- •Қорытынды жұмыстар саны:
- •Мазмұндамаға берілген мәтіндер
- •Қолқанат
- •Қара мысық пен қара лақ
- •Шығармаға ұсынылатын тақырыптар
- •«Менің отбасым»
- •«Қыс қызықтары»
- •«Аяулы ана»
- •Мазмұндамаға берілген мәтіндер Әдебиеттік оқу. 3-сынып №1 мазмұндама
- •№2 Мазмұндама Қараша – қардың басы
- •№4 Мазмұндама
- •Найзағай
- •Шығармаға ұсынылатын тақырыптар
- •«Күз кереметі»
- •Мазмұндамаға берілген мәтіндер
- •Тұңғыш кен инженері
- •Баланың тапқырлығы
- •Шығармаға ұсынылатын тақырыптар
- •«Туған жер – алтын бесік»
- •«Адал дос – өмірлік нұсқа»
- •Қазақ тілі пәні бойынша түсінік хат
- •Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
- •Сауысқан
- •Әшекей бұйымдар
- •Ара неге шаққан жоқ?
- •1. Берілген тірек сөздерді мұқият тыңдаңыз.
- •2. Көп нүктенің орнына л, р әріптерінің тиістісін қойып жазыңыз
- •Құмырадағы су
- •Күтпеген көмек
- •Көктем келді
- •Орман қабаттары
- •Қарлығаш
- •Қараторғай
- •Шығармалар
- •Ақбөкендер
- •Күй атасы
- •Кішкентай жігіт
- •Атамекен
- •Құрманғазы Сағырбаев
- •Балапандар
- •Шахтада
- •Отан сүйер ұлан бол!
- •Аналық жүрек
- •Құмырсқалар
- •Математика Пәні бойынша түсінік хат
- •Бағалау нормасы
- •Сыныптар бойынша оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
- •Математика пәнінен бастапқы бақылау жұмысы №1
- •Бағалау критерийлері
- •I тоқсандық бақылау жұмысы № 2
- •Бағалау критерийлері
- •Іі тоқсандық бақылау жұмысы № 3
- •Бағалау критерийлері
- •Математика пәнінен іv тоқсандық бақылау жұмысы№ 5
- •Іv тоқсандық бақылау жұмысы № 5
- •Бағалау критерийлері
- •Сыныптар бойынша оқушылардың дайындық деңгейiне қойылатын талаптар
- •Бастапқы бақылау жұмысы
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •Аралық бақылау жұмысы
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •Бағалау критерийлері
- •(Блум таксономиясы бойынша)
- •Жылдық бақылау жұмысы
- •Бағалау критерийлері
- •1.Бақылау тапсырмалардың тағайындалуы.
- •2. Құжаттар, бақылау тапсырманың мазмұнын айқындаушы.
- •3.Бақылау жұмыстың құрылымы және жоспары.
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Бастапқы бақылау жұмысын бағалау парағы
- •Бастапқы бақылау жұмысы №1
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •І тоқсандық бақылау жұмысы №2
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Тоқсандық бақылау жұмысы№ 3
- •Есепті шығар.
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Тоқсандық бақылау жұмысы № 4
- •4. Бақылау жұмысты орындау уақыты.
- •5. Бақылау жұмыстың спецификасы.
- •Тоқсандық бақылау жұмысы №5
- •Дүниетанудан тест жұмыстары: 1-4 сынып
- •Күтілетін нәтиже
- •Қорытынды бақылау жұмысының саны
- •Бақылау жұмысы №1 «Адамның айналадағы дүниемен қарым-қатынасы. Табиғат»
- •2.Орманды өсіру үшін неше жыл қажет?
- •3.Адамның қандай әрекеттері зиян келтірмейді?
- •4. Адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі .....
- •9.Құбыланаманың ең негізгі бөлігі қалай аталады?
- •«Өсімдіктердің тіршілігі»
- •Адам – табиғат перзенті. Қан айналысы, тыныс алу, ас қорыту мүшелері. Жүйке жүйесі, сезім мүшелері
- •Табиғатты адам қалай зерделейді? Денелер. Заттар. Құбылыстар
- •Тау жыныстары.Топырақ
- •Өсімдіктердің көп түрлілігі. Жануарлардың көп түрлілігі.
