- •Ежелгі дүние тарихы. 6 класс.
- •I тарау
- •§ 1 Шумер және Аккад
- •§ 2 Ежелгі Вавилон
- •§ 3 Ежелгі Қосөзен мәдениеті
- •II тарау
- •§ 4 Египетте мемлекеттің пайда болуы
- •§ 5 Ежелгі Египеттегі еңбекшілердің жағдайы
- •§ 6 Египеттегі үстем тап өкілдері және перғауындардың басқыншылық саясаты
- •§ 7 Египеттегі ғылыми білім негіздері
- •§ 8 Ежелгі Египеттің әдебиеті мен өнері
- •III тарау
- •§ 9 Ежелгі Ассирия мемлекетінің қалыптасуы
- •§ 10 Урарту және Ассирияның гүлденуі
- •§ 11 Хетт патшалығы
- •§ 12 Ежелгі Финикия мен Палестина
- •§ 13 Ежелгі Парсы патшалығы
- •§ 14 Орта Азия халықтарының грек-македондық басқыншыларға қарсы күресі
- •§ 15 Ежелгі Бактрия
- •§ 16 Кушан патшалығы
- •§ 17 Парфия патшалығы
- •Iy тарау
- •§ 18 Ежелгі Үндістан
- •§ 19 Ежелгі Үнді мәдениеті
- •§ 20 Ежелгі Қытай мемлекетінің қалыптасуы мен дамуы
- •§ 21 Ұлы Жібек жолы және Қытай мемлекетінің ыдырауы
- •§ 22 Ежелгі Қытай мәдениеті
- •§ 23 Грекиядағы алғашқы өркениет ошақтары
- •§ 24 Грекия қала-мемлекеттері
- •§ 25 Афиныда демократиялық құрылыстың дамуы
- •§ 26 Ежелгі грек өнері
- •§ 27 Ежелгі грек мектебі мен ғылыми білімдері
- •§ 28 Ежелгі Македония
- •§ 29 Республика дәуіріндегі Рим
- •§ 30 Империя дәуіріндегі Рим
- •§ 31 Ежелгі Римнің өнері
- •§ 32 Римнің мәдени өмірі
- •§ 33 Батыс Рим империясының құлауы
§ 29 Республика дәуіріндегі Рим
430. Гректер Апенин түбегінің оңтүстігін қалай атады?
А) Италия
В) Египет
С) Македония
Д) Грекия
Е) Карфаген
431. «Италия» сөзінің мағынасы қандай?
А) «Түбекті ел»
В) «Бұзаулы ел»
С) «Етікті ел»
Д) «Ромул елі»
Е) «Қасқыр елі»
432. Жерорта теңізіндегі Апенин түбегінде қалыптасқан мемлекет:
А) Ежелгі Македония
В) Ежелгі Грекия
С) Ежелгі Рим
Д) Карфаген
Е) Ежелгі Египет
433. Римнің ең алғашқы патшасы:
А) Рем
В) Тарквиний
С) Нерон
Д) Цезарь
Е) Ромул
434. Рим қаласы қай ғасырда салынған?
А) Б.з.б. Y ғ
В) Б.з.б. YI ғ
С) Б.з.б. YII ғ
Д) Б.з.б. YIII ғ
Е) Б.з.б. IY ғ
435. Рим қаласының іргесі қай жылы қаланды?
А) Б.з.б. 509 ж
В) Б.з.б. 753 ж
С) Б.з.б. 476 ж
Д) Б.з.б. 201 ж
Е) Б.з.б. 750 ж
436. Рим қаласы қай өзен жағасында салынды?
А) По
В) Рубикон
С) Тибр
Д) Дунай
Е) Ганга
437. Ежелгі Римдегі «Патшалық дәуір» қай жылдарды қамтиды?
А) Б.з.б. 753 - 509 ж.ж
В) Б.з.б. 476 - 27 ж.ж
С) Б.з.б. 509 - 49 ж.ж
Д) Б.з.б. 264 - 240 ж.ж
Е) Б.з.б. 509 - 27 ж.ж
438. Ежелгі Римнің ең соңғы патшасы:
А) Рем
В) Тарквиний
С) Нерон
Д) Цезарь
Е) Ромул
439. Ежелгі Рим тарихының екінші – Республикалық құрылысы орнаған жылдар:
А) Б.з.б. 509 - 49 ж.ж
В) Б.з.б. 753 - 509 ж.ж
С) Б.з.б. 149 - 146 ж.ж
Д) Б.з.б. 509 - 27 ж.ж
Е) Б.з.б. 218 - 201 ж.ж
440. Ежелгі Римде биліктің ең жоғарғы органы:
А) Триба
В) Центуриат
С) Форум
Д) Курия
Е) Сенат
441. Римде халық жиналысы қандай үш түрге бөлінді?
А) Триба, форум, консул
В) Центуриат, нобилитет, принципат
С) Курия, центуриат, триба
Д) Курия, доминат, провинция
Е) Сенат, магистрат, курия
442. Ру бірлестіктерінің жиналысы қалай аталды?
А) Форум
В) Центуриат
С) Триба
Д) Курия
Е) Сенат
443. Патрицийлер мен плебейлердің жиналысы қалай аталды?
А) Форум
В) Центуриат
С) Триба
Д) Курия
Е) Сенат
444. Римнің бүкіл азаматтары қатысатын жиналыс қалай аталды?
А) Триба
В) Центуриат
С) Форум
Д) Курия
Е) Сенат
445. Патрицийлер деген кімдер?
А) Сырттан келгендер
В) Консулдар
С) Магистраттар
Д) Пундар
Е) Римнің ежелгі тұрғындары
446. Плебейлер деген кімдер?
А) Пундар
В) Консулдар
С) Магистраттар
Д) Сырттан келгендер
Е) Римнің ежелгі тұрғындары
447. «Консул» сөзінің мағынасы қандай?
А) «Кенші»
В) «Елші»
С) «Кеңесші»
Д) «Көмекші»
Е) «Қолөнерші»
448. Б.з.б. YI ғ құрылған Республикалық Римдегі билеушілер қалай аталды?
А) Консулдар
В) Магистраттар
С) Салтаттылар
Д) Нобилдер
Е) Гладиаторлар
449. Рим консулдарының билік құру мерзімі және адам саны:
А) Екі жыл, екі адам
В) Бір жыл, екі адам
С) Үш жыл, үш адам
Д) Бір жыл, бір адам
Е) Бес жыл, бес адам
450. Атқарушы өкімет билігін жүргізушілер қалай аталды?
А) Консулдар
В) Гладиаторлар
С) Салтаттылар
Д) Нобилдер
Е) Магистраттар
451. Магистраттар неше жылға сайланды?
А) 2 жыл
В) 1 жыл
С) 3 жыл
Д) 4 жыл
Е) 5 жыл
452. Римдегі Патрицийлердің ақсақалдары құрған кеңес қалай аталды?
А) Триба
В) Центуриат
С) Сенат
Д) Курия
Е) Форум
453. Сенат құрамы қанша адамнан тұрды?
А) 200
В) 50
С) 100
Д) 300
Е) 500
454. Рим Республикасының мемлекеттік құрылысы қандай болды?
А) Аристократиялық
В) Монархиялық
С) Императорлық
Д) Демократиялық
Е) Теократиялық
455. Римдіктер Карфагендіктерді қалай атады?
А) Колондар
В) Галлдар
С) Вандалдар
Д) Готтар
Е) Пундар
456. Пуни соғыстарында Рим қай елмен соғысты?
А) Испания
В) Египет
С) Грекия
Д) Карфаген
Е) Македония
457. Б.з.б. III ғасырда Жерорта теңізі жағалауы үшін Рим қай елмен соғысты?
А) Испания
В) Карфаген
С) Грекия
Д) Египет
Е) Македония
458. Бірінші пуни соғысы болған жылдар:
А) Б.з.б. 509 - 49 ж.ж
В) Б.з.б. 753 - 509 ж.ж
С) Б.з.б. 264 - 241 ж.ж
Д) Б.з.б. 509 - 27 ж.ж
Е) Б.з.б. 218 - 201 ж.ж
459. Бірінші пуни соғысының нәтижесі қандай болды?
А) Рим мемлекеті Батыс Жерорта теңізінің қожасы болады
В) Римдіктер Карфаген қаласын қиратады
С) Карфагендіктер гректерден көмек сұрайды
Д) Карфагендіктер жеңеді
Е) Сицилияға Рим үстемдігі орнайды
460. Риммен соғыстардағы Карфаген әскерінің қолбасшысы кім болды?
А) Ганнибал
В) Красс
С) Аларих
Д) Аэций
Е) Пирр
461. Екінші пуни соғысы болған жылдар:
А) Б.з.б. 509 - 49 ж.ж
В) Б.з.б. 753 - 509 ж.ж
С) Б.з.б. 509 - 27 ж.ж
Д) Б.з.б. 218 - 201 ж.ж
Е) Б.з.б. 218 - 201 ж.ж
462. Екінші пуни соғысында Римдіктердің Ганнибал әскерлерін талқандаған жер:
А) Каталаун
В) Зама
С) Апенин
Д) Капуя
Е) Галлия
463. Екінші пуни соғысының нәтижесі қандай болды?
