Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Костанайская районная олимпиада.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.03 Mб
Скачать

2015-2016 Оқу жылының аудандық олимпиадасы географиядан практикалық турдың тапсырмалары (10 сынып)

Тапсырма 1.

Суретте төрттік түзілімдердегі сулы жүйе горизонты көрсетілген. Бұл аумаққа үй және осы үйге су беретін құдық тұрғызу жоспарлануда. Үй мен құдық салынатын ұңғыманың орнын таңдаңыз. Құрылыс салынуы мүмкін орынның тиімділіктері мен кемшіліктеріне талдау жасаңыз. Үй салатын орын мен ұңғыма орнын таңдау себебіңізге түсініктеме беріңіз.

Негіздеу үшін назарға алынуы керек нәрселер:

1) құдықтың тереңдігі шығынға әсер етеді;

2) Тереңде жатқан жер асты суы таязда жатқан горизонт суынан таза;

3)Үй мен құдық арақашықтығы аса үлкен болмауы тиіс.

Бағалау өлшемдері:

Үй орнын дұрыс тапқаны үшін – 3 ұпай;

Ұңғыма тереңдігін дұрыс тапқаны үшін – 3 ұпай;

Дұрыс пайымдағаны үшін – 4 ұпай;

Барлығы– 10 ұпай.

Задание 2.

Қазақстан аумағында кездесетін көлдерге 3 – ші кестеде сипаттама берілген. Сипаттама бойынша көл атауларын табыңыздар.

Кесте – Қазақстан көлдері.

Көлдердің атауы

Көлдердің сипаттамасы

1

...

Көл Азутау және Күршім жоталарының аралығында, теңіз деңгейінен 1449,3 м биіктікте орналасқан. Көлдің ұзындығы 38 км, ені 19 км, ауданы- 455 км², жағалау сызығыныңиұзындығы-106 км, ең терең жері 24- 27 м. Көлге 95 шағын өзендер мен бұлақтар келіп құяды. Көлге құятын өзендердің негізгілері – Қарабұлақ, Матабай, Жиренбайтал, т.б. Көлден жалғыз Қалжыр өзені ғана ағады. Көл тектоникалық жолмен пайда болған.

2

...

Әлемдегі ірі көлдердің ішінде 13 орынға ие. Аударғанда «шұңқырлармен көмкерілген батпақты жер» немесе «батпақты төмпешік» деген мағынаны білдіреді. Бұл көлді зерттеуге Лев Семёнович Берг көп үлесін қосқан. Теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр, сыртқы пішіні жарты айға ұқсас.

3

...

Бұл көл 47°60' мен 48°30' с.е. және 83° және 85° ш.б. аралығында орналасқан. Көлге көптеген өзендер құяды. Мысалы: шығысында Кендірлік, батысында Бұғаз, Базар, Көкпекті, солтүстігінде Черга, Терс-Арлық және Арасан сияқты өзендер. Өзен суынан алыс орналасқан жазық жағалауларында көне опырылмалар бастапқы кезде бұл көлдің терең және үлкен аумақты қамтығанына дәлел болады.

4

...

Барлық – Арасан бальнеологиялық курорты орналасқан, Қазақстанның тұзды, ағынсыз көлі. Көлдің ауданы шамамаен 2200 км², тереңдігі 45 м. дейін.

5

...

 Көлсай шатқалындағы солтүстік Тянь-Шань тауының үш көлі жүйесі - Күнгей Алатау мен Іле Алатау жоталарын байланыстырады. Аталмыш көлдердің орналасуы Қырғызстан шекарасынан солтүстікке қарай 10 км, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 330 км теңіз деңгейінен 1000 м, 2500 м, 2700 м биіктікте орналасқан.

Көлдерді- «Солтүстік Тянь-Шань тауының інжу-маржандары» деп атайды. Көлдер қылқан орманды Тянь-Шань шыршаларымен қоршалған. Көл тереңдігі 50м дейін жетеді. Жануарлар дүниесінен – қызыл балық кездеседі.

6

...

Боден көлінен үш есе үлкен, тұзды – ағынсыз көл. Көлдің өзінде аралдар көп. Тектоникалық ойпатта орналасқан. Бұл көлге Нұра өзені құяды.

Бағалау өлшемдері: Көл атауларын дұрыс тапқаны үшін –1,5 ұпай , барлығы 9 ұпай.

Тапсырма 3.

Қазақстан Республикасының төменде көрсетілген облыстарының халқының урбандалу деңгейін, орташа тығыздығын есептеңіз және салыстырыңыз. Мұндай айырмашылықтардың болу себептерін түсіндіріңіз

№ р/с

Облыс

Аумағы, мың км²

Халық, мың адам

Соның ішінде қалалық

Халықтың орташа тығыздығы адам/км²

Урбандалу дәрежесі

Қазақстан

2725

17 417,7

9868,6

1

Ақмола

146

736, 6

347,4

2

Солтүстік- Қазақстан

98

571,8

243,1

3

Алматы

224

1922,1

465,8

4

Жамбыл

144

1098,7

442,8

5

Оңтүстік- Қазақстан

117

2788,4

1247,5

6

Батыс- Қазақстан

151

1395,3

312,3

7

Маңғыстау

166

606,9

298,7

8

Ақтөбе

301

822,5

510,6

9

Шығыс- Қазақстан

283

1395,3

827,4

10

Қарағанды

428

1378,3

1088,3

Қазақстан Республикасының статистика Комитетінің 2014 жылғы мәліметі

Бағалау өлшемдері:

Орташа тығыздықты, урбандалу дәңгейін дұрыс анықтағаны үшін – 0,5 ұпайдан; айыпмашылық себептерін толық түсіндіргені үшін – 3 ұпай, барлығы – 13 ұпай.

Тапсырма 4.

Төменде берілген сипаттамалар арқылы мойындалмаған елдердің атауын табыңыз:

1………………… - Теңізге шыға алмайтын ел. Бұл мемлекет өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 2 қыркүйегінде жариялағанымен, әлі күнге дейін мойындалмаған. Аумағы шамамен 11500 км². Халық саны 2013 жылғы бағалау бойынша – 146000 адам. Сиынушылардың басым көпшілігі - христиандар. Астанасы, әрі ірі қаласы– Степанакерт (Ханкенди). Заң шығарушы ұйым– 33 орыннан тұратын Ұлттық жиналыс болып табылады.

2………………… - Бұл мемлекет өз тәуелсіздігін 1990 жылдың 2 қыркүйегіде жариялады. Аумағы - 4163 км². Халқының саны - 505200 адам. Астанасы – Тирасполь.

3. …………………………………………… - өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 18 мамырында жарияланған. Аумағы- 137600 км². Халқы - 3515380 адам. Астанасы – Харгейса. Ірі қалалары – Харгейса, Бербера. Халқының жартысынан астамы ауыл көшпенділері және малшылар. Ресми тілдері - араб және ағылшын тілдері. Дін жағынан барлық дерлігі мұсылман- сунниттер. Елдің ең биік нүктесі –Шимбирис тауы (2416м).

4……………………- 1985- 1976 ж аралығында Рио-де-оро және Сегиет-эль-Хамра Испанияның иелігінде болған. Ауданы 266800км². Халқы 513000 адамды құрайды. Бұл елдің тарихи атауы – Вади-Захаб (алтын өзен) немесе Сегиет-эль-Хамра (қызыл бұлақ). Мойындалмаған бұл ел ыстық, әрі құрғақ климатты және жартасты, құмды топырақты болғандықтан отырықшы ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз болып табылады. Алайда, көшпелі малшылар қой, ешкі, түйе өсіреді. Мемлекет аумағында, әсіресе Бу-краада фосфаттардың бай кен орындары бар.

5…………………… - бұл ел қазірде Пәкістанның ең оңтүстіктігіндегі әкімшілік бірлігі болып табылады. Бұрынғы кезде атауы бір князьдықтың бөлігі болған ел. Де-факто Пәкістанның бір бөлігі. Бірақ, Пәкістан тарапынан өз-өздерін басқаратын билігі бар мемлекет болуына ресми түрде рұқсат етілген. Әкімшілік орталығы - Музаффарабад қаласы. Бұл провинцияның аумағы 11639 км² с құрайды, халқының саны шамамен 4,5 млн адам.

6……………………- өз тәуелсіздігін 1991 жылдың 22 қыркүйегінде (тәуелсіздік) және 2008 жылдың 17 ақпанында (көрші республикадан) жариялаған. Астанасы - Приштина. Ірі қалалары – Приштина, Печ, Призрен. Аумағы – 10887 км². Халқының саны– 1733872 адам.

7. ………………… – өз тәуелсіздігін 1983 жылы жариялап, кейбір елдер тарапынан ғана мойындалған ел. Халқы – 294906 адам. Аумағы – 3355км². Халықтың басым бөлігі – этникалық түріктер. Астанасы - Никосия, бірақ әкімшілік орталығы Фамагуста қаласы.

8.............................. - Қара теңізінің солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан, тәуелсіздігі кейбір елдер тарапынан ғана мойындалған, даулы аумақ. 2011 жылғы халық санағы бойынша халқы 240 705 адамды құрады. Аумағы - 8665 км².

9............................. - Кавказ маңында орналасқан, тәуелсіздігі кейбір елдер тарапынан ғана мойындалған мемлекет. Теңізге шыға алмайтын ел. Оның халықаралық құқық статусы әлі де даулы болып отыр. Негізінде, оның тәуелсіздігін 2014 жылы БҰҰ-ның 4 мемлекеті мойындаған.

10........................ - Пиреней түбегінің солтүстік- шығысында орналасқан автономиялы қауымдастық. Аумағы — 32 114 км². Автономиялық қауымдастықтың астанасы - Барселона. Халқының саны - 7 512 381 адам. Бүгінде бұл аумақтың тәуелсіз ел болуға және Еуропадағы сепаратистік қозғалыстарды іске асыруға жаппай қатысуға ұмтылып жатқандығы туралы жиі айтылуда. 2014 ж 13 сәуірінде Испания парламенті бұл елдің тәуелсіздік туралы рефендум өткізуіне тыйым салды. 2014 жылдың 9 қазанында халыққа тәуелсіздік туралы сауалнама жүргізілді. Олардың 80%-ы (2,25 миллион адам қатысты) тәуелсіздікті қолдайтындарын айтты.

Бағалар өлшемдері:

Әрбір ел атауын дұрыс тапқаны үшін 1 ұпайдан, барлығы 10 ұпай.

Тапсырма 5.

Х елдің атауын және оның төменде берілген сипаттамаларға сәйкес келетін көршілерін анықтаңыз. Жауапты кесте түрінде орындаңыз.

Бұл Х елдің құрлық арқылы шектесетін көршілері мыналар:

Біріншісі (1) - Еуропада автокөлік шығарудан көшбасшы.

Екіншісі (2) - Еуропада жүзім жинаудан көшбасшы

Үшіншісі (3) - Еуропадағы АЭС-і біреуден көп елдермен салыстырғанда, АЭС-тегі электроэнергиясын өндіру үлесі бойынша көшбасшы ел.

Төртіншісі (4) - Бұл мемлекетте жан басына шаққандағы тіркелген (1-ден көп) компаниялардың саны бойынша Еуропада бірінші орында тұр.

Бағалау өлшемдері:

Х елді дұрыс анықтағаны үшін – 2 ұпай, оның көршілес елдерді анықтағаны үшін – 1 ұпай, басқа көршілерін тапқаны үшін (4-ке дейін) –1 ұпай, барлығы 8 ұпай.

ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