Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
сборник 2-4 сын Балжан М 2017 оконч вар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.04 Mб
Скачать

Күтпеген көмек

Анарды анасы дүкенге жұмсады. Ол дүкеннен нан мен айран алып, үйге қайтып келе жатты. Жолда оған Айдар кездесті. Оның Анарға көмектескісі келді. Анардың азық-түлік салынған сөмкесін қолына алды. Едәуір жүрген соң шаршайын деді. Ал Асқар мен Азамат Анар мен Айдарға көмектесуді ойламады. Анардың иті иесінің шаршағанын көрді. Жердегі сөмкені бауынан тістеп көтеріп алды.

(56 с).

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1. Ит сөзін тәуелде.

Зат есімді тәуелдей алады

1

2. Тұрлаулы мүшелерді тап. Анарды анасы дүкенге жұмсады.

Сұрақ қоя отырып тұрлаулы мүшелерді айыра біледі

1

3.Тыныс белгіні қой.

Ит – адамның досы

Сөйлемнің жасалу жолдарын анықтай алады

1

8.Бақылау диктанты.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау.

Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары

Көктем келді

Көктем де келді. Ауылдың ортасынан қақ жарып ағып жатқан өзен таси бастады. Қар еріп, сай-саланы су алды. Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады. Ауыл қариялары қолдарын көлегейлеп ұшқан құсқа жиі қарайды. Өйткені тырна келген соң, жер жыртуға болады. Олар сол сәтті тосады. Тырналар ұшып келді. Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.

(56 сөз)

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

Сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, үстіне сөз таптарын жазып көрсет.

І нұсқа: Өзен жағасына жақын тұрған үйдің адамдары түнімен ұйықтамай шығады.

ІІ нұсқа: Жұрттың бәрі тыраулаған тырналардың соңынан ұзақ қарап тұрды.

Сөз таптарын сұрақ қою арқылы ажырата алады;

1

2. Зат есімді жекеше, көпше түрде тәуелде.

-Тырна

-Өзен

Зат есімнің жекеше, көпше түрін тәуелдей алады.

1

3.«Шық» сөзімен сөйлем құрастыр

-сөз бен сөйлемді ажырата алады, сөйлемнің қалай жасалатынын біледі;

1

9.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау

Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары

Орман қабаттары

Қалың ормандар бес қабаттан тұрады. Ең жоғарғы қабат – қарағай, емен секілді ағаштардың ұшар басы.Төртінші қабат – қайың,терек секілді ағаштардың ұшы. Үшінші қабат – бұталар мен жас ағаштар. Төменгі екі қабатта шөптер, гүлдер, мүктер өседі. Осы бес қабаттың әрқайсысының «өз тұрғындары» бар. Бірінші қабатта құрлар ұя салады. Әнші құстар үшінші қабатты иеленеді. Төртінші қабатты тоқылдақ, сауысқан секілді құстар мекендейді. Орманның бесінші қабатына мысықторғай, қаршыға ұя салады.

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда

Сан есімнің реттік және есептік түрлерін біледі.

1

2. Жинақтық сан есімдерді жаз.

Мәтіннен жинақтық сан есімді тауып жаза алады.

1

3. Қалың ормандар бес қабаттан тұрады - сөз таптарына талда

-сөз таптарын сұрақ қоя отырып таба біледі

1

10.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау

Міндеттері: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық

ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары

Қымыз

Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастархан дәмінің бірі. Ол тегінде тек бие сүтінен ашытылады. Жаңа сауылған бие сүтін сүзгіден өткізіп, жылы кезінде күбіде немесе сабада саумалды пісіріп, оның аузын байлап не тығындап қояды.

Ашытқыны көбінесе сүр жаяның, қазының сынық сүйемін салып сүттен, ол жоқ болғанда, сүтке нан ашытқысын езіп әзірлейді. Сары қымыз – дертке шипа, денеге күш. (59 сөз)

Тапсырмалар

Дескрипторлар

Балл

1. Соңғы сөйлемнен түбір сөз бен қосымшасын тап

Сөз құрамын біледі

1

2. 4 – сөйлемнен күрделі етістікті тауып астын сыз.

Етістіктің түрлерін сұрақ қою арқылы таба алады

1

3. Сыңарын тап : Түбір сөздер қосымшалар

Ашыт ны

Сүт ның

Жая қы

Қазы тен

Қосымшаны дұрыс тауып сәйкестендіре алады

1

11.

Мақсаты: Оқушылардың қазақ тілінен мемлекеттік стандарт бағдарламасының меңгертілуі деңгейін анықтау

Міндеттер: Орфографиялық дағдылар біліктілігі және пунктуациялық ережелердің практикалық түрде меңгерілуі. Оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдылары