Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167 Кб
Скачать
☆

3 Экология бӛлімдері.

1.Аутэкология - особьтар экологиясы. Аутэкология бір түрдің ӛкілінің (особьтың) қоршаған ортамен ӛзара қарым- қатынасын зерттейді. Басқаша айтқанда , осы организмге қоршаған орта факторларының әсерін және оларға осы особьтың табиғи реакцияларын зерттейді.

  1. Демэкология - популяциялық экология. Популяция дегеніміз белгілі ареал бӛлігінде ұзақ тіршілік етіп , еркін будандаса алатын бір түр особьтарының жиынтығы.

Демэкология популяцияның қалыптасу жағдайларын, құрылымы мен динамикасын зертейді. Ол популяция санының ӛзгеруін, бұл құбылыстың себептерін зерттейді.

  1. Синэкология - қауымдастық экологиясы. Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған, тірі организмдер жиынтығы Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.

4.Экологияның негізгі бағыттары

Қазіргі уақытта экология ғылымының кӛптеген бағыттары бар:

  1. Классикалық экология - биологиялық жүйелердің қоршаған ортамен байланыстарын зерттейді.

  2. Глобалъды экология - биосфераның бірлігін және тұтастығын зерттейді.

3.Қоғамдық экология - қоғам мен қоршаған орта жүйесіндегі байланыс пен тәуелділікті қарастырады. 5. Экологиялық зерттеу әдістері.

Экологиялық ғылымның далалық, лабораториялық және эксперименттік зерттеу әдістері бар. Далалық зерттеу әдісі – далалық жағдайда жүргізіледі. Зерттеу обьектілері – особь, популяция, түр және олардың табиғи бірлестіктері т.б. болуы мүмкін. Далалық зертеулер белгілі бір түр, популяция, биоценоз, экожүйе, ӛзен-кӛлдер, т.б. обьектілерінің жәйі, сандық қатынасы немесе сапасы, ауытқулар мен ӛзгерістер, абиотикалық, биотикалық, антропогендік факторлардың әсері, уақыт пен кеңістікке қатысты олардың кӛбеюі, құрып кетуі, апаттардың болу себептері туралы жалпы мағлұматтар мен материалдар жинақталады. Бақылау сұрақтары:

1.Экологияның ғылым ретінде анықтамасын беріңіз.

2.Экологияның міндеттері мен зерттеу әдістерін атаңыз.

3.Экология білімінің қалыптасуы мен даму сатыларын анықтаңыз.

4.Әртүрлі критерийлерге сәйкес экологияның бӛлімдерін кӛрсетіңіз.

ДӘРІС № 2

Тақырып: Аутэкология. Организм және қоршаған орта. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.

Мақсаты: Студенттерге экологияның аутэкология бӛлімінің ерекшеліктері, тірі организмдердің таралған негізгі тіршілік орталары, тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері туралы білім беру.

Жоспары:

1. Аутэкология –экологияның бір бӛлімі.

2.Тіршіліктің пайда болу теориясы.

  1. Биосфера эволюциясы.

  2. Организдердің негізгі тіршілік орталары:

  3. Биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм. 6. Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейі.

Негізгі түсініктер: биологиялық ырғақтар, фотопериодизм, биолюминесценция, гидробионттар, геобионттар.

  1. Аутэкология бір түрдің ӛкілінің (особьтың) қоршаған ортамен ӛзара қарым- қатынасын зерттейтін экологияның бір бӛлімі.

Аутэкология (грекше autos - өзі) қоршаған ортада организмдердің тіршілік шегін анықтайды және әрбір организмнің қоршаған орта жағдайына бейімделушілігін, орта факторларының әсеріне организмнің жауап беру реакциясын зерттейді. Аутэкология терминін ғылымға 1896 жылы Швейцар ботанигі К.Шретер енгізген. Экология тірі жүйелердің ӛзара және қоршаған ортамен байланысын зерттейтін ғылым екені белгілі. Аутэкология тірі жүйе ретінде бӛлек, дара организмдерді, ал орта ретінде барлық оны қоршайтындарды қарастырады.

Қоршаған ортаға барлық табиғи орта және техногенді орталар жатады. Табиғи орта - Жер бетіндегі адамдардың байланысынсыз пайда болған және бұрынғы ұрпақтардан қалған орта. Техногенді орта - адамның кӛмегімен түзілген орта.

