Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік рал.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.94 Mб
Скачать

Зертханалық жұмыс № 4

  1. Сфералардың үйлесімі бойынша географиялық қабықтың бөлімдерін көрсетіңіз (1 кесте). Жер шарының ауданынан млн.км² ауданын санаңыз. Неліктен түптік бөлім көп ауданды алып жатыр?

Кесте 1. Географиялық қабықтың бөлімдері

Географиялық қабықтың бөлімдері

Атмосфера

Литосфера

Гидросфера

Үлесі,%

Ауданы, млн.км²

1

Жер бетілік

25

2

Сулық

58

3

Жер беті сулық

6

4

Түптік

64

Зертханалық жұмыс № 5

  1. Жер бетіндегі мұхит пен құрлықтың ара қатынасын бағаналы диаграмма түрінде көрсетіңіз. Солтүстік жарты шардағы құрлық 101 млн.км², мұхит 154 млн.км², ал оңтүстік жарты шардағы құрлық 48 млн.км², мұхит 202 млн.км² ауданды алып жатыр. Пайыздық көрсеткіштермен көрсетіңіз (мұхит көк түспен, ал құрлық қоңыр түспен).

  2. Мұхит пен құрлықтың таралуының оңтүстік және солтүстік жарты шарлардағы климатқа әсерін түсіндіріңіз.

Зертханалық жұмыс № 6

  1. Күннің орташа биіктігі мен Күннің максималды ұзақтығының графигін құрастыру. Графикке талдау жасаңыз.

Кесте 2. Ендіктерге байланысты Күннің ұзақтығының тәуелділігі

Ендік, °

Күннің орташа биіктігі, °

Күннің максималды ұзақтығы, сағ.

5

73

12

10

71

13

20

66

14

30

59

15

40

48

15

50

45

17

60

25

21

70

24

24

80

15

24

Зертханалық жұмыс № 7

  1. Географиялық қабық және географиялық белдеудегі құрлық пен мұхиттың аудандарының ара қатынасын, биіктік пен тереңдік таралуын бағаналы диаграммада көрсетіңіз (кесте 3).

Кесте 3. Құрлық, мұхит, биіктік пен тереңдіктің таралуы

Белдеулер

Ауданы, млн.км²/%

Орташа

Жалпы

Құрлық

Мұхит

Биіктігі, м

Тереңдігі, м

Арктикалық және антарктикалық

41/8

18/12

23/6

1392

2211

Субарктикалық және субантарктикалық

40/8

10/7

30/8

380

2290

Қоңыржай

89/17

38/26

51/14

580

3550

Субтропиктік

72/14

19/13

53/15

910

4135

Тропиктік

176/36

26/18

150/42

610

4285

Субэкваторлық және экваторлық

92/18

38/26

54/15

648

4105

Жалпы

510/100

149/100

361/100

875

3795

  1. Әр түрлі географиялық белдеулердегі құрлықтың климаттық ерекшелігі мен биомасса өзгерісінің бағаналы диаграммасын құрастырыңыз. Ұсынылатын масштаб: радиациялық баланс- 1 см -20 ккал/см² (сары), белсенді температура суммасы - 2000° С (қызыл), жауын – шашын 1 см – 500 мм (көк), биомасса – 1 см – 20 мың.т/км² (жасыл). Диаграммаға талдау жасау.

Кесте 4. Географиялық белдеулердегі құрлықтың биомасса мен климаттық ерекшелігі

Белдеулер

Радиациялық баланс, ккал/см²

10° С жоғары температура суммасы

Жауын-шашынның жылдық мөлшері, мм

Биомасса, мың.т/км²

Субарктикалық және субантарктикалық

15

600

400

16

Қоңыржай

35

2750

625

38

Субтропиктік

55

4500

600

48

Тропиктік

65

10000

533

2

Субэкваторлық

75

9500

875

41

Экваторлық

80

9375

1750

166

  1. Әр түрлі географиялық белдеудегі мұхиттың климаттық ерекшелігі мен биомассасының өзгерісінің бағаналы диаграммасын құрастырыңыз. Ұсынылатын масштаб: радиациялық баланс- 1 см -20 ккал/см² (сары), жылдық су температурасы – 1 см- 5°С(қызыл), жауын – шашын 1 см – 500 мм (көк), биомасса – 1 см-100 мың. т/км² (жасыл). Диаграммаға талдау жасау.

Кесте 5. Географиялық белдеулердегі мұхиттың биомасса мен климаттық ерекшелігі

Белдеулер

Радиациялық баланс, ккал/см²

Судың орташа жылдық температурасы, °С

Жауын-шашынның жылдық мөлшері, мм

Биомасса, мг/м³

Субарктикалық және субантарктикалық

25

5

915

Қоңыржай

48

9

1078

350

Субтропиктік

82

18

928

75

Тропиктік

107

23

825

50

Субэкваторлық және экваторлық

116

25

1168

62