Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
рамыс 17.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
62.44 Кб
Скачать

1) Жаппай пайдаланылмайтын көліктер

2) Автомобиль көлігі және оның тарихы

3) Автомобиль жолдары

Көліктерді топтастыру барысында олардың шаруашылықта пайдаланылуына қарай – жаппай пайдаланылатын және жаппай пайдаланылмайтын көліктер болып екі топқа бөлеміз. Менің өзіндік жұмысымда жаппай пайдаланылмайтын көліктерді қарастыру міндеттелген. Жаппай пайдаланылмайтын көліктер – халық шаруашылығының барлық салаларында қолданылмайтын көліктер, яғни өнеркәсіптік көліктер. Өнеркәсіптік көлік - өнеркәсіптік мекемелердің өндірістік көлігі, өндірістік салада азық – түліктерді және нәрселерді тасуды жүзеге асырады. Бір жағынан, өнеркәсіптік көлік өндірістің ажырамас құрама бөлігі болып саналады, ал басқа жағынан – жалпы қолданыстағы көліктің маңызды бөлігі. Темір жол және автомобильдік өнеркәсіптік көліктің тасымалдау көлемі мәселен, көліктің бұл түрлерімен жылына жалпы қолданыстағы көліктің тасымалдау көлемі 1,5 есе артады, 1973 жылы жүкті тиеп-түсіру көлемі және көліктік жұмыстар 50 млрд. тонна.Өнеркәсіптік көлікпен айналысатын жұмысшылар саны жалпы өндірістегі жұмысшылар санының ¼ бөлігін құрайды. Өнеркәсіптік көлік эксплуатацияның территориялық белгісімен және өндірістің технологиялық процесінің байланысына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Өндірісті өңдейтін ішкі көлікке ішкі цех және цех аралық жатады, ал өндіретінге – шахтаның іші (жерасты), үстідегі көлік және карьерлік көлік (өңдеудің ашық тәсілінде). Ішкі цехтік өнеркәсіптік көлік технолгиялық өндіріс прцесінің құрама бөлігі болып саналады, жұмыс орындары, участкалар және бөлімшелер арасындағы түйін мен цехтің сыртында орындайды. Цех аралық өнеркәсіптік көлік технолгиялық процеспен байланыста емес, материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді мекеме территориясында немесе өндірістің бір бөлігінде орналасқан цехтармен және қойма арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Қазіргі заманғы машина жасау мекемелеріне тесіп - өтетін көлікті ұйымдастыру жатады, ішкі және аралық цехті орын ауыстыруын байланыстырады. Сыртқы өнеркәсіптік көлік мекемелерге шикізатты, жанар – жағармай, материалдарды, құрылғыларды және басқа да жүктерді жеткізу үшін арналған, және де мекеме территориясынан дайын өнімдерді беру пунктінен магистральді көлікке немесе тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Яғни жаппай пайдаланылмайтын көліктерге өнеркәсіптік көліктердің ішкі көліктері жатады. Олар – кенді шахталарда қызмет ететін және өндірістік кәсіпорындар мен арнайы сауда орындарында тиеу-түсіру қызметін де атқаратын көліктер.

Автомобиль (гр. αὐτο — өздігінен және лат. mobilis — қозғалушы) немесе машина, өздігінен қозғалатын, жолаушыларды, сондай-ақ өз қозғалтқышын немесе моторын тасымалдауға арналған, моторлы және дөңгелекті көлік түрі. XXI ғасырда автомобиль негізгі технологиялық құрал есебінде саналады. Жүздеген миллион тонна жүк, миллиондаған адам, т.б. жүктер автомобильдермен тасымалданады. Барлық алдыңғы қатардағы мемлекеттер өте тиімді саналатын автомобильдер шығарумен айналасады. Олар дарынды адамдардың бірнеше ұрпақтарының ғылыми ізденісі нәтижесінде шығарылуда. Автомобильдердің республика үшін ерекше маңыздылығы Қазақстанның кең байтақ аумағы және халық тығыздығының сиректігі алдын ала анықтайды. Бұл жекелеген өңірлер үшін жүктерді және жолаушыларды жеткізудің бірден-бір құралы болып табылады. Қазіргі таңда автомобиль пиасасында атқаратын қызметі, техникалық сипаттамасы, бағасы және басқа да өзгешеліктері бар көп мөлшерде автомобиль модельдері кездеседі. Оның негізгі себебтерінің бірі автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастық болып табылады. Автомобиль өндірушілері әлеуетті сатып алушыларды өзіне тарту мақсатымен жеке тұтынушылар топтарының талаптарын барынша қанағаттандыратын өнім ұсынуға, автомобильдің пайдалы әсер ету коэффициентін көбейте тұра қоршаған ортаға зиянын азайтуға, жүргізуші және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, автомобильді қолдануды жеңілдету және де құрылысына ең озат техникалық шешімдер еңгізілген жаңа модельдер жасап шығару уақытын қысқартуға тырысады. Бұл ретте қазіргі автомобильдер экономикалық, экологиялық және әлеуметтік себептермен анықталатын жалпы заңдарға қарай жетілдіріледі.

Бенц патентінде автомобиль, 1886

Автомобильдің қысқаша тарихы:

Адам баласы ежелгі кезеңдерден бері қысқа мерзімде ұзақ қашықтықтарға жету, өз жұмысын жеңілдетумен қатар өнімділігін арттыру үшін ізденістерде болып келеді. Әуелгі кезде жануарлар қолданылып, кейінірек жолаушы және жүк тасымалдау үшін механикалық құрылғылар жасала бастады. Біздің дәуірімізде ең көп тараған көлік түрі автомобиль болып табылады. Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай-ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады. Автомобильдің тек бір өнертапқыш тарапынан тек бір күнде ойлап шығарылмағаны бізге белгілі. Автомобиль тарихы бүкіл дүние жүзінде болған эволюцияны қамтиды. Қазіргі автомобильді жүз мыңнан астам патенттер жасап шығарғаны жорамалданады. Дегенмен бірінші болып келгендерді атап өтуге болады. Солардың ішінде алғашқы рет қозғалтқышты көліктің теориялық есептеулерін суреттеген Леонардо да Винчи мен Исаак Ньютоннан бастасақ болады.Өздігінен қозғалатын көлік түрлерін жасап шығару талаптары XVII ғ. басталғаны белгілі. 1769 ж. Францияда әскери инженер Никола Кюньо тарапынан бумен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар үш дөңгелекті арба жасалды. Осы 2 а.к. қуаты бар бу машинасымен 3 т. жүкті 2-4 км/сағ жылдамдығында тасымалдауға болатын еді. Бірақ керекті бу қысымын қамтамасыз ету үшін жүріс кезінде жиі аялдамалар жасау қажеттігі бұл көліктің негізгі кемшілігі болып кең таралмағанына себеп болды.Дегенмен алғашқы жасап шығарылған автомобиль құрылысы жағынан қазіргі автомобильдерге ұқсас болғандығынан неміс инженерлері Готлиб Даймлер мен Карл Бенц тарапынан жеке-жеке жасалған автомобильдер болып табылады. Осыны 1876 жылы Алманияда Николаус-Август Отто-ның жасаған іштен жанатын төрт тактілі айналыммен жұмыс істейтін қозғалтқыш құрылысы мүмкін қылған. ХІХ ғ. соңы – XX ғ. басында электр және бу қозғалтқышты автомобильдер бензинді автомобильдермен жетістікті түрде бақтас болғанын айтып өтуге болады. Бірақ іштен жанатын қозғалтқыштардың артықшылықтары электр және бу автомобильдерінің шығарылуын минимумға дейін шектеді. XIX ғ. соңы – XX ғ. басы дүниенің көптеген мемлекеттерінде автомобильдердің өнеркәсіптік өндірісінің басталуымен сипатталады. Осы кезеңде шығарылған автомобильдердің құрылысында ортақ техникалық шешімдер болған. Пневматикалық шиналармен жабдықталған алдыңғы дөңгелектері басқарушы, артқы дөңгелектері жетекші төрт дөңгелекті (екі білікті) көліктің трансмиссиясы фрикционды іліністен, бір немесе бірнеше тісті редуктордан құрылған және рульдік басқару жүйесінде алдыңғы басқарушы дөңгелектермен редуктор арқылы жалғанған рульді дөңгелегі болған. Сол жылдары автомобильдерде қолданылған көптеген техникалық шешімдер қазіргі уақытта да жетісті қолданылып келеді.Көрсетілген кезеңде автомобильдің қарқынды дамуын шығарылып жатқан автомобильдердің бағасының жоғары және сенімділігі төмен болғаны тежеп отырды. Олар тек ауқатты кісілер тарапынан және әскерді жабдықтандыру мақсатымен сатып алынатын болған.Автомобильдерді көптеп өндірудің басталуына Америкалық кәсіпкер Генри Форд тарапынан қолайлы құрылысы бар «Форд-Т» моделінің жасап шығарылуы және 1913 ж. оны жинап шығару үшін қолданылған арнайы конвейердің өндіріс көлемін арттыруға және соның есебінде автомобильдің өзіндік құнын түсіруге себеп болған деуге болады. Тап сол кезде автомобиль бағасы арзандап көпшілікке жетімді көлік түріне айналды.Автомобиль өнеркәсібінің тарихында елеулі кезең деп жанармай қоспасының қысылуынан тұтанатын іштен жанатын қозғалтқыштардың қолданыла бастауы болып саналады. Осы қозғалтқыштардың үлгісі неміс инженері Рудольф Дизель тарапынан 1892 ж. патенттеліп, бірақ автомобильдерде (көбінесе жүк автомобильдерінде) сериялы түрде XX ғ. 20 ж. қолданыла бастады. ХХ ғ. 20 ж. басынан екінші дүниежүзілік соғыстың басталуына дейінгі кезең автомобильдің жеке жүйелерінің жетілдірілуі, қозғалтқыштардың қуатының және жүріс жылдамдығының көбейтілуімен сипатталады. Өндіруші фирмалар қозғалтқыштың орналасуы, аспа және трансмиссияның құрылғыларымен эксперименттеген. Әскердің тапсырмасымен көп білікті және жоғары өткіштік автомобильдер жасалды. Арнайы автомобильдердің құрылыстары едәуір ерекшелене бастады.Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін (50-60 жж.) автомобильдердің өндіріс көлемі кенеттен артты. Осы кезеңнің революциялық шешімі болып жеңіл автомобильдер мен автобустардың құрылысында тіректі (қаңқасыз) кузовтардың көптеп қолданылуы болып табылады. Бұл шешім автомобильдерді жеңілдетуге, автомобиль кузовының пішінімен эксперименттеуге, қозғалтқышты автомобильге көлденең орналастыруға, алдыңғы дөңгелектерді жетекші қылуға және т.б. мүмкіндіктер тудырды.

