін көрсету сияқты міселелерге негізделген. Жеткіншектерге олардың жекелік қалыптасу процесінің аяқталмағандығына қарамастан ересектерді диагностикалау және коррекциялау мақсатында қолданылатын әдіс тәсілдер кеңінен пайдаланылады. Мектеп тәжірибесінде жасөспірімдермен жұмыс жүргізу барысында диагностика екі кезеңнен жүзеге асырылды:
а) кіріс диагностикасы;
б) шығыс диагностикасы.
Кіріс диагностикасы – айналадағы немесе оқушы тарапынын түсетін шағымдар негізінде оқушының мәселесін анықтау және коррекциялық жұмыстың қандай бағытпен жүргізілетіндігін нақтылау. Бұл үшін зерттеуге арналған арнайы әдіс тәсілдер арқылы оқушының психодиагностикалық картасын жасауға болады.
Біз кіріс диагностикасын жүргізу нәтижесінде оқушылардың мектепішілік мазасыздануы үш жағдаймен байланыстылығын анықтадық.
Бірінші жағдайда, оқушы мұғалімді қабылдамайды, бала мұғаліммен қатынас кезінде агрессия, дөрекілік элементтерін көрсетеді. Бұл оның қорғаныс реакциясының орын алуының кепілі. Қатарластарымен де тіл табыса алмай жүргендер дәл осындай мінез – құлықты көрсетеді. Мұның себебі - өзін төмен бағалауы немесе басқалар төмен бағалайды деген сенімнің орын алуымен байланысты болып табылады.
Екінші жағдайда, оқушы мұғалімнен қорқады, бала үндемейді, психологиялық жағынан тез жарақаттанады, сонымен қатар, бала қатарластарымен де қарым – қатынас жасаудан қашады т.с.с. Мұның негізгі себебі - жоғары мазасыздану, өзін төмен бағалау. Бұл балаларға оқу материалдарын меңгеру қиын, сондықтан бұлармен жеке жұмыс істеу керек. Қатарластарымен қарым–қатынас қиындығы олардың өзіндік басын бағалауы төмендеп кеткенінен пайда болған туынды.
Үшінші жағдайда, бала мұғалімге қатты қызығушылықпен қарайды, бірақ темперамент ерекшелігін әлі меңгермегенімен байланысты ол тұйықтық, үндемеушілік білдіреді, ал мұғалім оны оқушының қабылдамаушылығы деп түсінеді. Осындай қатынастардың оқушымен мұғалім арасында қарама–қайшылық туадырады. Бұл оқушыда танымдық мативацияның артта қалуына және өзіне сенбеушіліктің тереңдеуіне алып соғуы байқалады. Нәтижесінде бала мұғалімнің өзіне сүйеніш болатынына сенімі төмендейді, сонымен қатар, өзінің айналасып жатқан іс-әрекетінде табысты болатынына да сенімсіздікпен қарайды.
Зерттеулер нәтижесі бойынша белгілі болғандай, оқушылардың оқу және қарым-қатынас барысындағы барлық қиындықтары өзіне сенбеушілік пен, мазасыздануымен, өзін төмен бағалаумен байланысты екені анықталды. Сондықтан жетінші сынып оқушыларын бір коррекциялық топқа біріктіріп, коррекциялық жұмысты келесі бағыттар бойынша жүргізудік:
Интеллектуалдық лабильділігін жетілдіру жаттығуларын жүргізу (өздеріне сенімін арттыру үшін);
Баланың отбасы және қатарластары арасындағы қарым-қатынасын реттеуге арналған ойын коррекцияларын ұйымдастыру;
Баланың мұғалімдермен қарым-қатынасына кедергі болып отырған кейбір жеке қасиеттерін өңдеу қажет екенін түсіндіру және коррекциялау.
Топтық психокоррекцияны адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әллеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалаық „Менін“ шақырып, басқа адамдардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен пайдаланылады.
Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Эльконин) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдалақтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүргізіледі, қоршаған ортамен танысу және әрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.
Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселерді шешуді талап етеді, екінші жағынан – ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойнаушылар құтылып, олардың қөңілддері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.
Құрылымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:
ойын барысындағы қатынастардың реттілігі;
ойынның ішкі сыры барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);
ұтыс бар.
К.Гросстың «Сақтандыру теориясында» ойынның дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген. В.Штерн, З.Фрейд және оның шәкірттері ойынды адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналылыққа жатқызған. Бұл тұжырымдамаға негіз болатын бір нәрсе бар. Барлық ойындар негізгі үш тақырыпта дамиды: «жыртқыш-құрбан» (ойынаушылардың біреуі қашып жасырынады, екіншісі оны қуалап немесе іздеп жүріп ұстайды); «некелік- серіктестік» (танысу ритуалдары, үй салу, егін егу, мал бағу); «ата-ана мен бала» (қамқорлық көрсету, қоректендіру). Ойын барысында өмірлік тәжірибені меңгеру - оның әлеуметтік мәні барлығын дәлелдейді. Ойынның өте тиімді психодиагностикалық және психокоррекциялық әдіс болуына оның осы екі жақтылығы негіз болады.
Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе тұлғааралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өзбетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелерді зерттеушілер ойын коррекциясына ерекше көңіл аударады.
Ойын коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайды түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ойын терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин тобының жүргізген зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ойын арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған рольде болып, сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктеріне түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген.
Коррекциялық ойындар әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құруды алты типте көрініс береді.
Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.
Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.
Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.
Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.
Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.
Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.
Сонымен қатар ойын барысында нешетүрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойнға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қоқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытулық функциясы күшті деп айтуға болады.
Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.
Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.
- Ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
- Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейрімділік көрсетуге үйренеді.
- Өзіне деген сенімі нығайады.
- Құрбы-құрдастарымен және әртүрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады.
- Ойын қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.
- Балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бернеше талаптар ретінде көрсетуге болады.
Бірінші талап - тотық кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қаныт, май, шәй» тәрізді нәрселер). Тотағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9 , ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.
Екінші талап - қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейрімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:
а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;
б) ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;
в) әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.
Үшінші талап - шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады: а) жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды; в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтармен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
Төртінші талап - өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану. Қатнасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті - адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:
клиенттің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;
интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.
Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы қерек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.
Бесінші талап - әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді, немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.
Алтыншы талап - клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз қатынас және вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда клиент өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап…)
Жетінші талап - әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыруы қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.
Оқушылардың психологиялық проблемаларын шешуге көмек көрсету жолдарын нақты анықтау үшін жетінші сыныпта оқитын 24 оқушыны жан-жақты зерттеп нәтижесі бойынша психологиялық кеңес беру және коррекциялық іс-шаралар жүргізлді. Қарым – қатынас және оқу барысындағы балалардағы кең тараған, бұзылыс мұғаліммен конфликтіге түсу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстардан соң жүргізілген шығыс диагностикасы жағдайдың аз да болса оңға бет бұрғаны байқалды. Сондықтан коррекциялық іс-шаралар жеткіншектермен жүргізетін жұмыста өз орнын табу керек екендігі дәлелденді деп айта аламыз.
Коррекциялық топтармен жұмыс ұйымдастыру.
Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында біріншіден топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, сонан соң, екінші ретте коррекциялық мәселелер шешіледі. Мұндай топтар жұмысы, көбінесе, балаларымен және оған параллель топта олардың ата-аналармен жүргізіледі. Бұл топтардағы коррекция жұмысы бастапқы кезде дара жүргізіледі де, ата-аналар тобында олардың теріс әсері бар стереотиптерін түсіндіру тәсілдері кеңінен пайдаланылады.
Балалар коррекциялық топтарын құрғанда психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олар туралы ата-аналары мен мектеп қызметкерлерінен түскен шағымдары ескеріледі. Кішкентай балалар туралы шағымдар екі мағнада болады. Біріншісі, баланың топтағы құрбыларымен қарым-қатынас жасамауы. Ата-аналар баланың оқшау жүретінін оның мінезінің тұйықтығымен, сол себептен баланың жеке ойнағанды, кітап оқығанды, сурет салғанды ұнататындығымен түсіндіреді. Кейбір балалар басқалармен қарым-қатынас жасай алмауымен байланысты, кейде құрбыларымен жақсы ойнап, ал кейде бұртыйып ашуланып, төбелесіп, шатақ мінез көрсетуімен байланысты өзгелер оны жақтырмайды.
Екінші мағнадағы шағымдар бала мінезінің шатақ болуымен байланысты оны көндіру, тіл алдыру мүмкін еместігі, олар үлкендерге өрескіл, дөрекі сөйлеп, бағынбаушылық көрсететінін айтады. Бұл шағымның астары ата-аналардың өз ұрпақтарымен ғана емес, өздері де бір-бірімен тіл табыса алмай жүргенімен де байланысты болады. Отбасы өте күрделі жүйе болғандықтан оның бір жерінде кездесетін қиындық барлық қатынастар жүйесіне теріс әсер етеді. Психокоррекция жүргізу туралы шешім қабылдау үшін проблеманың түбірі неде екенін анықтап алу қажет.
