Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОРРЕКЦИЯумкд.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
683.41 Кб
Скачать

Бцп түрлеріне ортақ спецификалық бұзылулар

1.Паралич (сал) пен парез.

Орталық паралич - ырықты қимыл-қозғалыстар жасаудың мүмкін болмауы. Бала денесін өз қалауымен қозғалта алмайды. Парез – салдың жеңіл түрі, ырықты қимыл-қозғалыстардың шектелуі. Орталық параличтер мен парездер, мидағы қимыл-қозғалыс аймағы мен қимыл-қозғалысты жеткізуші жолдардың зақымдануы салдарынан болады. Ми зақымдануының ауырлық

деңгейіне байланысты, тұтастай сал күйі немесе жартылай қимыл-қозғалыс шектелуі пайда болады. Бұл бұлшық ет күшінің төмендеуімен байланысты. Мысалы, баланың қолын немесе аяғын өздігімен көтеруі, алға созуы, бүгуі, екі жағына созуы мүмкін емес немесе қиынға соғады. Мұның барлығы, маңызды моторлық функциялардың дер кезінде, толыққанды дамуына кедергі жасайды, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының, ойын, оқу, заттық әрекеттердің дамуын қиындатады.

2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.

Кез келген қимыл-қозғалыс актісі үшін қалыпты, дұрыс бұлшық ет тонусы қажет. Бұлшық ет тонусының реттелуі, жүйке жүйесінің әртүрлі буындарының, өзара үйлескен қызметімен жүзеге асырылады. БЦП–да бұлшық ет тонусы жоғарылайды (спастика, бұлшық ет гипертониясы). Әсіресе, аяқ-қолдардың бүгуші бұлшық еттерінің, жамбас бұлшық еттерінің, табандағы бүгуші бұлшық еттердің т.б. кейбір бұлшық ет топтарының тонусы аса жоғары болып келеді. Бұлшық еттер тонусының жоғарылауы, БЦП балалардың спецификалық кейпін туғызады: аяқтары тізеден бүгіліп, бір-біріне түйістірілген, салмақ табанға емес аяқ башпайларына түседі, қолдары шынтақтан бүгіліп, денеге жанасқан, саусақтары жұдырыққа түйілген.

БЦП-ң гиперкинетикалық формасы, бұлшық ет дистониясымен сипатталады. Дистония - бұзылу, яғни бұлшық ет тонусының құбылмалылығы. Қалыпты жағдайда, бұлшық еттер бос болып көрінеді және гиперкинездер жоғалады, босаңсиды, сәл қимыл жасай бастаса, тонус күрт жоғарылайды, бұлшық еттер бірден қатты жиырыла бастайды гиперкинездер күшейеді. Атетоидтық гиперкинездерде, бұлшық ет дистониясы тонусты өзгертеді, құрт тәрізді жыбырлаған, үздіксіз спазм пайда болады. БЦП-ң атониялық–астатикалық формасында, бұлшық ет гипотониясы орын алады. Гипотония - бұлшық еттердің әлсіз, болбыр болып келуі. Ригидтілік құбылысы да жиі кездеседі. Ригидтілік немесе ебедейсіздік - тетанус жағдайы – шамадан тыс қатты жиырылу. Қимыл-қозғалыс шұғыл, оқыс орындалады, оқыс қимылдар жасалады.

3. Сіңірлік және периостальды рефлекстердің күшеюі (гиперрефлексия).

Мұндай гиперрефлексия пирамидалық жолдардың зақымдану белгісі болып табылады. Ахиллес нүктесі (өкше), тізе, басқа сіңірлік және периостальды рефлекстер өте жоғары, оларды туғызатын аймақтар (рефлексогендік аймақтар) кең. Сіңір рефлекстерінің жоғарылауының ең жоғары дәрежесі, клонус көріністерінен білінеді, яғни, бір бұлшық еттің күрт созылуынан кейін ырғақпен, ұзақ жиырылумен, қайтадан қалпына келуі. Пирамидалық жүйенің зақымдануында, табан мен тізе клонусы үнемі болады.

  1. Синкинезиялар.

Бұл ырықты қимыл-қозғалыстармен қатар жүретін, яғни солармен бірлескен қимыл-қозғалыстар. Синкинезияның физиологиялық және патологиялық түрлері болады. Физиологиялық синкинезияларға, мысалы, жүріп келе жатқандағы қолдың қабаттаса қозғалуын жатқызуға болады. Патологиялық синкинезиялар, пирамидалық жүйенің зақымдануы кезінде пайда болады. Патологиялық синкинезияларға мысал ретінде, адамның төсектен тұруға әрекеттенгенде, сал болып семіп қалған аяқтың, өздігінен ырықсыз көтерілуін; сал болып қалған аяқ-қолдың, сау аяқ-қолдың қимылын қайталауын; бір қимыл жасағандағы, тіл мен еріннің қабаттаса қимылдайтынын келтіруге болады. БЦП балаларда патологиялық синкинезиялар жиі кездеседі, яғни, кез келген ырықты қимыл–қозғалыстың, оның ішінде сал болған мүшенің қимылының өздігінен қабаттасуы. Бала бір затты алуға қолын созса, жұдырығын түйсе, бір қолын көтерсе, екінші сал болған қолы, өздігінен қатар созылады, буындары бүгіледі, аяқтары түйіседі, иықтарында пронация пайда болады. Бұл қимылдар орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылауға көнбейді. Патологиялық синкинезиялардың болуы, ырықты қимыл-қозғалыстардың қалыптасуын тежейді, әртүрлі іс-әрекеттерді меңгеруге кедергі жасайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]