Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Костанайская районная олимпиада.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

2015-2016 Оқу жылының аудандық олимпиадасы географиядан практикалық турдың тапсырмалары (11 сынып)

Тапсырма 1.

Суретте төрттік түзілімдердегі сулы жүйе горизонты көрсетілген. Бұл аумаққа үй және осы үйге су беретін құдық тұрғызу жоспарлануда. Үй мен құдық салынатын ұңғыманың орнын таңдаңыз. Құрылыс салынуы мүмкін орынның тиімділіктері мен кемшіліктеріне талдау жасаңыз. Үй салатын орын мен ұңғыма орнын таңдау себебіңізге түсініктеме беріңіз.

Негіздеу үшін назарға алынуы керек нәрселер:

1) құдықтың тереңдігі шығынға әсер етеді;

2) Тереңде жатқан жер асты суы таязда жатқан горизонт суынан таза;

3)Үй мен құдық арақашықтығы аса үлкен болмауы тиіс.

Бағалау өлшемдері:

Үй орнын дұрыс тапқаны үшін – 3 ұпай;

Ұңғыма тереңдігін дұрыс тапқаны үшін – 3 ұпай;

Дұрыс пайымдағаны үшін – 4 ұпай;

Барлығы– 10 ұпай.

Тапсырма 2.

Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Бұл таулы аймақта балды өсімдіктер көп өседі. Ал, одан алынған бал өзіңің нәзік иісімен, бағалы дәмдік және емдік қасиетімен ерекшеленеді.

  2. Қазақстанның қай аумағы Шығыс Еуропа жазығына кіреді.

  3. Сарыарқаны қандай жер бедеріне жатқызады?

  4. Қазақстан аумағында солтүстік-батыс Тянь-Шаньның ең шеткі, әрі өте қатты бүлінген бөлігі орналасқан

  5. Оңтүстік Қазақстанның батысынан шығысына қарай созылып жатқан кең байтақ жазық

  6. Герцин қатпарлығының даму кезінде қалыптасқан палеозойлық тау жүйесі

  7. Жер бедері ерекшелігіне қарай Алтай тауы қанша бөлікке бөлінеді?

  8. Орталық Азияда орналдасқан ең ірі құмды шөл

  9. Тұран ойпатының оңтүстік бөлігінде орналасқан құмды алаптың атауы қандай?

  10. Геологиялық құрылымы бойынша Солтүстік Қазақ жазықтығы төрт табиғи-аймақтық ауданға бөлінеді. Әрбір ауданға нақты физикалық-географиялық сипаттама беріңіз.

Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс берілген дұрыс жауап үшін 1 ұпай. Барлығы: 10 ұпай

Тапсырма 3.

Кестеде әртүрлі өндіріс салаларының көшбасшылары берілген (компания атауларымен сауда белгілері). Олардың қай қалаларда орналасқанын және қандай өнім шығаратынын көрсетіңіз.

№ р-с

Компания немесе сауда белгісі

Өнімдері

Орналасқан облысы (қала)

1

«Тұлпар-Тальго»

2

«Сұлтан»

3

«Баян Сұлу»

4

«Химфарм»

5

«Цесна»

6

«СарыарқаАвтоПром»

7

«АрселорМитл»

8

«Зенит»

9

«АзияАвто»

10

«Рахат»

11

«ФиллипМоррис»

12

«Қайнар-АКБ»

Бағалау өлшемдері: Әрбір дұрыс табылған өнім атауы үшін 0,5 ұпай - барлығы: 12 ұпай.

Тапсырма 4.

Төмендегі сипаттамаларға сәйкес келетін елдердің анықтаңыз:

  1. Бұл ел - аумағы ең үлкен көлге шыға алады. Оның аумағының бір бөлігі көршілес елде орналасқан, яғни эксклав. Ежелден мұнай өндіруші ел.

  1. Бұл елдің үлкен бөлігін батпақтар алып жатыр. Бұл жерде Батыс Еуропадағы жалғыз ғана ежелгі орман алқабы - «Беловеж нуы» орналасқан.

  1. Бұл елдің халқы христиан дінінің православ тармағын ұстанушылар. Аумағында әрі таулы, әрі жазықты алқаптары бар. Ең биік нүктесі – Шхара тауы (5068 м). Цхалтубо, Менджи және тағы басқа минералдарды бұлақтарымен танымал.

