Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник 2-4 сын Балжан М 2017 оконч вар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы.

Бақылау жұмысының негiзгi мақсаты: 4-сыныптың 3-сынып бойынша игерген біліктілігін зерттеу, І тоқсан бойынша математика пәнінен мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім, білік және дағдыларды меңгеру деңгейінің нақты бағасы болып табылады.

2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы.

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы

2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Оқу бағдарламасы.

3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары.

4-сыныптың 3-сыныпта игерген тақырыптар және І тоқсан бойынша математика пәнінен білім, білік және дағдыларының өлшеуіші болатын бақылау тапсырмалары қолданылады. Бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарының тапсырмалары жеңілден ауырға сатысы бойынша орналасқан.

Бақылау жұмыстың құрылымы:

- «Арифметикалық амалдар» тақырыбы бойынша үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту және бөлу амалын орындайды;

-«Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу» тақырыбы бойынша есептің шарты бойынша талдап, өрнек құрады және шешуін табады;

-«Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу»тақырыбы бойынша күрделі теңдеудің шешуін таба алады;

-«Шамалар, олардың өлшем бірліктері» тақырыбы бойынша санды өрнектерді баған бойынша есептеу біліктіліктері тексеріледі;

4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.

Бақылау жұмысты орындау уақыты - 40 минут.

  1. Бақылау жұмыстың спецификасы.

Тақырып

Тексеру элементі

1

Арифметикалық амалдар

Үштаңбалы санды бір таңбалы санға көбейту, бөлу амалын орындай алуы

2

Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу

Есептің шартын түсініп, қысқаша шартын жаза алуы, өрнек құра білуі, есепті шығара алуы

3

Теңдік, теңсіздік, өрнек, теңдеу

Күрделі теңдеуді шешу біліктілігін игеруі

984

Шамалар, олардың өлшем бірліктері

Әртүрлі шамаларды шамалар кестесі бойынша ірі, ұсақ шамаларға айналдыра алуы, есептеуді орындай алуы.

Бастапқы бақылау жұмысын бағалау парағы

Критерийлер

Дескрипторлар

Ұпайлар

1

Мысалдарды есепте:

(ең көп ұпай саны – 8)

Мысалдардың берілгені дұрыс жазылды

4 ұпай

248 · 2

1 ұпай

126 · 2

1 ұпай

615 : 5

1 ұпай

927 : 9

1 ұпай

2 Есепті шығар:

(ең көп ұпай саны – 6)

Есептің шарты дұрыс жазылды

2 ұпай

Есепті шешу жолы дұрыс таңдалды

1 ұпай

Есепті шешуде амалдар дұрыс орындалды

2 ұпай

Есептің жауабы дұрыс жазылды

1 ұпай

3Теңдеулерді шеш:

(ең көп ұпай саны-8 )

Теңдеудің берілгені дұрыс жазылды

2 ұпай (әр теңдеуге 1 ұпай)

Теңдеуді шешу алгоритмін біледі

2 ұпай (әр теңдеуге 1 ұпай)

Компонент дұрыс табылды

2 ұпай (әр теңдеуге 1 ұпай)

Есептеулер дұрыс жүргізілді

2 ұпай (әр теңдеуге 1 ұпай)

4

Баған түрінде есепте.

(ең көп ұпай саны –12 )

Өрнектердің берілгені дұрыс жазылды

4 ұпай(әр өрнекке 1ұпай)

Шамаларды керек шамаларға дұрыс айналдырды

4 ұпай(әр өрнекке 1ұпай)

Өрнектердің мәнін дұрыс есептеді

4 ұпай(әр өрнекке 1ұпай)

Барлығы : 34 ұпай

Бағалау критерийлері

«5» - 32-34 ұпай - 94-100%

«4» - 26-31 ұпай - 76-93%

«3» -17 -25 ұпай - 50-75%

«2» - 0-16 ұпай - 49%-дан төмен

І тоқсан