Көбінесе баларда кездесетін қарым-қатынас бұзылуы келесі үш себепке байланысты болуы мүмкін. Біріншісі – отбасындағы мінез-құлық стереотиптерін баланың мектепішілік қатынаста қайталауы. Екіншісі – бала өз темпераментінің ерекшеліктерін меңгере алмағанымен байланысты оның икемделуі төмен, барлық тітіргендіргіштер әсеріне жауап реакциясы жоғары болуы. Үшіншісі – баланың оқу мотивациясының «сәтсіздіктен қашу» бағытымен байланысты ішкі, жеке тұлғалық мазасыздануының жоғары болуы, осы себептен туындаған қайшылықтарды шешу жолдарын таба алмауы.
Психокоррекциялық ойындар жеке тұлғалық, интеллектуалдық даму проблемаларымен байланысты жүргізілетін коррекцияның негізгі әдісі болып табылады. Бұл кітапта тек кісіаралық қатынаста көрініс беретін қасиеттермен байланысты коррекциялықь жұсыстың түрлері қарастырыған. Таным процестерін коррекциялау жолдары осы оқулықтың келесі бөлімінде беріледі. Жеке тұлғалық қасиеттерді өңдеу және жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған психокоррекциялық ойындар барысында әр адамның өз тәжірибесінде қалыптасқан, дағды болып қалған әлеуметтік ролдерін орындау стереотиптері қайта құрылады.
Коррекциялық топтар түрлері
Дені сау клиенттермен коррекциялық жұмыс жүргізілгенде оны треннинг тобы деп атайды. Осы топты ұйымдастыру түрлері оған қатысушылардың негізгі проблемаларына байланыстыөп. Олар коррекция жүргізу тәсілдері деп аталады. Бұл тәсілдердің негізгі 4 түрі бар. Тренинг түрлері шешуге алынған проблемаға байланысты анықталады.
І. Қарым-қатынас мәдениетін үйрету тобы.
Мақсаты: қай ортада болсын өзін емін-еркін ұстауға, басқаларға жылы шырайлы болуға үйрету.
Бұл тренинг 3 кезеңнен тұрады.
Ритуалдық іс-әрекеттерді меңгерту.
а) Танысу ритуалы
б) Топтық ән ұранды орындау (Ән ұранды таңдап алу). Оны тренинг тобының әр кездесуі басталғанда және аяқталғанда орындау барлық қатысушылардың эмоционалдық тонусын көтеріп, қарым-қатынас жасауға жол ашады және топты нығайтады.
в) Ритуальдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында топ мүшелері бір-біріне жылы сөздер айтып, дене терапиясы элементтері пайдаланады (қол алысу, құшақтасу, сипалау т.с.с.), сонан соң кешегі күні болған оқиғалар, ондағы қарым-қатынас барысының ерекшеліктері мен әсерлілігін еске түсіріп, оң-теріс жағы қысқаша талданады, топтық қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Бұл тәсіл қатысушылардың барлығын өз ойларын басқаларға жеткізіп айтуға, болған оқиғаларды бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.
2. Топтық шешім қабылдауға үйрету.
Бүгін жүргізілетін жұмыс жоспары талданып, ойындар іріктелініп, оларды жүргізу реті анықталады, іс-әрекетің әрқайсысына берілетін уақыт нықтыланады. Ойындардың басым көпшілігі рольдік-сюжеттік, сондықтан кім қандай роль атқаратынын топтың өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң әр қатысушының топтық тасырманы орындауға қосқан үлесі талданып, олардың өз міндетін орындағанын топ және өзі бағалайды.
3. Топтың дербестігін қалыптастыру.
Бұл тәсіл психологтың топтан «шығып» оларды өз бетімен барлық іс-әрекетті ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Топ жұмысын ұйымдастыру реті, пайдаланылатын тәсілдер тізімі бойынша ешкімнен кеңес сұрауына болмайды. (балалар тобында олар өзідері барлық мәселені үлкендерден көмек сұрамай шешуі керек, үлкендер тобына да осы талап қойылады). Дербес топ өз өмірлерін ұйымдастыру туралы шешімдердің барлығын өздері қабылдауы керек. Бұл тәсіл топтағылардың ашық жарқындығын қалыптастырып, белсенділік көрсетуге тәрбиеледі, қабілеттілікті ашуға әсерін тигізеді және жетілдіреді.
Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобының жұмысы 4-7 күн.