  1. Еуразияның 1/5 бөлігін алып жатқан ел. Бұл елдің тұрғындары өз елдерін «Орталық мемлекет» деп атайды. Дүниежүзіндегі табиғат ресурстарына бай елдердің бірі. Экономиканың бірнеше саласында әлем бойынша көшбасшы ел.

  1. Халық ең сирек қоныстанған ( орташы тығыздығы – 1адам/км2), Еуразия «кіндігінде» орналасқан ел. Халқы буддизм-ламаизм діндерін ұстанады. Елдің едәуір бөлігін шөлдер мен шөлейттер алып жатыр.

  1. Теңіз маңында орналасқан бұл елдің атауының мағынасы «Солтүстік жолы» дегенді білдіреді. Жағалау сызығы қатты тілімденген. Негізгі тұрғындары оңтүстік бөлігінде өмір сүреді. Лютеран дінін ұстанады.

  1. Бұл мемлекет – Рим Папасы Иоанна Павла II-нің отаны. (Рим-католик шіркеуін 1978-2005 жж. аралығында басқарған). Елді 1939 жылы немістер басып алған соң Екінші Дүниежүзілік соғысы басталды. Еуропа бойынша тас көмір өндіруші ірі елдердің бірі.

  1. Бұл ел атауының мағынасы «Шекаралық аумақ» деген мағынаны білдіреді, ол ең алғаш 1187 жылы жылнамада айтылған. XIV ғ. мен XX ғғ. басында оны «Кіші Русь» деп те атады. Әкімшілік-аумақтық қатынаста 24 облыс, 1 автономды республикадан тұрады.

  1. Бұл елдің шамамен 1/3 бөлігі поляр шеңберінде жатыр. 1919 ж. дейін Ресей империясының құрамында болған. Ол темір жол желілерінің бірдей болуымен де түсіндіріледі. Оның құрамына шамамен 17 000 мың аралдар мен шхерлер кіреді, онда Аланд аралдары да бар.

  1. Аумағының ауданы бойынша дүние жүзі елдері ішінде 9-орында. Дүниежүзілік мұхитқа шыға алмайды, аумағы Еуропа мен Азия дүние бөліктерінде орналасқан. Халқының көпшілігі ислам дінін ұстанады. Дүние жүзі бойынша тұрғындары шәйді ең көп пайдаланатын елдердің бірі, шамамен бір адам бір жылда - 1,2 кг шәй пайдаланады.

  1. Бұл елдің тұрғындары өздерінің туын «күн шеңбері» деп атайды. Мемлекеттің «солтүстік аумақтары» бойынша Ресейге наразылықтары бар.

  1. Бұл әлем бойынша ең жабық ел. Тұрғындарының 1%-дан аз бөлігі интернетке шыға алады. Тек 2013 жылы ғана ел билігі шетелдік туристтерге ұялы телефон мен мобильді интернет пайдалануға рұқсат берді.

Бағалау өлшемдері:

Дұрыс анықталған әрбір ел үшін – 1 ұпайдан, барлығы 12 ұпай.

Тапсырма 5.

Х елдің атауын және оның төменде берілген сипаттамаларға сәйкес келетін көршілерін анықтаңыз. Жауапты кесте түрінде орындаңыз.

Бұл Х елдің құрлық арқылы шектесетін көршілері мыналар:

Біріншісі (1) - Еуропада автокөлік шығарудан көшбасшы.

Екіншісі (2) - Еуропада жүзім жинаудан көшбасшы

Үшіншісі (3) - Еуропадағы АЭС-і біреуден көп елдермен салыстырғанда, АЭС-тегі электроэнергиясын өндіру үлесі бойынша көшбасшы ел.

Төртіншісі (4) - Бұл мемлекетте жан басына шаққандағы тіркелген (1-ден көп) компаниялардың саны бойынша Еуропада бірінші орында тұр.

Бағалау өлшемдері:

Х елді дұрыс анықтағаны үшін – 2 ұпай, оның көршілес елдерді анықтағаны үшін – 1 ұпай, барлығы 6 ұпай.

ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