- •1 . Әлемдегі солақай тұлғалар, олардың әлемдегі әдебиетке, мәдениетке, саясатқа, ғылымға, өнерге, спортқа тигізген үлестері.
- •2. Халықаралық солақайлар күнінің жариялануы
- •Солақайлар туралы 13 қызықты факті
- •3. Әлемдегі ұлы солақай қолбасшылар мен ел басқарған саясаткерлер.
- •4. Қазіргі қазақ елінен шыққантанымал солақай тұлғалардың өмірі, жеткен жетістіктері.
- •Рецензия
3. Әлемдегі ұлы солақай қолбасшылар мен ел басқарған саясаткерлер.
Солақайлардың оңқайларға қарағанда табысты келетінін жоғарыда айтқанбыз. Оны мына мәліметтер де дәлелдеп отыр. 2006 жылы Лафейет колледжі мен Джон Хопкинс университеті жүргізген зерттеу нәтижесі колледж бітірген ер кісілер арасында солақайлардың 15 пайызының жоғары білімді солақай еркектердің 26 пайызының, оңқай еркектерге қарағанда қалталы, яғни, бай болатынын көрсеткен. Бұл дегеніңіз, оңқайларға қарағанда солақай жандардың еңбекқор, жетістікке жету жолында табанды, епті келетінін білдіреді.
Солақайлар қолбасшылардың қатарында Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Наполеон Бонапарт, Александр Великий сынды танымал тұлғалар бар.
Жанна
д Арк
Юлий
Цезарь
Ел басқарған солақай тұлғалар: ағылшын патшайымы Елизавета ,
Кеше ғана қайта сайланған Американың 45-і Президенті Барак Обама, Бенжамин Франклин, Куба басшысы Фидель Кастро, Американың президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, Билл Клинтон.
6
Американ актері, Голливуд жұлдызы, шытырман оқиғалы фильмдердің басты қахарманы Силвестер Сталлони
4. Қазіргі қазақ елінен шыққантанымал солақай тұлғалардың өмірі, жеткен жетістіктері.
Ұлтымыздың біртуар азаматы, сазгер-күйші Нұрғиса Тілендиевтің домбыра тартқанда буынсыз бишіге ұқсайтыны баршаға мәлім. Осыны байқаған биші ұстаздар Нұрғиса ағаны консерваторияда оқып жүргенінде би факультетіне алып кеткен. Арада біраз уақыт өткенде халқымыздың тұңғыш музыкатанушысы Ахмет Жұбанов оны қолынан жетектеп, домбыра класына қайта әкелген.
Ал еліміздің танымал суретшісі Гүлфайруз Исмайлова Ресейде оқып жүргенінде сол қолымен сурет салуға ұялып жүргенін байқаған ұстазы оның жанына келіп «сен ұялма, қай қолың ыңғайлы сонымен сала бер» деп әлемге әйгілі суретші Леонардо да Винчидің де сол қолымен сурет салғанын айтады.
Сондай-ақ,
халқымыздың тұңғыш спорт журналисі
болған Сейдахмет Бердіқұлов та солақайлар
қатарынан.
Солақайлар спорт әлемінде оңқайларға қарағанда зор табысқа жетеді екен. Әсіресе, бокс пен тенниске ебі болса, бағының жанғаны.
Сондықтан да олар әлемдік додаларда алдарына жан салмай келеді. Осыны білген Ермахан Ибраимов солақай болмаса да солақай секілді қарсыластарына қулығын асыратынын көпшілікке айтқан болатын.
Лондон Олимпиадасында абыройымызды асқақтатып алтын медаль алған Серік Сәпиев те солақай екен.
Бейжің
олимпиадасының 2008жылғы жеңімпазы Бақыт
Сәрсекбаев
«Мен домбыраны сол қолыммен тартамын. Нұрғиса Тілендиев атамыз да домбыраны сол қолымен тартқаны бәрімізге белгілі. Сондықтан да күй өнерінде керемет күйші, нағыз шығармашылық адамы Нұрғиса атамызға ұқсап бағамын, еліктеймін» деген солақай домбырашы Мұрагер Сауранбаев Голливудтағы «Гран При»ді жеңіп алды.
Жыр көмбесін дүбірлеткен арғымақтардың арасына енді қосылса да, сүбелі сөз, өрнекті ой айтып көзге түсіп жүрген жас қырандардың бірі – Әлібек Серғалиев.
Биылғы
азаттық тойы қарсаңында өткізілген
айтыс өнерсүйер қауымды сағына күткен
төл өнермен қауыштырып қана қоймай, жыр
аламанын жаңа есімдермен толықтырды
Ауылымнан шыққан солақайлар:
Біздің Қарабұлақ ауылынан шыққан солақай адамдар жайлы айта кетер болсақ, орыс тілі пәні мұғалімі, тәжірибелі ұстаз –Нұрғожаева Жамила, химия пәні мұғалімі – Асылбаева Кулсин, Бекбергенова Назерке, Әкебаев Айдын, Тоқтасын Нұрғанат, Мелісбек Бексұлтан, Ізтелеуова Гүлбану, Мұхамет Асылбек ,Смайыл Айбек,Тұрсынғали Амина
Бұлардың бойындағы ерекше қасиеттерге тоқтала кететін болсам, Жамила апайдың қолынан келмейтің нәрсе жоқ Кулсин апай тоқыма тоқуға бейім және Айбек сурет салуға бейім,математикаға,шығармашылыққа мектепішілік жарыстарға толықтай ат салысады. Әкебаев Айдын актерлік қабілеті мол. Тоқтасын Нұрғанат шахматты жақсы ойнайды,машинаны жақсы жүргізеді. Ізтелеуова Гүлбану – ауылдың шебер тігіншісі. Мұхамет Асылбек – колледж студенті жаяу жарысқа қатысып, алтын медальді иеленді.Сонымен қатар әнші, әрі биші. Мелісбек Бексұлтан – сурет салуға бейім, оның салған суреті аудандық ,республикалық көлемдегі оқушылар арасындағы сурет көрмесінде жүлделі орынға ие болды. Амина сыныптасым сурет жақсы салады,сабағын жақсы оқиды.
Айбек жайлы айтар болсам:
Бірінші сыныптан бастап сынып топбасшысы
Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонына қатысып,жүлделі І орын иеленіп, дипломмен марапатталды.
2 -3сыныптарда мектепішілік бастауыш сыныптар арасындағы «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойындарына қатысып, бас жүлделерді иеленді.
2-сыныпта облыстық семинарда ашық сабақта өз шығармашылық жұмыстарыммен көзге түсті.
Мектепте оқу озаты. Жылда жарысқа қатысып жүлделі орын алады.
Мектепішілік жарыстардан қалмаймын, тәрбие сағаттарында жүргізуші болады. Қазір 9-сынып оқиды оқу озаты ,топ басшысы,сыныптың лидері.
Хоббиі: сурет салу.
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Ислам әдебі сол қолмен істелген әрекеттерді қабылдай қоймайтыны белгілі. Айтбай мешітінің молдасы Сахиджан Наурызәлиев ислам әдебінде көбіне оң ниетпен, оң қолмен жасалған тірліктің берекесі болатынын айтады. «Сол қол әдетте дәрет алғанда кіндіктен төмен жуынғанда ғана пайдаланылады, онда да оған оң қолмен су беріледі. Яғни, сол қол не сол аяқ лас жерлерге жүреді. Мысалы, дәретханаға кірерде оң емес, сол аяқпен аттаймыз. Неліктен? Яғни, ол жер лас. Лас жерлерде ешқандай сүре де оқылмайды. Ондай жерлерде шайтан жүреді дейді. Ал, солақайларға келсек, ол да бір Алланың жаратқаны. Бірақ, біз шамамыз келгенше айтып, оң жаққа бейімдеуге тырысып отырамыз. Мысалы, қасықты оң қолыңмен ұста, сонда ғана ішкен асыңның берекесі болады дейміз. Яғни, айту, шама-шарқымызша түсіндіру - біздің міндетіміз» дейді бас молда.
Айта кетейік, солақайлық мін емес, керісінше, ол сыры мен құпиясы көп өзінше бір әлем. Ендеше, онан қашудың қажеті жоқ, қайта оны әр адамның басына қона бермейтін ерекше қабілет, Алланың пендесіне берген айрықша сыйы деп қабылдауымыз керек. Демек, солақай жандарға, көрдің бе, сен де талантты жандардың бірісің. Тек өмірге деген ынтаңды жоғалтпай, алға бас дегім келеді.
Ерте кезде солақайларды шайтанның жіберген күнәһарлары деп қоғамнан аластатып, оларды барынша қатал жазалап отырды деген деректер бар.
Жоқ, олай емес. Өйткені, мұны ауру деп те, әдет деп те қарауға болмайды. Елдің аузына қақпақ бола алмайсың. Кейбірі – бала дамуының ауытқушылығы десе, енді бірі, интеллектуалдық кенжелеу деп санайды. Қазіргі кезде бәріміздің көзіміз ашық. Бала да қасақана солақай болғысы келмейді. Оның ағзасы солақайлықты талап етеді.
