- •1 Мектеп жасына дейінгі балаларды уақытты бағдарлауға үйрете отырып экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесіне байланысты ғалымдардың педагогикалық көзқарастар
- •Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру мен уақытты бағдарлай білудің маңызы
- •1.3 Күн, ай, апта, жыл мезгілдері ұғымдарымен таныстырудың негіздері
- •2 Мектеп жасына дейінгі балаларды уақытты бағдарлауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары
- •2.1 Уақытты бағдарлау түсініктерін қалыптастыру әдістемесі мен оны жетілдіру жолдары
- •2.2 Зерттеу мәселесі бойынша қалыпқа келтіру эксперименті кезінде пайдаланылған іс-шаралар мазмұны.
- •2.3 Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі
- •Сурет3 - Экспериментке дейінгі кезеңде балалардың білім деңгейлерінің пайыздық көрсеткіші
- •Сурет 4. Эксперименттен кейінгі балалардың білім деңгейлерінің пайыздық көрсеткіші
- •Қорытынды
- •3.Тоғыз – әзір белгілі
- •5.Уақыттың өлшемі
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау»,- делінген .
Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісінің алғашқы сатыларының бірі болып саналатын мектепке дейінгі мекеменің алар орны ерекше.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған жолдауларында да ерекше атап өткен. Ол Республикада қалыптасқан экологиялық жағдайға талдау жасай отырып, 2050 жылға дейін іске асыру қажет басымдықтың бірі ретінде «азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу» стратегиясын ұсынды.
Демек, болашақ ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің ең тиімді мүмкіндіктерін, жолдарын зерттеп, оны ұтымды пайдалану өте маңызды.
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық дамуындағы жаңару процестері өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектепке дейінгі мекемелерге ендіру арқылы балалардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық тәрбиені халық педагогикасы арқылы қалыптастыруда айналамен таныстыру сабағының мүмкіндіктері мол.
Балалардың қоршаған ортаның табиғи құбылыстары мен заттары туралы, олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Айналамен танытыру және экологиялық тәрбие материалдары қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Ұйымдастырылған әрекет барысында айналамен таныстыру материалдарын пайдалану арқылы балалар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай, дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Мектепке дейінгі балалардың айналадағы табиғи ортамен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету, экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру – балабақшадағы тәрбиенің ең негізгі міндеті болып табылады.
Мектепке дейінгі балалар алғашқы экологиялық сабақтың бағдарламалық талаптарын игеру процесінде алады. Ұйымдастырылған әрекет барысында мақсаты приоритетінің өзгеруі біліммен тәрбие мазмұнына елеулі тұрде ықпал етіп, мектепке дейінгі берудің басты міндеттерін белгілеуге мүмкіндік береді. Солардың ішінде білім беру саласында «айналадағы дүниемен дара – тұлғалық қатынасының қалыптасып, эстетикалық, этикалық, адамгершілік нормаларын меңгеру» міндетін жүзеге асыруда айналамен таныстырудың алатын орны зор .
Бұл пән мазмұны қазіргі заманғы ғылыми білімнің, мәдениетің әр түрлі салаларының хабардар ету негізінде дүниені танып білу әдістерімен (бақылау, тәжірибе, эксперимент, моделдеу, талдау, синтез, салыстыру, т.б.) баланы қаруландырып және балалардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін, оның ортамен қарым-қатынасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасында белгіленген мектепке дейінгі басым міндеттерінің бірі «тәрбие процесін патриотизм, азаматтық ұлтжандылық, гуманизм идеялары негізінде» құруды жүзеге асыруда айналамен таныстыру пәнінің оқыту барысында өлкетану материалдарын пайдаланудың атқаратын ролі ерекше.
Бұл мәселелер Ж.Руссо, К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский сияқты көрнекті педагогтардың еңбектерінде кең талданып, өлкетану материалдарын пайдаланудың экологиялық мәні жан-жақты көрсетілген. Өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие бере отырып, жаңа заманның көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі күрделі процес болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр.
Қоршаған ортаға ізгілікті қарым-қатынас жасау, оны қорғау идеясының ертеден келе жатқан өзіндік тарихы бар. Адамзат баласына экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы IX-XV ғ.ғ. Әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қожа Ахмет Иассауи, М. Қашқари, С. Бақырғани тағы да басқа шығыс ғұламаларының тіл, этика, психология, метофизика,тағы да басқа ғылымдары жайлы жазбаларындап көрініс тапқан .
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уалиханов, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов т.б еңбектерінде табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Республикамызда біз қарастырған проблемаға айрықша мән берген ғалымдардың еңбектерін атап өтуге болады.
Балалардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың Қ.Ж.Аганина, Б.Р.Айтмамбетова, Қ.М.Арынғазин, сол сияқты экологиялық білім беру мен тәрбие беру мәселесін шешуде Ә.С.Бейсенова, Ж.Ж.Жатқанбаев, Ғ.Қ.Ділімбетова, Г.Мұқышева, Ө.Өмірәлиев К.Ж.Сарманова, Н.С.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, Ж.Б.Шілдебаев, В.И.Фурсов, және т.б. ғалымдар еңбектерінің құндылығы зор.
70-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға, балалардың биоэкологиялық білімін игеруге бағытталды (Я.И.Габеев, С.Д.Дерябо, Т.В.Кучер, В.И.Иоганзен, Э.А.Тұрдықұлов т.б.).
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың, И.Д.Зверевтің, И.Т.Суравегинаның және т.б. зерттеулерінде көрініс тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин, Н.А.Рыков т.б. дәлелдеген.
Экологиялық білім беру мәселесін мәдениеттану ғылымы саласы бойынша педагогикалық алғышарттары А.К.Егенисова Ф.Н.Жұмабекова, А.Е.Манкеш, Г.М.Сәбденалиева Г.Қ.Тұрабаева еңбектерінде қарастырылған.
Экологиялық білім мен тәрбие беруді пән сабақтарында жүзеге асыру да көптеген ғалымдардың зерттеу пәні болды. Мәселен, қазақ тілі мен әдебиеті (Ә.Дайырова, Қ.Құрманбаева, Ө.Танабаев), химия ( Қ.О.Шайхеслямова) физика (Р.С.Басекеева), математика (Қ.Н.Сарыбекова), табиғаттану (Д.І.Жангелдина), ағылшын тілі (Ж.Базарбекова, Ж.Тілешова) пәндерін оқытуда экологиялық білім беру мен тәрбие мәселері жан-жақты қарастырылған .
Балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (К.И.Исламова), балаларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш.М.Абеуова), мектепалды топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Н.С.Сайлауова) мектепке дейінгі балалардыңың экологиялық мәдениетін қалыптастыру (Ж.Р.Жексембаева) т.б ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, айқындалған .
Алайда, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау және мектепке дейінгі мекемеде жүргізілген бақылаулар уақытты бағдарлай білуді үйрету барысында экологиялық тәрбие беру барысында көптеген қайшылықтар анықталды:
- қарапайым математиканы оқыту барысында өлкетану материалдарын пайдалану негізінен жалпыдан жекеге принципі бойынша берілген,
-яғни жалпы танымдық материал беріліп, уақыт туралы түсініктер мен уақытты бағдарлай білуде табиғи құбылыстардың өзгерістерін экологиялық тәрбие беру тұрғысынан қарастырылмаған.
Жоғарыда айтылған қайшылықтарды шешу мәселесі, біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Балаларға уақытты бағдарлауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру» -деп таңдауымызғасебеп болды.
Зерттеу мақсаты: зерттеу тақырыбына байланысты экологиялық тәрбие берудің тірек теориясын анықтап, және оның тиімділігін практика жүзінде мектеп жасына дейінгі балаларда уақыт туралы ұғымдарды жыл мезгілдері өзгерістерімен байланыстырып тиімді ұйымдастыратын әдістемелік ұсыныстар беру.
Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі балалардың уақыт туралы түсініктерін жыл мезгілдерін оқып үйрету арқылы қалыптастыру
Зерттеудің міндеті:
- Уақыт туралы түсінік ұғым, жыл мезгілдері жайлы түсініктердің қалыптасуына тарихи шолу жасау;
- мектеп жасына дейінгі ересек топ жасындағы балаларда уақыт пен ондағы жыл мезгілдері ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінің жолдары мен технологияларына талдау жасау
- мектеп жасына дейінгі ересек тобы балаларын табиғи құбылыстардың өзгерістерін экологиялық тәрбие беру тұрғысынан таныстыру әдістемесінің үлгі нұсқаларын құрастыру.
Зерттеу болжамы: егер, мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды уақыт ұғымы мен жыл мезгілдерімен таныстыру мәселесі табиғи құбылыстардың өзгерістерін экологиялық тәрбие беру тұрғысынан тәрбиелесе, оның мазмұны теориялық-әдістемелік тұрғыдан негізделіп, іс жүзінде тәжірибеге енсе, онда мектеп жасына дейінгі балалар уақыт ұғымын толық түсінеді және балада экологиялық мәдениет қалыптасады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы: теориялық-әдістемелік әдебиеттерді талдау негізінде мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды уақытпен, жыл мезгілдерімен таныстыруда экологиялық тәрбиелеудің мүмкіндіктері, ерекшеліктері айқындалады.
Зерттеу базасы: Жамбыл облысы, Шу ауданы, «Айналайын» балабақшасы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен негізгі мазмұны. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қосымша материалдан тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, нысаны, піні, мақсаты, міндеті, зерттеу әдістері туралы сөз болады.
Бірінші тарауда зерттеліп отырған проблеманың мәні ашылып, экологиялық тәрбие берудің зерттелу жайында сөз болады. Оқыту процесінде балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру үдерісінде экологиялық тәрбие беру мүмкіндіктері қарастырылады.
Екінші тарауда балаларда уақытты бағдарлай білуге үйрете отырып, экологиялық тәрбие берудің жолдары, жүргізілген эксперимент нәтижелері мен тиімділігі көрсетілген.
Қорытынды бөлімінде тақырыпқа байланысты практикалық кеңестер беріледі.
1 Мектеп жасына дейінгі балаларды уақытты бағдарлауға үйрете отырып экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесіне байланысты ғалымдардың педагогикалық көзқарастар
Алғашқы кезде экология термині, яғни қоршаған орта туралы белгілі бір ғылымның шығуы керектігі туралы көптеген ғалымдар әртүрлі пікір білдірген. Соның ішінде, ең көрнектілері: Ч. Дарвин, К. Линней және т.б. Ал, экология ғылымының кең көлемде қалыптасуына ықпал жасаған әрі оның алғашқы анықтамасын Э. Геккель болды (1866 ж.).
Экология ғылымы – биология ғылымының бір саласы ретінде дамығандығы белгілі. Экология, грек тілінен аударғанда, «oikos» - үй, мекен-жай және «logos» - ілім деген мағынаны білдіреді. Экология ғылымы – тірі ағзалардың тіршілік ету жағдайларын, өзара бір-бірімен және қоршаған бейорганикалық табиғатпен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.Ч.Дарвиннің анықтауы бойынша, «тіршілік үшін күресу» ұғымы тірі жәндіктірдің өзара қатынасы және олардың өлі табиғатқа қатынасының көп заттардың байланысының түйінделуі деп негізделеді.
Экологияның зерттейтін мәселелері жанды мақұлықтардың ортаға қатынасы, олардың ортамен өзара байланысы, өмір сүруі және ортаның оларға ықпалы. сонымен, экология – тірі организмдердің ортада тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.
Көптеген ғалымдар әр алуын жануарлар мен өсімдіктердің және адамдардың мекендеген ортасы мен өзара байланысын ашу жөнінде айтарлықтай үлес қосты.
Экологиялық зерттеу ХХ ғасырдың бас кезінде пайда бола бастады, ао соңғы 10-15 жылдардың ішінде кең өріс алды. Бұл зерттеуадамның табиғатқа көзқарасының тікелей өзгеруімен байланысын көрсетеді. Адам табиғатты, оның байлығын көп уақыттан бері алусыз керегінше пайдаланып келді. міне, осыған байланысты табиғат қоры таусылуда, биологиялық орта азғындап ластануда. Жер бетінде өсімдіктер, жануарлар, өзен-көлдер, теңіздер адамның жабайы, рахымсыз іс-әрекетінің нәтижесінде өздерінің бұрынғы табиғи тазалығын, сапасын жайып опатқа ұшырауды.
Қазіргі кезеңде орман-тоғайлардағы жасыл жапырақты қарағай, қайың, үйеңкі, тал сияқты ағаштарды, өсімдіктерді, көлдер мен теңіздерді қорғаудың және оларды дұрыс пайдаланудың адамзат үшін маңызы өте зор. Өйткені, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі адам өмірінің негізі.
Сонғы жылдары Қазақстан және Өзбекстан аймақтарында 3 млн. гектар жерде өсірілетін мақта және күріш дақылдарын Арал теңізін пайдаланып, суландыру апаттық жағдайға соқтырды: Осының нәтижесінде суат бетінегі су азайып тартылды, айналадығы жер құрғады.Арқасында пайда болған . сондықтан странция жер бетіне тарап, ондағы барлық тірі жәндіктердің денесіне енген.
Тағы да еске түсіретін нәрсе, ол теңіздер мен мұхиттар түбінде көп жылдардан бері жатқан ядролық реакторлар, снарядтар, миналар, оқтар бір кезеңдерде су астындағы жер сілкінуінің әсерінен қопарылып, сі ішіндегі, жер бетіндегі бүкіл тіршіліктің радиоактивті көзі болуы мүмкін.
Біз бәріміз де табиғатты қорғауға, сақтауда және оны дұрыс пайдалануда ұрпақтың алдында, тарих алдында жауаптымыз. Міне, осы тұрғыдан барлық жастарға экологиялық білім және тәрбие беру мақсаты, мазмұны анық және нақты көрсетілуі керек. Орта және жоғары сыныптарда оқуышлар кең көлемде экологиялық біліммен қорландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті сәер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудың ғылыми білімге негіз делетінін балалардың түсінуі керек. Өйткені өндірістік іс-әректтің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістердің болуы мүмкін. Сондықтан қоғамның өндіргіш күштерін ұнамды орналсатыруға аймақ табиғаттың ерекшелігін, оның өндірістік жүктемен орнықтылығын есеке алу талап етіледі.
Балалар табиғи ортаны күтуде, қорғауға орман-тоғай шаруашылығын, мемлекеттік қорықтарды басқаратын қызметкерлерге көмектеседі, жабайы аңдарды, өсімдіктерді қорғау жұмысына қатысады.
Балалар ауыл шаруашылық өндірісінің әр алуын жұмыстарына қатысады. Сондықтан олар жұмыстың түрлеріне байланысты негізгі мәселелер мен таныс болуы қажет: жерді пайдалну негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отыру.
Сонымен, балалардың экологиялық білімінің белгілі жүйесін игеру, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениет негізінде дұрыс тану көзқарасын қалыптастыру.
Экологиялық білім проблемасын әдіснамалық жағынан жүйелік талдау тәсілі және іс-әрекет теориясы арқылы түсінуге болады. Адам – қоғам табиғат арасында алуан түрлі байланыс және тәуелділік бар. Қоғамның түріне, өндіруші күштері мен өндірістік қатынастарының тұрпатына қарай адам мен табиғаттың өазара қатынасы үздіксіз өзгеріске ұшырады. Бастапқыда үйлесімді болған бұл қатынас қазіргі ғылыми техникалық төңкеріс дәуірінде күрт өзгерді. Бір жағынан қоғамның байлығы артып адам игілігіне жаратылса, екінші жағынан табиғатта келеңсіз көріністер етек алды. қоғам мен табиғат арасындағы өзара қатынаста қайшылық туды. адамның өндіруші іс-әрекетінің салдарынан ауа мен су бассейндері ластануда. Жер қыртысы топырағының және ланшафтының құрамы өзгеруде. Кейбір аймақтарда су ресурстары, орман алқаптары сиреп, жер қойнауындағы қазба байлақтар қоры кеміп келеді. Өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің саны азаюда. Бұған «табиғат байлығы таусылмайды» деген пайдакүнемдік көзқарас және табиғатты іске жаратудың ғылыми негізінің жасалмауы себепші болды. Табиғатқа жағымсыз әсер жалғаспауы үшін қоғам мен табиғаттың ара қатынасының түрлерін, ерекшеліктерін, ұстанымдарын және заңдылықтарын зерттеп, жалпы теориясын жасайтын ғылымға қажеттілік туды. бұл ғылым әлеуметтік экология деп аталады.
Экология – биология ғылымының бір саласы, ол тірі ағзаның ортамен қарым-қатынасын зертртейді, оның бастапқыда биологиялық экология деп аталуы да сондықтан. Өзінің даму барысында өзге ғылымдар тәрізді экология салалану және бірігу бағытында жүзеге асырылды. Адамның биосфераға, биосфераның ортамен байланысын зерттейтін биосфера экологиясы қалыптасты. Адам экологиясы адамның биоәлеуметтік тіршілік етуші ағза ретіндегі табиғи және қоғамдық ортамен қатынасын зерттеді. Ақырында қазір зерттеу пәні анықталғанымен атауы тұрақтанбаған әлеуметтік экология пайда болды. Бұл – келешегі зор ғылым. Тұжырымдап айтқанда, қоғам мен табиғат арасындағы байланыстың даму ұмтыысын, құрылымын және заңдылықтарын зерттейді.
Экологиялық проблеманың педагогикалық жағын зерттеу арқылы бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты, олар: «Экологиялық білім», «Экологиялық сауаттылық», «Экологиялық мәдениет», «Экологиялық сана», «Экологиялық ойлау», «Табиғатқа экологиялық қатынас». Бұлар – мазмұнында ортақ құрамдас бөліктері бар айқас және бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар.
Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатпен өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.
Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуын өзгерістердің бір-бірімен, экологиялық факторлармен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылымының күрделілігі анықталады, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашылады.
Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді таиғат қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру. 1970 жылдардан бастап бұл мәселеге барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.
Экологиялық этика – айналадағы табиғ солардың ішінде биологияны оқыту үрдісінде баса назар аударылып келеді.
Экологиялық этика – айналадағы табиғиортамен қарым-қатынастағы мінез құлық нормалары мен ережелерін білу және сақтау.
Экологиялық мәдениет – күрделі ұғым. Әдістемелік әдебиеттерде оның мазмұны мен көлемі әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге тсүпей келеді.
Экологиялық мәдениет – экологиялық білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін тегіс қамтиды.
Экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты іс-әрекет түрлерінің мәдениет
Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – атбиағтты аялау талабына сай келетін білім, іскерлігі және дағдысы, іс-әрекетке әзірлігі мен оны жүзегне асыруы.
Келтірілген анықтамаларға қарағанда экологиялық мәдениет қалыптастырудың мақсаты – «адам – қоғам - табиғат» жүйесінде үйлесімділік орнату, таби,ғи байлықты сақтау, молайту және тиімді пайдалануда жауапкершілік сезімін туғызу. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру - аса күрделі үрдіс, ол идеология, саясат, құқық, ғылым, өндіріс, өнер, ағарту салаларының бірлесе жұмыс істеуі арқылы жүзеге асаы.
Экологиялық мәдениет пен этикалық құрамына мыналар кіреді: табиғат пен қоғамның дамуы заңдылықтарын білу, табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну; табиғатқа тигізетін өзінің салдарын болжалай білу; табиғат пен қарым-қатынасында заңды ережелерді сақтау.
Балалардың экологиялық санасы, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық білім беру мен тәрбиесінің нәтижесінде қалыптасады.
Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау арқылы жүргізген зерттеулеріміздің нәтижесінде экологиялық білім берудің мақсаты мектеп баласын айналасындағы табиғи ортаға әмбебап, басқаша айтқанда жауапкершілікпен қарауға үйрету екеніні анықтадық. «Жауапкершілікпен қарау» немесе әмбебап көзқарас - әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық және басқа жақтарынан саралауға болатын кең ұғым. Педагогикалық тұрғыдан бұл ұғымның мазмұнына кіретіндер.
а) табиғи ортада адамның өзін қалай ұстау керектігін түсінуі;
ә) табиғаттың халық қазынасы екенін сезінуі;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салдарын көре білуі;
в) табиғатпен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп түсіне білуі.
Пайдаланған мақсат бойынша экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасын келеді.
Бірінші – көппәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады.
Қазіргі кезде бірінші үлгі теориялық жағынан жете негізделгендіктен, тарихи қалыптасқан оқу жүйесін түбірлі өзгертуді қажет етпейді; сондықтан мектеп практикасында жиі қолданылуда. Бұл үлгіге сәйкес мектептегі орта білім мазмұнына қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуі жөніндегі білім жүйесі, экологиялық құндылықтар туралы, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулер мен ережелер, табиғатты үйрену және қорғау жөніндегі іскерліктер мен дағдылар кіреді.
Бұған қарағанда экологиялық білімнің құрамы өте күрделі. Мұнда ең алдымен қоғам мен табиғаттың бір-біріне әсері адамның табиғатты пайдалануы тұрғысынан қарастырылады. Ол үшін жаратылыстану, қоғамдық және техникалық ғылымдар жинаған білім қорын іске жаратады. Ғылыми білім ұғымдар жүйесінен тұратын болғандықтан, әлеуметтік жаратылыстану және техникалық ұғымдарды пайдаланады.
Әлеуметтік ұғымдарға адам, қоғам және табиға үшеуінің қарым-қатынасынан туындайтын ұғымдар жатады, олар: адам мен қоғамның пайда болуы, адамның табиғат пен қоғамның перзенті екені, блин,адам мен табиғаттың бірлігі, бір-біріне тәуелділігі мен әсерінің тарихи қалыптасуы, бұл әсерлесудің қоғамның экономикалық формациясының түріне тәуелділігі. Әлеуметтік экология, міне осыларды зерттейді.
Техникалық білімнің дамуымен қабаттаса туындайтын ұғымдар: табиғатты үнемі пайдалану, өндірістің шикізатын және оны өңдеуден қалған қалдықты толық пайдаға асыру, әр түрлі өндіріс салаларын біріктіру, аз қадықты және қалдықсыз тұйық технология жасау, заттарды тазалық әдістерін жетілдіру, экологиялық таза өнім өндіру және т.с.с.
Жаратылыстану ғылымдарының білімі табиғат туралы деректерден, ұғымдар жүйесін туғызады. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа әсерінің шегін айқынауға, табиғатты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.
Адамның, қоғамның және табиғаттың өзара байланысты заттардың биохимиялық айналымы арқылы жүзеге асып, жаратылыстану ғылымдарымен байланысты экологиялық ұғымдар жүйесін туғызады. Оларға жататындар: тірі ағза, экологиялық жүйе, экологиялық жүйе, экологиялық факторлар, биосфера және т.б. тірі ағза зат алмасу және тірі материаны сипаттайтын өзге белгілермен ерекшеленеді. Жерден барлық тіршілік етушілердің биологиялық жүйесінен биосфера құралады. Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызады. Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлардың абиотикалық, биотикалық және антропогенді түрлері бар. Заттардың биогеохимиялық айналымы дегеніміз – заттардың табиғатағы алмасуымен ауысып өзгеруінің айналымды үрдісі.
Табиғаттың өзіндік дамуында айтылған жүйлер арасында заттардың биолохимиялық айналымының жылжымалы тепе-теңдігі арнайды. Адамның табиғат заңдарын ескермейтін өндірістік қызметінің әсерінен экологиялық жүйе бөліктерінің арасындағы тепе-теңдік бұзылады. Экологиялық апатқа жол ашылады.
Мұның қазіргі кезде белең алған көріністеріне жерден алынатын қазба байлақтардың азаюы, жер климатының біртіндеп жылынуы, атмостферасындағы азон қабатының сиреуі, топырақта зиянды заттардың жиналуы, өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің азаюы т.б. жатады. осыдан табиғат, адам және қоғамның бір-біріне екі жақты әсері жэнінде экологиялық білімінің жалпы білім құрамына міндетті түрде енгізілуі қажеттілігі туады.
Экологиялық білім берудің екінші мазмұны – жас өспірімнің бойында экологиялық құндылықтарды қалыптастыру. Мұның мәнісі: балада экологиялық сана орнығуын қамтамасыз ету. Әр бала табиғатты тұтасынан алғандығы қоғамның және жеке адамның алуын түрлі қажетігін өтетін қазына байлық деп түсінуі керек. Бірақ ол сарқылмайтын қазына емес. адамның қажеттігі практикалық, материалдық және рухани болуы мүмкін. Практикалық қажеттігін өтеу арқылы адам тіршілігін сақтайды. Материалдық қажеттігін өтеу арқылы өндірісті, ғылымда және техниканы дамытады. Рухани қажеттілігін өтеп, ақыл-ойын және эстетикалық талғамын өсіреді. Табиғаттың әсемдігімен сұлулығын көре білуге, одан ләззат алуға баулу - экологялық білім мен тәрбиенің басты міндеті. Бала табиғаттың құндылығын экономикалық жағына да бағалай білуі тиіс. бұл, әсіресе, тәуелсіз Қазақстанның жарыққа бет бұрған шағын да аса қажетті қасиеттің бірі. Шетел қалталары жеріміздің байлығы, өндірісі мен мекемелерінің ұзақ мерзімге жалға алып жатқанда олармен ұтылмай келісім шарт жасайтын, елдің және жердің экологиялық болашағын ойлай да, сақтай да білетін білімді, жігерлі жастарды тәрбиелеп шығаруымыз қажет.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің үшінші бөлігі – экологиялық этиканы қалыпастыру, табиғатпен қарым-қатынастағы шектеулер мен ережелер жүйесі жөнінде білім беру. Ұзақ жалдар бойы табиғатқа қарым-қатынастық пайдалану – тұтыну тәсілі үстем болып келді. Пайда табуды ғана көздеген алып құрылыстар, өндірістер мен игерулер жүзеге асырылады. Осыдан барып Арал қасеіреті, Семей полигоны туындады. Әлемдәк деңгейде алғанда мұндай экологиялық апатты жақындататын адам әрекеті қаншама. Мұның салдарын адамзат кештеу болса да түсініп, экологиялық проблемалар әлемдік проблемаларға айналды. Мұның өзі табиғатты сақтап келесі ұрпаққа жаралған күйінде қалдыруға жағдай туғызады.
Экологиялық бөлімнің төртінші бөлігі – табиғатты білу мен қорғаудың іскеріктері мен дағдылары.
Табиғатты қорғауға байланысты қалыптасатын іскерліктер мен дағдылар алуын түрлі. Оларға жататындар: табиғаттағы заттар мен құбылыстарды бақылай және жәй-күліп бағалай білу; экология туралы ғылыми білімді жеткі меңгерген іскерлікті игеру; және т.б. Осы талданған салалардағы білім, іскерлік және табиғи заң баланың табиғатқа жанашыр сезімін, экологиялық санасын, ойлауын, мінез-құлқын, мәдениетін және іс-әрекетінің қалыптастыруға бағытталады.