- •Табиғаттағы су айналымын бейнелеңіз.
- •25. Жарық қандай жылдамдықпен таралады?
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •Мазмұны:
Қазақ тілі пәні бойынша түсінік хат
«Қазақ тілі» – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушылар қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеуге дағдыландыруда оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, олардың ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетіледі.
Қазақ тілі пәніндеқазақ тілінің дыбыстық, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын меңгеру үдерісі қарастырылады.
Пәнді оқытудың мақсаты – оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгерген, алған тілдік білімдерін өмір жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына мүмкіндік жасау.
Әдістемелік ұсыныс 2-4сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша бақылау жұмыстарын, шығарма, мазмұндама жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Көмекші құралдағы тапсырмалар оқушылардың коммуникативтік дағдыларын арттыруға жетілдіреді.
Қазақ тілі пәнінің міндеттері:
-дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;
-тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;
-сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;
-алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;
-тілдік материалдар негізінде теориялық білім беру арқылы оқушылардың теориялық -ойлауы мен тілін дамыту;
-оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;
-диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
-өздігінен мәтін құру, өз ойларын ауызша және жазбаша еркін жеткізе білу дағдыларын жетілдіру;
-оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;
-қоршаған ортамен ізгі қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу.
Бастауыш мектепте оқу пәні мазмұнын іріктеуді реттейтін дидактикалық негіздер боынша оқытылатын тілдік материалдар мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне орай ғылымилық, сабақтастық, жүйелілік, түсініктілік дидактикалық ұстанымдары негізінде сұрыпталды. Бағдарлама құруда басты ұстаным ретінде коммуникативтік ұстаным алынды. Бұл ұстаным тілдің сөйлеу және таным құралы екенін терең ұғынуға мүмкіндік береді.
Қазақ тілі оқу пәнінің мазмұнын түзу мен іріктеудің басты функционалдық және коммуникативтік ұстанымдары пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталады. Ал қолжетерлік ұстаным оқу мазмұнын сызықтық-концентрлік жүйемен орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Материалды концентрлі оқыту тілдік ақпаратты сыныптан сыныпқа (2,3,4) өткен сайын біртіндеп күрделендіре түсуге мүмкіндік береді.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар
2-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
1. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет: 1) тіл және сөйлеудің мәнін, ауызекі және жазба тілді; 2) тіл дыбыстарының дауысты және дауыссыз түрлерін; 3) мәтіннің құрылымы мен түрлерін; 4) сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінетін түрлерін; 5) сөйлемдегі сөздердің байланысын; 6) сөз мағыналарын; 7) өтілген сөз таптарын, олардың сұрақтарын. Пәндік нәтиже бойынша 2-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет: 1) сөзге дыбыстық талдау жасауды; 2) сөз құрамына талдауды; 3) өтілген сөз таптарын ажырату, талдау және оларды өзара салыстыруды; 4) мәтіндегі тірек сөздерді табуды және олармен мәтін құрауды; 5) түрлі жағдаяттарда әңгімелесу, пікірлесу, өз ойын түсінікті жеткізуді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?); 6) өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстыру, сипаттауды; 7) 6-8 сөзден тұратын сөздік диктанты, 25-30 сөзден тұратын диктанттарды, 40-50 сөзден мазмұндаманы, 4-6 сөйлемнен тұратын шығарманы жазуды.
3-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар
Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар білуі қажет: 1) мәтін түрлері мен ерекшеліктерін; 2) сөйлемнің тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін, олардың арасындағы байланысты; 3) жалаң және жайылма сөйлем түрлерін; 4) қаратпа сөзді; 5) дыбыс және әріп, олардың емлесін; 6) сөз және оның мағынасын; 7) түбір сөз бен қосымшалы сөздің бір-бірінен айырмашылығын; 8) туынды сөз жасайтын жұрнақтарды; 9) түбір мен қосымшаның жазылуын. Пәндік нәтиже бойынша 3-сыныптың соңында оқушылар меңгеруі қажет: 1) жоспар бойынша әңгімелеуді; 2) үлгі бойынша сызба құрастыруды; 3) сөздерді сауатты және каллиграфиялық талапқа сай жазуды; 4) сөз құрамына талдауды; 5) мәтінге ат қоюды және ондағы негізгі ойды табуды; 6) мәтінге жоспар құруды; 7) жалаң және жайылма сөйлем құрастыруды; 8) сөйлемнен тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табуды; 9) түрлі жанрда шығарма құрауды (әңгіме, хат, хабарландыру); 10) өткен тақырыпты қайталау үшін 55-60 сөзден (диктант) тұратын мәтінді көшіріп және есту арқылы жазуды; 11) сұрақтар, грамматикалық тапсырмалар, ұжыммен құрастырған жоспар бойынша (60-70 сөз) мазмұндама жазуды; 12) сипаттау, сюжеттік сурет бойынша баяндау, өзінің бақылауы арқылы шығарманы жазуды; мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтауды.
4-сынып оқушылары:
-ауызекі және жазба тілді;
-буын және дыбыс үндестігін;
-мәтіннің құрылымы мен түрлерін;
-cөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш), тұрлаусыз мүшелерін және бірыңғай мүшелерді;
-жалаң және жайылма сөйлем түрлерін;
-сөз тіркесін;
-синоним, антоним, омонимдерді;
-күрделі сөздерді, олардың түрлерін;
-сөз таптары мен олардың түрлену жүйесін біледі.
-жай сөйлемге синтаксистік талдау жасайды;
-жай сөйлемді құрмаласқа айналдырады;
-мәтіннен қыстырма сөздерді табады;
-сөз таптарын ажыратады, талдайды және оларды топтастырады, өзара салыстырады;
-мәтіндегі тірек сөздерді табады және олармен мәтін құрауға дағдыланған;
-қоршаған орта мен мақсатқа сәйкес диалог, монолог құра алады;
-түрлі жағдаяттарда әңгімелеседі, пікірлеседі, өз ойын түсінікті жеткізеді (кіммен? қайда? қашан? не туралы?);
-өздеріне таныс заттарды, құбылыстарды салыстырады, сипаттайды;
-берілген мәтінге жоспар жасайды;
-түрлі жанрда шығарма құрады (әңгіме, хат, өтініш, хабарландыру).
Пәнді оқытудың басты ерекшелігінің бірі – оқушылардың сауаттылығын арттыру және тілін дамыту мақсатында жазба жұмыстарын жүргізіп отыру. Қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың жетістіктерінің деңгейін бағалау жазбаша жұмыс түрлерінде жүргізіледі: диктант; грамматикалық тапсырмалар; бақылау мақсатымен көшіру; мазмұндама; шығарма; тест тапсырмалары.
Диктантты ұйымдастыру және өткізу
Диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер мәтін құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады; диктанттың қай түрі болмасын, мұғалім мәтінді орфоэпия заңына сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, толық оқиды; мәтінді жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тыңдап, мазмұны бойынша жазуды қадағалап отыру тапсырылады; оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн; жазу барысында 6-8 сөзден құралған сөйлемдер қайталанады. Оқушылардың грамматикалық талдау білімдерін сынау мақсатында алынған бақылау жұмыстарда 2-3 грамматикалық талдау тапсырмалары болады. 2, 3, 4-сыныптарда мұндай бақылау жұмыстары 35-40 минут өткізіледі.
Диктантта бір қате болып саналады: екі түзету; екі пунктуациялық қате; қатенің бір сөзде қайталануы; екі өрескел емес қате.
Өрескел емес қателер: сөзде бір әріптің қайталануы; сөздің қате тасымалдануы;
сөйлемде бір сөздің екі рет қайталанып жазылуы; жазылуы аяқталмаған сөз;
Кемшіліктер: сөйлем соңында тыныс белгісінің қойылмауы, келесі сөйлем бас әріптен жазылған жағдайда, азат жолдың болмауы;
Диктантта қате деп саналмайды: диктант үшін ұсынылатын мәтіндер орфографиялық тұрғыдан таныс болмаған жағдайда, яғни жіберілген қателер өткен сабақ материалдарында қарастырылмаған жағдайда;
ерекше жағдайда бір сөзді екінші сөзбен мағынасын өзгертпей ауыстыру.
«5» бағасы, егер оқушы барлық тапсырмалар қатесіз орындаса, түсініктерді, анықтамаларды, ережелерді саналы түрде меңгеруін анықтаса және өз бетінше жұмыс орындау барысында білімдерін қолданған кезде қойылады;
«4» бағасы, егер оқушы ережелер мен анықтамаларды саналы түрде меңгерсе; сөз, сөйлем талдау барысында білімдерін қолдана білсе, кемінде тапсырмалардың 3/4 бөлігін дұрыс орындаса (1-2 қате жіберілсе) қойылады.
«3» бағасы, егер оқушы оқылған тақырыптардың белгілі бір бөліктерін меңгерген, тапсырмалардың жартысынан артығын дұрыс орындаған жағдайда (3-5 қате жіберілсе) қойылады.
«2» бағасы, оқушының оқу материалын нашар білетіні анықталса, көптеген грамматикалық тапсырмаларды орындай алмаса (5-тен артық қате жіберілсе) қойылады.
Мазмұндаманы, шығарманы ұйымдастыру және өткізу 2-4 сыныптарда оқушылардың өз ойын жазба тілде тиянақты түрде жеткізу білігін тексеру мақсатында мазмұндама, шығарма жазуға үйрететін жұмыс жүргізіледі. Осы жұмыстарға 1 сағаттан кем емес уақыт бөлу ұсынылады.
Оқыту сипатындағы шығармашылық жұмыс жүргізудің кезеңділігі – шамамен 10-15 күнде бір рет. Мазмұндама тақырыптарының көлемі диктант мәтіндерінің көлеміне қарағанда шамамен 15-20 сөзге артық болуы тиіс.
Шығарма жұмыстарын бағалау мөлшері
Шығарма тақырыбын таңдауда оның өмірмен байланыстылығын, балалар тәжірибесі мен қызығушылығына жақындығын, мазмұнының қол жетімділігін, мәтін құрылысы және оның тілдік безендірілуінің күштілігін ескеру қажет. 2-3-cыныптарда мазмұндама, шығарма жазуға үйрету деп қарастырылады да, 1 ғана баға қойылады.
Әр сыныпта тоқсан сайын диктантқа – 3 сағат, мазмұндамаға – 1 сағат, шығармаға – 1 сағат (жылына барлығы – 20 сағат) берілген.
Сыныптар |
Жазба жұмыстар түрлері |
Оқу тоқсандары |
Барлығы |
|||
І |
ІІ |
ІІІ |
ІҮ |
|||
2 |
Диктант |
3 |
3 |
3 |
3 |
12 |
Мазмұндама |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
|
Шығарма |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
|
Барлығы: |
5 |
5 |
5 |
5 |
20 |
|
3 |
Диктант |
3 |
3 |
3 |
3 |
12 |
Мазмұндама |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
|
Шығарма |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
|
Барлығы: |
5 |
5 |
5 |
5 |
20 |
|
4 |
Диктант |
3 |
3 |
3 |
3 |
12 |
Мазмұндама |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
|
Шығарма |
1 |
1 |
1 |
1 |
4 |
|
Барлығы: |
5 |
5 |
5 |
5 |
20 |
|
|
Жалпы саны: |
15 |
15 |
15 |
15 |
20 |
Қазақ тілі сабақтарындағы жазба жұмыстары:
Оқушылардың каллияграфиялық дағдыларын жетілдіру үшін көркем жазуға 2-3-4 сыныптарда әрбір грамматика сабақтарында шамамен 3-5 минут уақыт бөлінеді.
2-4 сыныптарда жазылуы қиын сөздерді, сөйлемдерді, шағын мәтіндерді қатесіз, әрі каллиграфиялық талапқа сай жазу дағдыларын жетілдіруге бағытталған жаттығулар орындалады.
Қазақ тілінен жүргізілетін негізгі жазба жұмыстары – көшіріп жазу, жатқа жазу, диктант, мазмұндама, шығарма.
Диктант
Есту диктанты, көру диктанты, сөздік диктант, шығармашылық диктанттары күнделікті сабақта ыңғайына қарай мұғалімнің қалауы бойынша жүргізіліп отырады. Ал оқушылардың сауаттылығын тексеруге арналған диктант бекітілген кестеге сай алынады.
