Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дістемелік рал.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.94 Mб
Скачать

Павлодар Мемлекеттік Педагогикалық Институты

География және химия кафедрасы

Ландшафттану пәнінен оқу-әдістемелік құрал

Павлодар қаласы, 2013 жыл

Мазмұны

І Дәрістер...........................................................................................................3

1.1 Ландшафт курсына кіріспе ...........................................................................3

    1. Ландшафт тұжырымының қалыптасу тарихы...........................................4

    2. Ландшафт түзуші факторлар ......................................................................6

    3. Ландшафт морфологиясы.............................................................................7

    4. Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасы....................................8

    1. Ландшафт геохимиясы................................................................................10

    1. Ландшафт геофизикасы..............................................................................12

    1. Табиғи территориялық кешеннің құрамы (ТТК)......................................13

    1. Ландшафттың таксономиялық бірлік жүйесі...........................................14

    1. Ландшафттанудың қолданбалы мәселелері..............................................16

    1. Ландшафттар энергиясы мен даму қарқындылығы.................................20

    1. Жердің ландшафтылық сферасы................................................................22

    1. Анторопогенді ландшафт...........................................................................23

    1. Қазақстанның жазық жерлерінің ландшафтысы......................................24

1.15 Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтысы................................27

ІІ Практикалық сабақтар.........................................................................31

ІІІ Зертханалық жұмыстар.......................................................................34

ІV Қосымшалар.........................................................................................39

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі.................................................................46

І Дәрістер

Дәріс №1. Ландшафтану курсына кіріспе

Жер бетіндегі жаратылыс жағдайы әртүрлі территориялық табиғат кешендері ерекшеліктерін, олардың құрамын, байланысын, бір-біріне тигізер әсерін, құрамдас бөліктерінің орналасу заңдылықтарын ландшафттану ғылымы зерттейді.

Осы ғылымның қалыптасуына орыс ғалымы Докучаевтің қосқан үлесі мол. Ол территориялардың табиғат жағдайларын зерттеуге кешендік принципін қолданды. Табиғи процестерді менгеру үшін табиғаттың жеке бөлігін емес, тұтас бөлігін тани білу керек деп көрсетті. Ол табиғаттың геогендік және биогендік құрамдас бөліктерінің арақатысы мен өзара әрекеттесу заңдылықтарын ашатын ғылымның керектігін түсінді. Табиғат зоналары туралы жазған көптеген мақалалары осы ғылымның негізін қалады. Бұдан кейінгі кезде ландшафт ұғымын Л.С.Берг еңбегінен кездестіреміз. Ол ландшафтқа кең мағына берді. Геологиялық кешендердің белгілі бір аймақта қайталана беретін типтерін немесе бір нақтылы территориямен шектелетін аймақтарды да ландшафт деп ұқты. Оның бұл тұжырымдары кейін ландшафт туралы теорияның дамуына негіз болды. Сөйтіп, XX ғ. 30 ж. бастап ландшафт типологиялық және аймақтық мағынада ұғынып, геология ғылымына енді.

Ладшафт ол- барлық табиғи компоненттері ( геологиялық құрамы, жер бедері, топырақ жамылғысы, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, биоценоздары ) өзара байланысып үйлесіп жататын табиғи шекарасы арқылы межеленетін жер беті учаскесі.

Ландшафттану- территориялық табиғат кешендері туралы ілім. (ТТК)

Табиғи кешен туралы ілімнің қалыптасуына биогеография ғылымының кемелденіп биоценоз, биогеоценоз деген ұғымдардың биогеографиялық салаларынан берік орын алуы себеп болды.

Биоценоз - тіршілік ету, өніп-өсу жағдайлары ортақ даму процесі мен табиғи сұрыпталудың нәтижесінде үйлесім тапқан өсімдіктер мен жануарлар тобынан құралған табиғат кешені.

Белгілі бір биоценозды құрайтын тірі ағзалар мен оны қоршаған орта биогеоценоз немесе экожүйе деп аталады.

Биоценоздың биогендік (өсімдік, жануарлар дүниесі, топырақ жамылғысы ) және геогендік құрамдас бөліктері ( минералды зат, ауа, су, жылу энергиясы) бір-бірімен ұдайы өзара әрекеттесіп өздерінің динамикалық тепе-теңдігін қалыптастырады. Биоценоз жергілікті жер жағдайының ерекшелігіне байланысты түзіледі. Сондықтан оның зоналық факторы негізінде пайда болған кең алқапты (орман, орманды дала ), ал интрозоналық фактор негізінде түзілгені шектеулі жерді ғана қамтиды.(бұталы, көл жағасы) әртүрлі территориялық өлшемдер заңды түрде үйлесімін тауып бір бірімен күрделі әрекеттесу нәтижесінде тұтасып рангтері (геологиялық қабаттан фацияға дейін) түрліше болатын табиғи құрамдас бөліктерінің бірлігін территориялық табиғат кешен деп атайды.

Дәріс №2. Ландшафттану тұжырымының қалыптасу тарихы

Ілімнің дамуы, жаңа теориялардың пайда болу жолдарына дайындық жасайды. Қандай да болсын ғылыми теория заңды түрде тек қана белгілі тарихи жағдайда дамиды. Егер де жер бетіндегі жекелеген компоненттерді қарастыратын геграфия салалары дамымаған болса, ландшафттану ғылымының шығуы екіталай еді. Сонымен бірге анализден синтезге өту барысында, яғни табиғи географиялық кешен ұғымына көшу жаратылыстану заңдылықтарының негізіне сүйенбеуі мүмкін емес. Бірақ бұған жағдай өткен ғасырдың аяғында ғана жасалынды.

Қандай да болсын ғылымның тарихын оқып үйренуде әлеуметтік-экономикалық жағдайдың ерекшелігін ұмытуға болмайды. Барлық ғылым әлеуметтік ортаға сай, қоғамға қажетті заттармен қамтамасыз етіп отырады. Ғылымның дамуы мен әлеуметтік экономиканың дамуы арасында күрделі қатынас бар. Практикалық қажеттілік ғылымның алдына шешуге тиіс мәселелерді қояды, екінші жағынан алдыңғы қатардағы ғалымдардың шығармашылық ойлары тәжірибелік мүмкіншіліктерді басып озатын ойлар тастайды. ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында орыс ғалымдары мен қоғам қайраткерлері ауыл және орман шаруашылығындағы көптеген проблемаларды шешу табиғи компоненттер арасындағы байланыс түсіну арқылы екендігін мойындайды.

Сонымен, өткен жүз жылдықтың аяғында ландшафт туралы ұғым туды. Әрине, бұл ландшафт туралы ілім кенеттен пайда болды деген сөз емес. Сонау ерте уақыттан-ақ күнделікті практикалық қажеттілік, өмір сүру ерекшеліктері мен жерді ауыл шаруашылығына пайдалану жолында әртүрлі территорияларды бөлуді талап етеді. Ғылыми ландшафттық идеялардың пайда болғанына дейін әртүрлі мамандарда: аңшыларда, орманшыларды жергілікті жердің табиғи кешендері туралы өз тәжірибесінен алған түсініктер болды. Мысалы: Европаның солтүстік тұрғындарында орман мен батпақтың әртүрлі ландшафттық типтерін көрсететін, ал Орта Азия халықтарында далаларды, шөлдерді, сортаң жерлердің ерекшеліктерін айқындайтын жергілікті терминдері бар. Мына территориялық категорияларды: батпақты жерлерді, өзен аңғарларын, сортаң жерлерді орыс тілінде урочище дейді және осы халық термині ландшафттанудың ғылыми сөздігіне енді.

Локальді географиялық ұғыммен бірге, халық тәжірибесі күрделі территориялық бірліктердің, яғни регионалдық деңгейдегі бірліктердің пайда болуына әкелді. Мысалы, олар: Мещера, Полесье. Сонымен қатар, ежелден халық арасында қолданылып жүрген түсініктер: тундра, тайга, шөл ғылымға теориялық бөлім болып енді. Сондықтан ландшафттанудың қайнар көзі ретінде халық тәжірибесін қорғай білуіміз керек. Бұған орыстың ландшафттану классигі В.В. Докучаев пен оның әріптестерінің көңіл бөлуі кездейсоқ емес.

Екншіден ландшафттанудың дамуындағы негізгі рольді оның географиямен тығыз байланысы анықтайды. Бірнеше ғасырдың көлемінде геграфия өз теориясын іс жүзінде пайдалана алмай келді, ол тек сұрақ-жазу тәртібіне ие болды. Көптеген жағдайда табиғи ортадағы әртүрлі географиялық құбылыстарды энциклопедиялық мәлімет ретінде тіркеу орын алды.

Қазіргі кездегі кейбір географиялық идеялардың түбірін біз сонау ерте замандағы ғалымдардың еңбектерінен табамыз. Біздің эрамызға дейінгі 500-ші жылы бұрыңғы Грекияда жердің шар тәрізді екендігі және онда бірнеше жылу белдеулерінің бар екендігі (5 белдеу) анықталды. Бірақ бұл идеялар іс жүзінде дәлелденген жоқ. Жердің шар тәрізді екендігі тек қана біздің эрамызға дейінгі ІҮ ғасырдың 2-ші жартысында Аристотель айдың тұтылуындағы жердің домалақ формадағы көлеңкесін және солтүстіктен оңтүстікке қарай қозғалысындағы жұлдызды аспанның өзгеруі арқылы дәлелдеді. Осы уақытқа жердің көлемін есептеп шығару жолындағы ізденістер де тән. Аристотельдің «Метеорологика» деген еңбегін жалпы жертанудың бастауы десек те болады, өйткені мұнда жер қабықшасы, ауа айналымы, теңіз трансгрессиясы мен регрессиясы, өзендердің аккумулятивтік әрекеті туралы мәселелер қаралды.

Осы уақытқа жер бетін аудандастыру туралы істелген алғашқы қадамдарды да жатқызуға болады. Мысалы: ежелгі гректердің түсінігі бойынша жер бетін үш бөлікке Европа, Азия және Африкаға бөлген. Мұндай аудандастыру жер бетінің сыртқы көрінісіне қарай (өзен, тау) бөлінді. Осындай жай бөлуді Геродоттың (485-425 б.ғ.д) еңбектерінен де таба аламыз.

Ұлы географиялық жетістіктердің нәтижесінде жердің шар тәрізді екендігі талассыз, мұхиттар мен құрлықтардың мөлшерлері, мұхит ағыстары тағы басқалары анықталды. Бірақ мұның бәрі физикалық геграфияның өркендеуіне аз болды. Өйткені, біріншіден, іс жүзінде құрлықтардың табиғаты зерттелмеді, екіншіден, жарытылыстану ғылымы кейбір географиялық құбылыстарды, олардың арасындағы байланыстарды түсіндіре алмады.

Географиялық жетістіктердің қорытындысы нидерланды ғалымының (Бернгард Варения – 1622-1650) «Жалпы география» деген еңбегінде география жаратылыстану ғылымы ретінде анықталды. ХҮІІ ғасырдың екінші жартысынан бастап жекелеген мемлекеттердің табиғатын зерттеу жұмыстары өріс алды.

Дәріс №3. Ландшафт түзуші факторлар

Ландшафт белгілі бір заңдылық бойынша әрекет ететін көптеген факторлар әсерінен қалыптасады да дамиды. Қалыпты жағдайда ландшафт құрайтын факторлардың әрекеті белгілі бір шеп бойымен қайталана береді де ландшафтысын құрайтын құрамдас бөліктерді бірімен бірі үйлесім тауып динамикалық тепе-теңдік қауіпін сақтайды. Кейде температура режимі, жауын-шашынның жылдық мөлшері, топырақ құнары т.б. орташа жылдық көрсеткіштер мен ауытқымасында ландшафт өзгерісінен төтенше құбылыс байқалып қалады.

