- •Мазмұны
- •Нысанының сипаттамсы
- •4 Бөлім. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіруді ұйымдастыру Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өртті сөңдіруді ұйымдастыруы
- •Күштер мен құралдар есебі № 1
- •2 Нұсқа. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіруді ұйымдастыру Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өртті сөңдіруді ұйымдастыруы
- •Күштер мен құралдар есебі № 2
- •Өрт сөндіруге жұмылдырылатын күштер мен құралдар және олардың шоғырлану уақыты
- •5 Бөлім. Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объектінің, қаланың, елді мекеннің (ауданның) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара әрекеттестіктерін ұйымдастыру ұйымдастыру
- •Өндірісте айналатын заттармен материалдардың өрт қауіптілігі және жеке қүрамды қорғау шарлары
- •Орынжайларға, технологиялық қондырғыларда (аппараттарында) бхуз радиоактивті заттардын болу
- •Бөлмелердің экспликациясы
- •Бөлмелердің экспликациясы
- •Бөлмелердің экспликациясы
- •Бөлмелердің экспликациясы
- •Бөлмелердің экспликациясы
- •4 Қабат
- •7 Бөлім. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары
- •Өрт сөндіру жетекшісі
- •Жедел штабтың бастығы
- •Тыл бастығы
- •Балалар мекемелері мен мектептерде өрт сөндіру
- •8 Бөлім. Жедел өрт сөндіру жоспарын пайдалануды тіркеу
Нысанының сипаттамсы
№ 48 мектеп-лицей – ғимараты биіктігі әртүрлі жертөле қабаты мен бірге 5 қабаттан тұрады. Нысан Жирентаев 15/2 мекен жайында орналасқан.
Отқа төзімділігі ІІ – дәрежелі нысан 2004 жылы 26 тамызда комиссиямен қабылданып пайдалануға берілген.
Құрылыс салу алаңы -16111,5 м2, , жалпы аумағы -2,2 га.
Іргетас-қада жуандығы 30Ч30. Сыртқы және ішкі қабырғалары тұтас құйылған, сырты сары керамикалық кірпішпен қапталған. Аражабыны кірпіш, темір қаңқалардың сырты гипсакартонмен қапталған, қабатаралық жабындары тұтас темір – бетоннан құйылған, баспалдақтары темір косуар бойынша темір – бетон сатылары бекітілген, еден – керамикалық плита, әйнектері – металопластик, есіктері – ағаш, металопластик, шатыры – төбелік орамалы жабыннан, ішкі қабырғалары – суэмульсиясымен сырланған, кермикалық плитамен қапталған.
Ғимараттың жертөле қабатында – тех.бөлмелер, киімілгіш, холл, қосалқы бөлмелермен сонымен қатар тамақтану залы ауданы 381,15 шаршы метр 380 адамға арналған асхана, ыдыс жуу бөлмесі, тоңазытқыш камерасы орналасқан бөлме, электр қалқан, қойма, қызметкерлерге арналған әжетхана, душ бөлмесі және желдету камерасы орналасқан.
1-ші қабатында – директор кабинеті, күзет бөлмесі, дәрігер кабинеті, сыныптар, спортзал, денешынықтыру залы, еңбекке үйретуге арналған шеберхана, БСД кабинеті, методист кабинеті орналасқан, тіс емдеу кабинеті, шағын спортзал,іс жүргізуші кабинеті,бастауыш сыныптар кабинет,ағаш өңдеу кабинет,темір өңдеу кабинеті, соцпедагог, рекреация, кабинеті, тарих кабинеті, қабылдау бөлмесі,директор орынбасары кабинеті, холл.
2-ші қабатында – кабинеттер, зертханашы кабинеті, психолог кабинеті, лекция залы, мұғалідер кабинеті, әфизика кабинеті, меңгеруші кабинеті,баспалдақ, математика кабинеті,әдістеме кабинеті, көркемсурет кабинеті, қойма, бастауыш сыныптар кабинет, холл.
3-ші қабатында – компьютер кабинеттері, химия зертханасы, хореография кабинеті, жиналыс залы, сыныптар, дәліз орналасқан, мультимедиа кабинеті, меңгеруші кабинеті,орыс тілі кабинеті, казак тілі кабинеті, көркем сурет мектебі, холл.
4-ші қабатында – шетел тілі кабинеті, валеология кабинеті, зертхана кабинеттері, ән күй кабинеті, бухгалтериясы, занге, биология кабинеті, география кабинеті,көркем сурет мектебі, холл.
Күндіз келетін адамдар саны шамамен 2160 адам, оның ішінде оқушылар 2088, мұғалімдер , тех.қызметкерлер 43, әкімшілік 11 . Түнгі уақытта 1 адамнан тұратын күзет жұмысшылары болады.
Ғимаратта – нысанды күзету дабылққақышы қарастырылған.
Ғимарат 220/380 Вт электрмен жабдықтлады.
Өртке қарсы сумен жабдықтау.
Ғимараттың аумағында қала желі торабынан 2 өрт гидранты орналасқан диаметрі 200 мм. айналмалы су құбыры өтеді. ӨГ-1 Мұңайтпасов көшесі жағында қашықтығы 12 метр мектеп-лицей ғимаратынан., және ӨГ-2 ғимарат алдында 25 метр қашықтықта орналасқан. Ғимараттың барлық қабаттарында жеті – сегізден «ОП-5» өрт сөндіргіш құралы орнықтырылған, өрт крандары жоқ.
Өрттік автоматика.
Мектепті қорғау үшін «Sistem 236» , «Сигнал 20» маркалы өрттік дабыл жүйесі қарастырылған. Түтіндік дабылқаққыштар маркасы ИП 212-45 149 дана, қолдық ИПР 3СУ 12 дана,жарықтық-дыбыстық ескерткіш ЛД-95 1 дана, «С 2000 СП» орталық блок процессоры 1 дана, 76 блок желдету мен ескертуді басқару 1 дана.
Жылыту.
Жылыту қалалық жылу жүйесінен ТЭС-2.
Жарықпен қамтамасыз ету.
Жарықтандыру жүйесі қалалық жүйеден жеке тұрған ТП -1023, РУ-0,4кВ қуатты арқылы. Жарықтандыру табиғи және жасанды. Цоколь қабатында электр қалқаны бар және әр қабатта 3 электр қалқандары орнатылған.
Желдету жүйесі.
Мектепте табиғи және механикалық ағымды желдету жүйесі қарастырылған. Асханадағы ауа алмасу технологиялық және адамдардан бөлінген жылуды жоюға есептелген.Ауа алмасу жолдары беттік болаттан жасалған.
2 бөлім. ӨРТТІҢ ӨРШУ БОЛЖАМЫ
Мектеп ғимаратында өрт қауіпті әртүрлі орындар бар. Әсіресе өрт қауіпті болып тұрған мектептің 0 қабатында орналасқан асхана болып табылады.
II дәрежелі отқа төзімді мектеп ғимаратында өрт жаңғыш материалдар,жиһаз және қондырғылар арқылы 0,5-1,5 м/мин жылдамдықпен өршиді. Өрт пен тұтіннің жылдам өршуіне мүмкіндік туғызытын ауа алмастыру өондырғылары себептеседі. Өрт және түтін есік тесігі арқылы дәлізге өршиді. Басбалдақ торлары дәлізден бөлінбеген себебінен түтін және өрт жоғарғы қабаттарға тез өршіп кетіп эвакуациялау жолдарын қесіп тастауы мүмкін. Ғимаратта тез өршіп жатқан түтін адамдарға жалпы қауіп тудыруы мүмкін. Түтіннің өрт ошағының және жоғарғы қабаттарда ең көп шоғырлануы болжанады. Өрт ошағының маңында ең көп жылу әсері байқалады.
