Бастапқы берілгендер4 нұсқа
№ |
Атауы |
Өлшем бірліктері |
Берілгендер |
||
1
|
Жүктасымалдылық |
1 км млн. т.км.брутто |
2,0 |
||
2 |
Жүк пойыздарының жылдамдығы |
км/сағ |
32 |
||
3 |
Теміржол табанының түрі |
Кірме жол |
|||
4 |
Жылжымалы құрам түрі локомотивтер вагондар |
ТЭМ-2 4 осьті жарты вагон |
|||
5 |
Жол табанының ені |
мм |
1520 |
||
6 |
Жолдар саны |
1жол |
|||
7 |
Жөндеу түрі |
күрделі |
|||
8 |
Шпал түрі: жөндеуге дейін жөндеуден кейін |
ағаш шпалдар темірбетонды |
|||
9 |
Жұмыс мөлшері |
м |
700 |
||
10 |
Рельс буынының ұзындығы |
м |
25 |
||
11 |
Қысқартылған рельстерді төсеуге арналған қисық жолды бөлім (тәжірибелік сабақта есептеу), |
м |
375 |
||
12 |
Бұрылу бұрышы, |
градус |
40 |
||
13 |
Бірінші түйіспелі өтпелі қисықтың басталғанына дейінгі арақашықтық (ӨҚБ), |
м |
6,0 |
||
14 |
Өтпелі қисықтың ұзындығы |
м |
100 |
||
15 |
Қисықтың радиусы |
м |
600 |
||
Мазмұны
Кіріспе
1 Бекітпелер
2 Есептік жұмыстар
2.1 Қысқартылған релістерді салуды есептеу
2.2 Жол табан енін анықтау
2.3 Сыртқы релістердің жоғарылауы
2.4 Теміржолды күрделі жөндеу
Кіріспе
Көлік экономиканың инфрақұрылымын қалыптастыратын салалардың бірі болып табылады. Жинақталған әлемдік тәжірибе көлік коммуникацияларының басым дамуына аса маңызды көңіл бөлетін мемлекеттер экономикалық игілігінде аса елеулі жетістіктерге жететінін әрдайым растайды. Озық дамыған елдердің тамаша жолдары және үлгілі жұмыс істейтін көліктері бар екені белгілі.
Қазақстанның жеткілікті түрде дамыған көлік жүйесі бар, оған темір жол, автомобиль, әуе, ішкі су және құбыр көлігі жатады. Қазақстанның географиялық шарттары, өндірістің шикізат құрылымы және өндіру күштерін орналастыру, автожол инфрақұрылымының дамымағандығы темір жол көлігінің ел экономикасындағы ролін аса маңызды етеді. Бұл роль көз жетерлік болашақта да сақталады.
Қазіргі уақытта темір жол көлігі біздің еліміздегі көліктің негізгі түрлерінің бірі болып табылады. Өндіріс көлемдерінің төмендеуі және XX ғасырдың 90-шы жылдарында бұрынғы Одақ аумағындағы кәсіпорындар арасындағы экономикалық байланыстардың үзілуі темір жолда тасымалдау көлемдерінің 70 проценттік төмендеуіне әкеліп соқты. Бүгінгі күні экономиканың даму қарқындарының өсуі және сәйкес түрде жүктерді темір жол көлігімен тасымалдаудың ұлғаюы жүк көтегргіштігі жоғары жаңа қуатты локомотивтер мен вагондардың ендірілуін талап етеді.
Қазіргі уақытта темір жол көлігінде тартымның үш түрін: бу, жылу және электр тартымын пайдалану үшін алғышарттар бар. Бу тартымынан жылу және электр тартымдарына өту әрине үнемділікпен байланысты. Тартымның әр түрлі түрлерін салыстыру үшін темір жол көлігінде тасымалдау жұмысының бірлігіне шартты отынның меншікті шығыны сияқты кешенді көрсеткіші пайдаланылады. Тасымалдау жұмысының бірлігіне 10 4 ткм брутто алынады. Зерттеулер көрсеткендей, тасымалдау жұмысының бірлігіне отынның меншікті шығыны бу тартымы кезінде – 252,5 кг, жылу тартымы кезінде – 54 кг, ал электр тартымы кезінде – 40 кг құрайды.
1 Бекітпелер
Темір жолдың негізгі бағыттарында кілең ауыстыру кезінде жүк тасымал жүйегіне байланысты жолға жаңа релстің 3 түрін төсейді. Р65,Р75,Р50 ал аз қызмет ететін жолдарға бұрын салынған релс түрі Р43 төселеді. Жаңа релстің қалыпты ұзындығы 25 метр. Қисық аумақтарында жолдың ішкі бөлігі ұзындығы 12,5 метр қысқарған релс төселеді.
Релс тағайындаушы – жылжымалы құрамның доңғалағын бағыттау, доңғалақпен жүктемені қабылдап, релс негізіне беру. Релстер ұзындығы 1,0 метрге шаққандағы салмағы, сондағы шама жуықталып Р әріпінен кейін жазылады. Темір жолдың басты жолдарында релстің Р65, Р75 түрлері қолданылады.
Релстер берік, қызмет ету уақыты ұзақ, төзімді болуы қажет.
Релстік бекіттемелер. Аралық релстік бекітпелер құрамына қарай екіге бөлінеді: төсем мен төсемсіз. Төсемелер қысымды релстен тірекке беру үшін кеңестікпен қамтамасыз етеді.
Аралық бекітпелердің басты міндеті релспен негізді байланыстыру. Аралық бекітпелер қамтамасыз етеді:
екі релс шүйдесінің ішкі қырлырының аралығының тұрақтылығын;
релстың негізге жабысып байланысуы;
қолайлы температуралық шақ релстің жақсы қызыметі үшін;
жолдың үстыңгі құрылысының құрылымының экономикалық тиімділігі.
Сурет 1.1 – Релс түрлері Р75,Р65,Р50 арналған төсеме:
а) көлденең пішіні; б) алты тесікті төсеменің бойлық пішіні; в)төрт тесікті төсемнің бойлық пішіні.
Сурет 1.2 – Бекітпелік бұранда домалақ басымен.
Сурет 1.3 – Бекітпелік бұрандаға арналған түйіспе.
Сурет 1.4 – Бекітпелік бұрандаға арналған серпімді тығырық.
Сурет 1.5 – Бөлімді бекітпелерД4: 1-релс; 2- таңбалық бұранда, 3- серпімді таңба; 4- төсеме.
Сурет 1.6 – Бөлімді бекітпелер Д4: 1-релс; 2- таңбалық бұранда, 3- серпімді таңба; 4- төсеме.
