- •Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар.
- •Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
- •Ведомстволы қатыстығы бойынша жағдайлар:
- •3) Аумақтылық бойынша төтенше жағдайлар:
- •Шаруашылық объектiсi азаматтық қорғанысының ұйымдық құрлымы
- •Ақ құрамаларын, оның мақсаты мен құрылу тәртiбi
- •Оқылатын сұрақтар:
Шаруашылық объектiсi азаматтық қорғанысының ұйымдық құрлымы
Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруда жүйеде негiзгi буын болып табылатын шаруашылық объектiлерi маңызды орын алады. Шаруашылық объектiлерiнде барлық АҚ барлық шараларының негiзi қаланады, мұнда соғыс уақытында жұмысшылар мен қызметшiлердi қорғау, объектiлер жұмысының тұрақтылығын қамтамасыздандыру, құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзуге күштердi даярлау жөнiндегi негiзгi кешендi шаралар жүргiзiледi.
АҚ шараларын өткiзу жөнiндегi оның бұрықтары мен өкiмдерi барлық лауазымды тұлғалар үшiн мiндеттi.
Шаруашылық объектiлерiнде АҚ мен ТЖ хабарлау және байланыс, авариялық-техникалық, инжинерлiк, медициналық, өрттен қорғау, қоғамдық тәртiп сақтау және басқа қызметтерi құрылуы мүмкiн. Ауылшаруашылығы өндiрiсi объектiлерiнде бұлардан басқа ауылшаруашылығы хайуанаттары мен өсiмдiктерiн қорғау қызметi құрылады. Қызметтердiң мақсаты – құтқару және өзгеде шұғыл шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн қажеттi күш пен құралдарды даярлау және осы күштердiң аталған жұмысты орындауына басшылық ету.
Ақ құрамаларын, оның мақсаты мен құрылу тәртiбi
АҚ құрамалары соғыс және бебiт уақыттағы төтенше жағдай кезiндегi авариялық құтқару және өзгеде шұғыл жұмыстарды жүргiзу үшiн құрылған.
АҚ құрамалары ұйымдарда, аудандарда, қалаларда, облыстарда аумақтық және объектiлiк болып бөлiнедi.
Объектiлiк құрамалар тұрғылықты жерi бойынша меншiктiң санына қарамастан ұйымдарда құрылады да әдеттегiдей олардың мүддесiне пайдаланылады. Жергiлiктi атқарушы органдарының шешiмi бойынша объектiлiк құрамалар тиiстi аумақтық мүддесiне орай мiндеттi орындау үшiн тартылуы мүмкiн.
АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбiт уақытындағы төтенше жағдайда халықты, аумақ пен ұйымды сенiмдi қорғауды қамтамасыз ететiн жеткiлiктi қажеттiлiктi ескере отыра алдағы авариялық құтқару жұмыстарының көлемi мен болжамдар нагiзiнде анықталады.
АҚ құрамалары құрылатын ұйымдардың басшылары кәсiби даярлық қазiргi техникамен, қондырғымен, қару-жарақпен және басқа да құралдармен жабдықтау және оларды iс әрекетке даярлықты ұстау үшiн жауап бередi.
АҚ құрамаларының негiзгi түрлерi:
құтқару құрамалары - барлау, iздестiру және зардап шеккендердi үйiндiлерден шығару алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету үшiн құрылады ждәне құрама құтқару отрядынан құтқару командасынан немесе адамдарды iздестiру тобынан тұрады;
инженерлiк құрамалар – инженерлiк барлауды жүргiзу, үйiндiлерде жол өткел жасау, оның iшiнде iс кедергiлерi арқылы өтетiн аспа жол жасау, үйiндi астында ғимараттарды ашу, бүлiншiлiк ауданында өзге инженерлiк жұмыстарды жүргiзу үшiн құрылады және инженерлiк, жол-көпiр командасынан, қопару жұмыстары тобынан, инженерлiк барлау тобынан тұрады. Инженерлiк құрамалар жұмысты жеке орындауды қамтамасыз ететiн техникамен және қондырғымен жабдықталады.
АҚ және ТЖ қызметтерiнiң құрамалары – халықтың тiршiлiгiн қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың iс-әрекеттерiн жан-жақты қамсыздандыру үшiн құрылады және медициналық байланыс, қоғамдық тәртiп сақтау, өрттен қорғау авариялық-техникалық, материялдық қамсыздандыру, көлiк, өсiмдiктер мен хайуанаттарды қорғау болып бөлiнедi.
Облыстық және қалалық жедел – құтқару отряды iздестiру-құтқару жұмыстарын жургiзу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшiн құрылады. Олар даярлығы жоғары құрама болып табылады, тиiстi АҚ бастықтарының шешiмiмен құрылады және жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталады.
АҚ құрамларына 1,2,3 топтағы мүгедектерден жүктi әиелдерден, 8 жасқа дейінгi баласы бар әйелдерден соғыс кезндегi жұмылдеруға белгiлнгендерден өзге еңбекке жаралды ерлермен әйелдер алынады.
Бейбiт уақыттағы ТЖ зардаптарын жою үшiн АҚ-ның бар құрамалары мен штаттың мамандырылған құрамалар санынан тұрақты әзiрлiктегi облыстық, қалалық және аудандық жедел iс қимыл отрядтары құрылады. Олар аумақтық АҚ құрамаларын сипатына жатады.
