Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шбрыштар тедігі белгісін оыту дістемесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.57 Mб
Скачать

Мазмұны Үшбұрыштар теңдігі белгісін оқыту әдістемесі

КІРІСПЕ...............................................................................................................

5

1 Үшбұрыштар

1.1 Үшбұрыш. Үшбұрыштың элементтері....................................................

7

1.2 Үшбұрыштарға байланысты стандартты емес есептерді сабақта

қолдану.............................................................................................................

9

2 Үшбұрыштар теңдігінің белгілері

2.1 Үшбұрыштар теңдігінің І, ІІ және ІІІ белгілері ....................................

13

2.2 Үшбұрыштар теңдігі бегісін оқыту әдістемесі ......................................

15

2.3 Үшбұрыштар теңдігі бегісіне берілген есептерді сабақта қолдану .....

19

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................

24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.................................................

25

Дәлелдемелерінің кең мағыналылығы жағынан

геометрия сияқты ғылымдар басқа ғылымдардан

жоғары бағаланады.

Әл-Фараби

Кіріспе

Қазіргі заманғы математиканы оқыту әдістемесі курсында «Үшбұрыштар теңдігі белгісін оқыту әдістемесі» тақырыбы ерекше орын алады. Үшбұрыштар теңдігі белгісіне берілген есептерді сабақта өз бетімен орындап, жүйелі қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыруға болады.

Тақырыптың өзектілігі: Оқушыларға математика білімінің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез-келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу – біздің міндетіміз болмақ. Осы орайда оқушылардың білім деңгейін арттыру – маңызды іс. Бұл мәселе көптеген жылдар бойы қарастырылып келе жатыр. «Математика, оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді» - деген атақты ғалым Писарев Д.И. Сондықтан, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан, болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру біз үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс.

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты жұмыс жүктейді.

Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгерістерден білім беру саласы да тыс қалған жоқ. Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін, парасатты, білім мен біліктілігі жетілген мамандар дайындауды қажет етеді. Сондықтан да Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау екендігі айтылған.

Осы орайда орта мектепте математиканы оқытудың білімдер жүйесімен және ол білімдерді сапалы түрде қолдана алудың іскерліктері мен дағдыларын берік қалыптастыру болып табылатынын ескерсек, бастауыш мектепте математикалық мәдениетін, сауаттылығын көтеруді мақсат етеді. Мұндай мақсаттарға жетуде «Үшбұрыштар теңдігі белгісін оқыту әдістемесі»тақырыбы да үлкен роль атқарады.

Әрбір мемлекеттің болашағы мектепте шыңдалады. Ертең осы елге ие болып, тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары.

Болашақ Қазақстан мектебі ұлтқа, оның мүддесіне қызмет етуі керек. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Солай екен, қазақ балалары өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленіп, өсіп жетілуі қажет. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстанның 2030 жылға арналған бағдарламасындағы бала тәрбиесіне қатысты сілтемелері де осыны меңзейді.

Математика мұғалімінің негізгі алға қоятын мақсаты – бастапқы математикалық түсініктер, олардың өзара байланысы, математикалық заңдылықтар, аксиомалар, математика әдістерінің өзімізді қоршаған өмірден, оның заттарынан абстракциялау арқылы құбылыстарын жалпылау арқылы алынатынын көрсете білу.

Жұмыстың мақсаты: Математика сабағында үшбұрыштар теңдігі тақырыбын оқушыларға өз бетімен орындайтын жұмыстың педагогикалық-психологиялық теориялық негіздемесін жасап, өз бетімен жұмысты практикалық жүзеге асырылуын көрсету.

Жұмыстың міндеттері:

  • Математика сабағындағы үшбұрыш теңдігі белгісін оқытудың әдістемелік ерекшеліктері;

  • Үшбұрыш теңдігі белгісін оқытуды сабақта қолдану арқылы оқушылардың логикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;

  • Үшбұрыштар теңдігі белгісін практикалық жүзеге асырылуын көрсету;

  • Бір математика сабағы мысалында өз бетімен жұмыс сипатталды.

Жұмыстың құрылымы: Бұл жұмыс ІІІ бөлімнен тұрады. Олар: кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Негізгі бөлімде мынадай мәселерелер қарастырылады:

- Математиканы оқытудың сапасын жақсартудағы өзіндік жұмыстардың орны;

- Математиканы оқытудың сапасын жақсартудағы өзіндік жұмыстардың рөлі.

Зерттеу объектісі: математика сабағындағы үшбұрыштар теңдігі белгісін оқитын оқушылар.

Зерттеу пәні: математиканың оқыту әдістемесі.

Жұмыстың ғылыми болжамы: Егер мұғалім математика сабағында оқушының өз бетінше жұмыс істеуін жүйелі ұйымдастырып отырса, онда оқушылардың бойында шығармашылық және ізденушілік қасиеттері қалыптасады, дамиды және артады.

Зерттеу жұмысының әдістері.

1.Педагогикалық-психологиялық, математикадан әдебиеттерге, оқулықтарға, әдiстемелiк материалдарға талдау.

  1. Педагогикалық бақылау.

  2. Педагогикалық эксперимент.

  3. Озат ұстаздар тәжiрибесiн талдау.