- •Ежелгі дүние тарихы. 6 класс.
- •I тарау
- •§ 1 Шумер және Аккад
- •§ 2 Ежелгі Вавилон
- •§ 3 Ежелгі Қосөзен мәдениеті
- •II тарау
- •§ 4 Египетте мемлекеттің пайда болуы
- •§ 5 Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
- •§ 6 Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
- •§ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері
- •§ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
- •III тарау
- •§ 9 Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
- •§ 10 Урарту және Ассирияның гүлденуі
- •§ 11 Хетт патшалығы
- •§ 12 Ежелгі Финикия мен Палестина
- •§ 13 Ежелгі Парсы патшалығы
- •§ 14 Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күресі
- •§ 15 Ежелгі Бактрия
- •§ 16 Кушан патшалығы
- •§ 17 Парфия патшалығы
- •Iy тарау
- •§ 18 Ежелгі Үндістан
- •§ 19 Ежелгі Үнді мәдениеті
- •§ 20 Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы
- •§ 21 Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы
- •§ 22 Ежелгі Қытай мәдениеті
- •§ 23 Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары
- •§ 24 Грекия қала-мемлекеттері
- •§ 25 Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы
- •§ 26 Ежелгі грек өнері
- •§ 27 Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
- •§ 28 Ежелгі Македония
- •§ 29 Республика дәуіріндегі Рим
- •§ 30 Империя дәуіріндегі Рим
- •§ 31 Ежелгі Римнің өнері
- •§ 32 Римнің мәдени өмірі
- •§ 33 Батыс Рим империясының құлауы
§ 12 Ежелгі Финикия мен Палестина
168. Финикия мен Палестина жерлері орналасқан аймақ-
А) Кіші Азия
В) Африканың солтүстік-шығысы
С) Оңтүстік-батыс Азия
Д) Қосөзен аралығы
Е) Жерорта теңізінің шығыс жағалауы
169. Финикия атауы египеттіктердің «фенеху» деген сөзінен шыққан, оның мағынасы-
А) «Кеме жасаушы»
В) «Етік тігуші»
С) «Тас қалаушы»
Д) «Балық аулаушы»
Е) «Металл балқытушы»
170. Финикиялықтардың басты кәсібі?
А) Әскери іс
В) Кеме жасау, теңізде жүзу
С) Егін өсіру
Д) Металл балқыту
Е) Қолөнер
171. Б.з.б. II м.ж. соңы – I м.ж. басында теңізде жүзу мен кеме жасау ісі дамыған ел?
А) Египет
В) Ассирия
С) Финикия
Д) Хетт
Е) Урарту
172. Египет билеушісі – Нехоның бұйрығымен Африка құрлығын айналып шыққандар-
А) Египеттіктер
В) Ассириялықтар
С) Сириялықтар
Д) Финикиялықтар
Е) Урартулықтар
173. «Филистимдіктер», «пелестим» деген халықтың атынан пайда болған жер атауы:
А) Тир
В) Ассирия
С) Сирия
Д) Финикия
Е) Палестина
174. Қай патша тұсында Израил – иудейлік мемлекеті құрылды?
А) Дәуіт
В) Телепин
С) Сүлеймен
Д) Табарна
Е) Рамзес
175. Израил – иудей мемлекеті құрылған аймақ:
А) Египет жері
В) Палестина жері
С) Синай түбегі
Д) Вавилон
Е) Кипр аралы
176. Қай патша тұсында Израил – иудейлік мемлекеті гүлденді?
А) Дәуіт
В) Телепин
С) Сүлеймен
Д) Табарна
Е) Дарий
177. 22 әріптік алғашқы альфавит (әліпби) қай елде жасалды?
А) Вавилон
В) Ассирия
С) Грекия
Д) Финикия
Е) Палестина
178. Еврейлердің ең басты құдайы-
А) Алийян
В) Ваал
С) Мот
Д) Анат
Е) Яхве
179. Мыналардың ішінен Финикиялықтардың мифтік шығармасын көрсетіңіз?
А) «Авеста»
В) «Гильгамеш туралы дастан»
С) «Осирис пен Исида туралы миф»
Д) «Ваал және Алийян» дастаны
Е) «Синухет әңгімесі»
§ 13 Ежелгі Парсы патшалығы
180. Иран үстіртінің оңтүстігінде, Вавилонның оңтүстік-шығысында өмір сүргендер-
А) Сақтар
В) Еврейлер
С) Парсылар
Д) Соғдылар
Е) Хеттер
181. Парсы тайпаларын қандай рудан шыққан көсемдер басқарды?