Диктантқа арналған сөздер саны төмендегі мөлшерде белгіленеді:
Сөздік диктантқа берілетін сөздер саны:
2-сыныпта – 6-8 сөз.
3-сыныпта – 8-10 сөз.
4-сыныпта – 10-12 сөз.
Диктант мәтінінің көлемі
Сыныптар |
|
Тоқсандар/сөздер саны |
|
|
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
I |
II |
|
III |
IV |
|
|
|
|
|
|
|
|
||
2-сынып |
19-22 |
22-25 |
25-28 |
28-30 |
|
||
|
|
|
|
|
|
||
3-сынып |
32-35 |
35-40 |
40-55 |
55-60 |
|
||
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
|||||
4-сынып |
65-68 |
68-70 |
70-75 |
75-80 |
|
||
Мазмұндама және шығарма.
Жазба жұмыстарының оқу тоқсандары бойынша бөлінуі кестеге (1-кесте) түсіріліп, әр сыныпқа тоқсан сайын диктант – 3сағат, мазмұндама – 1 сағат, шығарма – 1 сағат, барлығы – 20 сағат жазба жұмысына берілген.
Мазмұнда мен шығарма көлемі бағдарламадағы оқушыларға қойылатын талаптарға сай алынады./ бағдарламада жазылған/
2-сыныпқа арналған бақылау жұмыстары
Шығарма мен мазмұндамаларға арналған тапсырмалар.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Суретті жоспар мен тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын жазады.
№1 мазмұндама. Тапсырма:
Суреттерге мұқият қараңыз. Суреттердің реті бойынша тірек сөздерді қолданып, ертегінің мазмұнын жазыңыз.
Піседі,
ұрады, құсады, шал мен кемпір, тұзақ
құрады , қаз, түйеші, Қазбай, балалар.
Бағалаукритерийі |
Тапсырма№ |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы: |
|||
Суретті тірек сөздер арқылы мәтіннің мазмұнын баяндап жаза алады. |
|
тірек сөздерді мағынасына сәйкес қолданады; |
1 |
сөйлемдердің құрылымын сақтайды; |
1 |
||
Жазу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды. |
1 |
||
|
|
Барлығы |
3 |
№2 мазмұндама
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды.
• Өз ойларын еркін жазуға төселеді
Тапсырма:
1. Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерді мұқият оқыңыз. Бұл мәтінде не туралы айтылуы мүмкін?
Тақырып: Денсаулық күтімі
Тірек сөздер: тіс күтімі, көз күтімі, денсаулықты сақтау, пайдалы тағам, дәрігердің кеңесі, тазалықты сақтау, таза жүру, қолды жуу, құлақ күтімі
2. Жұптық жұмыс.
«Денсаулық күтімі» тақырыбы бойынша дені сау адам мен науқас адамның рөлінде сұхбаттасыңыз.
Берілген тақырып бойынша жұбыңызға сұрақтар қойыңыз және жауап беріңіз.
• Берілген тақырып пен тірек сөздер арқылы мәтін құрастырып жазыңыз.
Бағалау критерийі |
Тапсырма№ |
Дескриптор |
Балл |
Білім алушы |
|||
Тақырып пен тірек сөздер бойынша мәтіннің мазмұнын болжайды. |
1 |
Мәтіннің мазмұнын болжап айтады; |
1 |
Тақырыпқа сай мәтін құрастырады; |
1 |
||
Тірек сөздерді орынды қолданады; |
1 |
||
Өмірлік жағдаяттарға байланысты сұхбатқа қатысады. |
2 |
Берілген тақырып бойынша сұрақтар қояды; |
1 |
Қойылған сұрақтарға жауап береді; |
1 |
||
Сөйлемдерді лексика-грамматикалық талапқа сай дұрыс құрастырып айтады. |
1 |
||
Барлығы |
6 |
||
№3 мазмұндама
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану Жоғары деңгей дағдылары
Бағалау критерийі: Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша нақты деректерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді.
• Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді қолданып мазмұндама жазады.
Тапсырма
1. Мәтінді оқыңыз және тапсырмаларды орындаңыз.
