- •1 . Әлемдегі солақай тұлғалар, олардың әлемдегі әдебиетке, мәдениетке, саясатқа, ғылымға, өнерге, спортқа тигізген үлестері.
- •2. Халықаралық солақайлар күнінің жариялануы
- •Солақайлар туралы 13 қызықты факті
- •3. Әлемдегі ұлы солақай қолбасшылар мен ел басқарған саясаткерлер.
- •4. Қазіргі қазақ елінен шыққантанымал солақай тұлғалардың өмірі, жеткен жетістіктері.
- •Рецензия
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Алматы облысы Райымбек ауданы
«Қарабұлақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы: Солақай дарын иелері
Автор: Қадірәліқызы Жанар
Жетекшісі: Омарова Люба
Қазақстан Республикасы
Кіші-Ғылыми Академиясы
«Зерде» ғылыми конференциясы
Облысы: Алматы
Ауданы , елді мекені : Райымбек ауданы
Қарабұлақ ауылы
Автордың фамилиясы,аты,әкесінің аты: Қадірәліқызы Жанар
Сыныбы: 7
Мектебі: Қарабұлақ орта мектебі
Жұмыстың тақырыбы: Солақай дарын иелері
Бөлімі: Психология
Мерзімі: 14.10.2017 ж
Ғылыми жетекші: Омарова Люба
Тезис
Алматы облысы
Райымбек ауданы
Қарабұлақ орта мектебі
Орындаушы: Қадірәліқызы Жанар
Ғылыми жетекші: Омарова Люба
Тақырыбы: Солақай дарын иелері
Мақсаты: Адам бойындағы ерекшелік солақайлылық жайлы әлемдегі белгілі тұлғалармен таныстыра отырып,деректер беру.Солақайлардың ерекшелігі әлемдік әдебиетке,мәдениетке,спортқа,өнерге,саясатқа,ғылымға үлкен үлес қосқан солақай қолбасшылар, қазақ халқынан шыққан атақты солақай тұлғалар,ауылымнан шыққан солақайлар жайлы айту.
Міндеті: 1 .Ислам дініндегі солақайлыққа байланысты ырым- тыйымдар
2.Қазіргі қазақ еліндегі әдебиетке,мәдениетке,спортқа,өнерге өз үлестерін қосып жүрген солақай тұлғалар жайында мағлұматтар беру.
3. Әлем халықтарының солақайларға байланысты ырым- тыйымдары
4.Солақайлардың әлем халықтары ішіндегі үлес салмағы
Нәтижеге жету жолдары: Солақайларға байланысты оларды кемтар деп қарамай , оларды ерекше дарын иесі болатынына, жастары қысқа болады деген теріс пікірді жоққа шығарып, жас ұрпақтың көзін жеткізу.
Негізгі мазмұны: Кіріспе бөлімде солақайлық ұғымы, бүкіләлемдік солақайлар күні жайлы мағлұмат беріледі.
Негізгі бөлімде әлемдегі ұлы солақай тұлғалар (әдебиетке ,мәдениетке, спортқа,саясатқа ,өнерге ғылымға) оларға қатысты зерттеулер мен тосын жағдайлар, кездейсоқ оқиғалар жинақталған.
Қорытынды бөлімде солақай адамдардың қоғамға қосқан үлесі жайлы айтылған.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Ана мен бала және отбасы» №8 2006ж
«Агро Жаршы» газеті №9 28.09.2012ж
«Да Казахстан» журналы №12 12.12. 2008ж
«Өркениет» таным-газеті №5 2.08. 2011ж
«Жәрдем» Республиканская общественно- медицинская газета. №6 2.07.2008ж
Әділжан Үмбет «Алаш айнасы» Республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газеті Қызылорда. 6.11.2012 ж
«Замандас» журналы» №5 5.09.2009 ж
Интернет беттерінен.www.google.kz т.б
К І Р І С П Е
СОЛАҚАЙ – қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты. Солақайдың туа және жүре пайда болатын түрлері кездеседі. Жүре пайда болатын түрі түрлі жарақат, қолдың дертке шалдығуы, салдану, т.б. жағдайларға байланысты. Туа пайда болатыны көп жағдайда тұқым қуалайды. Мұның жасырын, яғни бірден байқалмайтын түрі де бар (баланы жасынан дұрыс дағдыландырса, бұл кейін білінбей кетеді). Туа пайда болған Солақайды ажырату үшін баланың көзін байлап, бір бағытта түзу жүргізгенде Солақай бала көбіне оңға, оңқай солға қарай бұрылады. Солақай баланы қорқытып, ұрып-соғып, не келемеждеп оңқайлыққа үйретуге болмайды. Ондай балалар қорыққаннан қыли көз, тұтықпа, мінез-құлқы өзгеріп, ашуланшақ, ызақор болуы мүмкін.
