Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
33823.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.42 Кб
Скачать

Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау

- Бұл сөз екі құрамнан тұр: ұлт+ттық.

- Тұлғасына қарай:

а) Ұлтнегізгі түбір (Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі).

ә) Ұлттықтуынды түбір(Себебі, синетикалық немесе морфологиялық тәсілмен негізгі түбір зат есімге сөз тудырушы өнімді (-тық) жұранғының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.

- Құрылысына қарай –дара. Себебі, бір ған негізгі түбірен тұр.

- Бұл сөз үш құрамнан тұр: қайрат+ кер+ лік.

- Тұлғасына қарай:

а) Қайратнегізгі түбі;

ә) Қайраткертуынды түбі;

б) Қайраткерліктуынды түбір (себебі, синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы жұрнақ арқылы негізгі түбірден туынды түбір; туынды түбірден туынды түбір жасалып тұр).

- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.

Аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау (біріккен, кіріккен сөздерді сатылай кешенді талдау)

-Бұл сөз: әлеумет және таны+у+шы болып төрт құрамнан тұр.

-Тұлғасына қарай: әлеуметтанушы – туынды түбір. Себебі: а) аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің бірігуінен (әлеуметтаны);

- синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен сөз тудырушы –у; -шы жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалған туынды сөз.

- Құрылысына қарай – күрделі, біріккен сөз.

- Бұл сөз жаз+дың күн+і болып төрт құрамнан тұр.

- Тұлғасына қарай –жаздыгүні – туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің дыбыстық өзгерістерге ұшырап, кірігуінен жасалған туынды сөз.

- Құрылысына қарай – күрделі, кіріккен сөз. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, кірігіп, тұрақталған құрама сөз.

Қос сөздерді сатылай кешенді талдау

-Бұл сөз екі құрамнан тұр: тау-тау.

-Тұлғасына қарай –тау-тау - туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдің қосарлануынан жасалған - туынды сөз.

-Құрылысына қарай –күрделі. Себебі, ритм-ырғағы жағынан бірұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-грамматикалық жағынан бір бүтін тұлға болып, қосарланып, тұрақталған құрама сөз.

-Қайталама қос сөз. Себебі, бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған.

Тіркесті сөздерді сатылай кешенді талдау

- Бұл сөз төрт құрамнан тұр: сөз+тап+тар+ы.

- Тұлғасына қарай-сөз таптры –туынды түбір. Себебі, аналитикалық немесе синтаксистік тәсілмен екі түбірдең тіркесінен жасалған туынды сөз.

4-тақырып. Сөзжасамның тәсілдері

Сөзжасам тәсілдері, олардың түрі, ерекшеліктері.

Қарастырылатын сұрақтар: Жаңа сөздердің жасалуының тілде қалыптасқан жолдары бар ма? Синтетикалық тәсіл арқылы жаңа сөз қандай сөзжасамдық бірліктер арқылы жасалады? Аналитикалық тәсіл арқылы сөз жасауға қандай тілдік бірліктер қатысады? Лексика-семантикалық тәсілдің басқа тәсілдерден айырмасы қандай? Лексика-семантикалық тәсіл арқылы тіл білімінде жасалған терминдерді атаңыз. Сөзжасамдық жұрнақтардың туынды мағына жасаудағы қызметі қандай? Көшірілген туынды мағына деген не? Туынды түбірдің құрамы қандай? Туынды түбірлердің негізгі белгілері қандай? Күрделі сөздер туралы пікір алалығы немен байланысты? Күрделі сөзді жай сөз тіркесінен қалай ажыратасыз? Біріккен, кіріккен сөздер неге күрдеі сөздер тобына жатады? Қос сөздердің жасалуындағы 1,2,3,4,5 заңдылық қандай? Сөздерді қысқартудың себебі қандай?

5- тақырып. Фонетикалық сөзжасам

Фонетикалық сөзжасам. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары.

Қарастырылатын сұрақтар: 1 Фонетикалық сөзжасам тәсілі туралы ғылыми ой-тұжырымдарды келтіріңіз. 2 Фонетикалық сөзжасам тәсілінің пайда болу жолдарын айқындаңыз. 3 Дауысты және дауыссыз дыбыстар сәйкестігі туралы ғылыми тұжырымдар мен олардың сөзжасамдық қызметін анықтаңыз. Оның негізгі сөзжасамдық қалыптары. 4 Дауысты және дауыссыз дыбыстардың сөзжасамдық қалыптарына мысалдар келтіріңіз. 5 Фонетикалық сөзжасам негізінде пайда болған туынды сөздердің мағыналық құрылым. Ортақ мағына арқылы қалыптасқан ерекше мағыналар (семалар).

6- тақырып. Синтетикалық сөзжасам.

Синтетикалық сөзжасам. Зат есім сөздердің синтетикалық сөзжасамына толық талдау жасау. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды уәждемелік, номинациялық аспектіден талдау.

Сын есім, сан есімнің, есімдіктің синтетикалық сөзжасам. Олардың семантикалық қырын ашу. Синтетикалық сөзжасамды уәждемелік, номинациялық аспектіден талдау. Етістіктің синтетикалық сөзасамы. Түбір мен жұрнақтардың сөзжасамдық мағына жасаудағы ролі. Уәждемелік қалыптасу жүйесі. Үстеудің, еліктеу сөздердің синтетикалық сөзжасамы туралы.

Қарастырылатын сұрақтар: Зат есім сөзжасамының зерттелуі. Зат есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің синтетикалық сөзжасамы екі морфеманың қатысы арқылы жүзеге асуы, олар: негіз сөз бен жұрнақ. Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы. Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы.

Тапсырма: Зат атауларының синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы деген не? Көп мағыналы және бір мағыналы жұрнақтар? Синоним жұрнақтар деген не? Кіріккен атауларға А.Ысқақов қандай анықтама берген?

Жаттығу жұмысы: 191-жаттығу. Зат есімдерді теріп алып жасалу жолына, тұлғасына қарай кесте бойынша топтап жазыңыздар («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997). 237-жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997). Есімдіктің жасалу жолын түсіндіріңіз. Талдау үлгісі: әлдеқандай-бірігу тәсілі арқылы жасалған, аналитикалық тәсіл. 312 –жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997). Негізгі, туынды үстеуді ажыратып, туынды үстеудің қалай жасалғанын талдаңыздар; үстеудің аналитикалық, не синтетикалық тәсіл арқылы жасалғанын ажыратыңыздар; көнеру арқылы жасалған үстеуді тауып, оның себебін түсіндіріңіздер. Талдау үлгісі: таңертеңнен қара кешке- тіркестіру арқылы жасалған үстеу, аналитикалық тәсіл, үш мүшелі тіркесті үстеулер.

7- тақырып. Семантикалық сөзжасам.

Семантикалық сөзжасам. Тіл біліміндегі транспозиция туралы ілімдерге шолу. Транспозиция түрлері. Конверсия құбылысы туралы.

Сөздің антонимдік, синонимдік, көпмағыналылығының даму сипаты. Көпмағыналылық пен омонимия құбылысының арақатынасы. Оның номинация теориясы негізінде түсіндірілуі.

8-тақырып. Аналитикалық сөзжасам

Синтаксистік сөзжасам тәсілі. Синтетикалық сөзжасамның қалыптары, ол туралы көзқарастарға шолу. Есім сөздердің синтаксистік сөзжасамы. Есім сөздер негізінде жасалған біріккен сөздер мен қос сөздер. Есім негізді күрделі сөздер. Олардың зерттелуі, орфограммасы туралы көзқарастар. Күрделі сөздердің атау теориясы арқылы зерделенуі. Етістік негізді сөздердің синтаксистік сөзжасамы. Күрделі етістіктер – сөзжасамдық аспектіде, зерттелуі, ғылыми пікірлерге шолу. Күрделі етістіктің сыңарларының мағынасы мен олардың сөзжасамдық мағыналары, сөзжасамдық тізбек жасау қасиетінің молдығы. Етіс тұлғалы туынды етістіктер. Олардың семантикалық сыры мен сипаты, ғылыми көзқарастар. Сөзжасамның үлгілерінің өнімділік, құнарлылылқ сипаттары, тіл дамуындағы маңызы.

Қарастырылатын сұрақтар: Зат есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнің сөзжасамына аналитикалық тәсілдің барлық түрлері қатысатыны, олардың күрделі зат есімдер жасайтыны. Зат есімнің қосарлану тәсілі арқылы жасалуы, бұл тәсіл арқылы зат есімнің сөз тұлғасы жағынан қос сөздер аталатын түрі жасалатыны. Зат есімнің тіркестіру тәсілі арқылы жасалуы. Зат есімнің қысқару арқылы жасалуы. Зат есімнің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Зат есімнен басқа сөз таптарының сөз құрамын өзгертпей, заттанып, зат есімге көшуі де зат есімнің семантикалық тәсіл арқылы жасалуына жататыны (жетісін беру, ыстығы үлкен, ыстық (тамақ мағынасында), ақ молайды, туысы көп, шығысы артық, айтысқа түсті). Контекстік заттанудың сөзжасамға жатпайтыны (үлкенді сыйла). Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатысатын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын алатыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары.Етістік сөзжасамының зерттелуі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқы-лы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары, құранды етістікке тірек сыңар болатын етістіктер. Құранды етістік-тің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны. Құранды етістіктің зерттелуі. Құранды етістік туралы ғалымдардығ көзқарастары..

Тапсырма: Етістік сөзжасамына қандай сөз таптарының сөздері негіз сөз ретінде қатысады? Синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбір жасауға негіз болатын түбірлер қандай? Ауыспалы сыңар деген не? Тірек сыңар деген не?

Жаттығу жұмысы: 270-жаттығу. Синтетикалық, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған етістіктерді анықтаңыз. («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А.,1997).

Қолданылатын әдебиеттер

Негізгі:

1 Оралбаева Н. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. –А., 2002

2 Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспект. А., Қазақ университеті, 1999

  1. Салқынбай А.Б. Қазақ тілі сөзжасамы. –А., Қазақ университеті, 2003

  2. Бейсембайқызы З. Сөзжасам пәнін модуль бойынша оқыту. –А., Рауан, 2000

  3. Қазіргі қазақ тілінң сөзжасам жүйесі. –А., 1989

  4. Қалиев Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. –А., Ғылым, 1985

  5. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер. Уәждеме және аталым. –А., Ғылым, 2001

  6. Ибатов Ә. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. –А., Ғылым, 1988

  7. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. –А., Рауан, 1998

Қосымша:

  1. Байтұрсынов А.Тіл тағылымы. А., 1994

  2. Ганиев Ф.А. Образование сложных слов в татарском языке. –М., 1982

  3. Жұбанов Қ. Қазақ тлі жөніндегі зерттеулер. –А., Ғылым, 1999

  4. Дмитриев Н.К. Строй тюркских языков. –М., Наука, 1962

  5. Есімсейітов Б. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбек. АКД, -А., 2002

  6. Земская Е.А. Словообразования как деятельность. –М., 1992

  7. Кубрякова Е.С. Теория номинация и словообразования. / Языковая номинация. –М., 1977

  8. Құрманалиев К. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұя проблемаларының ғылыми-теориялық негіздері. –А., 2002

  9. Қазақ тілі сөздігі. –А., Ғылым, 2000

  10. Қазақ тілі. –А., 2000

  11. Қазақ тілінің грамматикасы. 1-том. Морфология.-А., 1967

  12. Қасым Б. Күрделі зат есімдер сөздігі. –А., 1999

  13. Манкеева Ж.А. Реконструкция первичных корней глагольных основ казахского языка. –А., 1991

  14. Оразов М. Етістік. –А., Санат, 1994

  15. Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. –А., Санат, 1994

  16. Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. –А., Сөздік, 1998

  17. Тихонов А.Н. Словобазовательный словарь русского языка. –М., 1990

  18. Томанов М.Т. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. –А., 1987

  19. Томанов М.Т. Тіл тарихы туралы зерттеулер. –А., 2002

  20. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі. –А., 1996

  21. Улуханов И.С. Словообразовательная семантика в русском языке.-М., 1977

  22. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюрских языков. Глагол. –Л., 1981

  23. Щербак А.М. Очерки по сравнительной морфологии тюрских языков. Имя. –Л., 1977

  24. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. –А., Ғылым, 1974

Методические указания Форма

Ф СО ПГУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Ќазаќ филологиясы кафедрасы

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығына өздік жұмыстарды орындауға арналған