Академик И.Д.Зверев балаларға экологиялық белем берудің басты міндеттері мен мақсаттарын ашып берді. Ол экологиялық білім берудің мақсаты ғылыми білім жүйелерін, көзқарас пен сенімдерді адамгершілік мораль нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал-жағдайына адамзаттың, белсенділік қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады деп отырып, оның педагогика теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне бола назар аудары.
«Экологиялық білім мен тәрбие» жаңа ұғым екендігін атап көрсете отырып, Б.Г.Иогансен: «Экологиялық білім мен тәрбие адам мен қоғамның тәуелділігін, соңғасын сақтау және жақсарту қажеттілігін түсінетін, қоршаған дүниедегі әсемдікті бағалай білетін және табиғаттың жай-күйі үшін азаматтық жауапкершілік сеізімін игерген, жан-жақт жетілген жеке адамдарды қалыптастыруды қарастырады» дейді.
Экологиялық білім мен тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері А.Н.Захлебныйдың еңбектерінде де негізінен осы мазмұндас тұжырымдалады.
Ғалымдардың көпшілігі экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің нәтижесін жеке адамның іс-әркетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай-күйіне деген моральдық жауапкершіліктің белігілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сенімі мен мәдениетінің болуы, табиғатқа қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп санайды.
А.Н.Захлебный жалпы білім беретін мектепті екі әлеуметтік мақсатқа бағытттауды ұсынады:
Баланың жеке мінез-құлқында және түрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігіне тәрбиелеу.
Қоршаған табиғи ортаны жақсарту мен қорғауды, оны баланың ұқыптылықпен пайдалну дағдыларын тәрбиелеуді ұсынады.
Жалпы білім беретін мектептерде балаға экологиялық білім беру мен тәрбеиелудің негізгі жоларын атап көрсеткен Қазақ табиғат зерттеушілерінің бірі академик Н.С.Сарыбеков.Н.С.Сарыбеков табиғат қорғауға тәрбиелеу жайлы көптеген еңбектері үлкен жетістіктермен жалпы білім беретін мектептерде, орта және жоғары оқу орындарында пайдалануда.
Қазіргі кезде экологогиялық проблемалардың зардаптық көлемі үлкеюіне байланысты өсіп келе жатқан жас ұрпақтың жаңаша көқарастарын қалыптастыру қажет. Балалардың экологиялық білімді игеру мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілуі керек:
біріншіден, сабақ оқыту үрдісінде экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстылығын ғылыми негізде жүргізу керек. Екіншіден, сабақтан жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөнінде нақты білім мен практкиалық тәжірибені, дағдыны әр бала санасына жеткізу қажет.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Экологиялық сана — экология саласындағы мәселелерді шешу, ең алдымен адамның оған қатысты экологиялық санасын қалыптастыруды қажет етеді, экологиялық сана экологиялық білім, табиғатты және қоршаған ортаны қорғау заңдылығын бұзғандармен өздік қалауы бойынша белсенді күрес жүргізудегі талпынысы немесе әрекеті, сол себепті экологиялық сана қоғамдық сананың формасы ретінде маңызды қызмет атқарады.
Экологиялық таным — ақылы, сезімі ретінде баланың ең басты қасиеттерінің бірі — өзін қоршаған ортаны танып-білуге деген ерекше ұмтылысы. Бала айналасындағы әлеуметтік дүниені, табиғатты танып білу барысында олардың ішкі құпиясына үңіледі, табиғаттың даму заңдылықтарын білуге әрекет жасайды, өзінің құрдастарымен қарым-қатынасын белгілейді. Демек, экологиялық таным баланың қоршаған орта жөніндегі жаңа әрі тың білімді игеріп, рухани баюы болып есептеледі.
Экологиялық қарым-қатынас – баланың табиғатты танып білуге, оны қамқорлығына алуға, өзгертуге және сақтауға бағытталған танымдық, қызметтің маңызды бөлігі. Экологиялық қарым-қатынас «адам мен табиғат», «табиғат–қоғам» жүйесінің тиімді жағдайын қолдау мақсатында адамдардың өз арасында пайда болады.
Экологиялық іс-әрекет – адамның табиғи ортаны танып білуімен, меңгеруімен, өзгертуімен және сақтауымен сипатталады. Мәселен, техника саласындағы-өндірісті экологияландыру, ғылымдағы-экологиялық проблеманың төңірегіне интелллектуалдық күштерді жинақтау, құқық саласындағы — табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды дайындау сияқты педагогикада — экологиялық ойлау стилі мен табиғаттағы пайдалы іс-әрекет дағдыларын меңгерту.
Экологиялық сезім – табиғаттағы әсемдікті қабылдап, бағалау кезіндегі рухани ләззат алушылықтың ең жоғары көрінісі. Табиғаттың сұлулығына сүйсіне білу, адамды көріксіз нәрседен жирендіріп, жақсылыққа ұмтылуға бастайды.
Экологиялық қызығушылық – адамның қоршаған ортаға, табиғатқа деген ерекше көңілі. Қызығушылық табиғаттағы белгісіз жағдайларға қызығу, оның заңдылықтарын, құпия сырларын, табиғат құбылыстарының бір-бірімен қатынасы мен өзара байланысының себебін біліп, оны әрі қарай зерттеуге ұмтылудан тұрады.
Экологиялық көзқарас – тұлғаның ішкі сұраныстарынан туындап, объективті дүние мен ондағы адамның алатын орнына, адамның өзін қоршаған шындыққа және оған қатынасына байланысты қалыптасатын дүниетанымы мен көзқарастар жүйесі.
Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатқа деген қатыстылығы олардың танымдық аясында көрінеді. Бұған мынандай факторлар өз әсерін тигізеді:
біріншіден, оқу іс-әрекетінің маңыздылығы; оларға жаңа нәрселерді танып білгеннің өзі өте қызықты;
екіншіден, оқи алу іскерлігінің арқасында мектепке дейінгі балалардың өзінің «неге» деген сұрақтарына өз бетінше жауап таба ала бастайтындығында.
Демек, мектеп жасына дейінгі бала табиғатқа деген өзіндік көзқарастарын қалыптастыра бастайды және өз бетінше әрекет жасау компоненті маңызды бола бастайды. Ата-анасынан үйге жан-жануар алып беруін өтінумен қатар, оларға сүйіспеншілігін оларға жағдай жасау арқылы көрсету, осы кезеңдегі балалардың табиғатқа деген қатыстығының қалыптаса бастайтындығында.
