- •Пәннің оқу - әдістемелік кешені
- •5В071800 – Электр энергетикасы
- •Құрастырушы: - Сыдықова Гүлнар Құдайбергенқызы
- •2014 - 2015 Оқу жылына «Жоғары кернеу техникасы» пәнінің оқу-әдістемелік қамтамасыз ету картасы
- •Дәрісханалар тізімі
- •1Дәріс Жоғары кернеу техникасы туралы жалпы түсінік
- •2 Дәріс Электр қондырғысының оқшауламасына эксплуатациялық
- •Газды разрядтық аралықтардың электрлік беріктігі
- •Газ молекуласының иондануы және қозуы. Электронның атомнан немесе молекуладан бөліну процесі иондану деп аталады. Бұл кезде электрон-вольтпен өлшенетін біршама энергия жұмсалады.
- •Әртүрлі газдардың молекулаларының иондануына Uиониз. Және қозуына Uвозб қажет энергияның немесе потенциалдың шамалары 1 кестеде келтірілген.
- •1 Сурет. Соққылы ионданудың сұлбасы
- •2 Сурет. Фотонның иондану сұлбасы
- •2 Кесте – Әртүрлі металдардың үстірт иондану потенциалдары.
- •4 Сурет. Үстірт соққылы иондану сұлбасы
- •5 Сурет. Фотоэлектронды эмиссия сұлбасы
- •4 Дәріс Электр қондырғысының сыртқы оқшауламасы
- •5 Дәріс Қатты диэлектриктің бетіндегі разряд
- •6 Дәріс Әуелік желілер мен қосалқы станциялардың оқшаулатқыштары
- •7 Дәріс Электр қондырғыларының ішкі оқшауламасының түрлері
- •Ішкі оқшаулама ескіруінің жалпы заңдылықтары
- •9 Дәріс Жоғарывольтті оқшаулама
- •10 Дәріс Электр тораптарындағы асқын кернеу
- •11 Дәріс Сыртқы асқын кернеулер
- •12 Дәріс Ішкі асқын кернеу және одан қорғау шаралары
- •1. Ішкі асқын кернеудің жалпы сипаттамасы
- •3. Коммутациялық асқын кернеу кезіндегі электр қондырғыларының ішкі және сыртқы оқшауламаларының электрлік төзімділігі
- •4. Квазистационарлық асқын кернеулер
- •13 Дәріс Электр қондырғыларының электрлік оқшауламасын сынау
- •14 Дәріс Оқшаулама кедергісін және сыйымдылығын бақылау
- •15 Дәріс Ішкі оқшауламаны бақылау жүйесі және диагностика
- •Зертханалық жұмыстар тізімі
- •Оқшаулатқыштар гирляндалары бойымен кернеудің таралуы
- •3. Өлшеу жұмыстарына тапсырма
- •Негізгі ұғымдар мен сандық сипаттамалар
- •Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •3. Өлшеуге тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Қатты диэлектрик бетінің бойындағы электрлік разрядты зерттеу
- •1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар
- •2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •3. Өлшеуге тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Оқшауламалық конструкцияларды профилактикалық сынау – оқшауламаның кедергісі мен сыйымдылығын өлшеу
- •1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар
- •2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •9. Өлшеулер біткен соң заряд-измерение ауыстырып қосқышын заряд белгісіне қойып, құралды тораптан ажыратады.
- •3. Өлшеулерге тапсырма
- •4. Бақылау сұрақтары
- •Трансформаторлық майдың электрлік беріктігін анықтау
- •1. Негізгі түсініктер мен сандық сипаттамалар
- •2. Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
- •4. Бақылау сұрақтары
Эксперименттік қондырғының сипаттамасы
Берілген зертханалық жұмыста резеңкеден жасалған қорғаныс құралдарын сынау жүргізіледі. Резеңке эластомер деп аталатын материалдар тобына жатады, органикалық полимерге жататын каучукты вулканизациялау жолымен алынатын эластикалық материал болып табылады. Каучукқа қосылатын күкірттің мөлшеріне қарай резеңкені вулканизациялау арқылы әртүрлі созылғыштықтағы – жұмсақ материалдан қатты эбонитке дейін алуға болады. Құрамы мен дайындау технологиясына байланысты резеңкенің сипаттамалары да аумақты болады. Резеңкенің меншікті көлемдік кедергісі 1⋅1012 Ом⋅м-ден 1⋅1013 Ом⋅м-ге дейін, tgδ 0.02-ден 0.1-ге дейін (50 Гц жиілікте), диэлектрлік өтімділік 3-тен 7-ге дейін өзгереді. Электрлік беріктігі 20 кВ/мм-ден 45 кВ/мм-ге дейінгі аралықта жатады.
Резеңкенің жылуға, мұнай майларының әсерлеріне төтеп беруі төмен, одан резеңке ісінеді, жарықтың, әсіресе ультракүлгін жарықтың әсерінен тез ескіреді. Қоршаған ортада немесе әуелік қосылыстардың иондануынан озон түзілуінен резеңкенің ескіруі тездетіледі. Резеңке су және газ өткізбегенімен, оның электрлік қасиеттері ылғал әсерінен нашарлайды.
