Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции по ЖМТН.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.56 Mб
Скачать

Ф.7.03-03

Кошкарбаева ш.Т., Сатаев м.С.

«Жаңа материалдар технологиясының негіздері» пәні бойынша

Дәрістер жинағы

Шымкент, 2017

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы

Кошкарбаева Ш.Т., Сатаев М.С.

«ЖАҢА МАТЕРИАЛДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ»

пәні бойынша дәрістер жинағы

5В072000 -«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналып жасалынған

Оқу түрі: күндізгі және сырттай

Шымкент – 207 ж.

ОӘК 620.193.2,4__

Құрастырғандар: Кошкарбаева Ш.Т., Сатаев М.С. «Жаңа материалдар технологиясының негіздері» пәні бойынша дәрістер жинағы 5В072000 -«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының студенттеріне арналып жасалынған - Шымкент, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, 2017 ж. 110 бет.

«Жаңа материалдар технологиясының негіздері» пәні бойынша дәрістер жинағы пәннің оқу жоспары мен бағдарламасының талаптарына сәйкестендіріліп құрастырылған.

Кеделбаев Б.Ш. - техника ғылымының докторы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің «Биотехнология» кафедрасы.

Асильбекова А.Д. - Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, «Химия» кафедрасының доценті,т.ғ.к.

«Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» кафедрасы мәжілісінде қаралып және талқыланып баспаға ұсынылды (хаттама № 1 «28 » 08. 207 ж.), «ХИжБТ» жоғары мектебінің инновациялық технологияларды оқыту және әдістемелік қамтамасыз ету комитеті мақұлдаған (хаттама № 1, «29» 08. 207 ж.)

М.Әуезов атындағы ОҚМУ әдістемелік кеңесімен баспаға ұсынылды, хаттама № , « » . 20 ж.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университеті, 207.

Мазмұны

Кіріспе.......................................................................................................................

7

Дәріс № 1. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Электрохимиялық процестер өндірісінің негізгі салалары.................................................................

8

Дәріс № 2. Металдардың электрокристаллизациялану механизмі.....................

9

Дәріс № 3. Гальваникалық әдіс. Әдістің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Химиялық әдіс. Химиялық әдістің артықшылығы мен жүргізу жолы..............

21

Дәріс № 4 Балқытылған металға батыру әдісі. Әдістің ерекшеліктері мен кемшіліктері. Термодиффузиялық әдіс. Металдау әдісі. Лак-бояу қаптамалары………………………………………………………………….........

24

Дәріс № 5. Механикалық өңдеу әдістерінің түрлері. Химиялық және электрохимиялық жолмен беттік аудандарды майсыздандыру..........................

27

Дәріс № 6. Бұйым бетінен оксид қабатын жою. Активтендіру. Жуу. Бұйым бетінен оксид қабатын жою…………………………………………....................

30

Дәріс № 7. Химиялық никельдеу. Химиялық никель қаптамасын алу үшін қолданылатын электролиттер.................................................................................

33

Дәріс № 8. Никельдің тотықсыздану процесінің механизмі. Қаптамалардың қасиеттері.....................................................................................

38

Дәріс № 9. Басқа да тотықсыздандырғыштарды қолдану арқылы никель қаптамасын алу. ......................................................................................................

41

Дәріс № 10. Құрамында гипофосфиті бар химиялық никельдеу ерітінділерін регенерациялау және корректирлеу. Химиялық никель қаптамасын алудың жалпы технологиялық схемасы..........................................

45

Дәріс № 11. Химиялық мыстау. Химиялық мыстау процесінің жүру механизмі.2.Электролизбен тазарту процесс.......................................................

46

Дәріс № 12. Химиялық мыстау ерітінділерінің құрамы. Жалпы технологиялық схемасы. Химиялық мыстау ерітіндісін түзету және дайындау...................................................................................................................

48

Дәріс № 13. Химиялық палладийлеу Химиялық қалайылау...........................

52

Дәріс № 14. Химиялық күмістеу. Кобальт – фосфор қаптамасының қасиеттері және құрылымының, түзілу шарттарының, қолданылу аймағы..........................................................................................................................................

55

Дәріс № 15. Со – Р қаптамасының құрылымы. Со – Р қаптамасының қасиеттері..................................................................................................................

62

Дәріс № 16. Со – В қаптамасының пайда болу шарттары, құрылымы және қасиеттері..................................................................................................................