Ландшафтының түзілуі әр уақытта геологиялық, геоморфологиялық факторлардың әрекет етуінен басталады. Олардың сипаты азональді болып келеді. Геологиялық, геоморфологиялық факторларға жер бетінің құрлықтық жондар мен мұхит шараларынан бөлшектенуі, жер беті жыныстарының құрамы, құрлық бетінің жасы, бедері, тау жоталарының биіктігі, беткейлердің көрінісі, еңістігі т.б жатады.

Жер беті жыныстарының литогендік құрамы, жер асты және топырақтағы судың режимін топырақ қабатының тұздылығы, механикалық құрамдарын түрлендіре түседі. Таулы аймақтар жыныстық айырмаларымен бірге асқар биік керілген кең тұлғалары арқылы ландшафтыны айқындап тұратын тосқауыл рөл атқарды. Тау жоталарының ландшафтысын айқындауға тигізетін әсері барлық геологиялық белдеулерде бірдей бола бермейді. Ол ауа массасы айналымының бағытына, таудың биіктігіне, орналасқан жеріндегі климат жағдайына байланысты болады. Тау беткейлерінің көрінісі де ландшафт айырушы факторлардың рөлін атқарады. Күнгей беткейге күн сәулесі түсетіндіктен, жылу балансы артып, ылғал балансы кемиді. Жылу мен ылғал баланстарының ауытқуы артады да ландшафтысы аридті бағытта, ал теріскей беткейде жылу балансы кеміп, ылғал балансының артуына байланысты ландшафтының гумитті бағытта дамуы байқалады.

Тау жыныстарын ландшафтыдан айыру әрекетінің қарқыны тау бетінің еңістігіне де байланысты тау аймақтарының тектоникалық-эрозиялық және эрозиялық жолдармен тілімденуі де ландшафтының бөлінуіне әсер ететін фактор. Тілімденулері де ландшафтының территориялық бөлшектенуі де әсер етеді. Ландшафтының территориялық бөлшектенуі, жер бетінің биіктіктерінің атқаратын рөлін Семенов Т.Ш., В.В.Докучаев тұжырымдап, биіктік зоналық деген атпен ғылымға енгізген. Кейіннен жер бетінің биіктігінің әсері жан-жағынан зерттеледі де биіктік белдеуі деген атпен жалпы геологиялық заңдылық дәрежесіне дейін көтерілген (Исаченко, Гвоздецкий).

Ландшафттың биіктік белдеуі аэротермиялық градиенттің әсерінен және атмосфералық жауын шашын мөлшерінің биіктігі артқан сайын өзгерісіне байланысты болып келеді. Яғни 1000 метр биіктеген сайын күн радиациясы 10 %-ға артады.

Соңғы жылдардағы геологиялық зерттеулер мұхит түбінде де байқалатыны белгілі болды. Су және климат факторлары кешеніне теңіз ағыстары, жер беті мен жер асты суы күн энергиясы мен жауын шашын жатады.

Дәріс №4. Ландшафт және оның морфологиялық құрылымы

Т.т.к. туралы ұғым ғылымға берік сініскеннен кейін ғалымдар оның аймақтық, топологиялық токсономиясын және морфологиялық құрамын жіктеумен айналыса бастады. Көп жылдық география ғылымын зерртеулер жер бетінің бітім жаратылысы әр түрлі факторлар әрекетіне байланысты қалыптасқан Т.т.к. сипаттамасын дәлелдеп отыр. Олар территориялық аумағы бойынша да, бірінен-бірі туындайтын сатылары бойынша да әр түрлі болып келеді.

Геологиялық негізі, жер бедері, климат жағдайы, гидрологиялық режимі, топырақ жамылғысы, өсімдектер мен жануарлар дүниесінен тұратын биоценоздары бірдей болып келетін біртекті ТТК ландшафт деп атайды. Оның нақты белгілері мыналар: көршілес жатқандардан өзіндік ерекшеліктері арқылы даратылып жаратылған біртекті территория пайда болу күнінен бастап бүкіл даму тарихында өзіне ғана тән ерекшелігі болады.

Геологиялық құрылысында жер бедерінде жаратылыстық айырмашылық болады. Литогендік негіз бен геоморфологиялық кешен өзгеріске ұшырауы ландшафтты да өзгертедеді, сапасын, морфологиялық құрылымын түрлендіреді, сыртқы белгілерін анықтайды. Әрбір ландшафт морфологиялық құрылымы қайталанбайтын тізбектен тұрады.

Ландшафттың барлық бөліктері мен морфологиялық құрылымы құрамдас бөліктерін түзейтін т.т.к. тізбектерінде зоналық, бөліктік және биіктік белдеулер айырмашылық болмайды, өйткені ландшафт зоналық, бөліктік және биіктік белдеулік факторлардың тұтас және қатар әрекет ету нәтижесінде қалыптасты. Ландшафтты құрайтын морфологиялық т.т.к. құрамдас бөліктерінің сатыларына қарай жергілікті жер – фация деген жүйеге жіктеледі.

Жер бедері мен топырақ жамылғысынан түзілетін жыныс құрамындағы ылғал және жылу режимінде және топырақ жамылғысында айырмашылық болмайтын бір ғана биоценозбен сипатталатын т.т.к. – фация деп аталады. Фацияның қалыптасуында жер бедерінің пішіні элементінің сипаты, салыстырмалы биіктігі, беткей көрінісі мен қиялылығы, жыныстық құрамы үлкен рөл атқарады. Фация жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты территориялық өлшемдері сан алуан болып келетін, табиғи қажеттерінің ортақ белгілері бойынша топтасып, түрленіп, бірлік жүйесін құрайтын т.т.к. Іргелес жатқан фациялардан қоныс деп аталатан т.т.к. түзіледі. Жер бедері мен топырағы түзілетін жыныстар біртекті болып келген тұтас бүтінді жерді жер беті мен жер асты суының гидрология режимі микроклиматтық жағдайы бірдей, биохимиялық және биологиялық зат, энергия алмасу нәтижесінде тұтасқан іргелес фациялардың жаратылыстық динамикалық бірлігін қоныс деп атайды.

Қоныс жер бедер пішінінің тұтас бітімімен межеленіп жылу және ылғал режимдерінің біркелкі, топырақ жамылғысы мен биоценоздардың бір типті болып үйлесімділігі арқылы көзге түседі. Мысалы: жыра, саз, өзен жайылымы, өзен аңғарларының сатылары, тегіс жазықтар сияқты т.б. пішіндердің тұтас бітімдерін алуға болады.

Фациялық құрамына қарай қоныстар қарапайым және күрделі болады. Қоныстар ландшафтының морфологиялық құрылымында алатын орнына қарай негізгі, қосалқы, сипатты, сипатсыз т.т.к болып бөлінеді. Қоныс та фация сияқты өзіндік ерекшеліктері бар. Қайталанбайтын жеке дара т.т.к емес. Ол биоклиматтың белгілері бойынша типтік литогенді негізі бойынша тектес, ішкі құрылымды айырмасы бойынша түрлес бірліктері топтастыратын т.т.к.

Жер бедерінің жеке дара бітімде қалыптасқан қоныстар тізбегінің құрылымдық, динамикалық бірлігін жергілікті жерді атайды. Ландшафтының геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшеліктеріне қарай іргелес жатқан қоныстар тіркесіп жергілікті жер деп аталатын т.т.к. құрайды. Жергілікті жер ландшафт құрылымында кейде болмайды да қалады. Морфологиялық құрылымы қарапайым ландшафтылар 1 немесе 2 тіпті 3 қоныс типінен түзіледі.

Ландшафтының жергілікті жерге бөлінуі геологиялық негізімен жер бедер жыныстарының ерекшелігіне байланысты. Ландшафт құрамындағы жергілікті жерлер қоныстар сияқты ұдайы кездесе беретін т.т.к. қатарына жатпайды. Тұтас бітімді қоныстан тұратын ландшафтылар жергілікті жерге бөлінбейді. Мұндай ландшафтылар жер бетінде тегіс, морфологиялық құрылымы бөлінбейтін дала, шөлейт, шөл зоналарында жиі кездеседі, ал ойлы-қырлы жерлерде қоныстар тізбегі типтес бірлігі әртүрлі болатын жергілікті жерді құрайды да типтік, тектестік, түрлестік бірлікке жіктеледі.

Дәріс №5. Ландшафт кешендерінің дамуы және динамикасы

Ландшафт өзгерістерін қалпына келетін немесе қалпына келмейтін деп жіктеу шартты түрде ғана, өйткені толық қалпына келу ешқашан болмайды. Теориялық және методикалық негізде қалпына келу туралы жорамал жасаулар ландшафттардың даму ерекшеліктерін және ұзақ уақытты ритмикалық тербелістердің заңдылықтарын зерттеуде өзін дәлелдейді: мұндай жағдайда біз саналы түрде үздіксіз бір бағытта болатын өзгерістерді кездестіреміз. Бұл процесс белгіленуі оңай ландшафттардың күйінің ауысу циклдарымен салыстырғанда бірден көзге түспейді. Дегенмен ландшафттардың құрылымы әрбір жекелеген циклдар немесе бұзылулардан соң сыртқы факторлардың әсерінен өзінің бастапқы қалпына оралады.

Ландшафттардың дамуының себептері немесе оны қозғаушы күштер, әрине, белгілі. Көп уақытқа дейін география ғалымдары ландшафттардың өзгермелілігін тек бір ғана сыртқы фактордың әсерінен (тектоникалық қозғалыстар, күн активтілігі өзгермелілігі, Жердің полюстерінің ауысуы) немесе бір ғана «жетекші» компоненттің өзгеруінен болады деп түсініп келді. Екінші жағдайда да ландшафттардың ауысуыеың себебі сыртқы күштердің әсеріне келіп тіркеледі, өйткені «жеткеші компоненттер» климат пен рельеф жүйесінің кіріс бөлігіне жатады да сыртқы әсерлерді таратушы рол атқарпады.

Геожүйелердің дамуындағы қозғаушы күш ретінде ішкі қарама-қайшылықтардың негізгі маңызы – барлық компоненттер бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде өзара үйлесімділік құруға тырысады, яғни тепе-теңдікке, бірақ тепе-теңдік тек уақытша ғана. Әрине ең активті компонент биота екені белгілі. Абиотикалық ортаға барынша бейімделе отырып, биота өмір сүру барысында осы ортаға өзгерістер енгізеді. (Мысалы, орманды ландшафттарда жоғары горизонттың сілтізденуі нәтижесінде төмеңгі қабаттарда су өткізбейтін иллювиальді орта пайда болады, осының салдарынан аэрация мен су өткізгіштігі нашарлайды). Олай болса биота өзі өзгерткен ортаға әрқашан икемделуі керек, осының нәтижесінде бүкіл жүйе қайта құрылу өзгерістеріне ұшырайды. Ішкі қарама-қайшылық байланыстар басқа компоненттер мен порцестер аралығында да болып отырады. (Мысалы, ағын мен булану арасынды), бірақ ең негізгі қарама-қайшылық биота мен абиотикалық компоненттер аралығында.

Ландшафттардың даму механизмінің маңызы – біртіндеп жаңа құрылым элементтері жинақталып, көне құрылым элементтерінің жойылуында. Соңында бұл процесс сапалық өзгерістерге ландшафттардың ауысуына әкеліп соғады. Кезінде Б.Б. Полынов пен Л.С. Берг ландшафттың құрамында әр жастағы элементтердің бар екендігіне назар аударған еді. Б.Б. Полынов ландшафттар құрамында қалдық элементтер, консервативті және прогрессивті элементтерді ажыратады. Біріншісі өткен ғасыр қалдықтары, олар ландшафттардың көне даму тарихының ерекшеліктерін сипаттайды. Қалдықты элементтер рельеф формалары болуы мүмкін (мысалы, мұздықты рельеф формалары, гидрографиялық торап элементтері, шөлдегі кеуіп қалған арналар, көлдер, биоценоздар мен топырақтар, тайга зонасындағы дала зонасына тән топырақтар мен өсімдіктер, көне шымтезектер т.б.) немесе толық фациялар мен мекендер. Консервативті элементтер қазіргі жағдайына толық сәйкес келіп ландшафттардың қазіргі даму кезеңдерін анықтайтын элементтер. Прогрессивті элементтер өте жас элементтер, олар ландшафттардың болашақтағы даму тенденциясының ерекшеліктерін сипаттайды, сондықтан болжау проблемаларының негізін қалайды. Прогрессивті элементтердің мысалы: дала зонасында арал тәріздес ормандардың пайда болуы, мореналық ландшафттардағы эрозиялық формалардың дамуы.

Ландшафттардың құрылымын олардың жасы мен өмірлігінің негізгі критерийі екендігін мойындай отырып, біз олардың алғашқы есеп нүктесі ретінде жаңа құрылымның элементтері пайда болған уақытты ма, әлде қазіргі құрылым пайда болған уақыттан бастап есептеу керек пе деген сұраққа тірелеміз. Қандай болған жағдайда да онда ландшафттардың даму сатылары орын алмайды. Әрбір жекелеген ландшафт өзінің барысында негізгі екі сатыдан тұрады: 1) пайда болу сатысы, 2) даму сатысы. Бірінші саты өте тез, аз уақыт аралығында өтеді, мысалы, теңіз регрессиясы немесе құрлықтық мұздықтардан босаған территориялар. Пайда болған «жаңа» геологиялық фундамент күн радиациясының, жауын-шашынның, жер беті суларының әсеріне ұшырайды, жануарлар мен өсімдіктер жамылғысы пайда бола бастайды. Осы сатының бастапқы кезінде ландшафт өзгермелі болады, структуралық бөлігі толық құрылмаған: әлі де толық дамымаған биоценоздар, аз тілімденген рельеф, топырақ жамылғысы жаңадан дамып келе жатқан. Бірақ біртіндеп даму барысында ландшафттың компоненттері бір-бірімен, зоналық және азоналдық даму ерекшеліктерімен сәйкестікте болады. Морфологияоық құрылымы толығымен дамып ландшафт тұрақты күйге келеді. Осы уақыттан бастап ландшафт дамуының екінші сатысына өтеді, бұл даму сатысының ұзақтығы едәуір ұзақ. Оның ендігі уақыттағы өзгермелігі ландшафттың компоненттері арасындағы қарама-қайшылық күштердің әсерімен айқындалады. Сыртқы күштердің өздігінен даму процесі өз қалпында жүріп отырады.

Дәріс№6. Ландшафт геохимиясы

Ландшафт географиялық қабықты құрайтын заттардан түзілетін болғандықтан, олардың құрамындағы химиялық элементтер литосферадан атмосферадан, гидросферадан және биосферадан жиналады. Осы геосфераның ландшафтың химиялық элементтері негізгі және қосалқы элементтер топтары болады. Негізгі элементтер тобына жататындар O.SI.AL.FE.CA.NA.K.MG.C.N.S.PCL аталған элеметтер ландшафтану құрамындағы тау жынысы топырақ қабатын, судың, ауаның және түрлі ағзалар массасын құрайды да ландшафт геохимиясының ерекшеліктерін анықтайды. Ландшафтының геохимиялық элементтері белсенділігіне қарай екі топқа жіктеледі. Бірінші бір ландшафтының екіншісіне тез өтетіндері, яғни орын ауыстыруы жағына белсенді элементтер тобын құрайды.

1. Ca, Na, Mg, Al, Si,, P, S, Cl, Ka, Mn, Fe

2. Zn, Ka, Ni, O, C, N, H, V, Z, Sr.

Ландшафтыдағы химиялық элементтердің орын ауыстыруы әрекеттері көптеген факторларға байланысты. Оның ішінде негізгі фактор басты элемент өзіне тән химиялық қасиеті, әсіресе химиялық реакцияға түсіп түзіледі. Оған қоса химиялық элементтің қандай зат құрамында болатын және географиялық таралуы маңызды факторлар қатарына жатады.

Ландшафтының химиялық элементтері орын ауыстыруы негізінен механикалық, биологиялық жолмен және су, ауа арқылы жүреді. Химиялық элементтердің механикалық орын ауыстыруы құрлық бетінде ағын су, жел, мұздық т.б. сыртқы күштер мен жанартаулардың, гейзерлердің атқылауы сияқты ішкі күштердің әрекетіне байланысты болады.

Химиялық элементтердің биогенді орын ауыстыруы екі түрлі процестің нәтижесінде тұрады.

1. фотосинтез бен хетосинтездің нәтижесінде қоршаған ортаның элементтердің органикалық қосылыстар түзіледі.

2. тірі заттар тіршілігін тоқтатқан соң, олардың қалдықтары шіріп, органикалық қосылыстары ыдырап, минералдық заттарға айналады. Микроорганизмдердің тотығу барысында бөлінген энергияны пайдаланатын көмірқышқыл газымен, судан минералдық заттардан органикалық заттар түзетін хетосинтез деп аталды.

Химиялық элементтердің сумен орын ауыстыруы. Бұлардың суда еру қасиетіне байланысты судың ерігіштік қасиетіне байланысты ландшафтану грунт және топырақ қабаттарындағы минералды заттар ұдайы химиялық үгілуге ұшырайды. Бұлармен бірге ерігіштікке температура жағдайының қысқы өлшемдері, ерітіндінің концентрациясы, грунт әсер етеді. Топырақ және құрлық беті судың PH көрсеткіштері сияқты жағдайлар үлкен әсер етеді.

Табиғатта топырақ, грунт және өзен суының PH көрсеткіші бірдей болып келе бермейді. Олар жыл мезгілдері мен ландшафтының дамуы ауысқан сайын өзгеріп отырады.

Ландшафтының құнарлығын арттыру жолында сумен орын алмасатын элементтердің реакцияға түсу, бір сападан екінші сапаға өту, бір жерден екінші жерге орын ауыстыруы қарқынына өте үлкен мән беріледі. Бұл жағынан алып қарағанда, оларды суға тез еріп алмасатын ортада және нашар еріп орын ауыстыратындар деп жіктеледі.

Суда еріп орын ауыстыру. Тотығу, тотықсыздану реакцияларына байланысты болып келеді. Ландшафтыны қоршаған орта қабатында орын ауыстыруы O, N, C, H кіреді. Атмосфералық орын ауыстыруда ауадағы су буының конденсацияланып немесе сублимацияланып жер бетіне жауын -шашын болып түсуі, ауа массасын жел арқылы алмасуы, найзағай полярлық жарты сияқты құбылыстар мен процесстер әсер етеді.

Сондықтан ландшафт геохимиясы саласындағы зерттеулер экологиялық жағдайда байланысты түрлі ландшафт типінде түрлі химиялық элементтердің жиналатынын дәлелдеп отыр. Бұлар ландшафтының типоморфтық элементтері деп аталды. Сонда шөл, шөлейт, дала зоналарында Cl, S, Ca, Na ортақ зонасында H, Ca, Al, Fe , тундрада N, Al, Fe түзіледі.

Дәріс№7. Ландшафт геофизикасы

Ландшафт геофизикасына қатысты мәселелер ТТК-ның күн, гравитация, биохимия, механика т.б. энергияның өзгеруі мен жер шарындағы таралуы ылғал мен ауа массасының алмасуы, динамикалық құбылыстар мен процестер жатады. Олар ТТК түзетін құрамдас бөліктерінің дамуы мен динамикалық тепе-теңдігіне ландшафттың жер бетіне таралуына әсер етеді.

Басқа тектоникалық, геологиялық, биологиялық және антропогендік факторлар мен бірге геологиялық қабықтағы ТТК –ң құрамдық бөліктерінің қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Ландшафт геофизикасы ең алдымен күн энергиясына тығыз байланысты болады. Күннен келетін жиынтық радияция тік және шашыранды радияция түрлерінен тұрады. Радияцияның бұл түрлерінің қатынасынан ТТК-ның геологиялық орындары мен жыл мезгілдеріне байланысты. Алайда ТТК-ны ң түзілуі мен дамуына тікелей әсер ететін радиациялық байланысты жердің эфекті сәулесі мен жер бетіне шағылған радиация мөлшерін құрайды. Жер бетінен шағылған радиацияның ландшафтық мағынасын тануға ТТК-ның альбедосын білу маңызы зор.

Радиациялық баланс жер бетінде өзгеріп жылу немесе энергетикалық балансты құрайды. Күн энергиясы биогенді құрамдас бөліктері ғана өзгеріп қоймайды, сонымен бірге аэромасса да, педомасса да, литомасса да өзгеріп отырады. Нәтижесінде жер беті мен қоршаған ауа қабаты мен топырақ, климат қалыптасады. Күннен кейінгі орында гравитациялық энергия құрайды. Гравитациялық энергия байланысты. ТТК-ның көптеген құбылыстар мен процесстер дамиды. Олар да атмосфералық жауын-шашын түсуі одан топырақ және грунт қабаттарының сіңуі, жер беті мен жер асты суларының ағындары беткейдегі жыныс қабаттарынан опырылып құлауы, суысып, сырғанып түсуі, өсімдіктердің құраған түптеріне айнала төнірегіне түсіп немесе жиналуы, топырақ және грунт жыныстарынан түсіп, топталуы жатады. Жылу энергиясы күн энергиясының өзгеруі мен олардың органикалық заттарда аккумуляциялануы тығыз болады. Ол органикалық заттар өртенгенде су буы конденсацияланғанда немесе сублилимацияланғанда су мұз болып бөлініп шығады. Немесе керісінше осы аталғандардың дамуы үшін жұмсалады. Жылу энергиясының екінші түрі болып саналатын атмосферадағы турбуленттік жылу күнделікті табиғат құбылыстары мен процестердің дамуына қатысады. Ол зоналық зандылық бойынша әсер етеді.

Механикалық энергия тау беткейінен суысып, сырғанап, опырылып құлап түскен заттан ауа, су ағындарына бөлінеді. Ол көбінесе гравитациялық энергияның өзгеруімен тығыз байланыста болып келеді де т.т.к-ның дамуында үлкен рөл атқарады. Зоналық сипаты әрекет ететін механикалық энергия түріне желдің күші, ал интрозоналық сипаты әрекет ететін энергия түріне өзен суы мен беткейден құлап түскен заттардың күші жатады.

Ландшафт геофизикасындағы келесі бір маңызды процестердің біріне ылғал алмасу жатады. Ол кеңістіктің екі түрлі бағытында да дамиды.

- температура жағдайының артуына байланысты жердегі су тамшыдан буға айналып, ауаға көтеріледі де ауадан жерге қайта су тамшысы болып түседі.

- өрден төмен қарай ағып гравитациялық жолмен қозғалады, ауа алмасуынан циркуляциялық және конвекциялық жолдары болады. Жоғарығыда айтылғандардан ландшафт геофизикасының ауа мен топырақ қабатының т-ң ылғалдылығынан, жел екпініне байланысты болады.

Бұлармен бірге т.т.к-ның геомассасының оптикалық қасиеті (түсінің айқындылығы, сәулеленгіштігі де, жылу сыйымдылығы да, электр өткізгіштігі де) ландшафт геофизикасында үлкен рөл атқарады.