Энциклопедиялық мәліметтерге көз салсақ, «солақай — қимыл-әрекетке оң қолдан гөрі сол қолдың бейімділігі. Солақай орта жүйке жүйесіне, әсіресе, кейбір жүйке орталықтарының орналасуына байланысты» делінеді. Яғни, бала өздігінен солақай болмайды. Ағзаның түрлі себептерінен осы әдетке бейімделеді.
Солақай
бала.
Солақайлық - әдетте туғаннан болатын, әрекет жасауда сол қолдың оң қолдан басым болу сипаты. Анық байқалатын солақайлықпен бірге, бала кезден оң қолды пайдалануға үйретілген адамның әдеттегі жағдайларда не аффекті жағдайында сол қолды да пайдаланатын жағдайы, жасырын солақайлық та (амбидекстрия) болады. Солақайлық әдетте түзетуді қажет ететін нормадан ауытқушылық ретінде қабылданады. Бірақ, солақайлар да нәзік моториканы игереді (жазу, сурет салу), психикалық және дене дамуының барлық сатыларынан қалыпты өтеді және толыққанды тұлға болып қалыптасады. Солақайлық қайта оң қолды пайдалануға үйрету қажетсіз және зиянды. Ол психикалық жарақат пен неврозға, тіл кемшіліктеріне, соның ішінде кекештенуге соқтырады.
Солақайлықтың екі себебі бар. Біріншісі, жүре пайда болады: оң қолының істемей қалуы, сал ауруына ұшырауы, т.б. мәжбүрлік себептер. Екіншісі: туа пайда болатын солақай. Бұл көбіне көп тұқым қуалайды. Ғалымдар ата-анасының екеуі де солақай болса, балаларының солақай болу мүмкіндігі- 50 пайыз, не әкесі, не шешесі солақай болса, 16,7 пайыз, ал ата-аналарынан ондай ауықтушылық байқалмаған отбасының балаларында солақай болу қаупі 6,3 пайыз екендігін дәлелдеген. Сондықтан, осы тұқым қуалау жайы жиі айталады.
Адамның миы екіге бөлінеді. Оң және сол. Оң бөлігі заттарды иісінен, түсінен, дәмінен сезу қабілетіне жауап берсе, екінші бөлігі, ойлау, оқу, түсіну, пайымдау секілді қызметтерді атқаруға көмектеседі. Осы кезге дейін жеткен бір түсінік бар: мидың оң бөлігі – сол жақтағы аяқ — қолдың қызметіне, ал сол бөлік – оң жақтағы аяқ — қолдың қызметін басқарады. Солақайларды бұл іс-әрекетін осылай түсіндіретін. Бірақ, соңғы он жылдықтарда мидың барлық бөлігі де аталған қызметтерді атқаруға көмектесетіні дәлелденгендіктен алдыңғы айтылған пікір – теріс пікірлердің қатарына қосылып жүр. Бірақ, барлық ғалымдарды бір арнаға тоғыстырар дәлелдер әлі күнге табылған жоқ. Сондықтан, бір байламға келіп, нақты себебін ашып айту ертерек. 4-4,5 жасқа дейін баланың бойында бұл белгілер біліне бермейлі. Ойын ойнаған кезде қуыршақ, ыдыс-аяқ секілді ойыншықтарды екі қолымен де ұстағандықтан, аңғара қою қиын. Тек қолына қалам алып, сурет салатын деңгейге жеткен кезде ақырын-ақырын бойындағы өзгешелігін сездіре бастайды. Ата-аналар бала ойын ойнап жатқан сәтте бақылап отыруына да болады. Екі қолының қай қолымен ойыншықты ұстайды, қай қолы демеуші рөлін атқарады? Оң не сол қолдың жетекші екендігін байқасаңыз, дәл сол қолмен әрекет етуге бейім екендігі байқалады.
Күні кешеге дейін солақай баланы оңқайлыққа тәрбиелеуге тырысып-бақтық. Өйткені, барлық нәрсе, оңқайларға лайықталып жасалған. Ата-аналар перзентінің «болашақта қиналғанын қаламағандықтан, осылай істеп жатырмыз» деп ақталатын. Дұрыс та шығар. Бірақ, осы әрекетімен туа бітті ағзасы қалыптасқан биологиялық ритмнен ауытқиды. Ол миға, мидың әсері өзге де мүшелерге әсер етеді. Жүйке жүйелері тез шаршап, ұйқысыздық, мазасыздық, тәбеттің төмендеуі секілді өзге де белгілер пайда болады. Одан кейін, ұстаздары мен ата-анасы тарапынан әрдайым қаламды оң қолмен ұстау керектігі туралы ескертпелер жасалына берген соң, қатарларынан өзін төмен санайды. Өзгелер келемеждеп тұрғандай әсер ала бастайды. Құрбылары секілді болмағанына іштей кемсінетін болады. Бала кезінде санасында қалып қойған кемшілік есейе келе де аңғарыла бастайды. Көпшілік ортада өзін сенімді ұстай алмайды, тіл табысуы қиындайды, тез арада шешім қабылдау қабілеті жоғалады.
Н Е Г І З Г І Б Ө Л І М
Жоғарыда айтып өткендей, оң жақтағы ми сол қол мен сол аяқтың іс-әрекетіне жауап береді. Ал, мидың дәл сол бөлігі жақсы дамыған балалар өзгелдерден бірбеткейлігімен дараланады. Мұндай адамдар өте қабілетті суретші, музыкант, бір сөзбен айтқанда, талантты болады. Кішкентай кезінен бейнелеу өнеріне ерекше қабілетінің бар екендігін танытады. Үлкендердің жиі түртпектеуінен кейбірінде кекештік, не тілінің кеш шығуы байқалады. Өте эмоцияналды, тез ашуланғыш, бірақ, сабасына тез түседі. Жазу, оқуға икемі жоқ болғандықтан, әдебиетші, жазушы адамдар сирек кездеседі. Бірақ, шешімді тез арада қабылдай алатын, көрегендік қасиеттері болғандықтан, ешкім шаңына ілесе алмас саясаткерлер шығады. Оған қоса, тым көпшіл, тіл табысқыш келеді. Сенгіш, сондықтан да, айналадағылардың сатқындығын кешіруі қиын. Ата-аналарының айтқан өтіріктерін де қабылдамайды. Ішіне сақтап, өмір бойы кешірмей кетуі мүмкін. Қырсықтығымен күресе алмайсыздар. Жағдайды шиеленістіріп жібересіздер. Абзалы, ойынмен алдаусыратып, назарын өзге жаққа аударған дұрыс.
Бір деректер әрбір алтыншы адамның бірі солақай болатынын айтса, екінші бірі дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Қалай болғанда да солақайлардың бөлекше жаратылыс иесі екендігін мойындамасқа амал жоқ. Дәрігерлер бала құрсақта жатқан 10-13 аптада-ақ оның оңқай не солақай екенін анықтауға мүмкіндіктің бар екенін айтады. Жалпы, мамандардың пікірінше, солақайлардың пайда болуының басты мынадай төрт себебі бар екен. Алғашқысы - тұқымқуалаушылық, екіншісі - әйелдің кеш босануынан, сол себепті босануы ауыр жағдайда өткендіктен, үшіншісі - жүре пайда болу, яғни, бүлдіршін кезінде оң қолын күйдіріп, не жарақаттап алып, амалсыздан сол қолға бейімделуінен, төртіншісі - әдейі еліктеумен солақай болғандар.
Сондай-ақ, оңқайларға қарағанда солақайлар өмірде біраз қиындықтарға тап болады екен. Өйткені, көбіне керек дүниелер оңқайлардың ыңғайына жасалған. Ал оған бейімделу солақайлар үшін біраз қиындық тудырары сөзсіз.
1 . Әлемдегі солақай тұлғалар, олардың әлемдегі әдебиетке, мәдениетке, саясатқа, ғылымға, өнерге, спортқа тигізген үлестері.
Бір қызығы, дарындылардың дені солақайлар арасынан шығатын көрінеді. Себебі, психологтардың пайымдауынша, олардың шығармашылық потенциалы мықты болады екен. Яғни, оңқайларға қарағанда солақайлардың шығармашылық жұмысқа аса қабілетті болатынындығын айтады
Статистикаға сүйенер болсақ, әлем халықтарының шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен. Ал сіз бен біз білетін атақты солақайлардың қатарында: Юлий Цезарь, Жанна д׳Арк, Уинстон Черчилль, Микеланджело, Леонардо да Винчи, Рафаэль, Марк Твен, Чарли Чаплин, Мэрлин Монро, Джим Кэрри, Том Круз, Анжелина Джоли, Николь Кидман, Сильвестер Сталоне, Брюс Уиллис, ағылшын королевасы Елизавета, Бетховен, Грета Гарбо , Наполеон Бонапарт, Билл Клинтон, Исаак Ньютон, , , Селин Дион, Эминем, Аристотель, Фридрих Ницше, Лев Толстой, Марк Твен, Барак Обама, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин, Пол Маккартни, Фидель Кастро, Генри Форд, Александр Великий, Микеланджело, Льюис Кэрролл, Моцарт, Ницше, Марк Твен , Прокофьев, Гете, Кафка , Пушкин, Шопен, Роберт Шума, оның ұлы Чарльз, немересi Уильям, Американың президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, Билл Клинтон, компьютер миллиардерi Билл Гейтс, Мэрилин Монро, Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталлоне, Селин Дион, Эминем сынды танымал тұлғалар бар
2. Халықаралық солақайлар күнінің жариялануы
Бүкіләлемдік солақайлар күні ең алғаш рет 1992 жылы 13 тамызда аталып өткен. 1990 жылы бұл мерекені атап өтуді ұсынған - британдық Солақайлар клубы болып табылады. Мереке биыл халықаралық деңгейде жиырма төртінші жыл аталып өткелі отыр.
Қазіргі заманда барлық жағдайлар оң қолымен жұмыс жасайтындарға арналған: жазба және асхана қажетіліктері, есіктер мен құлыптар, компьютер тышқандары және т.б. Керек десеңіз, қоғамда солақайлықты кемістік көріп, солақай жандарға үрейлене қарайтын көзқарас жоқ емес. Ертеде адамдар өздерін солақай жандардан аулақ ұстап, кемтарлар қатарына жатқызғандығын да білеміз. Бүгінде мектептерде солақай оқушыларды оң қолымен жазуға, ал үйде ата-аналары оң қолымен жұмыс жасауды, тамақтануды талап етеді.
Халықаралық солақайлар күнінің мақсаты – осы бір табиғатынан жаратылысы ерекше жандарға көңіл бөліп, қамқорлық таныту. Бұл күні әлемдегі 500 миллионға жуық солақай адамдар дизайнерлердің, өндірушілер мен тауар сатушылардың назарын өздеріне аударуға тырысады. 13 тамызда солақайлардың қоғамдық ұйымдары көптеген іс-шаралармен оң қолды пайдалануға тыйым салатын қызықты сайыстар ұйымдастырады.
Солақайлар туралы 13 қызықты факті
Ардақты Массагеттің оқырмандарына солақайлар туралы кейбір қызықты фактілерді ұсынамыз:
Әлемдегі халықтың шамамен 10-12 пайызы солақайлар. Зерттеу нәтижелеріне қарағанда, әйел адамдардан гөрі жігіттер қауымы көп жағдайда солақай болып келеді екен.
Халықаралық "Солақайлар күні" ресми түрде 13 тамызға бекітілген. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 1992 жылы қабылданған.
Солақайлық әр кезеңдерде әр түрлі бағаланып келген. Кейбір халықтар бұл қасиетті әдет ретінде түсінсе, бір халық жынның белгісі ретінде қабылдаған.
Нью-Йорктегі Сэйнт Лоуренс универститеті ғалымдарының зерттеуінің нәтижесі бойынша ақылдылық коэффициенті солақайларда жоғарырақ болады екен. Мәселен, Альберт Эйнштейн, Исаак Ньютон, Чарльз Дарвин және Бенжамин Франклин т.б солақай адамдар болған.
40-тан асқан әйелдің баласының солақай болып туылу ықтималдылығы өте жоғары болады.
Эскимостар солақай адамды сиқырға икемі бар адам деп біледі. Мароккода солақайларды s’ga, яғни, жын деп атайды. Солтүстік америкалықтар солақайларды жолы ашық адам ретінде бағалайды.
Адам баласының 90 пайызы оңақай болса да, жан-жануарларда бұл икем тең бөлінген.
Ғалымдардың айтуынша, солақайлар математика, архитектура секілді кеңістікке байланысты ғылымдарға икемдірек болады.
Солақайлық ұрпаққа қанмен беріле береді.
Солақай жандардың миының оң және сол бөліктерінің байланысы өте сапалы. Осының әсерінен олар тез ойлайтын, тез шешім қабылдайтын болып келеді.
Әлемдегі 1 пайыз адам ғана екі қолымен бірдей икемде жұмыс істей береді.
Сәбиді етпетімен жатқызғанда оңақайлар басын оңға бұрып жатса, солақайлар керісінше істейді немесе сол күйі жата береді екен.
секілді планета мақтаныштары бар