Бірақ автомобильдер санының кенеттен артуы жолдарда қаза тапқандар мен жараланғандардың санының артуы, қоршаған ортаның ластануы, көмірсутек жанармайының жетіспеушілігінің басталуы сияқты негативті салдарға алып келді.Осы оқиғаларды азайту үшін автомобиль өндіруші фирмалар әлеуметтік қауым және өкіметтің қысымымен автомобильдердің құрылысына едәуір өзгерістер енгізді. Автомобиль құрылысының жетілдірілуінің төрт кезеңін байқауға болады. 1)Құрылысының қауіпсіздігінің арттырылуы (60 ж. басынан) Бұл кезеңде автомобильдерде қауіпсіздік белдіктері және жастықтары, қауіпсіз әйнектер. Соққы жұтушы бамперлер және т.б. қолданыла бастады. 2)Жанармай шығынының азайтылуы (70 ж. мұнай дағдарысынан кейін) Бұл кезеңде автомобильдің өзіндік салмағын азайту және аэродинамикалық пішін беру үшін күрес басталады. Қозғалтқыштардың, шиналардың құрылысы жетілдіріліп, альтернативті (мұнайдан жасалмаған) автомобиль жанармай түрлері зерттеледі. 3) Қоршаған ортаға негативті әсерінің азайтылуы (80 ж. ортасынан) Бұл кезеңде қозғалтқыштардың жұмыс процестері жетілдіріледі, пайдаланылған газдар үшін автомобильдің зиянды шығарындыларын азайтатын түрлі сүзгілер мен бейтараптандырғыштар қолданылады. 4)Автомобильді қолдануды қауіпсіздендіру және қолайлату (90 ж. соңынан) Бұл кезеңде тұтынушыларды барынша қанағаттандыратын өнім ұсыну үшін автомобиль өндіруші фирмаларының арасындағы бақталастықтан автомобильдер компьютерлермен басқарылатын күрделі активті қауіпсіздік және автомобильді қолдануды қолайлататын қондырғылармен жабдықтала бастады.

Автомобиль жолы - автомобиль көлігінің жүруіне арнап салынған жол. Автомобиль қозғалысының жиілігіне байланысты техникалық топтастыруға сәйкес aвтомобиль жолы 5 категорияға бөлінеді. I категориялы aвтомобиль жолында автомобиль жылдамдығы сағатына 150 км болса, V категориялы Автомобиль жолында жылдамдық сағатына 60 км. Автомобиль жолы бойында жол белгілері, қызмет көрсету ғимараттары (автовокзал, май құю стансалары, мотельдер және басқалары) болады. Біздің елімізде aвтомобиль жолының жалпы мемлекеттік, республикалық, облыс, жергілікті, шаруашылық түрлері бар. Қазақстанда табиғи ресурстар мен ірі экономикалық орталықтар бір-бірінен алшақ болғандықтан жүк көп тасылады, яғни жол-көлік кешенінің жұмысына басқа елдерге қарағанда көбірек тәуелді. Елімізде пайдаланатын aвтомобиль жолдарының ұзындығы 87,337 мың км, соның 17,67 мың км республикалық маңызы бар жолдар (93%-іне асфальт төселген), 69,667 мың км жергілікті жолдар (57%-іне асфальт төселген). Үш мыңнан астам көпірлер мен жол өткелдері бар. Олардың 90%-і темір құйматастан құйылған. Автомобиль жолдары мен жол бойындағы қызмет көрсету ғимараттарының күтімі оны пайдаланушылардың төлейтін төлемдерінен, бензин мен дизель отынын сатудан түскен алымдардан, ақыны мемлекеттік жолдардан жүргені үшін төленетін төлемдерден құралатын жол қоры есебінен жүргізіледі. ҚР-ның жол қоры 5296439 мың теңге (1998).

Қазақстанның басты даңғыл жолдары:

Алматы-Астана-Қостанай;

Алматы-Петропавл;

Алматы-Талдықорған;

Алматы-Шымкент;

Қызылорда-Ақтөбе-Орал қала жолдары.

Өзбекстан мен Түркіменстан арқылы Иранның, Түркияның, Пәкстанның  теңіз порттарына шығатын халықаралық бағыттардағы автомобиль жолы.

Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік жолы — халықаралық транзиттік автожолы,өткен ғасырлық Ұлы жібек жолының қазіргі заманға лайықталған баламасы. Бұл транзит дәлізін алғаш салу идеясы 2008 жылы 6 ақпандағы Қазақстан президенті Н.Назарбаев жолдауында бекітілді. Кейін 2008 жылы 22 қыркүйекте Ресей Федерациясымен, 2009 жылы 16 сәуірде ҚХР Коммуникация министрлігімен Батыс Еуропа - Батыс Қытай автокөлік дәлізін құру жайлы меморандумға қол қойылды.Санкт-Петербург пен Чженчжоу аралығындағы 8445 км-ді,10 тәуліктік сапарды қамтиды. Транссібір темір жолымен екі қала арасын, яғни 11500км-ді 14 тәулік ішінде жүріп өтуге болады,ал теңіз жолы бұдан да ұзаққа созылады. Қазақстандағы ұзындығы 2787км және 5 облыс арқылы өтеді. Ал 2233 км РФ, 3425 км ҚХР еншісіне тиесілі. Қазақстан аумағынан өтетін жобаның жалпы құны 825,1 млрд теңгені құрайды, бастапқы кезеңдерде оның 2125 млн долларын «Еуропалық қайта құру және даму банкі», 340 млн долларын «Азия даму банкі»,170 млн долларын «Ислам даму банкі» несиемен қаржыландырды. 2015 жылы іске қосылуы жоспарлануда.

Жалпы сипаттамасы:

1)Ұзындығы 8445 км

2)Техникалық санаты-автомагистраль;

3)Есептелген максималды қозғалыс жылдамдығы - 100-150км/сағ; 4)климаттық мінездемелер:континенталды,шұғыл континенталды;

Жол торабын 2019-2020 жылдары,Қазақстандағы бөлігін 2015 жылы іске қосу жоспарланған.Негізгі жүк тасымалы бағыттары Қытай-Қазақстан жүк тасымалы жолы,жалпы 40%-ті құрайды;

1)Қытай орталық Азия жүк тасымалы жүйесі ,25%;

2)Қытай-Қазақстан-Ресей-Батыс Еуропа жүк тасымалы,35%;

Қазақстан аумағымен өтуі: Қазақстандағы Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстарының аумақтарын қамтиды.2787 шақырымның 1391 шақырымы төрт қозғалыс жолақғы бар 1-техникалық санатқа жатады, қалған 1387 шақырымы 2-ші, 3-ші категория болып есептелінеді. Жобаның сәтті іске асуы есебінен жолдағы уақыттың қысқаруы, ЖКО-дан қаза табатындар санын азайту, автокөлік құралдарын пайдалануға кететін шығындарды азайту, өңірлік жалпы өнімнің өсімін көбейту көзделген. Пан-Американ тас жолы – дүние жүзіндегі ең ұзын тас жол. Пан-Американ тас жолы Латын Америкасының 14 елінің астанасы арқылы өтетін, жалпы ұзындығы 30000 мың километрді құрайтын әлемдегі ең маңызды әрә ең ұзын көлік дәләзі болып табылады.

1)Канада

2)АҚШ

3)Мексика

4)Гватемала

5)Эль-Салвадор

6)Гондурас

7)Никарагуа

8)Коста-Рика

9)Панама

10)Колумбия

11)Эквадор

12)Перу

13)Аргентина

14)Чили – елдерінің астаналарын байланыстырады.

Автотұрақ— автомобиль қоятын арнаулы орын; үлкен қалаларда, елді мекендерде автомобильдерді тұрақтандыратын орын. Жүк немесе жеңіл автомобильдерге арналған орындар. Мұндай автотұрақтарға автомобильдер уақытша немесе ұзақ уақытқа қойылады. Автомобильдердің сақталуына осы тарақтардың иелері жауапты болады. Қазіргі күні автомобиль көліктерінің көбеюінің әсерінен автотұрақ тапшылығы өзекті мәселеге айналды. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек әлемдегі автотұрақтардың пайдаланылуы мынадай: -1970 жылы әлемде автотұрақтарда 230 млн автокөлік

-1980 жылы бұл көрсеткі 390 млн автокөлік -2000 жылы тағыда өсіп 500 млн автокөлік -2015 жылы бұл көрсеткіш 800 млн-ға жеткен, қазіргі күні ғалымдар автомобиль көліктерінің көбеюі автотұрақ мәселесін шиеленістіруде деп сипаттама беріп отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]