Табиғатты бақылау: ауа-райындағы жазғы және күзгі өзгерістерді салыстыра әңгімелеу. Табиғат туралы жалпы түсінік танымын дамыту: ауа деген не? Ауаның тазалығы; ауаның ластануы; ластанған ауаның адамдардың, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне тигізетін әсері. Күн сәулесі. Тәулік бойы күн қызығын жыл мезгіліне байланысты салыстыра бақылау. Судың тіршіліктегі орны: бастау, бұлақ, қайнар қайдан пайда болады? «Сұрауы бар судың да» деп неліктен айтылатынын түсіндіріп, үнемдеп ұстай білу дағдыларын қалыптастыру. Балаларды табиғаттағы құбылыстармен таныстырып, оларға бақылау жүргізу керек. Ол үшін серуенге шығарып, мынадай бақылаулар өткізу керек:
Жер байлығы туралы алғаш қарапайым түсініктер беру: тастар, құм, алтын, темір, көмір, магнит, газ.
Сонымен қатар, орманға саяхат ұйымдастыруға да болады. Мысалы, жапырақтың түсі қалай өзгере бастағанын, қашан түсетінін атап көрсету. Ағаштардың түсіне, күзгі бояуына қарай салыстыра ажырата білу. Қай ағаштарда жеміс болатынын айтып, жасыл жапырақты ағаштарды атау. Балабақша аулаларында қандай өзгерістер болғандығын сұрау. Ұсақ жәндіктердің азайғандығына назар аударып, қысқы өмірге дайындығы туралы әңгімелеу.
Балаларға құстарды бақылату, яғни қыстап қалған құстардың әрекетін бақылау. Құстың адамға, орманға, егін жайға тигізер пайдасы туралы әңгімелеу.
Зообаққа саяхат өткізуге болады. Мысалы, суреттер арқылы аю, кірпі, тиындардың қысқа дайындығы туралы әңгімелеу. Аю тамыз айында көп тамақтарды, егіндікті, жерді аралап тамақтанады. Балды жақсы көретіндіктен бал араларын көп қиратады, қыркүйек айында жанғақпен қоректенеді, содан кейін барып қысқы ұйқыға кетеді. Жабайы аңдардын өмірін табиғат бұрышындағы жануарлар мен салыстыру.
Сонымен қатар, балаларды еңбекке баулу мақсатында қыстап қалған құстар үшін, ағаштың дәндерін, жемістерін жинату керек. Баубақшада жеміс, көкеністер жинауға қатыстыру, гүлдерді тамырымен қазып алып, топ бөлмесіне отырғызып күтіп, баптау, топырақ дайындату, ағаштар отырғызуға қатыстыру. Қыстап қалатын құстарға үй, ет салғыштар дайындап орналастыру. Гербаррий жасау үшін жапырақтар, өсімдіктер жинап дайындату. Міне, осылайша балаларға экологиялық тәрбие, сонымен қатар еңбексүйгіштікке де тәрбиелей аламыз.
Экологиялық тәрбие - бұл адамдардың сезіміне, санасына, көзқарастарына әсер ету әдістері. Ол азаматтардың саналық деңгейінің артуына, табиғатқа қарым-қатынасының өзгеруіне, табиғат ресурстарына ұқыптылықпен, үнемшілікпен қарауға, оның жай-күйіне жаны ашып қарауға, табиғи ортада өзін өнегелі ұстауға әсер етеді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде ортағасыр ғұламалары: әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, С. Бақырғани және т.б өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдамалар жасаған. Мәселен, әл-Фараби «ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.
Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жаңаша қарым-қатынасқа жүргізілсе ұтымды болатындығына К. Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін жайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтірілді.
Сондай-ақ аса көрнекті педагог В. А. Сухомлинский де өз тәжірибесінде баланы табиғат құбылыстарының құпия сырлары арқылы білім беру барысында сәбиді жан-жақты дамыту жолдары жайында бағалы еңбектер қалдырған. Әсіресе, «Балаға жүрек жылуы» атты еңбегінде педагог кішкентай баланың мектеп табалдырығын тұңғыш аттаған күннен бастап, бастауыш мектепті бітіргенге дейін, өз тәрбиеленушілерін қоршаған ортаны танып, білу әлеміне ендіріп, ашық аспан аясында сурет, ана тілі, еңбек сабақтарын жүргізгендігін айтады. В. А. Сухомлинский «Біз-мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен-бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді. Сол кезеңдегі жүргізілген ғалымдардың педагогикалық-психологиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың ақыл-ойын, танымдық қабілеттерін дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Қазақстандық философиялық ғылымының зерттеушілері Д. Кішібаев,
Ә. Нысанбаев, Ә. Жақсыбеков және т.б еңбектерінде табиғатқа саналы қарым-қатынас адам дүниетанымының құрамды бір бөлігі екенін тұжырымдаған. Ресей философтары М. Фамин, В. И. Фурсовтың пікірінші жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың қажетті шарты, адамның табиғатпен қарым-қатынасының нәтижесінде әлеуметтік сана-сезімінің пайда болуы. Олай болса, экологиялық мәдениет жеке адамдар саналылығының маңызды көрсеткіші болып табылады деп қорытынды жасайды.
Қазіргі кездегі білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі – жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өмір сүрген ортасы мен еңбектенетін жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Табиғат сырын жете түсінген Әбу Ибн Сина, табиғатты адамдардың жақсылығына пайдаланғанда, оған жамандық жасамау мен қанағатшылдық жасауға шақырып, табиғат заңының күшіне бағыну керектігін жазады. Табиғат байлығын шектен тыс көп пайдаланбау керектігін айтады.
Балалардың білім қорын ұлғайту, оларды ретке келтіру, нақтылау, жүйелеу тәрбиешінің міндеті болып табылады. Бала төңірегіндегі заттар, олардың қолданылуы, кейбір сапасы (түрі, көлемі, формасы) және қасиеттері (соғылу, сыну, үзілу, төгілу және т.б.) жайлы, оның қандай материалдан жасалғаны туралы айқын түсінік алуы керек. Сондай-ақ ол кейбір табиғат құбылыстары, олардың өзара байланыстары мен заңдылықтары (жыл мезгіліне тән белгілері дәне осы белгілердің өзара байланысы, кейбір хайуанаттардың өздеріне тән ерекшеліктері және олардың осы хайуанаттардың өмір салтымен байланыстылығы) жайлы білім алады. Өлі табиғат құбылыстарын, өсімдіктердің, жәндіктердің, хайуанаттардың дамуын бақылау процесінде тәрбиеші балалардың бойында дүние жайла ұғымдардың бастамасын қалыптастырады. Ғалымдар қарапайым білім беру барысында баланың дүниетанымын қалыптастырып, ақыл-ойын, тілін дамытуға болады дей отырып, осы мәселені тереңдей зерттеген. Оған дәлел мектеп жасына дейінгі педагогика тарихына көз жіберетін болсақ, бұл мәселе қай кезеңде өмір сүрген педагогтар болмасын, олардың тәлім-тәрбиелік ілімдерінің негізі болғандығын көрсетіп отыр. Тәлімгерлердің қайсысы болмасын өздерінің оқыту-тәрбиелеу жүйесін жасау барысында, балаға қарапайым табиғат сырын ұғындырудың қажеттілігін мойындай отырып, оның мазмұны мен көлемін анықтауға үлес қосқан. Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының еңбегіне жүгінуге тура келді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді жүзеге асыру мақсатты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді. Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) педагогикалық еңбектері болған. Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбиелей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды. Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды.