68

Дәріс № 17. Алюминий балқымаларын анодты оксидтеу.Анодты оксидтеу кезінде жүретін процестердің механизмі..............................................................

71

Дәріс № 18. Қабықшаларды толтыру және оларды бояу.......................................

73

Дәріс № 19. Хроматтау. Хромат қабықшасының түзілу әдістері.....................

74

Дәріс № 20. Хроматтау процестерінде қолданылатын ерітінділер. Пассивтендіру.........................................................................................................

76

Дәріс № 21. Фосфат қаптамасының алынуы.Фосфат қаптамасының түзілу механизмі. Ерітінді құрамы...................................................................................

78

Дәріс № 22. Түсті металдарды химиялық фосфаттау.........................................

80

Дәріс № 23. Композициялық және көп қабатты жабындар. Композициялық қаптаманың алыну процесі....................................................................................

82

Дәріс № 24. Композициялық қаптамасының физика-химиялық қасиеттері, ішкі кернеулері, электрлі қасиеттері.....................................................................

86

Дәріс № 25. Никель, мыс негізіндегі композициялы қаптамаларының негізгі қасиеттері......................................................................................................

89

Дәріс № 26. Жеңіл балқитын металдар негізінде КЭҚ.....................................

93

Дәріс № 27. Бейорганикалық диэлектриктерді металдандыру. Металдандыру жолдары және оларды пайдалану................................................

96

Дәріс № 28. Бейорганикалық диэлектриктерді металдандырудағы бұйым беттерін дайындау...................................................................................................

100

Дәріс № 29. Бейорганикалық диэлектриктерге металдарды химиялық және электролиттік тұндыру............................................................................................

100

Дәріс № 30. Бейорганикалық диэлектриктерді активтендіру, ерітінділерін дайындау және реттеу.............................................................................................

102

Қолданылған әдебиеттер тізімі......................................................

106

Кіріспе

Химиялық өнеркәсіптердегі қолданылатын қондырғылардың көп жағдайда коррозиялық ортаға, механикалық жүктемелерге және басқа да факторларға қарсы тұру қабілеттіліктері олардың сапаларына, тұрақтылығы мен ұзақ сақталу қасиеттеріне байланысты.

Аппараттар мен приборларды коррозиялық ортадан қорғау үшін электрохимиялық және химиялық қаптама тұндыру әдістері қолданылады. Көп қолданыс тапқан электрохимиялық әдістің қолданылуына шектеу жасайтын кейбір маңызды кемшіліктері бар. Бұл кемшіліктерге күрделі профильді бұйымдарға қаптаманың тегіс таралмауы, әр түрлі металдар мен бейметалдан дайындаған элементтердің бөлшектеріне қаптаманы қондырудың қиындылығы жатады. Химиялық әдісте аталған кемшіліктер жойылған.

Химиялық әдістің гальваниялық әдістен айырмашылығы, металдардың иондарының тотықсыздануы тұрақты электр тогы емес электролиттің құрамындағы тотықсыздандырғыштар арқылы өтеді. Процесс тек қана қапталатын тетіктің бетінде жүру үшін бұл тетіктің металы тотықсыздану процеске каталитикалық активті болу керек. Олай болмаса тотықсыздану процесі ерітіндінің көлемінде жүріп тотықсыздандырғыш пайдасыз шығындалады. Химиялық әдістің ерекшелігі тетіктің тесіктерін, ой – қырларын біртегіс етіп қаптайды және құбырлардың, оралымды түтіктің (змеевиктердің) ішкі беттерін қаптатуға ыңғайлы. Химиялық әдіспен никель, кобальт, мыс, күміс, алтын және осы металдардың құймалары алынады.

Гальванотехника ұйымының деректері бойынша өндірістің әр түрлі саласында химиялық никель қаптамасының қолданылуы келесі көрсеткіштермен сипатталады, % : электроникада 25, авиация өндірісінде 9, мұнай және газ қондырғыларында 9, машина өндірісінде 10, сорғыштар мен вентильдерде 10, пластмассаларды металдандыруда 9, автомобиль өндірісінде 5, санитарлы-техникалық қондырғыларда 5; бұл кезде ең алғашқы үш аймақта химиялық қаптаманы қолданудың тез өсіп жатқандығы байқалады [1].

Дәріс 1. Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндеті. Электрохимиялық процестер өндірісінің негізгі салалары.

Жоспары: