Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Костанайская районная олимпиада.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4.03 Mб
Скачать

Оңтүстік Қазақстанның негізгі ауылшаруашылық дақылдарының егістік алқабы

(мың. га, 2008 ж.)

Бағалау өлшемдері: дұрыс жауап үшін 2 ұпайдан, барлығы– 10 ұпай.

ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ.

2015-2016 Оқу жылының аудандық олимпиадасы географиядан практикалық турдың тапсырмалары (9 сынып)

Тапсырма 1.

  1. Дұрыс жауаптар жұбын құрастырыңыз: «аспап - өлшенетін шамаларды сипаттайтын өлшем бірлігі».

Аспаптар: анеморумбометр, барограф, гигрометр, жауын-шашын өлшегіш, термометр, эхолот, барометр, сейсмограф, флюгер.

Өлшем бірліктері: ұпай, сынап бағанасының миллиметрі, метр, секундына метр, миллибар, миллиметр, пайыз, градус.

Жұпсыз қалған аспапты атаңыз. Ол нені көрсетеді?

Бағалау өлшемдері:

аспаптар мен өлшем бірліктерінің атауларын дұрыс сәйкестендірген жағдайда–1 ұпайдан; қалған аспапты анықтап, оның пайдалану мақсатын дұрыс көрсеткені үшін –1 ұпайдан - барлығы-10 ұпай

Тапсырма 2.

Төменде берілген географиялық объектілердің қайсысы көрсетілген материктерде орналасқан? Олардың реттік сандарын материк атауларының қасына жазып шығыңыз.

Материктер

Географиялық объектілер:

Аустралия

1) Ұлы жазықтар

Африка

2) Аппалачтар

Евразия

3) Парана өзені

Солтүстік Америка

4) Амур өзені

Оңтүстік Америка

5) Арал теңізі

6) Үлкен Виктория шөлі

7) Анхель сарқырамасы

8) Миссисипи өзені

9) Килиманджаро жанартауы

10) Гоби шөлі

2) Төменде берілген жануарлар эндемик болып табылатын материктерді көрсетіңіз

1) горилла ____________________________________

2) вапити _____________________________________

3) панда______________________________________

4) капибара ___________________________________

5) вомбаттар ____________________________________

Бағалау өлшемдері:

1 пункт бойынша әрбір берілген дұрыс жауап үшін – 0,5 ұпай, ал 2 пункт үшін әрбір дұрыс жауапқа1 ұпай, барлығы – 10 ұпай

Тапсырма 3.

Қазақстан, Ресей, Қытай және Моңғолия елдері шекалары арасында табиғатты сақтау мақсатындағы физикалық-географиялық және тарихи-мәдени бірлікті қамтыған трансшекаралық резерват құрылады. Оның қай таулы елде орналасатынан анықтаңыз. Атлас картасын қолдана отырып, осы аумаққа кешенді географиялық сипаттама беріңіз.

Бағалау өлшемдері:

Таулы елдің дұрыс анықталғаны үшін - 2 ұпай, кешенді географиялық сипаттама үшін – 3 – ұпай, барлығы 5 ұпай

Тапсырма 4.

Берілген кестені негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының әрбір облысындағы табиғи қозғалыс көрсеткіштері- туу коэффициентін (Кт), өлім коэффициентін (Кө) және табиғи өсім коэффициентін есептеніз (Ктө). Кестеде көрсетілген қандай облыстарда халықтың табиғи өсім коэффициентінің өзгеру қарқыны орташа республикалық көрсеткіштен төмен немес жоғары екенін анықтаңыз.

Облыстар

Туылғандар саны,

адам

Өлгендер

саны, адам

Орташа жылдық халық саны

Республикасы

399951

130890

17 160 774

1

Ақмола

12827

7436

735 566

2

Алматы

50083

13448

1 984 518

3

Батыс- Қазақстан

13040

5552

623 977

4

Қарағанды

24959

13466

1 369 667

5

Маңғыстау

19139

2773

587 419

6

Оңтүстік- Қазақстан

82073

14754

2 733 279

7

Солтүстік- Қазақстан

8227

6851

575 766

8

Шығыс- Қазақстан

23823

14449

1 394 018

Қазақстан Республикасының статистика Комитетінің 2014 жылғы мәліметі

Бағалау өлшемдері:

Әрбір облыстағы Кт, Кө және Ктө дұрыс есептегені үшін 0,5 ұпайдан (жалпы 12 ұпай)

Орташа республикалық көрсеткішке қатысты халықтың табиғи өсім коэффициентінің өзгеру қарқынынын дұрыс анықтағаны үшін 0,5 ұпайдан (жалпы 4 ұпай)

Барлығы- 16 ұпай

Задание 5.

Кестеде әртүрлі өндіріс салаларының көшбасшылары берілген (компания атауларымен сауда белгілері). Олардың қай қалаларда орналасқанын және қандай өнім шығаратынын көрсетіңіз.

р-с

Компания немесе сауда белгісі

Өнімдері

Орналасқан облысы (қала)

1

«Тұлпар-Тальго»

2

«Сұлтан»

3

«Баян Сұлу»

4

«Химфарм»

5

«Цесна»

6

«СарыарқаАвтоПром»

7

«АрселорМитл»

8

«Зенит»

9

«АзияАвто»

10

«Рахат»

11

«ФиллипМоррис»

12

«Қайнар-АКБ»

Бағалау өлшемдері:

Әрбір дұрыс табылған өнім атау үшін – 0,25 ұпай, орналасқан орнын дұрыс анықтағаны үшін - 0,5 ұпай, барлығы 9 ұпай.

ЖАЛПЫ: 50 ҰПАЙ