Дәріс№8. Табиғи территориялық кешендерінің құрамы

Газ, сұйық және қатты заттардан тұратын ТТК – нің жеке бөліктерін құрамдас бөліктер деп атайды. ТТК – ны құрайтын бөліктерін қандай түрі болмасын заттық обьект. Олар белгілі бір заңдылықтар бойынша бір-бірімен әрекеттесу арқылы күрделене түседі. ТТК-нің құрамдас бөліктерін келесідей жіктеуге болады.

  • Геогенді құрамдас бөліктер: жер қыртысы, ауа

  • Энергетикалық құрамдас бөліктері: күн энергиясы, жердің ішкіэнергиясы

  • Биогенді құрамдас бөліктері: өсімдік, жануар, топырақ жамылғысы

Табиғаттың құрамдас бөліктері өздеріне тән заңдылық бойынша бар болмысымен өзгеріп дамиды. Осы құрамдас бөліктердің түрлі өлшемдері территориялық бөлшектері әртүрлі сатыдағы немесе таксономиялық бірлік дәрежесінде ТТК кешенге қабысады. Жер қыртысын түзетін қабаттар жаратылысына қарай геосинклинальді, теңіздік, жанартаулық және материктік болып келеді. Олар т.т.к . таксономиялық біргілі физ -географиялық аймақтың негізін құрайды.

Геологиялық негіз тұрақтылығы салыстырмалы шама. Ол жердің ішкі энергиясы мен сыртқы күштердің әрекетіне байланысты алғашқы құрылымдарын өзгертеді. Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстары нәтижесінде жер беті қазіргі морфоқұрылымдық және морфомүсіндік жер бетінің пішіндеріне ие болады. Жер бетінің морфоқұрылымдық бедері кешендерінің бірлігі ретіне қарай т.т.к. әртүрлі дәрежедегі таксономиялық бірлігімен қабысады. Мысалы: Тань – Шань таулары

1. Тань – Шань

2. солтүстік Тань – Шань

3. Іле Алатауы

4. Қараш – Қараш тау жотасы

Төртінші қатардағы жер бедерінің бірлігіне жатқызуға болады. Олар өз кезегімен физ.-географялық аймақ – облыс - өлке – аудан деген т.т.к. таксономиялық бірлігіне жіктеледі. Морфоқұрылымдар жердің ішкі энергиясына байланысты болғандықтан, әр уақытта азоналық сипаты арқылы ерекше көзге түседі. Морфомүсіндер сыртқы күштер әрекетіне байланысты қалыптасып морфоқұрылымның беткі пішінің мүсіндейді. Жер бетінің морфомүсіндік кешендері ландшафты қабысады. Т.т.к. құрамды бөлігі үш қабатқа бөлуге болады. Оның ежелгі негізі құрылымдық плиталар теориясы бойынша терең тектоникалық жарықтармен бөлшектенеді де физ. географиялық аймақтарды құрайды. Жер қыртысының екінші қабатын түзетін жамылғы неотектоникалық қозғалыстар нәтижесінде әртүрлі қатардағы морфоқұрылымдық жер бедерін қалыптастырады, ал жер бетіндегі үгінді және үйірлі жыныстардан тұратын үшінші қабатында морфоқұрылымдық жер бедері кешендері пайда болады. Жер қыртысының қандай да бөлігі болса да, аумағына қарай түрлі жағдайда ұдайы өзгеріп тұрады да, т.т.к, басқа құрамдас бөлігінің өзгерісімен салыстырғанда жетекші рөлдерді атқарады.

Дәріс№9. Ландшафтының таксономиялық бірлік жүйесі

Ландшафтының таксономиялық бірлігі жер бетіндегі территориялық табиғат кешендерін физикалық-географиялық аудандарға топтастыру немесе бөлшектеу нәтижесінде жүйеленеді. Әр өңірдің өзіндік табиғат жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, жер бетін жеке аймақтарға және олардың бөліктеріне бөлуді физикалық - географиялық аудандастыру деп атайды. Физикалық-географиялық аудандастыру нәтижесі елдің табиғат жағдайы мен байлығын кешенді түрде жан-жақты анықтап, табиғат байлығының халық шаруашылығында игерілуін қарастырады. Физикалық-географиялық аудандастыру процесінде әр түрлі сатыдағы ландшафт бірлігі жоғарыдан төмен қарай да, төменнен жоғары қарай да жүйеленеді. Жоғарыдан төмен қарайғы физикалық-географиялық аудандастыруда ландшафтының ірі бөліктері төменгі сатыға бөлшектенсе, төменнен жоғары қарай аудандастыру кезінде төменгі сатыдағысы жоғары сатыдағы бірлігіне топтастырылады. Басқаша айтқанда, ландшафтының әрбір ірі бөлігіне зоналық және азоналық факторлар әсер етеді, сондықтан бұлардың әрекетіне байланысты дамитын физикалық-географиялық бөлшектелу зандылығы физикалық-географиялық аудандастырудың теориялық негізі больп саналады. Бұлармен бірге географиялық қабатта жер бетінің әр түрлі бөліктерін, күрделі бір территориялық жүйеге біріктіретін процестер де (ауа массасының циркуляциясы, өсімдіктер мен жануарлардың орын ауыстыруы т.б. арқылы) әрекет етеді. Бөлшектеу мен топтастырушы процестер төменгі сатыдағы ландшафт бірлігінде қарқынды дамиды да, іріленген сайын баяулай түседі. Сондықтан физикалық-географиялық аудандардың көп сатылы жүйесі қолданылады, яғни физикалық-географиялық аймақ жеке шағын бөліктерге бөлінеді. Зоналы бөліктерге байланысты жер беті физикалық-географиялық белдеулерге, зоналарға, зона бөліктеріне, азоналық белгі бойынша физикалық-географиялық аймақтарға, облыстарға, аудандарға бөлінеді. Жергілікті жер жағдайларына байланысты бұлардың арасынан аралық бірлік бөлінуі мүмкін.

Зоналық қатардағы ең ірі ландшафт бірлігі — географиялық белдеу.

Белгілі бір территорияға күннен келетін жылу мөлшерінің ортақ тарауына байланысты бөлінетін ландшафтының жүйесін географиялық белдеу деп атайді

Әрбір географиялық белдеуде өзіне тән ауа массасы циркуляциясының, алмасуының, биохимиялық және экзогенді геоморфологиялық процестердің, теңіздік ағыстардың, жер беті суының ағындық режимі, өсімдіктердің өніп-өсуі, жануарлардың, қоныс аудару сипаты қалыптасады.

Жылу режиміне қарай солтүстік жарты шардан арктикалық, субарктикалық суық, солтүстік қоңыржай, солтүстік субтропиктік, тропиктік және экваторлық жылу белдеулерге бөлінеді. Осы сияқты белдеулер оңтүстік жарты шарда да бар. Жылу, ылғал режимінің бірдей болуына байланысты топырақ жамылғысы, өсімдіктер және жануарлар дүниесі мен экзогенді геоморфологиялық процесінің сипаты бірдей болып келетін ландшафтының жүйесін географиялық зона деп атайды.

Қазақстан жерінде жылу мен ылғалдың қатынасына байланысты орманды дала, шөлейт, шөл зоналары қалыптасқан. Азоналық ең ірі ландшафт бірлігі — физикалық-географиялық аймақ. Физикалық-географиялық аймақ геологиялық негізі (тектоникалық құрылымы) тұтас (қалқанды және плиталы жазықтар, қатпарлы-жақпарлы таулар, неоген-антропоген дәуірлеріндегі тектоникалық режимі ортақ, макрожер бедері мен макроклиматы бірдей зоналық және биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар құрлық бөлігінен тұрады. Жер қыртысының неотектоникалық қозғалысы мен теңіз трансгрессиясы (теңіздің құрлықты басып кетуі), құрлықтық мұздануы мен олардың еріген суы әрекетінен бөлшектеніп жер бедері мен климаттың жеке-дара типтері арқылы межеленетін жасы ортақ, зоналы немесе биіктік белдеулі ландшафт құрылымында өзіндік ерекшеліктері бар физикалық-географиялық аймақ бөліктерін облыс дейді.

Облыстардың зоналық немесе биіктік белдеулі бөліктері провинцияға, зонааралық немесе биіктік белдеу аралық бөліктері өлкеге, ал топырақ пен өсімдіктер жамылғыларының, топтары бойынша жіктелген бөліктері ауданға бөлшектенеді.

Азоналық ландшафтының қатарына таулы аймақ ландшафтысын жатқызуға болады. Кез келген нақтылы таулы аймақ географиялық орналасуына, түзіліс жолына және биіктік айырмасына қарай өзіне ғана тән ландшафтының биіктік белдеулерімен сипатталады.

Дәріс№10. Ландшафтының қолданбалы мәселелері

Техникалык, прогресс жетістіктерін халық шаруашылығының барлық саласында кеңінен пайдалану арқылы еңбек өнімділігін арттырып, өнімнің өзіндік құнын кемітуге болады. Ғылыми- техникалық революция табиғат байлықтарының жаңа түрлерін ашып, халық шаруашылық айналымына қосуда. Ландшафтының құрамымен құрылым ерекшеліктері сәулет өнерінде, инженерлік шешімдерде тиісінше ecкepіліп отыр. Егер XIX ғасырдың аяғында кейбір өсімдіктер мен жануарлардьң, қозғалу ерекшеліктері техника тетіктерін құрастыруға пайдаланып, бионика деп аталатын ғылым саласы дамыса, XX ғасырдың екінші жартысында г е о н и к а ғылымы ландшафттануды қалыптастырды.

Инженерлік ландшафттану ландшафтыны халық шаруашылығының түрлі саласында пайдаланудың қыры мен сырын қарастырады.

Жер шары халықтарының кәсіпшілігі аң аулап, балық ұстаудан басталғаны дәлелденіп отыр. Шаруашылықтың бұл саласын дамытудағы негізгі мәселе – аң мен балықтың ортаға үйлесімді жиілігін сақтау.

Алғашқы қауым дәуіріндегі халық санының аздығына байланысты ауланатын аң мен балық мөлшері азая қойған жоқ. Демек, адам әрекеті мен территориялық табиғат кешендерінің арасында қайшылық болмады. Сондықтан, табиғат байлықтарын пайдалануда табиғат құбылыстарын, процестерін, ландшафтының даму заңдылықтарын білу, тану қажеттілігі тумады.

Кәсіпшіліктің келесі сатысында егіншілік пен мал шаруашылығы дамыды. Егіншілік халықтың өзен бойындағы құнарлы жерлерге қоныс теуіп, орнықты өмір сүрулеріне себепші болды. Тұрақты қонысқа орныққан халық егіншілікті мал шаруашылығымен ұштастыра жүргізеді, шаруашылықтың басқа да салаларын дамытты. Осылай ландшафтының құрамдас бөліктерінің құрамына күрделі өзгерістер енді. Соның нәтижесінде, бір жағынан, ландшафты азса, екінші жағынан, олар жетіліп, түрленіп жаңа санаға ие болды.

Ландшафт пен адам әрекеті арасында қайшылық, әсірісе халықтың жиі қоныстанған жерінде мейлінше шиеленсіп, табиғаттың жағымсыз құбылыстарын жиілетті. Мұндай құбылыстар ландшафттану ғылымы қалыптасқанға дейін бір жақты қарастырылып келді. Табиғат байлықтарының бір жақты пайдаланылған құрлық бетіндегі орман алқаптарының ықшамдалуынан көруге болады. Егер бұдан 1,5 мың жыл бұрын жер шары құрлық бетінің 47%-ін орман алса, оның ауқымы қазір 27%-ке дейін кеміді. Ресейдің европалық бөлігінде XYII ғасырдың соңынан бері қарай уақытта орманның үштен бір бөлігі жойылып кеткен. Орман алқабы көлемінің тарылуы су және жел эрозиясының күшеюіне, ылғал балансының кемуіне әсер етті, ауаның шаң-тозаңнан тазаруын кемітті.

XIX-XX ғасырлардағы техникалық прогресс табиғатты зерттейтін ғылымдардың жаңа сатыға көтерілуіне, жаңа ғылым сатыларының қалыптасуына мүмкіндік береді. Мұндай сала қатарына биониканы, геониканы, ландшафттануды, т.б. жатқызуға болады.

Ландшафттану – территориялық табиғат кешендері мен олардың табиғат байлықтарының географиялық орналасуын, халық шаруашылығы айналымындағы рөлін, ландшафтының қолданбалы мәселелерін зерттейтін ғылым. Ландшафтының қолданбалы мәселелерін зерттеудің маңызы табиғат байлықтарын халық шаруашығы айналымына қосу ісінде күн сайын артып отыр. Мысалы, республиканың орталығы мен солтүстігіндегі егіс жерлер топырағының жел эрозиясына ұшырауы онымен күресу жолында белгіленген ландшафттанудың қолданбалы мәселелері ретінде күн тәртібіне қойылды. Осы сияқты көптеген көркі көз тартатын саялы жерлер ландшафттарында құрамдас бөлік аралық тепе-тендік демалушылардың көбеюіне байланысты бұзылуда. Сондықтан рекреациялық мәні бар ландшафтыны күту де ландшафттанудың қолданбалы мәселелерінің бірі болып саналады. Ландшафттанудың қолданбалы мәселелерін ландшафтының инженерлік, сәулетшілік, медициналық т.б. мәндерін зерттеп білу де жатады. Ландшафтыны қолданбалы мақсатпен зерттегенде табиғат пен адам қоғамы арасындағы байланыстың жағымды жақтарын қарастырып, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің өкілдерін асылдандыра беретін әдістер мен тәсілдерді таба білу керек. Демек, ландшафтының табиғат байлықтарын пайдалануда белгілі бір уақытта ғана өнім беріп, динамикалық тепе-тендігін сақтайтын қайтымды құрамдас бөліктерін ғана халық шаруашылығы айналымына қатыстыруға болады, ал қалғандарын ландшафтының құрамдас бөліктерінін, тізбекті байланыстарынан ажырап қалмастай етіп сақтау керек.

Ландшафтының табиғи байлықтарын еселеп арттыратын әдістер көп-ақ. Сондықтан белгілі бір аймақтың халық шаруашылығын, оның ішінде ауыл шаруашылығын қалыптастастыруда кез келген дақылдарды немесе малды өсіре беруге болмайды. Егістік дақылдар мен мал тұқымдарын аудандастырып, мол өнім беретін түрлерін өсіруге тиіспіз. Бұл жолда, сөз жоқ, белгілі бір аймақтың экологиялық жағдайы әбден ескереді, дақылдар мен мал тұқымдары жергілікті жер жағдайымен үйлесім тапқандай ғана жаратылыс берік тұрақтанады. Демек, зауыт, фабрика, электр станциясы, кен орындары сияқты өнеркәсіптік кешендердің қалдық заттармен ландшафтыны ластауға болмайды. Барлық өнеркәсіп кешендерін тұйық циклге көшіріп қалдық заттарды қайта өңдеудің маңызы ерекше зор. Қалдық заттары болмайтын өндіріс қана ландшафтының тазалығын сақтай алады. Зат алмасу процесіне қатыспайтын керексіз, лас қоқыстардан таза ландшафтарды ғана экологиялық жағдайдын жағымды жақтары байқалады. Мұндай ландшафтының типтік модельдерін қарастырып, олардың құрамы мен морфологиялық түзіліс құрылымының даму заңдылықтары бойынша жер беті ландшафтысының басқа түрлерінің экологиялық жағдайын жақсартуды ландшафттанудың қолданбалы мәселесінің негізгі бір түрі ретінде зерттеу керек.

Қандай ландшафт болсын жылу мен ылғал балансының қатынасына байланысты қалыптасады. Бірақ олар жер шарының барлық бөлігінде бірдей мөлшерде таралмаған. Суық белдеуде жылу, құрғақ шөлді аймақтарда ылғал жетіспейді. Сондықтан жылу мен ылғал балансының қатынасын теңестіру де ландшафттанудың қолданбалы мәселесінің бірі болып саналады. Алайда, суық белдеулерде де жетімсіз жылу мөлшерін ылғал балансымен теңестіру әдістері әзірше шешімін тапқан жоқ. Ал құлазыған шөлді, бетпақ даланы канал, тоған және жер асты суымен суландыру арқылы ылғал балансын арттырып, жылу балансымен теңестіруде азды-көпті тәжірибе жинақталды. Қазақстанда егістік пен шабындықты, мал жайылымын суландыру үшін ірі-ірі су жүйелері - Шардара, Тасөткел, Қапшағай, Бұқтырма су қоймалары, Ертіс-Қарағанды каналдары салынды. Бартоғай су қоймасынан тартылған Үлкен Алматы каналының маңындағы мыңдаған гектар жер ылғалға қанығып, халық игілігіне пайдаланылуда.

Қолданбалы ландшафттық зерттеуде түзілістік талдау, экономикалық баға беру, баланс құрастыру сияқты әдістер кеңінен қолданылып отыр.

Қандай да болсын ландшафттық зерттеу ландшафт картасын жасаудан басталады. Ландшафт картасын жасау процесінде зерттелетін аудан ландшафтысының таксономиялық бірлігі мен морфологиялық түзілісінің құрылымы талданып, жүйеленеді. Қолданбалы мақсатпен жасалынатын ландшафт картасы жалпы ғылыми анықтама жинақтау үшін жасалатындарынан қарапайым, пайдалануға қолайлы болуы арқылы ерекше көзге түседі. Олардың мазмұны халық шаруашылығы салаларының қажетіне қарай, қосымша аналитикалық (талдау) мағлұматтарымен толықтырылады. Мысалы, ландшафт картасы егінжайды орналастыру үшін жасалса, онда міндетті түрде топырақ жамылғысының құнарлылығы, минералды тыңайтқыштардың қандай түрін қажет ететіні, өніп-өсу кезеңіндегі күн сайын, т.б. қосымша мағлұматтар көрсетіледі. Мұндай мағлұматтар ландшафт картасының түсініктемесінде беріледі. Көпжылдық тәжірибеге қарағанда түсініктемені кесте түрінде берген жөн. Сонда ғана терри ториялық табиғат кешендерін бірімен-бірін салыстырып, олардың тиісті мәнін анықтау оңайға түседі.

Ландшафтыны инженерлік өнерде, сәулет өнерінде, медицинада, ауыл шаруашылығьнда және басқа мақсаттар үшін пайдаланғанда оларға экономикалық баға беруді қажет етеді. Ландшафтқа экономикалы баға беру өте күрделі жұмыс, бұл жолда жинақталған тәжірбие тиянақты тұжырым айтуға аздық етуде.

Ландшафтыны халық шарушылығының әр түрлі салаларында қолданбалы мақсат үшін пайдалануда олардың табиғат жағдайы мен шаруашылық зардабы арасындағы балансын есептеп, ландшафтының құрамдас бөліктері аралық тізбекті балансының тепе-теңдігін сақтау көзделеді. Мұның өзі әрбір аймақтың, облыс пен аудан шаруашылықтың, табиғи-экономикалық жағдайын толық дәрежесінде ескеретін ғылыми жағынан негізделген, жан-жақты ойластырылған егіншілік жүйесін енгізуді қажет етеді. Мәселен, егістік жер мен мал жайылымың пайдалану барысында көп танапты жүйені енгізу тиімді болып шықты. Баланс әдісі жер асты суы, ағаш қорғау, қайтымды табиғат байлықтарын игеруге өте қажет. Өнеркәсіптік құрылыс, қала салуға жарамды жерлер мен рекреациялық обьектілерді пайдаланғанда да ландшафт алмасу процестерінің нәтижесінде жиналған қалдықтарды кәдеге жаратып, оның зиянды әсеріне қарсы тұра алатындай дәрежеде даму керек. Ландшафт шаруашылықтың қалдық заттарын толығымен сіңірмей, оның әсеріне қарсы тұра алмаса, ластанады, қолданбалы мәнінен айрылады. Мысалы, бүгінге дейін біршама жасақталды деген Бурабай көлінің суы тартылып, таяздай бастады, оның деңгейі соңғы отыз жыл ішіңде екі рет төмендеп кетті. Себебі, Бурабай көлінен өндірістік мал үшін су көп алынады. Атап айтқанда, оның суын Шортанды құс фабрикасы пайдаланады. Курортты өлке дәл ортасында орналасқан бұл фабрикада су рәсуа етілуде. Көкшетаудағы Орман-тоғай ғылыми-зерттеу институты бұл мәселемен жөндеп айналыспайды. Осы кезге дейін бұл өңірдегі орман-тоғайды азайтпаудың, өзен, көлді сарқылтпаудың жобасы жасалынбаған. .

Ландшафтының қолданбалы мақсатпен зерттелуі баланс әдісі олардың келешектегі өзгеріс сипаттарын күні бұрын болжауға мүмкімдік береді. Қандай болжау болсын белгілі бір өлшеммен жүргізіледі. Ол қөпжылдық, жьлдық, маусымдық, айлық, онкүндік, тәуліктік болып бөлінеді. Болжаудың әрбір өлшемі әр түрлі қатардағы таксономиялық ландшафт бірлігі және әр түрлі қатардағы олардың морфологиялық түзіліс құрылымының сатысына сай келеді. Болжау арқылы ландшафтының жағымсыз өзгерісіне қарсы шара қолданылады да, олар қайтадан қалпына келеді.

Ландшафттыны конструкциялау арқылы халық ғасырлар бойы қалыптасқан табиғат құбылыстары мен процестеріне үйлесімді әсер етеді. Ландшафтыны қайта қалпына келтіру жолында көбінесе ылғал және топырақ құрамындағы минералды заттар балансының маусымдық, жылдық, көпжылдық режимдері реттеледі, агромелиорациялық жұмыстардың, жүйесі аудандастырылады, табиғаттың қолайсыз құбылыстарының қарқынын тоқтататын шаралар ойластырылады. Конструкциялық әрекеттер лаңдшафтының тұрақты қасиеттеріне сүйенгенде ғана жүзеге асады. Олар жергілікті жер жағдайына байланысын әр жерде әр түрлі болып келеді, сипаттарына қарай түрлі дәрежедей күтімді қажет етеді. Демек, ландшафтыны пайдалану, қорғау, конструкциялық жолмен қалпына келтіру кешенді шешімдердерді қажет ететін мәселе болып саналады.

