- •Қорытынды жұмыстар саны:
- •Мазмұндамаға берілген мәтіндер
- •Қолқанат
- •Қара мысық пен қара лақ
- •Шығармаға ұсынылатын тақырыптар
- •«Менің отбасым»
- •«Қыс қызықтары»
- •«Аяулы ана»
- •Мазмұндамаға берілген мәтіндер Әдебиеттік оқу. 3-сынып №1 мазмұндама
- •№2 Мазмұндама Қараша – қардың басы
- •№4 Мазмұндама
- •Найзағай
- •Шығармаға ұсынылатын тақырыптар
- •«Күз кереметі»
- •Мазмұндамаға берілген мәтіндер
- •Тұңғыш кен инженері
- •Баланың тапқырлығы
- •Шығармаға ұсынылатын тақырыптар
- •«Туған жер – алтын бесік»
- •«Адал дос – өмірлік нұсқа»
- •Қазақ тілі пәні бойынша түсінік хат
- •Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
- •Сауысқан
- •Әшекей бұйымдар
- •Ара неге шаққан жоқ?
- •1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз.
- •2. Көп нүктенің орнына л, р әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз
- •Құмырадағы су
- •Күтпеген көмек
- •Көктем келді
- •Орман қабаттары
- •Қарлығаш
- •Қараторғай
- •Шығармалар
- •Ақбөкендер
- •Күй атасы
- •Кішкентай жігіт
- •Атамекен
- •Құрманғазы Сағырбаев
- •Балапандар
- •Шахтада
- •Отан сүйер ұлан бол!
- •Аналық жүрек
- •Құмырсқалар
- •Математика Пәні бойынша түсінік хат
- •Бағалау нормасы
- •Сыныптар бойынша оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
- •Математика пәнінен бастапқы бақылау жұмысы №1
- •Бағалау критерийлері
- •I тоқсандық бақылау жұмысы № 2
- •Бағалау критерийлері
- •Іі тоқсандық бақылау жұмысы № 3
- •Бағалау критерийлері
- •Математика пәнінен іv тоқсандық бақылау жұмысы№ 5
- •Іv тоқсандық бақылау жұмысы № 5
- •Бағалау критерийлері
- •Сыныптар бойынша оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
- •Бастапқы бақылау жұмысы
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •(Блум таксономиясы бойынша)
- •Жылдық бақылау жұмысы
- •Бағалау критерийлері
- •1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы.
- •2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы.
- •3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары.
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Бастапқы бақылау жұмысын бағалау парағы
- •Бастапқы бақылау жұмысы №1
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •І тоқсандық бақылау жұмысы №2
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Тоқсандық бақылау жұмысы№ 3
- •Есепті шығар.
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Тоқсандық бақылау жұмысы № 4
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Тоқсандық бақылау жұмысы №5
- •Дүниетанудан тест жұмыстары: 1-4 сынып
- •Күтілетін нәтиже
- •Қорытынды бақылау жұмысының саны
- •Бақылау жұмысы №1 «Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы. Табиғат»
- •2.Орманды өсіру үшін неше жыл қажет?
- •3.Адамның қандай әрекеттері зиян келтірмейді?
- •4. Адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі .....
- •9.Құбыланаманың ең негізгі бөлігі қалай аталады?
- •«Өсімдіктердің тіршілігі»
- •Адам – табиғат перзенті. Қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері. Жүйке жүйесі, сезім мүшелері
- •Табиғатты адам қалай зерделейді? Денелер. Заттар. Құбылыстар
- •Тау жыныстары.Топырақ
- •Өсімдіктердің көп түрлілігі. Жануарлардың көп түрлілігі.
- •Табиғаттағы су айналымын бейнелеңіз.
- •25. Жарық қандай жылдамдықпен таралады?
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Аналық жүрек
Күздің суық бір күні болатын. Мектептен қайтып келе жатыр едім. Үй алдындағы қора ішінен мияулаған мысық баласының әлсіз дауысы естілді. Көмек сұраған тәрізді. Жақындап қора ішіне үңіліп қарадым. Ол мысықтың баласы екен. Өзі өте кішкентай екен.
Оның әлі өздігінен тамақтана алмайтыны көрініп тұр. Аяп, үйге алып келдім. Үйде өзімнің мысығым бар болатын. Ол өте сүйкімді болатын. Оның жүні үлпілдек мамықтай болғандықтан, «Мамық» деп атаушы едім. Әкелген бала мысығымды «Мамықтың» бауырына салдым. Ол жатсынбай, өз баласындай жақсы көріп кетті. Мен «Мамықты» бала мысықты өзгенің баласы деп жатсынбай, еміренген аналық жүрегіне қайран қалдым.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: аналық жүрек, үлпілдек, мамықтай, жатсынбай, еміренген.
Мазмұндама жоспары:
1.Мысықтың кішкентай баласымен кездесуі.
2.Үйге алып келуі.
3. «Мамықтың» бауырына салуы.
4. «Мамықтың» бала мысыққа еміренуі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
№2 Мазмұндама
Мақсаты: оқушыларды мәтін мазмұнын рет-ретімен дұрыс баяндап жазуға төселдіру;
-жоспар бойынша сөздерді қолдану қабілеттерін дамыту;
-мейірімділікке тәрбиелеу.