А) Карфагендіктер гректерден көмек сұрайды
В) Сицилияға Рим үстемдігі орнайды
С) Рим мемлекеті Батыс Жерорта теңізінің қожасы болады
Д) Римдіктер Карфаген қаласын қиратады
Е) Карфагендіктер жеңеді
464. Үшінші пуни соғысы болған жылдар:
А) Б.з.б. 149 - 146 ж.ж
В) Б.з.б. 753 - 509 ж.ж
С) Б.з.б. 264 - 241 ж.ж
Д) Б.з.б. 509 - 27 ж.ж
Е) Б.з.б. 218 - 201 ж.ж
465. Үшінші пуни соғысының нәтижесі қандай болды?
А) Карфагендіктер гректерден көмек сұрайды
В) Сицилияға Рим үстемдігі орнайды
С) Рим мемлекеті Батыс Жерорта теңізінің қожасы болады
Д) Римдіктер Карфаген қаласын қиратады
Е) Карфагендіктер жеңеді
466. Қай қолбасшы тұсында Рим Жерорта теңізі бойына билік етеді?
А) Аэций
В) Гай Юлий Цезарь
С) Красс
Д) Спартак
Е) Октавиан Август
467. Римдегі ақсүйектер халықтың қандай тобын құрады?
А) Принципат
В) Олигархия
С) Центуриат
Д) Нобилитет
Е) Аристократия
468. Бай плебейлердің патрицийлар руына қосылуы негізінде құрылған топ:
А) Принципат
В) Олигархия
С) Салтаттылар
Д) Нобилитет
Е) Аристократия
469. Плебейлердің саудамен, өсімқорлықпен айналысқан тобы:
А) Салтаттылар
В) Олигархия
С) Центуриат
Д) Нобилитет
Е) Аристократия
470. Ежелгі Римде құлдар тәулігіне неше сағат жұмыс жасады?
А) 10 – 15 сағат
В) 10 сағат
С) 17 – 18 сағат
Д) 7 – 8 сағат
Е) 12 – 15 сағат
471. «Гладиатор» латын тілінен аударғанда қандай мағына білдіреді?
А) Садақ
В) Қылыш
С) Балта
Д) Шоқпар
Е) Пышақ
472. Соғыс кезінде қолға түскен әскери адамдарды Рим билеушілері қайда ұстады?
А) Құлдықта
В) Әскери сапта
С) Құрылыста
Д) Үй шаруашылығында
Е) Түрме – мектептерде
473. Мыналардың ішінен ірі түрме – мектеп орналасқан қаланы көрсетіңіз?
А) Каталаун
В) Брундизия
С) Рим
Д) Капуя
Е) Тарент
474. Спартак бастаған ең ірі құлдар көтерілісі болған жылдар:
А) Б.з.б. 49 - 46 ж.ж
В) Б.з.б. 74 – 71 ж.ж
С) Б.з.б. 64 - 41 ж.ж
Д) Б.з.б. 50 - 27 ж.ж
Е) Б.з.б. 21 - 18 ж.ж
475. Спартак бастаған құлдар көтерілісі қай жерді қамтыды?
А) Везувий тауы
В) Рим қаласы
С) Апенин түбегі
Д) Капуя қаласы
Е) Сицилия аралы
476. Апенин түбегінің оңтүстігінде Спартак бастаған құлдар кім құрған тұзаққа түсті?
А) Ганнибал
В) Цезарь
С) Аэций
Д) Красс
Е) Пирр
477. Спартакпен бірге қашқан құлдар тығылған жер:
А) Везувий тауы
В) Рим қаласы
С) Апенин түбегі
Д) Капуя қаласы
Е) Сицилия аралы
478. Спартак бастаған құлдардың Сицилия аралына қарай бағыт алуының себебі:
А) Көршілерден көмек сұрау
В) Қару – жарақ жинау
С) Готтардың шабуыл жасауы
Д) Красс әскерлерін талқандау
Е) Сицилиядағы құлдарды көтеріліске шығару
479. Спартак бастаған көтеріліске қатысқан құлдарға римдіктердің қолданған жазасы:
А) Ағашқа керу
В) Ауыр жұмыстарға тарту
С) Айыппұл төлету
Д) Жекпе – жекке шығару
Е) Қолын кесу