Психолог ғалымдардың тұжырымы бойынша, ақыл-ой тәрбиесі өте күрделі және жан-жақты құбылыс. Оның негізгі мектеп жасына дейінгі кезеңде қаланады. Себебі бала дүниеге келгенде, алғашқы түсетін ортасы ата-анасынан кейін сәби жасынан бастап үнемі танып білетіні қоршаған орта, табиғат, оның заттары мен құбылыстары.
Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процестер, ақыл-ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
Бала табиғат жайында жүйелі түрде білім алу қажет деген мәселені А. П. Усова, А. В. Запорожец, Н. Н. Поддъяковтар өздерінің ғылыми зерттеулерінде көтереді.Сондай-ақ бұл мәселеге ерекше көңіл бөлгендердің бірі С. А. Веретенникова, Н. Ф. Виноградовалар болды. А. П. Усова балаға табиғат туралы ұғым беру ісін екі теорияға бөліп қарады, біріншісі-қарапайым, яғни балаға білім арнайы оқытусыз күнделікті ойын, еңбек іс-әрекеттерінде бақылау арқылы жүргізіледі. Екіншісі-балаға күрделі ұғым тек арнайы ұйымдастырылған оқыту үрдісінде, сабақ кезінде ғана беріледі және екеуі де бір-бірімен байланысты жүргізілуі керек. Бұлайша берілген білім нақты жүйелендірілген, бала ұғымына сай келетін табиғат құбылыстарының ерекшеліктерін, жыл мезгілдеріне байланыста адамдар өмірінде болатын өзгерістер мен олардың іс-әрекеті жайында, шынайы түсінікті қамтыған жағдайда ғана нәтижелі болады деп көрсеткен.
«Умственное воспитание детей в процессе ознокомления с природой» атты еңбегінде Н. Ф. Виноградова баланың ақыл-ойын, тілін дамыту мәселесіне өте үлкен мән берген. Ол мектеп жасына дейінгі баланың ойының және тілінің дамуы қоршаған ортаны, табиғатты қабылдауына, бала тілінің жетілгендігі ақыл-ойдың даму нәтижесінен туындайды және тіл мен ой байланысты. Сондықтан да балабақшада тіл дамыту ісін табиғатпен таныстырумен байланыстырып бақылау, серуен, топсеруен кездерінде жүзеге асыруды ұсынды.
Н. Н. Поддъяковтың психологиялық зерттеуінде баланың логикалық ойының дамуы заттар мен табиғи құбылыстарды тікелей ұстау, сезіну, көру әрекетіне байланысты екендігі көрсетілген.
Баланың мектепке жүйелі білім алуға жан-жақты әзір болуы үшін психолог ғалымдардың пікірнше оның сөздік қоры, сөйлем құру мүмкіндігі, сапалы ойлау қабілеті дамыған, нақтырақ айтқанда логикалық ойлану дағдысы жетіле бастаған болуы керек. Мұндай қабілеттердің біртіндеп қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайлардың бірі-балаларға өзін қоршаған орта, табиғи заттар мен құбылыстар туралы ғылыми ұғым беру деп көрсетті: Н. Н. Поддъяков, Л. А. Венгер, С. Н. Николаева.
Атақты психолог Л. С. Выготский өзінің психологиялық зерттеулерінде де баланы мектепке даярлау мәселесіне ерекше назар аударған. 5-6 жаста балалар табиғаттағы заттардың қайдан, қалай пайда болғандығына қызықтай қарап, олардың өсіп, дамуы жөнінде алған білімдері мен өздігіншt бақылағандарын байланыстыра ой қорытындыларын жасауға тырысады. Себебі бұл шақта баланың көрнекі-бейнелік ойлау қабілеті жетіліп, логикалық ойдың алғашқы элементтері қалыптаса бастайды. Бала жеке заттарды және табиғат құбылыстарын біліп қана қоймай, олардың себептерін түсінуге тырысып, үлкендерге жиі сұрақтар қояды дейді.
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу,оқытудың негізгі формалары бақылау қызықтау,серуен.Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы,балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі.Қызықтау кезінде балаларды таза ауада,көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күймен қатар,табиғат сұлулығын сезіне білуіне әсер етеді. Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю,қураған жапырақтарды бірге жинау,ағаш түптерін тазалау т.б сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау,балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып,ынтасын арттырады. Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік,эстетикалық еңбек,имандылық тәрбиелері-мен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады. Бағдарлама мазмұнында көрсетілгендей өлі және тірі табиғатпен одан әрі таныстырып,табиғат құбылыстары жайындағы бастапқы жалпылама ұғымдарды нақты түрде меңгерту ұсынылады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы(жаңбырдың жаууы,адамдардың пайдалы ісәрекеті,ауладағы жапырақтарды жинау,жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б).Қыстап қалған құстарға қамқорлық,табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту,балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындаған ұяларға жем шашу,ауладағы гүл,көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын(бұтақ,бүршік,өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсаңында жас шыбықтар отырғызып,оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру.Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әңге қосу,сөз-жұмбақтар шешу,дидактикалық,қимылды ойын түрлерін пайдалану,өз ойларынан табиғат көрінісінің суретін салып,әңгімелеп айтып беру.Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына,баққа,гүл алаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын,ұжымдық бірлігін арттыруда,балалардың ойлау тұтастығын,яғни табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін,жыл мезгіліне сай жүйелі мақсат-міндетті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отыра-ды.Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын,ғылыми,білім,көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік,ұқыптылық ережелерін орындау,табиғатты аялап,оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие жұмысы мынадай міндеттердің негізінде жүзеге асырылады. - Балаларды өсімдіктер мен жануарды күтіп баптауға баулу,олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру.