Республика ландшафтысының түзілу әрекетін қажет әрекетін объектілерге Тың өлкесін, Арал және Балқаш алқаптарын, Маңғыстау өңірін, Жетісу бойын жатқызуға болады. Бұлардың әрқайсысы жергілікті жер ерекшелігіне карай түрліше, жолдармен қайта қалпына келтіріледі. Атап айтқанда, Тың өлкесін түзетуде жел эрозиясън болдырмау, Арал және Балқаш алқаптарында су балансының. жетімсіздікті толықтыру, Маңғыстау өңірінде саялы жер көлемін көбейту; ал Жетісуда ландшафт кешендерін аздырмау жұмыстарын атқару қажет. Аталмыш проблемалар бойынша орындалып жатқан жұмыстар аз емес, бірақ бұл істе жүйелілік жоқтың қасы. Дегенмен, республикалық экология орталығы ландшафтыны түлетіп, қайта түзу жұмыстарын бір жүйеге келтіретініне сенім мол. Ландшафтының экологиялық жағдайының жақсаруы бүкіл халыққа экологиялық білім беру ісімен тығыз байанысты. Өйткені экологиялық апатты құбылыстардың көбі ауыл шаруашылығында агромелиорациялық шараларды, өнеркәсіпте технологиялық жұмыстарды дұрыс мағынасында орындамағандықтан болып отырады. Мысалы, Іле және Сырдария өңірлеріндегі күріш егілетін аймақтардың дренажсыз суарылған жсрлерінде топырақ атындағы грунттың тұздары жер бетіне шығып, территориялық табиғат кешенерін ащы сорға айналдырып жіберген. Осы сияқты кен өңдіру технологиясы сақталмаған Қарашығанақ (Батыс Қазақстан облысында) газ-мұнай конденсаты өндірілетін кеніш маңындағы территориялық табиғат кешендерінің ауа, су құрамдас бөліктері грифонмен ластанып, өсімдіктер мен жануарлар дуниесінің дамуына, жергілікті тұрғындардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Міне, сондықтан да жалпыға бірдей экологиялық білім берген елде ғана территориялық табиғат кешендерінің дамуында құрамдас бөлік аралығының тепе-теңдігі сақталады.

Дәріс №11. Ландшафттар энергиясы мен даму қарқындылығы

Геожүйелер даму барысында энергияны сіңіреді, өзгертеді, жинақтайды, сонымен қатар оның біршама бөлігі босайды. Ландшафттарға энергияның алғашқы көзі космостан және жер қойнауынан келеді. Олардың ішіндегі негізгісі, тығыздығы жағынан басқаларынан бірнеше есе көп күннің сәулелі қуаты болып табылады. Ландшафттардың дамуындағы ең тиімдісі күн энергиясы болып есептеледі, өйткені оның энергиясы басқа түрлеріне айналу қасиеті бар: жылу, химиялық және механикалық. Күн энергиясының нәтижесінде ландшафттардың ішкі айырбас процестері: ылғал мен биологиялық метаболизм, ауа массаларының циркуляциясы іске асады. Яғни күн энергиясының трансформациясымен ландшафттағы вертикалдық және горизонталдық байланыстар тығыз байланысты.

Жер бетіне келіп жететін жиынтық радиациясының жылдық мөлшері шамамен 5600 МДж/м2-ге тең, ал жылдық радиациялық баланс 2100 МДж/м2. Егер де оны басқа да энергия көздерімен салыстыратын болсақ, онда космос сәулесінің жылдық энергиясы 10-4 МДж/м2-ге тең, қазіргі тектоникалық қозғалыстардың (соның ішінде сейсмикалық) энергиясы 0,03 МДж/м2-ге тең. Жер қойнауынан вулкандық атқылаудың, жер асты ыстық су көздерінен әсерінен келетін жылу ағынының жылдық мөлшері 2 МДж/м2 тең – сол жиынтық Күн раддиациясының 0,04 % сәйкес. Дегенмен территориялар бойынша бұл ағынның тығыздығы бірдей емес, оның әсіресе вулканды аймақтарда ландшафт құрушы рөлі зор. Вулканды аймақтарда геотермиялық энергияның жылдық мөлщері 20-50 МДж/м2, ал жергілікті вулкан кратерлерінде бірнеше мыңдаған МДж/м2, яғни күн энергиясының мөлшерімен тең. Кейбір вулкандық атқылауларда геотермикалық жылудың мөлшері 800 Дж/см2-ге тең, жылдық мөлшерімен есептегенде 2,5-10 МДж/м2.

Күн энергиясымен қамтамасыз етілу ландшафттардың даму қарқындылығын (егер ылғалмен қамтамасыз етілуі біріңғай болса), ал инсоляцияның жыл мерзімдері бойынша ауытқып отыруы ландшафттардың жылдық даму циклын анықтайды. Жер бетіндегі күннің электромагниттік сәулеленуі негізінде жылу энергиясына айналады да жылу ландшафттарда өзгеріске түскен соң қайтадан космос кеңістігіне сәулеленеді.

Жер бетіне келіп түсетін күн радиациясының өзгеруі оның біршама бөлігінің жер бетінен шағылуынан басталады. Күн радиациясының шағылу қарқындылығы ландшафттардың жер бедерінің пішініне байланысты ауытқып отырады. Мысалы, жаңа жауған қардың альбедо мөлшері 0,8-0,95, еріп жатқан қардың 0,3-0,60, ашық түсті тау жыныстарының, құмдардың 0,2-0,4, қара-қоңыр тау жыныстары мен топырақтардың 0,5-0,1, қалың өсімдік жамылғысының 0,2-0,25, мүкті-қыналы тундраның 0,15-0,25, қарағайлы орманның 0,1-0,15 тең. Сонымен қатар сәулелену тиімділігі сәуле шығаратын жердің температурасына, бұлттылығына байланысты болғандықтан, ландшафттар бойынша өзгеріске ұшырап отырады. Осының нәтижесінде жиынтық радиациясының көп мөлшерін поляр маңы ландшафттары (арктикалық шөлдер шамамен 87%, келесі тундралық 80 %), сонымен қатар шөл ландшафттары 65% жуығын жоғалтады екен. Ал төменгі көрсеткіш экваторлық орман ландшафттарына тән болып келеді.

Дәріс №12. Жердің ландшафтылық сферасы

Ландшафттық сфера географиялық қабықтың бөлігі ретінде қарастырылады, яғни басқа қалған сфералар белсенді араласатын қабық, оның вертикальді өлшемі ландшафттардың «қалыңдығымен» өлшенеді.

Ландшафттық сфера әр түрлі геосфералардың бір-біріне ену, бір-бірімен байланысу нәтижесінде пайда болған, бейорганикалық және органикалық дүниенің элементтерінің күрделі кеңістіктік-уақыттық динамикалық жүйесі ретінде қарастырылады. Бұл сферада әр түрлі геосфералар арасындағы зат пен энергияның ең белсенді алмасуы жүріп жатады, мұнда олар (геосфералар) жанасады және бір-біріне енеді.

Ландшафттық сфераның шегінде антропосфера жасаған адамзат қоғамы қалыптасты деп есептеледі. Ландшафттық сфераның қасиеттерінің қалыптасуында қазіргі кезде әлеуметтік-экономикалық процесстер қатысады. Бұл сфераның құрылымдық элементтері ландшафттар болып табылады.

Территориялардың ландшафттық ерекшеліктерінің шаруашылықтың өндірістік бағытына, оның мамандануына әсері күмәнсіз. Табиғи-территориялық ландшафттық айырмашылықтарды есепке алып отыру керек, әсіресе табиғи ресурстарды ауылшаруашылық мақсаттарда пайдалану кезінде.

Ландшафттық сфераның біртұтасығы. Ландшафттық сфераның барлық табиғи компонеттері (жер бедері және тау жыныстары, атмосфера, су, топырақтың жермен жанасатын қабаты, өсімдік және жануарлар әлемдері) ішкі байланыс пен дамуда болады; біртұтас кешен ретінде оларды физикалық географияның жеке саласы – ландшафттану зерттейді. Бүкіл жерде ландшафттық сфераның табиғи компонеттерінде антропогендік іс әрекеттердің іздері байқалады.

Органикалық дүниенің Жердегі пайда болуы мен дамуынан бастап, құрлық пен мұхиттардың ландшафттары қалыптаса бастады. Бұл үрдіс қазір де жалғасып жатыр, бұны географиялық қабықтың сфералары мен оның табиғи компоненттерінің алуан және күрделі байланыстары көрсетеді.

Ф. Н. Мильков бойынша ландшафттық сфера бірнеше нұсқаларға жіктеледі: 1) ландшаттық сфераның жер беті нұсқасы; 2) жер-су нұсқасы; 3) су (су беті) нұсқасы; 4) мұздық нұсқа; 5) түптік (су асты) нұсқасы.

Жер беті және жер-су «нұсқаларына» ғана үш сфераның тура жанасуы мен белсенді байланысы тән. Су нұсқасында литосфера жоқ, су асты нұсқада (200 м-ден терең) – атмосфера жоқ. Мұз нұсқасы басқаларына қарағанда метрмен емес, километрмен есептелетіндіктен, шартты түрде тағы екі нұсқаға жіктелу керек: мұз беттік (мұз бен ауаның тура жанасуы) және мұз тереңдік (мұз бен литосфераның тура жанасуы).

Дәріс№13. Антропогендік ландшафт

Антропогенді ландшафт – мәдени ландшафттың бір түрі, табиғи ландшафттыға қарама-қарсы болып келеді. Яғни антропогенді ландшафт – адам өзгерткен ландшафт.

Ф. Н. Мильковтың анықтамасы бойынша: «антропогенді ландшафтқа адам қайтадан жасаған ландшафттары мен адам әсерінен өзгеріске ұшыраған кез-келген компонентінің, оның ішінде өсімдік пен жануарлар әлемдері өзгеріске ұшыраған барлық табиғи кешендері жатады».

Қазіргі ландшафттардың көп бөлігін антропогенді деп есептеуге болады, себебі олар белгілі бір мөлшерде адамның әрекеті нәтижесінде өзгеріске ұшырады. Ормандардың кесілуі, террикондар – адамның табиғатты өзгерту мысалдарының негізгілері ғана.

Қазіргі кезде адам құрлық ауданының 56 %-ын әр түрлі дәрежеде өзгертті, ал 20 %-ында оларды түпкілікті өзгеріске ұшыратты.

Антропогенді ландшафттар табиғи ландшафттардан өте өзгеше болып келеді. Оларға биологиялық айналымның, жылу режимінің қайта құрылуы, топырақ процесстерінің бағыты, тірі ағзалардың саны мен түрлерінің өзгеруі тән. Антропогенді ландшафттардың басты ерекшеліктері ондағы болып жатқан қайта құрулар ну табиғатқа қарағанда тез жүреді және олар табиғи өзіндік даму қасиетіне ие болмайды.

Шаруашылық әрекеттердің әсерінен табиғи ландшафттардың өзгеру деңгейі бойынша оларды алты негізгі топтарға жіктеуге болады:

  1. Өзгеріске ұшырамаған дерлік: мұздықтар, биіктаулық және өте құрғақ шөлдер, пайдалынылмаған ормандар мен шалғындар (оның ішінде қорықтар), яғни игерілмеген немесе адам саналы түрде қорғайтын ландшафттар;

  2. Әлсіз өзгертілген, оларда негізгі табиғи байланыстар бұзылмаған. Оларға тиімді пайдалынылатын ормандар, табиғи шалғындар, жайылымдар, су қоймалары және ұлттық парктер;

  3. Бұзылғандар – табиғи ресурстарды ұзақ уақытты тиімсіз пайдалану нәтижесінде пайда болғандар;

  4. Өте бұзылғандар, олар үшінші топтағы сияқты себептерден пайда болған және көбінесе табиғи процесстердің тұрақсыз тепе-теңдік жағдайларында (екінші реттік тұздану мен батпақтану, қозғалмалы құмдар, тастанды тау жыныстарының қалдықтары) пайда болады;

  5. Қайта құрылған немесе мәдени – алқаптары, көпжылдық мәдени өсімдіктер плантациялары, егілген шалғындар, жасыл желектер, табиғи орман саябақтары. Бұл ландшафттарда табиғи байланыстар белгілі бір дәрежеде мақсатты түрде өзгертілген. Олар үнемі қопсыту, мелиорация, топырақтың химиялануы, адамға қажетті өсімдіктер мен жануарларды өсіру, алқаптарды қорғайтын орман-бұталы жолақтарды жасау жолымен қолдау көрсетіледі;

  6. Жасанды ландшафттар, табиғи негізде адамның қолымен жасалады. Бұл – қалалар мен ауылдар, өндірістік-энергетикалық және көліктік жолдар, су бөгеттері мен жасанды су қоймалары.

Дәріс №14. Қазақстанның жазық аймақтарының ландшафтылары

Қазақстан жерінің 90%-ін жазық алып жатыр. Олар оңтүстіктен солтүстікке 1600 км-ге, батыстан шығысқа 3000 км-ге созылған. Геологиялық-геоморфологиялық, радиациялық, атмосфералық, циркуляциялық факторлардың зоналық айырма жасап әрекет етуіне қарай орманды дала, дала, шөлейт, шөл зонасы ландшафтысының территориялық бөлшектенуіне себепші болған.

Орманды дала зонасының ландшафтылары. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Көкшетау, Павлодар облыстарында таралған, оңтүстік шекарасы Қостанай және Көкшетау қалаларының ендіктері бойынша өтеді, жалпы көлемі 1 млн-га, Қазақстан территориясының 0,4%. Бұл жердің тектоникалық құрылымы жер қыртысының мезозойға дейінгі қатпарлану кезінде түзілген, мезокайнозойлық тарихы жас платформалық жазықты жағдайда өтуде. Қазіргі жер бедері тегіс, жазық, ал оңтүстігінде ежелгі таулардың ұсақ шоқылы жұрнақтары сақталған қырат. Жер бедері кешендерінің пішіндері мен топырақ қабатын аллювийлі саздақтан, ұсақ құмнан тұрады. Топырақ пен грунт қабаты ылғалға көп мөлшерде қаныққан, көбіне гидроморфты болып келеді. Бұл зонаның климаты қоңыржай континенті, 10˚С-тан жоғары ауа температурасының жылдық қосындысы 1950-2200˚С, жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, ылғалдану коэффициенті 0,77-0,56. Өніп-өсу кезенінің ұзақтығы 120-145 күн, қуаңшылық жылдардың қайталануы 20-30%. Мұнда Батыс Сібірдің орманды дала ландшафтысының қазақстандық нұсқасы дамыған.

Дала зонасының ландшафтылары. Қазақстан жеріндегі дала ландшафтылары Каспий маңы ойпаты жазығынан Алтай тауларына дейінгі 2200 км-ге созылған. Олардың ені жер бедері, климаты т.б. ландшафт түзуші факторларға байланысты 40-140 км-ге (кейде 400 км-ге жетеді) дейін ауытқиды. Дала ландшафтылары 77 млн.га жерге тараған, яғни республика жерінің 29%-ін алып жатыр. Олар Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Торғай үстіртінде, Сарыарқа және Батыс Сібір ойпатының Қазақстандық бөлігінде дамыған. Бұл жерлердің тектоникалық құрылымы мен геологиялық құрылысы әр түрлі болып келеді. Орал, Мұғалжар тауларына дейінгі батыс бөлігі ежелгі платформаның плиталы жазығынан тұрады. Мұнда дала ландшафтысы теңіз табанды, саз балшықты, борлы жыныстардың негізінде қалыптасқан. Жазы ыстық, құрғақ, жиі-жиі аңызақ жел соғып тұрады. Атмосфералық жауын-шашын көбіне батыстан келетін ауа массасымен тасымалданады. Олар негізінен жылдың жылы айларында түседі. Жауын-шашының жылдық орташа мөлшері 310-220 мм. Территорияның ылғалдану коэффициенті 0,57-0,27. 10˚С-ден жоғары болатын ауа температурасының жиыны 2150-3000˚, өніп-өсу кезеңі 135-170 күндей.

Территориясының ерекшелігіне қарай далалық ландшафт типі төмендегіше төрт зонаға бөлінеді: Олар: 1) кәдімгі шіріндісі орташа қара топырақты жердегі әр түрлі шөптесінді боз өскен қоңыржай қуаң дала; 2) шіріндісі шамалы жердегі әр түрлі шөптесінді-бетегелі – боз өскен қуан дала; 3) күнгірт қызыл қоңыр топырақты жердегі бетегелі – боз өскен қоңыржай құрғақ дала; 4) нағыз қызыл қоңыр топырақты жердегі бозды бетеге өскен дала. Бұл аталған дала ландшафтысының зона бөліктерінің барлығында да кешенділік байқалады.

Шөлейт зонасының ландшафтылары. Бұл зона Каспий маңы ойпатынан Алтайға дейін 2900 км-ге дейін созылған, жалпы көлемі 44 млн-ға немесе республика территориясының 16,5 %-і. Негізінен Каспий маңы ойпатының солтүстігінде, Орал алды үстіртінің, Торғай төрткүлді жазығының және Сарыарқаның оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Жезқазған, Қарағанды, Семей облыстарының территориясында таралған. Климаты құрғақ континентті қуаңшылық жағдайда қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 230-180 мм, ауа температурасының жылдық қосындысы 2900-3300 ˚С , ылғалдану коэффиценті 0,28-0,20, өніп-өсу кезеңінің ұзақтығы 170 күннен астам, қуаңшылықтың қайталануы 80-90 %-ке жетеді. Жыл маусымдары айқын байқалады. Жазы ыстық, шілдедегі орташа ауа температурасы 20,4-24,50С, ең жоғарғы температура +440С, қысы суық қаңтардағы орташа ауа температурасы -13,4-16,90С, ең төмеңгі температурасы -530 (Ақадырда). Қар жамылғысы жұқа (10-15см), топырақ қабатындағы тоңның қалыңдығы 1,5-2 м. Жергілікті өзен торы нашар дамыған, жылдық ағыны 10 мм. Көл суы ащы, кейде тұзды болып келеді, көбінесе реликтілі қалдықтар. Еспе және жерасты суы да ащы болып келеді, капилярлық жолмен көтерілген су ойпаң жерлердің грунтын хлоридті-сульфат тұздарымен ащыландырады. Ландшафтылардың биоқұрамдас бөліктері қуаңшылыққа төзімді болады. Топырақ жамылғысы қызыл-күрең топырақ типінің түрінен түзілген. Олардың қордаланған қарашірік қабаты жұқа (25-40 см), оның құрамы төмен (2-4%). Қарашірікті құрылымына, тұздылығына және карбонаттылығына қарай қызыл-күрең, ашық түсті қызыл-күрең, шалғынды қызыл-күрең топырақ немесе олардың сортаңды, карбонатты топырақтар әрі ащылау, әрі құрғақтау болып келетін жерде түзіледі.

Өсімдіктер жамылғысы алуан түрлі болып келеді. Оларға жататындар: бетегелі-боз, жусанды бетеге, бетегелі-көделі-еркекшөп, көделі-жусан, жусанды көкпек, т.б. өсімдік топтары. Жануарлар дүниесіне далалық және шөлдік фауна қатар дамыған. Олардың жиі кездесетін түрлері – сарытышқан, зорман, сасықкүзен, қарсақ, түлкі, қасқыр, ақбөкен, дала бүркіті, бұзаубас, бүйе, қарақұрт, қара-шұбар жылан, кесіртке тасбақа, т.б.

Шөлейтті ландшафт геологиялық-геоморфологиялық негізі, климат және табиғат жағдайларының айырмашылығына қарай Шығыс Европа, Торғай және Орталық Қазақстан ландшафтылы аймақтарға бөлінеді

Шөл зонасының ландшафтылары. Шөл ландшафтылары Қазақстандағы жазықты аймақтардың оңтүстігіндегі Каспий маңы ойпатында, Маңғыстауда, Үстіртте, Арал маңында, Қызылқұмда, Мойынқұмда, Бетпақдалада, Балқаш маңында тараған. Жалпы көлемі 117 млн га.

Жер бедерін пішіні мен топырақ қабатын түзуші жыныс саз балшықты, саздақты, құмды, кесектасты және қиыршықтасты болып келеді. Саз балшықты теңіз табанды жазықтар Каспий маңы ойпатында, Үстіртте, Бетпақдалада тараған. Бұл жерде топырақ пен өсімдік жамылғысы нашар дамыған, тақыр жер көп кездеседі. Тақыр жер көктемде ылғалға молынан қанығып, тартпа келеді және жер бетінің құрғап қалу нәтижесінде жарықшақтанып жатады. Саздақты жыныстардан түзілген шөл Орал алды үстіртінде, Солтүстік Балқаш маңында, т.б. еңсесі биік қат-қабатты жазықта дамыған. Шөлдің мұндай түрінде топырақ пен өсімдік жамылғылары біршама қолайлы жағдайда қалыптасқан. Құмды шөлден Нарын құмын, Арал маңы қара құмын, Үлкен және Кіші Борсық құмдарын, Қызылқұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау құмдарын атауға болады. Бұларға конденсациялық жолмен тұщы су қоры жиналады да, псамофитті өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай туады.

Шөлді ландшафтыларында климат құрғақ континентті болып қалыптасқан. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 мм-ден 100 мм-ге дейін ауытқиды. Ылғалдану коэффициенті 0,22-0,10. Ауа температурасы 100С-ден жоғары, жылдық қосындысы 3200-40000С. Суармалы жерлерде өніп-өсу кезеңі 200 күнге жетеді. Жазы ыстық, құрғақ; қысы суық, қар аз түскендіктен өсімдік жамылғысы шамалы, топырақ тоңының қалыңдығы 1,5-2 м. Көктемі қысқа. Көктемде эфемерлер мен эфемероидтар көктеп жетіледі, кейбіреулері тұқым беріп үлгереді. Күз жылы мезгілдерінің ең жақсы маусымы. Экологиялық жағдайдың маусымдық ырғағы жануарлар тіршілігінің негізгі факторы болып саналады. Олардың көптеген түрлері қыс және жаз айларында ұйқыға кетеді. Қазақстан шөлдерінде тіршілік ететін жануарлардың ландшафтты түрлеріне кіші сарытышқан, зорман, қосаяқ, шағыл мысығы, қарсақ, түлкі, қасқыр, қарақұйрық, қарақұс, қаршыға, ителгі, улы қара-шұбар жылан, кесіртке, тасбақа, бұзаубас, бүйе, қарақұрт, т.б. жатады. Омыртқалы жануарлардың шикідей зоомассасы 365 кг/м2, тундра мен тайга ландшафтысынан асып түседі.

Дәріс №15. Қазақстанның таулы аймақтарының ландшафтылары

Қазақстан жерінің 10%-ын таулы аймақтар алып жатыр. Ландшафт түзуші факторлары таудың биіктігіне және белгілі бір ендік немесе бойлық бойындағы климаттық бөліктерде орналасуына байланысты болады. Жазық жерге қарағанда тау ландшафтыларының ішкі құрылымы күрделі әрі әртүрлі болып келеді. Тауда ландшафтылы зоналар мен белдеулердің бір-бірімен орын алмастыруы жиі кездеседі. Биіктіктегі орынына қарай Қазақстан тауы аласа, биіктігі орташа және аса биік таулы аймақтардың ландшафтысы болып бөлінеді.

Аласа таулы аймақтардың ландшафтылары. Республика территориясындағы аласа таулы аймақтарға онша биік емес тау сілемдері мен Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 1900-2100 м-ге дейінгі бөліктері жатады. Аласа тау сілеміне Маңғыстау, Мұғалжар, Ұлытау, Көкшетау, Қарқаралы, Қызылтас, Баянауыл, Ерейментау, Шыңғыстау, Қаратау, Шу-Іле, Қалба тау жоталары да кіреді.

