4.3 Нарықты дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер
Қазіргі уақытта Қазақстанда
негізгі күш мал шаруашылығын дамытуға
жұмсалуда.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
деректеріне сәйкес мал шаруашылығы
өнімдері бойынша Қазақстанның экспорттық
әлеуеті астық экспортының мүмкіндігіне
қарағанда жоғары.
Қазақстанның қолайлы
климаттық және экономикалық жағдайлары,
сондай-ақ пайдаланылмаған жайылым
аумағының молдығы экономиканың осы
секторының тартымдылығына негіз болады
және бизнеске инвестициялау бойынша
жағдай жасайды. Осыған байланысты 2019
жылға дейін бүкіл ел бойынша
репродуктор-шаруашылықтар мен фермер
шаруашылықтарының бордақылау алаңдарының
желісін құру жоспарлануда.
Мысалы, алдағы бес жылда
жалпы қуаты 150 мың бордақылау орындық
60 бордақылау алаңын, ет бағытындағы ІҚМ
өсіру мен көбейту жөніндегі
54репродуктор-шаруашылығын құру міндеті
тұр.
Осы мақсатта шамамен 72 мың
бас шетелде селекцияланған мал әкелінетін
болады. Бұдан басқа, аналық мал басының
жалпы саны 300 мыңнан асатын ет бағытындағы
мал өсіруге мамандандырылатын фермерлік
шаруашылықтар желісін құру жоспарлануда.