Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЖКТ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.85 Mб
Скачать

3. Өлшеуге тапсырма

3.1. Зертханалық жұмысты дайындағанда қолдарына диэлектрлік қолғап киген адамның максимал рұқсат етілген тұрақты және айнымалы кернеулер қосылғандағы қолынан өтетін токтың бағалау есебін жүргізу қажет және Адам қолынан 1 мА-ден артық емес ток өтуін қамтамасыз ету үшін резеңке параметрлері жеткілікті ме деген сұраққа жауап беру қажет. Диэлектрлік қолғаптарды жасау үшін резеңкенің tgδ шамасының мәні бола ма? Резеңкенің электрлік беріктілігінің шамасы тұрғысынан максимал жеткілікті қолғапқа түсірілетін кернеу мен сынау кернеуінің шамасы дұрыс таңдалған ба?

3.2. Ұсынылған қолғаптар мен ботыларды электрлік сынауды жүргізу қажет. Сынау хаттамаларын толтыру қажет. Есепте қондырғы сұлбасы мен сынау хаттамаларын көрсету қажет.

4. Бақылау сұрақтары

Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін түсіндіріңдер.

Қандай құралдар электрлік қорғаныс құралдарына жатады және қандай топтарға бөлінеді? Электр қорғаныс құралдарын сынау не үшін және қалай жүргізіледі?

Резеңкелік оқшауламаның негізгі электротехникалық сипаттамаларын атаңдар.

Қондырғының сұлбасын, жұмыс принципін, құрылысын түсіндіріңдер.

Сынау жүргізу реті мен негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңдер.

3 зертханалық жұмыс

Қатты диэлектрик бетінің бойындағы электрлік разрядты зерттеу

Жұмыстың мақсаты – қатты диэлектрик – ауа шекарасындағы разрядтың сипатын, оның тесіп өтумен салыстырғандағы ерекшеліктерін, өтпелік оқшауламаның жабындысын тіректікпен салыстырғандағы ерекшеліктерін оқып–үйрену.

1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар

Жабынды деп оқшауламалық конструкциядағы екі диэлектриктің шекарасындағы разрядты айтады. Жабындының негізгі ерекшелігі – біртекті диэлектриктің (жеке жағдайда, ауаның) тесілуіне қарағанда разрядтық кернеудің шамасының аз болуы.

1-сурет.

Біртекті электрлік өрісті конструкцияда (1,а-сурет) жабынды кернеу таза ауалық аралықтың тесіп өту кернеуінен 1.5..2 есе төмен болады. Разрядтық кернеудің азаюының негізгі себебі, біріншіден, диэлектрик пен электрод арасында электр өрісінің кернеулігінің көбеюіне әкелетін микроқуыстардың болуы; екіншіден, өріс кернеулігінің ұлғаюымен қатты диэлектриктердің бетінде зарядталған бөлшектердің жиналуы; үшіншіден, қатты диэлектриктің бетінде разрядты жеңілдететін ылғалдың микротамшыларының болуы.

Тіректік оқшауламаның конструкциясында (1,б-сурет) өріс оқшаулама бетіне жанама құраушысы артығырақ болатын біртекті емес сипатта болады. Бұл жерде де разрядтық кернеу сондай электродты таза ауалық аралыққа қарағанда төмен болады.

1,в-суретке өтпелі оқшауламаның конструкциясы сәйкес келеді. Бұл конструкцияның электродтарының ыңғайсыз орналасуы жерлестірілген фланецке жақын электр өрісінің кернеулігі ерекше үлкен болуына әкеп соғады. Одан басқа, бұл жағдайда, фланецтен дамитын стример каналы конденсатор пластиналарының бірі болып шығады, екінші пластинасы ішкі стержень болып табылады. Сыйымдылықты ток стример каналына оны қосымша қыздыра отырып, орнықты етіп тұйықталады, бұл тіректік оқшаулағышқа қарағанда төмен кернеуде разряд дамуының мүмкіндігін білдіреді. Мұндай конструкцияда жабынды кернеу үш варианттың ең төмені болады. Жабынды кезінде мұндай өрісте разрядтың үш стадиясы қарастырылады:

• электр өрісінің кернеулігі жоғары болатын фланецте басталатын тәжді разряд;

• едәуір ұзындыққа дамитын, өлшемі ұлғайған, бірақ барлық аралықты қамтымайтын, жеке ұшқындар көрінетін сырғымалы разряд;

• бүкіл аралықты сырғымалы разряд жабатын және доғаға ұласатын жабынды.

Жабынды кернеуі оқшауламалардың негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады; ол құрғақ күй үшін (құрғақ разрядты кернеу) және оқшаулағыш бетін вертикальға 45ºС бұрышпен 3 мм/мин интенсивтілікпен жаңбыр шайғанда (ылғал разрядты кернеу) анықталады.