Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.08 Кб
Скачать

Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.

Мақсаты: Студенттерге экожүйе жайлы түсінік беру. Экожүйедегі энергия ағыны және химиялық элементтердің айналымы, термодинамиканың бірінші және екінші заңы, 1% ережесі және Линдеманның 10 % ережесі жайлы білім беру.

Жоспар:

1.Экожүйе түсінігі

2.Экожүйедегі зат айналым

3.Экожүйенің қоректік құрылымы

4. Экожүйелердің ӛнімділігі

5.Экологиялық пирамидалар

6.Экологиялық сукцессиялар

Негізгі түсініктер: энергия ағыны, заттар ағыны, экологиялық пирамида, климаксты бірлестік, сукцессия, гетреотрофтар, автотрофтар, миксотрофтар, некротрофтар, биотрофтар, сапротрофтар, қоректік құрылым,

Экологияның негізгі ұғымына «экожүйе» жатады. Бұл терминді енгізген 1935 ж. А.Тенсли. Экожүйе дегеніміз тірі тіршілік иелері мен олардың мекен ету орталарынан тұратын, біртұтас функционалды біріккен табиғи жүйе.

Зат айналымды қолдайтын, кез келген тірі организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы –экологиялық жүйе немесе экожүйе деп аталады.

Біздің планетамыздағы жалпы биологиялық зат айналым кӛптеген жеке заттардың қарым қатынасынан құралады. Экожүйе зат айналымды тек тӛрт құрамды бӛлігі болған жағдайда ғана қамтамасыз ете алады. Олар: биогенді элементтер қоры, консументтер, продуценттер және редуценттер.

Экожүйедегі ӛнімділік пирамидасы және энергия ағыны

Продуценттер - күн энергиясын пайдаланатын жасыл ӛсімдіктер немесе органикалық заттарды биогенді элементтерден құрайтын жасыл ӛсімдіктер

Консументтер- ӛсімдіктер синтездеген органикалық заттарды жаңа формаға айналдыратын тұтынушылар, яғни олар (латынша-«consumo»-тұтынамын) продуцентттер жасаған органикалық заттарды пайдалантын гетеротрофты организмдер.

Редуценттер- органикалық қосылыстарды минералды қосылыстарға дейін ыдырататын организмдер, яғни олар (латынша «reduceus, reducentis» - қалпына келтірушілер, деструктор) органикалық заттарды ыдырататын және оларды басқа организмдер игеретін бейорганикалық заттарға айналдыратын ағзаар.

Зат ағыны тұйық циклде ӛтеді, сондықтан ол зат айналым деп аталады. Заттар үздіксіз экожүйенің әртүрлі звеноларында айналымға түседі және барлық уақытта қайтадан зат айналымға түсуі мүмкін, ал энергия бір рет ғана пайдаланылады.

Энергия ағыны - бұл органикалық қосылыстардың химиялық байланыстар түрінде бір деңгейдегі организмнен екіншісіне энергияның ауысуы.

Заттар ағыны - продуценттерден редуценттерге заттардың химиялық элементтер мен олардың қосылыстары түрінде берілуі және әрі қарай химиялық реакциялар арқылы тірі организмдердің қатысуынсыз заттардың процестерге қайта келуі.

Қоректік тізбектер. Қоректік торлар

Биоценозда қоректік торлар - жасыл ӛсімдіктер жинақтаған энергия мен заттарды бір-біріне беретін организмдердің кӛптеген қысқа қатарларынан тұрады. Әрбір алдыңғы түр келесіге қорек болатын мұндай қатарлар - қоректік тізбек, ал қоректік тізбектің бӛлек звенолары - қоректік деңгей деп аталады. Қоректік тізбек әрқашан ӛсімдіктен немесе олардың қалдықтарынан басталады.

Қоректік тізбектер бір бірінен оқшауланбай, қайта керісінше, айқасып жатады. Олар қоректік торлар деп аталатын құрылымдар түзеді.

Экожүйе ӛнімділігі

Бірлестіктің маңызды қасиеті-олардың жаңа биомассаны құрауға қабілеттілігі. Бұл қасиет жүйенің ӛнімділігі түсінігінің негізінде жатыр.

Экожүйелерде органикалық заттардың құралу жылдамдығы- биологиялық ӛнімділік, ал тірі организмдердің дене массасы- биомасса деп аталады. Сонымен, биологиялық ӛнімділік олардың биомассасын құру жылдамдығы.

Бастапқы немесе алғашқы ӛнімділік (БӚ). Ол продуценттердің биомассасын түзу жылдамдығы. Гетеротрофты организмдерде органикалық заттардың жиналу жылдамдығы екінші реттік ӛнімділік (ЕӚ) деп аталады. Екінші реттік ӛнімділік барлық қоректік деңгейде кездеседі. Ӛсімдіктер ӛнімділігі алғашқы, ал жануарлардың немесе басқа консументтер ӛнімділігі екінші реттік өнімділік деп аталады..

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]