Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник 2-4 сын Балжан М 2017 оконч вар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Қараторғай

Мамыр айының бас кезі. Үйдің төбесіне шықтым. Көктемде келген қараторғайлар мені айналып шырылдап ұша бастады. Кішілеу қараторғай тобығымды сүйкей ұшып өтті. Қанатты достарға не болғанын білейін деп төмен қарадым. Көкшіл жасыл түстес жұмыртқа жатыр. Ол қараторғайдың жұмыртқасы екен. Өте сүйкімді осы қараторғайлар біздің үйге үйір. Олар бақшамыздағы зиянды құрттарды жейді. Ал балапандары құрт-құмырсқалармен қоректенеді. Сондықтан қараторғайлар бар жердің ағаштары әдемі болып өседі.

(63 сөз)

С.Ақатаевтан

Жоспар:

1.Мамыр айы.

2.Көктемде қараторғайлар келді.

3.Олардың пайдасы.

Шығармалар

1.

Тақырыбы: «Менің ауылым»

Жоспар:

I.Ауылымның кешкі көрінісі.

Тірек сөздер: қас қарайды, қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі, қой келді, сиырлар сүйкеніп.

II.Ауылымның адамдары.

Тірек сөздер: қарапайым, ақжарқын, тыным таппай еңбек етеді, туған жердің түлектері.

III.Әркімге өз мекені ыстық.

Тірек сөздер:

а) Адам баласы ешқашан кіндік қаны тамған жерін ұмытпайды.

Шығарма №2

Тақырыбы: «Сүйікті кітабым»

Мақсаты: Оқушыны өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.

Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді,сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;

2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.

Жоспар:

1. Кітап – асыл қазына.

2. Менің сүйікті кітабымның аты.

3. Сүйікті кейіпкерім.

3. Тақырыбы: «Дос»

Мақсаты: Оқушыны өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.

Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;

2.Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.

Жоспар:

1.Дос дегенді қалай түсінем?

2.Менің досым

3.Досқа тілек

4.Тақырыбы: «Отбасы – шағын мемлекет»

Мақсаты: Оқушыны өз ойын жүйелей отырып, ойларын тұжырымдап жазбаша жазуға машықтандыру.

Міндеттері: 1.Тақырыпты ашуда әдеби сөздерді сөз тіркестерін дұрыс қолдануы мен сөйлем байланысын дұрыс құруға дағдыландыру;

2. Тақырып мазмұнын ашуда өсиет сөздерді, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді орынды қолдана білуге баулу.

Жоспар:

1.Менің отбасым

2.Отбасы мүшелерінің міндеттері

3.Бақытты балалық шақ.

4-сыныпқа арналған бақылау жұмыстары

Диктант №1

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау

Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.

Жауын

Өзеннің арғы жағынан үлкен қара бұлт көтерілді. Жарты аспанды бүркеп қалды. Күн күркіреді. Құйын соғып өтті.Бұтақтардан үзілген жапырақтар алаңқайдың үстіне айран-асыр үйіліп кетті.

Алғашқы ауыр тамшылар да сіркіреді. Найзағай жарқылдап, күн күркіреді. Жауын ағыл-тегіл құйып кетті. Ормандағы бүрі қалың, бұтақты шыршаны паналап тұру да рақат. Шыршаның панасы жанға жайлы, құп-құрғақ.

(54 сөз)

Грамматикалық тапсырмалар:

 

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1.Сөз құрамына талдау:

Өзеннің, бұтақтардан, жапырақтар.

-түбір, жұрнақ, жалғауды ажырата алады;

-сөз таптарын, сұрақтарын біледі;

1

2.Фонетикалық талдау: жауын.

-дауысты,дауыссыз дыбыстардың түрлерін,

буын түрлерін анықтай алады;

1

3.Сөйлем мүшелеріне талдау:

Жауын ағыл-тегіл құйып кетті.

- тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің сұрақтарын біледі, ажырата алады;

1

Диктант №2

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау

Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары.