Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
33823.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.42 Кб
Скачать

2 Пререквезиттер:

- Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы;

- Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы;

- Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы;

- Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі

Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны

1-тақырып. Кіріспе

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәнінің зерттеу нысаны. Өзге пндермен байланысы. Түркологияда, қазақ тілі білімінде зерттелуі, зерттеу тәсілдері.

1. Сөзжасамның зерттелуі. Сөзжасам – дербес сала болып қалыптасуы.

2 Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының байланысы. Сөзжасамның морфологиямен байланысы. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. 3 Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. 4 Сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы ғалымдардың ой-пікірлері.

Қарастырылатын сұрақтар: Сөзжасамның жеке сала деп танылу себебін талдаңыз. Сөзжасамды жеке сала деп тануды ұсынған ғалым кім? Түркітанушы ғалымдардың сөзжасамды жеке сала деп дәлелдеулері туралы не білесіз? Сөзжасам мәселелері 1990 жылдарға дейін тіл білімінің қай саласында қарастырылып келді? Қазақ тілі білімінде сөзжасам мәселелерін зерттеу неден басталды? Морфологияның мен сөзжасамның қандай ұқсастықтары бар? Лексикологиямен сөзжасам қай тұрғыда байланысады?

Тапсырма Қазақ тіл білімінде сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деп дәлелдеген ғалымдарды көрсетіңіз.

2- тақырып. Сөзжасамның негізгі ұғымдары

Сөзжасамның жүйесінің негізгі ұғымдары. Сөзжасамдық мағына, сөзжасамдық қалып, тәсіл, сөзжасамдық тип, сөзжасамдық тізбек, сөзжасамның негізділігі, сөзжасамның жүйелілік сипаты. Сөзжасамдық мағына мен оның семантикалық құрылымы. Сөзжасамдық ұя және оның семантикалық құрылымы. Сөзжамдық тізбек, оның мәні.

Сөзжасам мен атау теориясы. Ұғым мен ой, атау, таңба арасындағы байланыс. Сөзжасамның объективтілігі мен субъективтіліг туралы. Әлемдік тіл біліміндегі негізгі көзқарастарға шолу.

Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. 3 Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні.

Тапсырма: 4 сөзжасамдық типке мысал келтіріңіз. Сөзжасамдық тізбектің белгілерін көрсетіңіз. Көр етістігі негізінде сөзжасамдық ұя жасаңыз.

Жаттығу жұмысы

1. Мына туындылардан сөзжасамдық бір тізбек сөздерін теріп, ретімен жазыңыз, онда неше саты барын табыңыз.

Түсік, тартын, ұшыр, тартыншақ, ықта, тартыншақта, қашақ, тартыншақтат, қайтым, тартыншақтатқыз, кріс.

2. Мына туындылардан сөзжасамдық жұптарды теріп жазыңыз.

Көшкін, көшір, кіргіз, көшкіенде, кетір, көшіріс, кіргіздір, кетіргіз, келіс, келтір, жүздір, келтіргіз, жүздіргіз.

3 . Сөзжасамдық талдау жасаңыз. Қолда, аяқ, қон, түс, жүр, өс.

3- тақырып. Сөзжасам және уәждеме теориясы (мотивация).

Сөзжасам және уәждеме. Сөзжасау процесінің негзгі ерекшелігі, жалпы мен жеке, алғашқы ұғым мен түсініктің негізінде жасалатын екіншілк мағына. Оның көрінісі мен мағынасы.Туынды сөздің анықтамасы, термин ретінде қолданылуы, туынды сөздің ерекше белгілері, семантикалық сипаттамасы. Туынды сөздің уәждемелік негізділігі мен номинативтік ерекшелігі.

Қарастырылатын сұрақтар: Туынды мағынаның негізділігі. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі. Көшірілген туынды мағына. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі. Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Яғни туынды сөздер тек сөзжасамға қатысты қолданылатыны. Туынды сөздердің тілде пайда болуы қоғамдағы жаңалықтарға байланыстылығы. Туынды сөздер сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалатынд-тан, сөзжасамдық тәсілдердің түрлілігіне қарай туынды сөздердің де түрлі болатыны: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер) туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбір дегеннің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. 4 Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздердің бәрі күрделі сөздерге жататыны, олардың бәрі екі мағыналы лексемадан жасалып, бір мағыналы сөз жасайтын, оның күрделі сөз деп аталуы, күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері. Біріккен сөз. Қос сөз. Қысқарған сөз.

Жаттығу жұмысы. 153-жаттығу («Қазіргі қазақ тілі» жаттығулар жинағы. –А: Ана тілі. 1997. Б-117.

Талдау үлгісі: көрікті – көр- негізгі түбір, көр+ік –туынды түбір, -ік – етістіктен зат есім тудыратын жұрнақ, көрік+ті, көрік –туынды түбір, -ті – зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ, омоним қосымша (-ті - табыс септік жалғауы; -ті- жіктік жалғауының 3 жағы; -ті- жедел өткен шақ жұрнағы), синтетикалық тәсіл.

Жаттығу жұмысы. Төмендегі сөздерді сызбадағы үлгімен талдаңыз. Парыз, қазына, мұра, қызметкер, қоғамдық, елбасы, көзқарас, дағды-дәстүр

Негізгі түбір сөздерді сатылай кешенді талдау

- Бұл сөз бір құрамнан тұр: адам.

- Тұлғасына қарай – адам – негізгі түбір. Себебі, сөздің ары қарай бөлшектенбейтін мағына беретін негізгі бөлігі.

- Құрылысына қарай – дара. Себебі, бір ғана негізгі түбірден тұр.