Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник 2-4 сын Балжан М 2017 оконч вар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Мазмұндамаға берілген мәтіндер Әдебиеттік оқу. 3-сынып №1 мазмұндама

Ұста дүкені

Біздің ауылымыз Қостөбе деп аталады. Ауылда отыз-қырық үй бар. Ауылдың ортасында бір үй бар. Бұл үй – ұста дүкені. Ұста дүкені әңгіме- дүкен құруға, демалуға жақсы. Мұнда әрқашан аздап от жанады.

Дүкенінде Өскембай ұста қыздарға, келіншектерге алқа, сақина, білезік, белдік, шолпы, жүзік, сөлкебай жасап береді. Ал бозбалаларға бәкі жасап береді.

Өскембай – еңбекқор және өте көңілді адам. Оның дүкеніне балалар жиі келетін.

(61 сөз)

Б. Соқпақбаев

Жоспар:

1. Біздің ауыл – Қостөбе

2. Ұста дүкені.

3. Өкембай ұста не істейді?

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген

Мәтін мазмұны дұрыс, барынша толық берілген

Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген, тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп алшақ, қателері көп

Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс

Мәтін мазмұны ашылған ,бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар

Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате және 3-5 түзету

№2 Мазмұндама Қараша – қардың басы

Қыстың алғашқы аязы қараша айынан басталады. Қыстың алғашқы аязынан кейін көлдің бетін мұз басты. Су асты күңгірт тартты. Бұрын мұндайды көрмеген жас сазандар абыржып қалды. Кәрі сазан түсіндіріп жатыр. Аю сияқты сазан тұқымы да қыста тамақ жемейтіндігін айтты. Кәрі сазан көл астында талай қыстаған. Көлдің терең жерлерінің бәрін білетін.Оның соңынан басқа сазандар ілесті. Бәрі тереңдегі бір қуысқа жиналды. Су астын қараңғылық басты. Тірек сөздер мен тапсырмалар: аязы, мұз басты, кәрі сазан, абыржып қалды, қараңғылық басты. Жоспар: 1. Алғашқы аяз 2. Абыржыған сазандар 3. Кәрі сазан ақылды.

Критерий

Дескриптор

Баға

«5»

«4»

«3»

«2»

Мәтін мазмұнын түсінуі

Мәтін мазмұны жүйелі әрі дұрыс жеткізілген

Мәтін мазмұны дұрыс, барынша толық берілген

Мәтін

мазмұнынан ауытқушылықтар жіберілген, тақырыптан алшақтаған, 2-3 сөйлем құрылысында кейбір кемшіліктер бар.

Мәтін мазмұнынан көп алшақ, қателері көп

Дұрыс баяндалуы мен сөз қолданысы

Тақырып ашылған, сөздік қоры бай, сөз қолданысы дұрыс

Мәтін мазмұны ашылған, бірақ ойды баяндау бірізділігі шамалы ауытқыған

Сөздік қоры аз, сөз қолданыста қателер бар

Ой жүйесі сақталмаған, әр бөлім арасында байланыс жоқ. Сөздік қоры жұтаң

Грамматикалық сауаттылығы

Сөздік қолданыста

1 -2 түзету жіберілген;

Аздаған

(1 -2) фактілік және сөз қателері, сондай-ақ

1 -2 емле қате, 1 -2 түзету бар

Мәтінді құруда және ойды жүйелі жеткізуде 3- 6 қате және 1 -2 түзету бар

Жазба жұмысында мәтін құру мен мазмұнында 6-дан көп қате және 3-5 түзету

3 мазмұндама

Құс – бақтың досы

Егіндіктің қасында үлкен бақ бар. Бақтың шетінде биік теректер, қайыңдар өсіп тұр. Бақта алма, алмұрт, өрік, шие ағаштары бар. Күзде жемістер пісіп, адамдар оны жинауға келеді. Жаздыгүні біздің жерімізде құстар көп болады.

Бақ ішіндегі құстар зиянды құрт-құмырсқаларды, көбелектерді жейді. Құстар бақтарды зиянды жәндіктерден сақтайды.

Құстарға тимеу керек. Оларға ұя жасап, қамқорлыққа алған жөн. Олар қыстыгүні ашығады. Балалар қыста жем беріп,оларды аштықтан құтқарады.

Тірек сөздер мен сөз тіркестері: жаздыгүні, зиянды, сақтайды, қыстыгүні.

Жоспар: 1. Жеміс ағаштары 2. Құстар көмегі. 3. Құстарға қамқорлық.