Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКЭТУ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.23 Mб
Скачать

10 Сурет – Жанама әдісті доғалық пеш сұласы

Жанама әдісті доғалық пештің электр құрылғыштарына пештік трансформатор, басқару реакторы және электродты беретін механизмді электржетектер жатады.

Ток электроттарға пештік трансформаторлық стансаға иілгіш кәбіл арқылы келеді. Электржетектің көлемімен электродтар арасы, арнайы аралықты басқару және автоматты реттеу режімін реттеу жүргізіледі.

Жанама әдісті доғалық пештің сыйымдылығы 0,25 және 0,5. Оларға графиттенген электрод қолданады, олар қуаты 175-250 және 250-400 кВА жабдықталған трансформатр.

Тура әдісті доғалық пеш.

Тура әдісті доғалық пештің басты белгісі (11 суретті қара) - жалға беру цехында арнайы белгіленген болаттың ерітіндісін, сонымен қатар машина жасау зауытында фасонды құймалар ретінде металургиялық және химиялық шикі заттарды қолданады.

Доғалық болат еріткіш пеш цилиндірлік болат қаптамадан созылмалы немесе сатылы тәріздес формада болады 1. Қаптаманың ішінде өртке қарсы футеровка бар 2. Футеровкаланған қаптаманың үстінгі жағында пештің қақпағы бар 3 ол арқылы электродтар өткізілген 4. Доғаның жануы үшін алдымен тез ерігіш материал, содан кейін доғаны қыздыруға дейін аз мөлшерде көтереді 6. Электродтың көтеру механизмі көмегімен оның еру процесі жүреді 5. Әрбір пеш жұмыс терезесімен қамтылған.

1 1 Сурет

Химиялық қүрамның түзелуі мен балқыған металдың температуралары үшін үлкен сыйымдылықпен пештерде электрмагниттік құрылғылар орналастырылған.

Электродоғалық пештің құрылғысы металдың еруімен электродтардың орналасуымен жабдықталған. Олар электрохимиялық және гидровикалық жетек пен қамтылған.

Доғалық пештің құрылғысымен оның элементіне және электржабдықтау сұлбасына нақты шарттар қолданылады:

1) еру процесін тездету үшін максималдық қуат қажет. Металдың температура шкаласының қуатын басқада периодқа өзгертуге мүмкіндік керек;

2) қайта қалпына келтіру атмосфеарасының пеште сақталауы;

3) электрқұрылғының жылдамдатқыш реакциясы балқу периодында қысқа тұйықталу және доғаның үзілуінен электрлік режімінің қысқа уақыт ішінде сақтап қалуы. Қалыпты режімнің бұзылуы ереже бойынша фаза болады. Сол себепті әрбір пештің электроды автоматты түрде және механикалық жоғарумен реттелген.

Доғалық болат балқытқыш пештер үш фазалы өткізгіштік емес материалдан тұрады. Металы бар ванна осында пештерде үш фазалы тізбекте нөлдік нүктелік және нөлдік нүктелік емес фазалық жүйе пайда болады.

Доғалық пеш қондырғысының электрлік қондырғылары.

Доғалық пеш электрмен жабдықтары мен электрмен қамтамасыз етілуі бірқатар ерекшеліктерге ие қуатты электр тұтынушы болып табылады.

Доғалық пеш қондырғыларының негізгі электр жабдықтарына электродтары және ішінде доға жанып тұратын, әрі балқытылатын материалы бар ванналы пеш; дроссельді пештік трансформатор; трансформатордың екінші ұштарын пеш электродтарымен жалғайтын қысқа торап; коммутациялық, өлшеуіш, қорғаныс аппаратуралары және жоғары кернеу сымдары жатады.

Қуатты электрдоғалық пештер үшін фаза кернеулерін бөлек реттейтін арнайы трансформаторлар қолданылады. Пештік трансформаторлардан бұрын қосылған дроссельдер доғаның орнықты жануын және қысқа тұйықталу тогын шектеуді қамтамасыз етеді.

Пештік қондырғыларда бөлек аппараттар ретінде жасалған трансформаторлар мен дроссельдер және кіріктірілген дроссельді трансформаторлар қолданылады.

Доғалық қондырғыларда негізгі электр жабдықтарды қоректендіретін токтың басты жұмыстық тізбегі және басқару, өлшеу және қорғаныс, автоматика тізбектері жататын қосымша тізбек деп бөледі (12 сурет).

1,6 – ажыратқыштар; 2 – жоғары кернеулі желі; 3 – айырғыш; 4 – жоғары кернеулі торап;

5 – реактор; 7 – пештік трансформаторлар; 8 – қысқа желі; 9 – электродтар;

10 – электрдоғалық пеш.