Қазақстандағы аласа таулардың геологиялық құрылысы бір-біріне өте ұқсас, көбіне метаморфтанған палеозойлық тақтатастан, құмтастан, кварциттен, мәрмәрленген әктәстан, гранитті, гранитоидты интрузиядан, жанартаулы эффузивтерден тұрады. Тек Маңғыстау тауы ғана пермь, триас дәуірлерінің метаморфтанған құмайтты, тақтатасты, және конгломератты жыныстардан түзілген.

Қазақстанның аласа тауларында шөл, шөлейт, дала, орманды дала және орман типтес ландшафтылар тараған.

Аласа таулардың шөл типтес ландшафтылары Маңғыстау таулары мен Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы, Тарбағатай, Сауыр, Алтай тауларының 500-700 м-ге дейінгі тау жоталарында, тау алды, тау іші жазықтарында тараған. Бұл жерлерде табиғи ландшафтылар өте құрғақ континентті климат жағдайында қалыптасқан. Қысы қатты, қара суықты болып келеді, тұрақты қар жамылғысы болмайды. Көктемі жылы, қысқа, тез өте шығады, эфемерлер мен эфемероидтардың ғана көктеп, өсіп жетілуіне қолайлы. Жазы ыстық, құрғақ, ұзаққа созылады. Жазда өсімдіктері қурап қалады, көптеген жануарлары биологиялық тыныштық күй кешеді. Күзі жылы, ылғалды болып келеді, өсімдіктердің күздік өсіп-өнуі өтеді, жануарлары қоданып үлгереді. Көктем мен күзде арктикалық ауа массасының енуіне байланысты жиі-жиі үсік жүреді. Ол кейбір жылдары екпе дақылдарға орасан зор зиян келтіреді. Климаттың құрғақшылығын орташа жылдық жауын-шашынның 1500 мм-ден аспайтындығы дәлелдейді. Жауын-шашыны көбіне жерортатеңіздік сипатта түседі. Энергиялық байлықтың мол қоры болғанымен, ылғал балансының кемдігіне байланысты ландшафтының құрамдас бөліктері онша жақсы жетілмейді. Таудан бастау алатын Талас, Шу, Іле, Қаратал, Ақсу, Лепсі сияқты өзендер есебінен шөл зонасындағы суармалы егістіктің көлемі кеңейіп, ландшафтының оазисі түзілуіне себепші болып отыр. Олар әсіресе соңғы жылдарда ғана шөл зонасының ландшафт құрылымынан орын алады.

Биіктігі орташа таулы аймақтардың ландшафтылары. Қазақстан жерінде биіктігі орташа таулар Тарбағатайдан басқа таулы аймақтарда жеке дара тау жүйесін құрамайды. Олар Тянь-Шань, Жоңғар, Сауыр, Алтай тауларындағы абсолют биіктігі 800-1300 м-ден 2300-2900 м-ге дейінгі тау жоталары мен беткейлерінде, тау іші жазықтарында орналасқан. Бұл ландшафтының қалыптасуында геологялық-геоморфологиялық ерекшелігімен бірге ауаның таулық-жазықтық циркуляциясы, ауа массасының жоғары көтерілуі, атмосфера шептерінің алмасуы негізгі фактор болып саналады. Осы процестердің негізінде биіктігі орташа таулы қабатта жауын-шашын мол түседі, оның жылдық орташа мөлшері 550-800 мм, Алтайда 1000-1500 мм-ге дейін жетеді.

Жауын-шашын мол түсетіндіктен, өзен торы жиі, суы мол болады. Олар жер бетін жер қыртысының тектоникалық жарықтары бойынша қарқынды түрде тілімдеген. Осылай тереңдігі 200-300, 300-500, 500-700 м-ге жететін шатқалдар пайда болған, беткейлерден шайылған жер бетінің шайындылы жыныстары тау іші жазықтарын толтырған. Мысалы, Іле бойы, Сөгеті, Жалаңаш, Қарқара сияқты тау іші жазықтарындағы малта тасты, құм аралас саздақты жыныс қабаттарының қалыңдығы бірнеше жүздеген метрге жетеді. Орташа биік таулы қабатта ауаның жылдық орташа температурасы 5-100С. Температураның 100С-ден жоғары жылдық қосындысы 1000-20000С. Өніп-өсу кезеңі 98-ден 166 күн шамасында ауытқиды. Ландшафтының құрылымында беткей көрінісіне байланысты болатын биіктік белдеу айырмашылығы айқын байқалады, 150-200 м-ге дейін жетеді. Мұнымен бірге, әр жердегі таудың бірдей абсолют биігінде әртүрлі ландшафт белдеулері кездеседі. Жалпы Қазақстан жеріндегі биіктігі орташа тауларда далалы, орманды-шалғынды-далалы ландшафт типтерін құрайтын биіктік белдеу тараған.

Аса биік таулы аймақтардың ландшафтылары. Қазақстандағы аса биік тауларға Тянь-Шаньдағы Өгем, Талас, Қырғыз, Іле Сырты, Күнгей, Теріскей, Кетпен, тау жоталары, Жоңғар Алатауындағы Қояндытау, Тоқсанбай, Тышқантау, Солтүстік Жоңғар Алатауы тау жоталары, Сауыр тауы, Алтайдағы Оңтүстік Алтай, Қатын тау жоталары жатады.

Қазақстан жеріндегі мезокайнозой кезеңдерінде тегістеліп жас платформалық жазыққа айналған ежелгі каледон және герцин қатпарлы тауларын альпілік кезеңіндегі тектоникалық белсенді бөліктерінде қазіргі қатпарлы-жақпарлы аса биік жаңа тау түзілген. Олардың абсолют биіктігі 3000-4000 м, Хан тәңірі қазақстанның ең биік нүктесі (6995 м). Аса биік таулар метаморфтанып тастанған қара, жасыл түсті тасты, кварцитті, гнейсті, мәрмерленген әктасты, құмтасты жыныстардан, гранитті, гранитоидті интрузиядан және жанартаулық эффузивтен түзілген.

Аса биік тауларда климаттың биіктік белдеулігі байқалады. Климаттық биіктік белдеулер таудағы ауа массасы мен айналасындағы жазықтардағы ауа массасының тәуліктік, маусымдық циркуляциясына, ауа температурасының биіктік артқан сайын кемуіне, температуралық инверсияға, ауа фронттарының күрделенуіне, ауадағы су буының конденсациялану және сублимациялану процестерінде қалыптасады. Әрбір 100 м көтерілген сайын ауа температурасы 0,5-0,60-қа суынады, орташа жылдық жауын-шашын 50-60 мм артады, өніп-өсу кезеңі 3-5 күнге кемиді.

Аса биік таулардың топырақ, өсімдік жамылғысы жылу аз, ылғалы мол жағдайда дамыған. Гумидті процеске қарағанда өсімдік қалдықтарының шала шіріп, қара қордаға айналуы басым. Тасты жыныстары төменгі температуралық ортада суыққа шыдамай жарылып, үгіледі, сөйтіп ол кесек тастардан тұратын топырақ, өсімдік жамылғысы жоқ жалаңаш тасты ландшафт белдеуін құрайды. Аса биік таулардың төменгі бөлігінде шымды топырақпен жамылған шалғынды-далалы ландшафтылар тараған. Олар субальпілік белдеулерін құрайды. Аса биік таулардың жоғарғы бөлігінде таулы тундра мен нивальді және гляциальді ландшафт типтері дамыған.

Субальпілік шалғын тараған ландшафт белдеуі абсолют биіктігі 2200-2500 м-ден 2600-3200 м-ге дейінгі тау жоталары мен беткейлерінде орналасқан. Көбіне теріскей беткейінде, тегістелген тау жоталарында дамыған. Субальпілік шалғын таулы шалғынды қара топыраққа өсетін түлкіқұйрық, қазтамақ сияқты дәнді шөптесін топтары мен әртүрлі шөптесін құрайды. Таулы шалғынның қарсысындағы күнгей беткейдің таулы далалы топырағында бетеге, аққонақ сияқты дәнді шөптесін өскен даласы және күреңсе, өлеңшөп өсетін шалғынды-далалы белдеу тараған. Шалғынды да, далалықта да арша ағашы өседі. Оның беткейді бекітудегі маңызы зор. Күнгей беткейді жартас пен қорымтасты үйінділер жиі кездеседі. олар шалғыныды-далалы жайылымының құнын төмендетеді.

Субальпілік ландшафт белдеуін альпілік ландшафт белдеуі алмастырады. Оның абсолют биіктігі таудың табиғат жағдайына байланысты болатын таулы аймаққа түскен ылғал мөлшері артқан сайын тау басынан етегіне қарай төмендейді. Альпі белдеуі, Алтайда 2000-2500, Сауыр-Тарбағатайда 2500-3000, Жоңғар Алатауында 2200-3000, Тянь-Шаньда 3000-3700 м биіктікте тараған. Белдеудің күнгей және теріскей беткейінде бірдей болмайды, айырмасы 100-200 м-ге жетеді. Бұл айырма ландшафт құрылымынан байқалады. Теріскей беткейде таза шалғын тараса, күнгей беткейде ландшафт кешені шалғынды-далалықтан құралады. Топырақ пен өсімдік жамылғысы жоқ жартас пен қорымтас кездеседі. Альпі белдеуінің жер бедері жас болып келеді. Ойыстар, шатқалдар, қия беткейлер, қырлы тау жоталары осы кездегі жер бедері кешенінің негізгі пішіні болып саналады.

2900-3100 м-ден 3400-3800 м-ге дейінгі биіктікте таулы тундра ландшафт белдеуі орналасқан. Бұл – таулы-шамды, жартылай шымтезекті топыраққа өскен жатаған шөпті көгал жұрнақтары бар ірі-ірі құздар. Таулы тундра өсімдіктерінің өніп-өсу кезеңі өте қысқа болады, күн сәулесі ауада сүзілмей түскенімен қызу бермейді, түн суық, күндіз салқын, жел күшті соғады, топырақ беті тоң болып жатады. Топырақ, өсімдік жамылғысы нашар дамыған. Таулы тундра топырағына мүк, қына, жатаған бұталар ғана өседі. Ландшафт кешенінде жалаңаш тасты жерлер басым орын алған

Аса биік таулы нивальді және мұздықты ландшафтылар тау жоталарының қырқалары мен құзды шыңдарында бір-біріне кірігісе орналасқан. Олардың ландшафтылық белгілерін ажырату өте қиын. Мұнда әрекеттің практикалық мәні де жоқ. Қарлы және мұзды ландшафт белдеулерінің төменгі шегі биіктік жөнінен қар жиегінің биіктігіне сәйкес келеді. Теріскей беткейдегі абсолют биіктігі Алтайда 2700-2800, Сауыр мен Тарбағатайда 3000-3100, Жоңғар Алатауында 3200-3300, Тянь-Шаньда 3500-3600 м-ден жоғары тараған. Ландшафтылары арктикалық климат секілді қатал суық жағдайда қалыптасқан. Ішкі ландшафт құрылымы тау жоталарының үшкір шыңды басынан, мұздықтан, мореналы үйіндіден, мореналы көлден түзілген. Бұл белдеуде жер беті жынысы суыққа шыдамай күшті үгіледі. Қар мен мұздықтың шұғыл еруі кезінде үгінді жыныстан балшықты-тасты сел тасқыны пайда болады. Ланшафт кешенінде таулы-аңғарлы мұздық, қайраңды мұз, биік таулардың беткейіндегі мұзды алаң, көшкінді қорымтас, мореналы қайраң жиі кездеседі.