- Табиғаттың сан-алуан сырларымен байлықтары жөнінде эстетикалық және ұлт жандылық сезімдерін дамыту. - Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланыста болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін үйретіп отыру. - Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту. Балабақша өміріндегі экологиялық тәрбиені отбасында қалыптасқан дәстүрлі тағылымдарды басшылыққа ала жүргізу. Міне,осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекіту. Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму,психологиялық жас ерекшеліктерін ескеріп,әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып,шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын аптасына бір рет,айналамен таныстыруды бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық тәрбиенің психологиялық аспектілеріне орай бала табиғатқа жанашырлық,қамқорлық және еңбекқорлық,белсенділік,ұқыптылық сияқты дағдыны меңгереді. Экологиялық тәрбие тақырыбына сай іріктеліп, бала жасына лайықтап алунуы тиіс,мұндай шығармаларды тәрбиешінің қарапайым тілмен жеткізе білуі баланың табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын арттырып,әрекет түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысы кезінде ұлттық ерекшелікті сақтай білу,ертегіні кейіпкерлендіру,қызықты сәттер,проблемалық жағдайлар,ойын түрлерін,ырым-тыйым сөздерді пайдалану,баланың обал-сауап туралы түсінігін кеңейтіп, өз бетінше дербес шешім қабылдай білуіне баулиды.« Жер,су,ауа», «Жапырағына қарай анықта», «Кім жылдам?»,табиғат құбылыстарына байланысты сөз жұмбақтарды шешу т.б ойын түрлері арқылы бала қоршаған туралы түсінік алады,дүние сырларын түсініп,аңғара бастайды. «Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,тал бесігі, өсіп-өнер мекені»,яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырумен табылады.
Экологиялық тәрбие жұмысын жүргізу, оқытудың негізгі формалары бақылау қызықтау, серуен. Тәрбиешінің табиғи нысандары мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыруы, балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі мәселесі болып есептеледі. Қызықтау кезінде балаларды таза ауада,көз тартар әдемі гүлдер мен ағаштар арасында болуы көтеріңкі көңіл-күймен қатар,табиғат сұлулығын сезіне білуіне әсер етеді. Ал серуен кезінде, тәрбиеші балаларды табиғатпен таныстырып, өсімдіктерге су құю,қураған жапырақтарды бірге жинау,ағаш түптерін тазалау т.б сияқты қарапайым еңбек түрлеріне қатыстырады. Мұндай еңбек түрлерін орындау,балалардың еңбекке деген жауапкершілік сезімдерін дамытып, ынтасын арттырады. Экология тәрбие жұмысын ұйымдастыруда тәрбиенің негізгі салалары болып табылатын адамгершілік,эстетикалық еңбек, имандылық тәрбиелері-мен сабақтастыра жүргізу басшылыққа алынады. Бағдарлама мазмұнында көрсетілгендей өлі және тірі табиғатпен одан әрі таныстырып, табиғат құбылыстары жайындағы бастапқы жалпылама ұғымдарды нақты түрде меңгерту ұсынылады. Жыл мезгілінің ерекшелігіне орай күзгі табиғат құбылысы (жаңбырдың жаууы, адамдардың пайдалы ісәрекеті, ауладағы жапырақтарды жинау, жылы жаққа ұшатын құстарды бақылау т.б). Қыстап қалған құстарға қамқорлық, табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен құстарды күту, балыққа жем беру. Ерте көктемде ұшып келетін құстарға үлкендер көмегімен дайындаған ұяларға жем шашу,ауладағы гүл, көкөніс өсімдіктерін өсіруге жәрдем беру. Бүршік жарған ағаш бұтақтарын (бұтақ, бүршік, өсімдік т.б) мағынасына сай түсіндіру. Наурыз мерекесінің қарсаңында жас шыбықтар отырғызып,оны күтуді күнделікті әдет-дағдыға айналдыру. Көктемнің әдемі келбетін жырлайтын өлең жолдарын әнге қосу, сөз-жұмбақтар шешу, дидактикалық, қимылды ойын түрлерін пайдалану, өз ойларынан табиғат көрінісінің суретін салып, әңгімелеп айтып беру. Жаз кезінде тәрбиешілердің ұйымдастыруымен өзен-көл жағасына, баққа, гүл алаңына барған кезде айналаның тазалығына мән беру. Бұл әр баланың жауапкершілік дағдысын, ұжымдық бірлігін арттыруда, балалардың ойлау тұтастығын, яғни табиғатты қорғау көзқарасын дамыту үшін, жыл мезгіліне сай жүйелі мақсат-міндетті айқындалған экологиялық тәрбие жұмысы оқу жылының өн бойында жүргізіліп отырады. Экологиялық тәрбие берудің басты мақсаты бала бойында азаматтың барын, ғылыми, білім, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынаста тәртіптілік, ұқыптылық ережелерін орындау, табиғатты аялап, оған қамқорлық таныту қабілетін дамытуда негізделеді. Балаларды мектепке дайындауда экологиялық тәрбие жұмысы мынадай міндеттердің негізінде жүзеге асырылады: - Балаларды өсімдіктер мен жануарларды күтіп баптауға баулу, олардың бойында қабілет пен икемділікті орнықтыру.
- Табиғаттың сан-алуан сырларымен байлықтары жөнінде эстетикалық және ұлт жандылық сезімдерін дамыту.
- Табиғатта барлық нәрсенің бір-бірімен өзара байланыста болатынын түсіндіру және осы байланысты күнделікті өмірде ескеру қажеттігін үйретіп отыру.
- Балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде жалпылама және нақты түсініктерді меңгерту. Балабақша өміріндегі экологиялық тәрбиені отбасында қалыптасқан дәстүрлі тағылымдарды басшылыққа ала жүргізу. Міне, осы міндеттердің барысында балалардың экологиялық таным-түсінігін тереңдетіп, олардың табиғатқа деген жаңа мәдени қарым-қатынасын бекіту. Мұндай жұмыс түрі балалардың физиологиялық даму, психологиялық жас ерекшеліктерін ескеріп, әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып, шығармашылықпен жұмыс істейтін тәрбиеші басшылығымен жүргізіледі. Оқу жоспарында экологиялық тәрбие жұмысын аптасына бір рет, айналамен таныстыруды бір рет өткізілу көзделген. Экологиялық тәрбиенің психологиялық аспектілеріне орай бала табиғатқа жанашырлық, қамқорлық және еңбекқорлық, белсенділік, ұқыптылық сияқты дағдыны меңгереді. Экологиялық тәрбие тақырыбына сай іріктеліп, бала жасына лайықтап алунуы тиіс, мұндай шығармаларды тәрбиешінің қарапайым тілмен жеткізе білуі баланың табиғатқа деген жауапкершілік қарым-қатынасын арттырып, әрекет түрлерін меңгеруге мүмкіндік береді. Тәрбие жұмысы кезінде ұлттық ерекшелікті сақтай білу, ертегіні кейіпкерлендіру, қызықты сәттер, проблемалық жағдайлар,ойын түрлерін,ырым-тыйым сөздерді пайдалану, баланың обал-сауап туралы түсінігін кеңейтіп, өз бетінше дербес шешім қабылдай білуіне баулиды. «Жер, су, ауа», «Жапырағына қарай анықта», «Кім жылдам?», табиғат құбылыстарына байланысты сөз жұмбақтарды шешу т.б ойын түрлері арқылы бала қоршаған туралы түсінік алады, дүние сырларын түсініп,аңғара бастайды. «Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы,тал бесігі, өсіп-өнер мекені», яғни табиғатты қорғау-экологиялық тәрбие жұмысымен ұштастырумен табылады.
