- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Әдістемелік нұсқау Павлодар 2008
- •1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
- •2 Пререквезиттер:
- •Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
- •Синтетикалық немесе морфологиялық тәсілмен жасалған туынды сөздерді сатылай кешенді талдау
- •Қос сөздерді сатылай кешенді талдау
- •Тіркесті сөздерді сатылай кешенді талдау
- •Єдістемелік н¦сќау
Методические
указания
Форма
Ф СО ПГУ 7.18.2/05
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша 050205- «Қазақ филологиясы» мамандығына тәжірибешілік сабақтарға арналған
Әдістемелік нұсқау Павлодар 2008
Лист утверждения к Форма
методическим указаниям Ф СО ПГУ 7.18.1/05
БЕКІТЕМІН
ФЖиӨ факультетінің деканы ________________ Ж.Т.Сарбалаев
«___»_____________2008ж
Құрастырушы: ф.ғ.к., доцент Г.К.Кажибаева__________
Қазақ филологиясы кафедрасы
Әдістемелік нұсқау
Тәжірибешілік сабақтарға арналған
«Қазіргі қазақ тілі сөзжасамы» пәні бойынша 050205 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының студенттері үшін
Студенттерге арналған пән бағдарламасы «___»________2008 жылы бекіген
жұмыс бағдарламасы негізінде дайындалды.
Қазақ филологиясы кафедрасының «___»___2008ж. мәжілісінде ұсынылды.
Хаттама №__
Кафедра меңгерушісі_______________________Қ.П.Жүсіп
Филология, журналистика және өнер факультетінің «_____»_____2008 ж. әдістемелік кеңесінде мақұлданды. Хаттама №___
ӘК төрайымы____________________ М.В. Семенова
1 Пәннің мақсаты мен міндеттері
«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» қазақ тіліндегі сөзжасамдық процестерді, сөзжасамның негзгі ұғымдары мен теориясын, сөзжасамдық тәсілдерді, сөзжасам нәтижесінде жасалатын туынды сөздің мағынасын зерттейтін негізгі іргелі пән. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні – тіл және әдебиет мамандарын даярлау үшін оқытылатын лингвистикалық пәндердің негізгілерінің бірі.
Пәнді оқыту мақсаты:
Қазақ тілі сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтар мен тәсілдерін, теориялық түсінігі мен ішкі семантикалық құрылымына талдау жасай отырып кешенді түрде оқыту.
Пәннің міндеттері:
--Қазақ тілінің сөзжасам жүйесінің негізгі ұғымдарын айқындау;
- Сөзжасам жүйесі мен атау теориясының байланысын саралау;
- Сөзжасам жүйесі және мотивация (негіздеме);
- Сөзжасам жүйесінің негізгі заңдылықтарын анықтау;
- Сөзжасам жүйесіндегі негізгі тәсілдерді саралау;
- Туынды сөз табиғатын талдау;
- Сөз таптарының сөзжасамын айқындау;
-Синтетикалық сөзжасам;
- Фонетикалық сөзжасам;
- Семантикалық сөзжасам;
- Аналитикалық сөзжасамды оқыту.
Студенттер білуі тиіс:
- Сөзжасамның жасалу жолдары мен амал-тәсілдерін, грамматикалық формаларды;
- сөзжасамдық және морфологиялық аспектілердің астасып жататын тұстарын;
- тілдік (сөзжасамдық) элементтердің құрылымдық ерекшеліктерін;
-сөзжасам тәсілдерін, сөз жасаушы тілдік нұсқалар мен сөзжасамдық типтерді;
- сөздердің жасалу үлгілерін;
- сөзжасамның заңдылықтарын;
- сөзжасамның сөз таптарына қатыстылығын.
Студенттер істей білуі тиіс:
- Сөзжасамға қатысты жаттығуларды грамматикалық, морфологиялық еңбектерден орындай алуы;
- тіл байлығын, ой-өрісін дамытуға арналған жаттығуларды орындай алуы тиіс;
- сөзжасамдық талдау.
