Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЖКТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы

Зертханалық жұмыста айнымалы кернеудің сынау қондырғысы WPT-4.4/100 қолданылады.

Беттік разрядты зерттеу келесі конструкцияларда жүргізіледі (2-сурет):

•тіректік оқшаулатқыштың макеті (2,а-сурет, металдан жасалған сақиналы 1,2 және оқшауламалық құбырлы 3);

• тіректік оқшаулатқыш;

• өтпелі оқшаулатқыштың макеті (2,б-сурет, сақинамен 2 жалғанған ішкі стержень 4 қосулы);

• өтпелі оқшаулатқыш.

2,а-суретте тіректік және өтпелі оқшаулатқыштардың макеттері көрсетілген. Тіректік оқшаулатқыш оқшауламалық құбырға 3 отырғызылған металл сақиналарға 1,2 кернеу берілуімен модельденеді, ал өтпелі оқшаулатқыштың моделі сақинамен 2 жалғанған ішкі стерженьді 4 қосумен алынады.

2 -сурет

Жұмыста жақын орналасқан әртүрлі потенциалды электродты ыңғайсыз орналасқан конструкцияның әсері 2,б-суретте зерттеледі. Оқшаулатқышта 1 металдан жасалған парақ 2 және жоғары жағына жоғарывольтті электрод 4 қондырылған бірнеше шыныдан жасалған парақ 3 орналасады. Шыны парақтардың санын өзгерту арқылы электродтар арасындағы арақашықтық пен стример-металл парақ болатын жүйе сыйымдылығын өзгертуге болады, сонымен қатар, шыны парақтар санын өзгерту арқылы жүйенің электрлік беріктігін өзгерту электродтар арақашықтығының ұлғаюымен электрлік беріктіктің төмендеуімен біраз ерекшеленеді.

3. Өлшеуге тапсырма

3.1. Тіректік оқшаулама макетін пайдаланып, тәж басталуы кернеуін және жабынды кернеуді электродтар арасындағы әртүрлі арақашықтықта l өлшеу қажет. Арақашықтықты 3-тен 8 см-ге дейін өзгертіп отыру қажет. Нәтижелерді 1-кестеге енгізу қажет. Электрлік беріктікті есептеу қажет .

1-кесте

Конструкция атауы

l, см

, кВ

, кВ

, кВ/см

3.2. Ұсынылған тіректік оқшаулатқыш үшін 3.1 пунктті (арақашықтықты өзгертуден басқасын) орындаңыздар. Сынау қондырғысының кернеуін 90 кВ жоғары көтермеу қажет!

3.3. Өтпелі оқшаулатқыштың макеті үшін 3.1 пункттегі өлшеулерді қайталаңыздар. Ұсынылған өтпелі оқшаулатқыш үшін өлшеулерді қайталаңыздар.

3.4. Тәжірибелер бойынша жабынды кернеу мен электрлік беріктіктің электродтар арасындағы арақашықтыққа тәуелділігінің графигін салыңыздар. Графиктерді екі координаталық кеңістікте: біреуінде-барлық кернеулерді, екіншісінде-электрлік беріктіктерді орналастырыңыздар.

3.5. 2,б-суретте көрсетілген құрылғыны пайдаланып, , тәуелділіктерін салыңыздар. Аталған тәуелділіктердің графиктерін шынының қосынды қалыңдығына байланысты салыңдар.

3.6. Нәтижелерді талдап, қорытынды жасаңыздар.

4. Бақылау сұрақтары

Зертханалық жұмыстың мақсатын және міндеттерін атаңыздар.

Жабынды дегеніміз не және оның негізгі ерекшеліктерін атаңыздар?

Неге өтпелі оқшаулатқыштардың электрлік беріктігі тіректік оқшаулатқыштарға қарағанда төмен болады?

Неге өтпелі оқшаулатқыштардың өлшемі кернеу класы бірдей болса да тіректік оқшаулатқыштарға қарағанда кіші болады?

Сынау қондырғысының жұмыстық принципі мен құрылысын, оның жұмыс ретін және техникалық қауіпсіздік ережесін түсіндіріңдер.

4 зертханалық жұмыс