- •Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар.
- •Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдайлар:
- •Ведомстволы қатыстығы бойынша жағдайлар:
- •3) Аумақтылық бойынша төтенше жағдайлар:
- •Шаруашылық объектiсi азаматтық қорғанысының ұйымдық құрлымы
- •Ақ құрамаларын, оның мақсаты мен құрылу тәртiбi
- •Оқылатын сұрақтар:
Бейбiт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар.
1.сұрақ. Төтенше жағдайлардың топтастырылуы, пайда болу себептерi. Апаттың теориясы.
“Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы” 5.07.96ж. ҚР Заңы республика аумағында табиғи жағдайларды ескерту мен жою жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi. Онда, халықты, қоршаған орта мен шаруашылық объектiлерiн төтенше жағдайлардан және одан туындаған салдардан қорғау мен мемлекеттiк саясат жүргiзуде басым салаларының бiрi екендiгi атап көрсетiледi.
Зiлзала - бұл кенеттен туындаған және халықтың қалыпты тiршiлiгiнiң күрт бұзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық құндылықтардың бүлiнуiне және жойылуына алып келетiн табиғат құбылысы.Зiлзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зiлзалалар адамның еркiнен тыс жер сiлкiнiсi,тасқын,сел,сырғыма, қар көшкiнi, долы жел,бұрқасын,орман және дала өрттерi сияқты табиғат күштерiнiң әсерiнен болады.Әрбiр зiлзаланың тек өзiне ғана тән пайда болу себебi,қозғаушы күшi дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзiндiк әсерi сияқты физикалық қасиетi бар.
Зiлзаланiң бiр-бiрiнен айырықша ерекшелiктерiне қарамастан ортақ белгiлерi бар. Олар :үлкен кеңiстiктi қамтуы,қоршыған ортағаайтарлықтайықпалы,адамға,қатты психологиялық әсер етуi.
Авария-технологиялық процесстердiң бұзылуы,механизмнiң қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық оъектiлерiнде ең көп тараған авария себептерi-агрегаттарды,механизмдердi пайдалану ережесiн бұзу. Сондай-ақ техника қауiпсiздiгi ережесiн бұзу,злiзала. Авария салдарының сипаты оның түiне , көлемiне және ол пайда болған кәсiпорынның ерекшелiгiне байланысты. Аварияның негiзгi салдары жарылыс,өрт,су басу,шахталардың құлауы болуы мүмкiн. Бiрқатар жағдайда атмосфера газданады ,мұнай өнiмдерi,тұтанғыш сұықтар мен қатты әсер ететiн улы заттардың төiлуi,авария салдарын тудырады.
Апат -бұл адамның өзi күтпеген iс -әрекетi ,злiзала немесеи әлеуметтiк қиыншылық,олар адамдардың үлкен тобы тiршiлiгiнiң бұзылуымен,қаза болуымен немесе өмiрi мен денсаулығына төнген қауiппен және айтарлықтай эканомикалық және экологиялық заламен сипатталады.
Апаттар көлемi мен түрлерi бойынша жiктеледi.
Көлемi бойынша:кiшi, орта және үлкен.
Көлемдi анықтау кезiнде өлшем үшiн екi көрсеткiш алынады:зардап шекендердiң жалпы саны немесе емделуге мұқтаждардың саны; апат салдарының әсерiне ұшырған аумақ.
Түрлерi бойынша барлық апат екi топқа бөлiнедi:
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зiлзала);
-жасанды(антропогендiк, яғни адамдық факторлардан туындайды).
Табиғи:
Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшылық, аяз, найзағайдан болған өрт).
2.Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған күрт, жер сiлкiнiсi).
3.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкiнi, тастың құлауы,су басу).
4.Космостық (метеоиктердiң және басқа космостық денелердiң құлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1.Көлiктiк (космостық, авияциялық, авто-к. теңiз, өзен, темiр жол).
2.Өндiрiстiк ( радиацялық, механикалық, химиялық, термикалық).
3.Спецификалық ( бактериологиялық, эпидемиялық).
4.Әлеуметтiк (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртiпсiздiк, тероризм, маскүнемдiк, нашақорлық,токсикомания).
Әрбiр апат ошақ құруға алып келедi, бұлар үшiн өзiндiк бүлдiру зақымдау ерекшелiгi тән, ал әрбiр ошақ-бұл төтенше жағдай.
Төтенше жағдай-Адам өлiмiне акелiп соққан, немесе әкелiп соғуы мүмкiн, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шруашылық жүргiзушi объектiлерге нұқсан келтiрген немесе келтiруi мүкiн, едәiр дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тiршiлiк жағдайын бұзған аврия, зiлзала, немесе апат салдарынан болғанбелгiлi бiр аумақта туындаған жағдай.
Төтенше жағдайлар үш негiзгi белгiлер бойынша жiктелiнедi: 1. Пайда болу саласы бойынша.
2. Ведомстволық қатыстығы бойынша.
3. Аймақтық таралуы бойынша.