Резеңке негізінде жасалған қорғаныс құралдарын периодты түрде электрлік сынаулар механикалық ақаулары (тесіктер, микрожарықтар, қуыстар) мен резеңке оқшауламасының ескіруін анықтау мәселелерін шешеді.
Зертханалық жұмыста диэлектрлік қолғаптарды, галоштарды, ботыларды және оқшауламалық тұтқалы құралдарды электрлік сынауға арналған УИ-1М типті сынау қондырғысы қолданылады. Қондырғының сынау кернеуі 0 - 15 кВ аралығында өзгере алады және токты 30 мА дейін өлшеуге мүмкіндік береді. Қондырғының ықшамдалған сұлбасы 1-суретте келтірілген.
1-сурет
Қондырғыға автоматты ажыратқыш S1 және контактор S2 арқылы қорек беріледі де, автотрансформаторларға Т1 және Т2 келеді. Автотрансформатордың екеу болуы кернеуді бірқалыпты реттеуге мүмкіндік береді. Сыналатын бұйымды тесіп өтетін токты шектеуге арналған резистор R1арқылы жоғарывольтті трансформаторға Т3 кернеу беріледі. Тізбектің жоғарывольтті бөлігіндегі миллиамперметр бұйым арқылы өтетін токты S3 және S4 кнопкаларын басқан кезде бақылайды, ал разрядтағыштар F1 и F2 тізбекті кнопкалар коммутациясы кезінде қорғайды. Орама (катушка) L1 бұйымды тесіп өту кезіндегі токтың ауытқуын шектейді және миллиамперметрді асқын жүктемеден қорғайды. Қондырғыдағы уақыт релесі сынау кернеуі қажет деңгейге жеткен соі бір минуттан соң жарықты дабыл қосады.
Сынау кезінде диэлектрлік қолғаптарды, галоштарды, ботыларды температурасы 15-35°С болатын суы бар ваннаға батырады, батыру кезінде олардың ішіне де су толтырылуын қадағалау қажет. Ботылар мен галоштарды ванна ішінде қондырылған арнайы торға салынады, қолғаптар алдын ала су толтырылған кронштейн цилиндріне кигізіледі, цилиндрді бұрғанда қолғаптың ішіне су толтырылуы тиіс. Судың деңгейі бұйымның сыртынан да, ішінен де қолғаптың жоғарғы шетінен 50 мм төмен, ботылардың қайырылатын шетінен 20 мм төмен болуы тиіс. Судан шығып тұрған шеті құрғақ болуы тиіс.
УИ-1М қондырғысындағы жұмыс келесі ретпен жүргізіледі.
1. Қондырғының жерлестірілуін және ваннаның сумен толтырылуын тексеру.
2. Сыналатын қорғаныс құралдары сыртқы және көзге көрінетін ақауларды тексеруден соң сынаушы электродтары бар ванна қондырылады.
3. Қондырғыдағы одан әрі қарай барлық қосу жұмыстарын жасайтын адам диэлектриктік кілемшеде тұруы, диэлектрлік қолғаптарды киюі тиіс, жерлестірілген бөліктерге оқшауланбаған денемен жанасуға болмайды. Топтың қалған мүшелері жұмысты бақылап, прибор көрсетулерін жазып отырады.
4. Сыналатын кронштейнді түсіріп, қақпақты жабу қажет. Қосуға рұқсат алғаннан кейін қондырғы 220 В торапқа қосылады. Кернеуді реттеуші кнопкаларды нольдік жағдайға келтіру қажет.
5. Жерлестіруші айырғышты ОТКЛ. белгісіне аудару қажет. Автоматты ажыратқышты қосып: «Жоғары кернеу қосылады!» деп дауыстап ескертіледі де қондырғы қосылады. Осы кезде «Қауіпті! Жоғары кернеу!» деген жазу жанып тұруы тиіс.
6. Кернеуді қажет мәніне дейін бірқалыпты көтере отырып, әуелі ГРУБО, содан соң ТОЧНО тұтқаларына бұру қажет.
7. Сынау кернеуіне жеткен соң қайтадан ноль деңгейіне жеткізу қажет. ГРУБО және ТОЧНО тұтқалары да нольдік деңгейге қайтарылады.
8. Автоматты ажыратқышты ажыратып, жерлестіруші айырғышты ЗАЗЕМЛЕНИЕ ВКЛ деңгейіне ауыстыру қажет.
9. Қақпақты ашып, сыналған бұйымды тексеру қажет. Егер сынау кезінде тесіп өту пайда болған болса сынақ тоқтатылып, бұйым істен шығарылады. Дәл осындай тұжырым миллиамперметр стрелкасының кенет тербелісінен немесе токты мөлшерден тыс жоғарылатқанда жасалады.
