Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
текстовая часть.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
520 Кб
Скачать
☆

Бөлмелердің экспликациясы

4 Қабат

7 Бөлім. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары

ТОЖҚҚ қолданбай, өртке барлау жүргізу кезінде құрамында кемінде екі адамнан тұратын топ құрылады.

39. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлау жүргізу кезінде ГТҚҚ звеносының командирі:

МӨҚҚО ГТҚҚ тәлімдемесінде (бұдан әрі – ГТҚҚ тәлімдемесі) баяндалған талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге;

ГТҚҚ звеносының қойылған жауынгерлік міндеттерді орындауға дайындығына көз жеткізуге;

қойылған жауынгерлік міндеттерді орындау үшін қажетті ГТҚҚ звеносының қажетті жабдығы минимумының бар-жоғын және жарамдылығын тексеруге;

жеке құрамға бақылау-өткізу пункті мен қауіпсіздік бекетінің орналасқан орнын көрсетуге;

ТОЖҚҚ жауынгерлік тексеруге және звеноның жек құрамының оны тексеруін және ТОЖҚҚ дұрыс іске қосылуын бақылауға;

тыныс алуға қолайсыз ортаға кірер алдында бағыныстылардың ТОЖҚҚ баллондарындағы оттегінің (ауаның) қысымын тексеруге және қауіпсіздік бекетіндегі күзетшіге оттегінің (ауаның) ең төменгі қысымының мәнін хабарлауға;

қауіпсіздік бекетінде күзетшінің жүргізген тиісті жазбаларының толықтығы мен дұрыстығын бақылауға;

ГТҚҚ звеносының жеке құрамына өрт орнына жақындаған кезде қауіпсіздік бекетінде оралуға тиіс оттегінің (ауаның) бақылау қысымын хабарлауға;

газ-түтіннен қорғаушылардың жұмысын демалыс уақытымен алмастыруға біркелкі терең тыныс алып, жүктемені дұрыс мөлшерлеуге;

ГТҚҚ звеносының жеке құрамының көңіл күйі, жарақтарды, ӨТЖ дұрыс пайдалануын қадағалауға, манометр көрсеткіштері бойынша оттегінің (ауаның) жұмсалуына бақылау жүргізуге;

звеноның барлығын таза ауаға шығаруға;

тыныс алуға қолайсыз ортадан шыққан кезде ТОЖҚҚ-дан ажырату орнына анықтауға және өшіруге команда беруге міндетті.

40. ГТҚҚ звеносы түтінденген аймақта болғанда мынадай талаптарды сақтауы қажет:

әдеттегідей, іргелі қабырғалардың немесе терезелі қабырғалардың бойымен жүру қажет;

қозғалыс барысында көтергіш құрылымдардың күйін, жалынның жылдам таралу мүмкіндігін, жарылу немесе құлау қаупін байқау қажет;

ГТҚҚ звеносы үшін ақаулықтар немесе өзге де қолайсыз жағдайлар туралы қауіпсіздік бекетіне хабарлап, звеноның жеке құрамының қауіпсіздігін қамтамасыз ету шешімін қабылдау қажет;

Жоғары кернеулі қондырғылар, жоғары қысымды аппараттар (ыдыстар), жарылғыш, улы, радиоактивті, бактериологиялық заттар бар үй-жайларға тек қана объект әкімшілігінің келісімімен және олар ұсынған қауіпсіздік ережесін сақтай отырып кіруі қажет.

41. Қойылған міндеттерді орындау үшін ГТҚҚ звеносында қажетті жарық беру минимумы болуы қажет, онда мыналар қарастырылуы тиіс:

бір түрдегі тыныс алу органдарын қорғау құралдары;

тыныс алу аппараты жинағына кіретін құтқару құрылғысы – тыныс алу аппаратын пайдаланатын газ-түтіннен қорғаушыға біреуден;

байланыс құралдары (радиостанция, сөйлесу құрылғысы немесе өзге де тізімдік құрал);

жарық беру аспабы: топтық фонарь – ГТҚҚ звеносына – біреу және жеке фонарь - әр газ-түтіннен қорғаушыға;

сақтандыру құралдары – иілгіш орауыш (арқан-тіркеме) және бағыттаушы арқан (жол шпагаты);

өрт сөндіру жетекшісінің (бұдан әрі - ӨСЖ) қалауынша өрт сөндіру құралдары;

бекіту құралы: жеңіл немесе әмбебап сомын.

42. Бағыттаушы арқан үй-жайдың жоспарлануы күрделі болмағанда, өрт ошағына дейінгі қашықтық алшақ болмағанда және түтіндену тығыздығы жоғары болмағанда жұмыс жағдайына байланысты өрт орнында (авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу) ӨСЖ шешімі бойынша қолданылмауы мүмкін. Бұл жағдайда оның қызметін жең желісі атқарады.

43. ТОЖҚҚ жұмыс істегенде және алаңның көп бөлігі газданғанда қауіпсіздік бекеттері мен бақылау-өткізу бекеттері тұтас өрт сөндіру мерзіміне құрылады. Мұндай жағдайларда оларға қойылған міндеттерді ескере отырып, өрт сөндіруге жіберілген тұлғалармен қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқама өткізу жүктеледі.

44. Өрт барлауды ұйымдастыру кезінде ӨСЖ немесе өрттегі өзге де жедел лауазымды тұлға (бұдан әрі – жедел лауазымды тұлға) агрессивті химиялық қауіпті заттардың (бұдан әрі - АХҚЗ), радиоактивті заттардың (бұдан әрі - РЗ) сипатын, олардың қосылым деңгейі мен ластану аймағы шекарасын, сондай-ақ қажетті қауіпсіздік шараларды анықтау үшін тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерін, ұйымдарды барынша жұмылдыруы тиіс.