Құмырсқалар
Шәріп атаның бір құмыра балы болатын. Ол сарайда тұратын еді. Бір күні балын құмырсқалар жеп жатқанын көрді. Қараса, сарайда құмырсқаның илеуі бар екен. Құмырсқаның илеуін құрту өте қиын. Илеудегі құмырсқа өте көп. Ата ойланып қалды. Шәріп ата айла ойлап тапты. Ол қыш құмыраны сыртынан шамды байлап, сарайдың төбесіне іліп қойды. Құмыраның ішінде бір құмырсқа қалып қойыпты. Құмырсқа илеуіне жол іздейді. Ол алдымен жіпке, одан төбеге өрмелейді. Төбеден қабырғаға одан еденге түседі. Бір күні атай өрмелеп жүрген құмырсқаларды көреді. Олар құмыраға кіріп-шығып жатыр. Құмыраға қараса, құмырсқалар бәрін жеп қойыпты. Бір құмырсқа барлық құмырсқаға жол көрсетіп берген екен. Шәріп атай құмырсқада да ақыл болатынын білмесе керек.
Мазмұндама жоспары:
1.Шәріп атайдың балы.
2.Сарайдағы құмырсқаның илеуі.
3.Атайдың айласы.
4.Бір құмырсқаның әрекеті.
5.Шәріп атайдың білместігі.
Қазақ тілі. 4 сынып.
№3 Мазмұндама.
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын, сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.
Түнгі шайқас
Түн. Қараңғылық қоюлана түскен шақ. Жапалақтап қар жауып тұр. Колхоздың озат жылқышысы Қасен қарт үйірлі жылқыны түнгі тебінге айдап шыққан. Жылқылар кенет үріккендей болды. Қасен сескеніп қалды. Мылтығын оқтай салып, жылқының үріккен шетіне қарай шапты. Жеті қасқыр жылысып келе жатыр. Жыртқыштар үйірге таянып қалыпты. Жағдай қиын, өйткені, қасқыр жетеу, ал Қасеннің оғы үшеу-ақ. Халықтың малын бұдан қалай құтқарып алу керек? Қасен не де болса бар қаруымен, бар оғымен қайрат көрсетуге бекінді. Қасқырлардың алдында келе жатқан арлан қасқырдың дәл маңдайынан тигізіп қалпақтай ұшырды. Қалған бесеуі бөлтіріктер екен. Олар қашып кетті. Жылқыларды аман алып қалғаны үшін Қасенге сыйлық берілді.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: қоюлана түсу, жапалақтап, үйірлі жылқы, түнгі тебінге, арлан бөрі, қалпақтай ұшты.
Мазмұндама жоспары:
1.Қасен қарттың үйірлі жылқыны түнгі тебінге алып шығуы.
2.Жылқының қасқырмен бетпе-бет кездесуі.
3.Қасқырды айламен атуы.
4.Қасқырдың бөлтіріктерінің қашуы.
5.Қасеннің сыйлық алуы.
Қазақ тілі. 4 сынып.
№4 Мазмұндама
Мақсаты: мәтін мазмұнын рет-ретімен баяндауға машықтандыру;
-сөздік қорын,сауаттылығын дамыту;
-құбылыстарды бақылауға дағдыландыру.
Жолда
Бұзауымды өріске айдап тастап, үйге қайтып келе жаттым. Жолдың жиегінен қыбырлап кетіп бара жатқан тышқанның баласын көріп, тұра алмадым. Ол жан сауғалап шөптің арасына кіріп кетті. Аяғымды дыбыссыз басып барып қарасам, жапырақтың арасында бұғып, көзін жылтитып, бүрісіп жатыр. Бұл – менен жасырынған түрі. Шыбын жанын қоярға жер таба алмай, дір-дір етіп, ажалды күтіп жатқан тышқан баласының мүшкіл халі маған өте аянышты көрініп кетті. Таптап тастамақ болып кете берген аяғымды тартып алдым да, бұрылып жүре бердім. Кетіп бара жатып артыма қарасам, тышқанның баласы да жасырынған жерден шығып, әрі қарай жорғалап барады екен.
Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері: өріске айдап, жолдың жиегі, тұра ұмтылдым, жан сауғалап, шыбын жанын, мүшкіл халі, таптап, жорғалап барады екен.
Мазмұндама жоспары:
1.Өрістен қайтқанда.
2.Тышқанның баласы.
3.Жан сауғалау
4.Аяныш.
5.Өмірге құштарлық.
Шығарма №1
Тақырыбы: «Менің Қазақстаным»
Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға машықтандыру;
2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.
Жоспар:
1.Кең-байтақ менің Отаным
2. Отанымның кереметі мен сұлулығы
3. Достығы жарасқан ел.
Шығарма №2
Тақырыбы: «Анаға деген құрмет»
Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;
2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.
Жоспар:
1. Ару Ана
2. Ананың аяулы алақаны
3. Ана – еліміздегі ең ардақты адам.
Шығарма №4
Тақырыбы: «Қыстың қызықтары»
Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;
2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.
Жоспар:
1. Қыс келді
2.Адамдардың еңбегі
3.Қыс қызықтары.
Шығарма №4
Тақырыбы: «Егер де мен....»
Мақсаты: Оқушы өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.
Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;
2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.
Жоспар:
1. Егер де мен...
2.Елге пайдасы
3. Менің арманым