А) Араб
В) Ахемен
С) Иудей
Д) Хананей
Е) Израил
182. Қай патшаның кезінде парсы тайпалары бір мемлекетке біріктірілді?
А) Кир
В) Камбиз
С) I Дарий
Д) III Дарий
Е) Ксеркс
183. Мидия патшалығын талқандап, Кирдің парсы жерін кеңейткен уақыты?
А) Б.з.б 555 ж
В) Б.з.б 539 ж
С) Б.з.б 520 ж
Д) Б.з.б 530 ж
Е) Б.з.б. 550 ж
184. Кир патшаның Вавилонды бағындырған жылы?
А) Б.з.б 555 ж
В) Б.з.б 539 ж
С) Б.з.б 520 ж
Д) Б.з.б 530 ж
Е) Б.з.б. 550 ж
185. Парсы патшасы – Кир жаулап алған Лидия патшалығының астанасы?
А) Хаттуса
В) Сузы
С) Сарды
Д) Бактр
Е) Ниневия
186. Б.з.б. 530 жылы Кир патшаның жорығы кімдерге бағытталды?
А) Финикиялықтар
В) Ассириялықтар
С) Египеттіктер
Д) Сақтар
Е) Сириялықтар
187. Б.з.б. 525 жылы Египетті жаулап, «Египет патшасы» атанған Кирдің баласы?
А) Ескендір
В) Ксеркс
С) I Дарий
Д) III Дарий
Е) Камбиз
188. I Дарийдың парсы патшалығына келген уақыты?
А) Б.з.б 519 ж
В) Б.з.б 522 ж
С) Б.з.б 520 ж
Д) Б.з.б 518 ж
Е) Б.з.б. 517 ж
189. Ежелгі Парсы мемлекетінде қай патшаның тұсында ел 20 аймаққа бөлінді?
А) Кир
В) Камбиз
С) I Дарий
Д) III Дарий
Е) Ксеркс
190. I Дарий патша тұсында шығарылған таза алтын теңге қалай аталды?
А) Дирхем
В) Динар
С) Песо
Д) Дарик
Е) Теңге
191. Сарды қаласынан Сузы қаласына дейін созылып жатқан жол қалай аталды?
А) «Парсы жолы»
В) «Керуен жолы»
С) «Көктас жолы»
Д) «Жібек жолы»
Е) «Патша жолы»
192. I Дарий патшаның сақтарға қарсы жорығы басталды?
А) Б.з.б 519-518 ж.ж
В) Б.з.б 522-521 ж.ж
С) Б.з.б 520-519 ж.ж
Д) Б.з.б 518-517 ж.ж
Е) Б.з.б. 517-516 ж.ж
193. «Бехистун» жазбасының негізгі мазмұны?
А) Құдайлар туралы
В) I Дарий патшаның жеңісін мадақтау
С) Парсы жауынгерлері туралы
Д) Ахемен руы туралы
Е) Кир патшаның жеңісін мадақтау
194. Парсы патшасы - I Дарий байлығына бола басып алуға тырысқан қалалар:
А) Египет қалалары
В) Қосөзен қалалары
С) Ассирия қалалары
Д) Финикия қалалары
Е) Грек қалалары
195. «Сатраптар» ұғымы қай мемлекетте пайда болды?
А) Ежелгі Парсы
В) Ежелгі Финикия
С) Ежелгі Парфия
Д) Ежелгі Бактрия
Е) Ежелгі Кушан
196. Парсы тілді халықтардың әдеби шығармасын көрсетіңіз?
А) «Синухет әңгімесі»
В) «Ваал және Алийян дастаны»
С) «Авеста»
Д) «Гильгамеш туралы дастан»
Е) «Астық тасушының әні»
197. «Авестада» уағыздалатын діни ілім-
А) Манихей
В) Будда
С) Даосизм
Д) Заратуштра
Е) Христиан
198. Заратуштра іліміндегі «жақсылық» құдайы-
А) Анхра Манью
В) Афродита
С) Амон-Ра
Д) Алийян
Е) Ахурамазда
199. Заратуштра іліміндегі «жамандық» құдайы-
А) Анхра Манью
В) Нана
С) Митра
Д) Алийян
Е) Ахурамазда
200. Парсы мемлекетін талқандаған кім?
А) III Антиох
В) Александр Македонский
С) IIФилипп
Д) Қанышке
Е) Диодот