"Қоршаған орта" түсінігін экологияға биолог Я.Юкскюл (1864-1944) енгізген. Ол, тірі организм мен олардың тіршілік ортасы, субъект және обьектінің (кім, нені, кімді зерттейді) бір-бірімен ӛзара байланысты және олардың барлығы бір жүйені - қоршаған ортаны түзеді деп есептеген. Қоршаған ортаға организм бейімделу процесінде оның элементтерімен байланысып және одан әртүрлі заттар, энергия, ақпараттар қабылдайды және береді.

  1. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы.

1.абиогеноз теориясы(тірінің ӛліден пайда болуы) 2.биогеноз теориясы (тіріден тірінің пайда болуы) 3. Биосфера эволюциясы.

Палеонтологиялық мәліметтер бойынша:

1.протерозой эрасында (700млн. жыл бұрын)- бактериялар, балдырлар, қарапайым омыртқасыздар пайда болды. 2.палеозой эрасында (365 млн. жыл бұрын) – жер беті ӛсімдіктер, амфибиялар пайда болды; 3.мезозой эрасы- (185 млн. жыл бұрын)- сүтқоректілер, құстар, қарағай ӛсімдіктері пайда болды; 4.кайназой эрасы-(70млн. жыл бұрын) – қазіргі заманғы ӛсімдіктер мен жануарлардың топтары пайда болды. 4. Тіршілік орталары

Тіршілік ортасы дегеніміз – кез келген организмнің ӛсіп-ӛніп, кӛбеюіне, ұрпақтарын жалғастыруға қолайлы табиғи, тарихи қалыптасқан орта.

Біздің планетамызда бір-бірінен айырмашылығы бар бірнеше негізгі тіршілік орталарын бӛлуге болады. Олар: су - тіршілік ортасы, жер - ауа -тіршілік ортасы, топырақ - тіршілік ортасы, тірі организмдердің денесі.

Су - тіршілік ортасы

Мұхиттар мен теңіздер екі экологиялық облыстарға бӛлінеді: су қалыңдығыпелагиаль; судың түбі-бенталь.

Тіршілік іс-әрекеттерінің әртүрлілігіне қарамастан барлық су мекендеушілері ӛз ортасының негізгі ерекшеліктеріне бейімделуі тиіс. Бұл ерекшеліктер ең алдымен судың физикалық қасиеттері: су тығыздығымен, жылу ӛткізгіштігімен, тұздар мен газдарды еріту қабілеттілігімен анықталады.

Жер – ауа тіршілік ортасы

Бұл ортаның ӛзіне тән ерекшеліктері бар. Мұнда оттегі мен жарық мӛлшері кӛп мӛлшерде, кеңістіктерде температураның ӛзгерісі күрт ӛзгереді, қысым әлсіз және ылғал жетіспеуі жиі болып тұрады. Ауа тығыздығы сумен салыстырғанда тіпті аз, сондықтан ауада тұрақты ӛмір мүмкін емес. Кӛптеген түрлер ауада ұшатын болса, ал ұсақ жәндіктер, ӛрмекші, микроорганизмдер, ӛсімдік тұқымдары мен споралары ауа ағынымен таралады, қоректену мен кӛбею жердің беткі қабатында ӛтеді. Ауа сияқты мұндай тығыздығы онша емес ортада организмдерге тірек қажет. Сондықтан жер беті ӛсімдіктерінде арқаулық ұлпа, ал жер үсті жануарларында ішкі және сыртқы қаңқа дамыған. Құрлық

мекендеушілерінің 3/2 бӛлігі белсенді және енжар ұшуды меңгерген. Олардың кӛпшілігі

Топырақ - тіршілік ортасы

Топырақ - тірі организмдердің іс-әрекетінің нәтижесінде түзілетін құрлық бетінің ӛте жұқа қабаты. Топырақтың ішінде ӛте кӛптеген микроорганизмдер тіршілік етеді, мысалы, бактериялар, саңырауқұлақтар, қарапайымдар, құрттар, буынаяқтылар және т.б. Ал ірі жануарлар топырақтан ӛздерінің жолдарын қазады. Топырақта бүкіл ӛсімдіктердің тамырлары кездеседі.

Тірі организмдер денесі - тіршілік ортасы

Паразитизм - табиғатта кең таралған құбылыс. Паразиттердің қожайынның денесіне енуі де, оның клеткалары мен ұлпаларының ішіне енуі де мүмкін. Олар үшін қожайын денесі - тұтас әлем. Сонымен қатар, пайдалы бірлесіп ӛмір сүрушілік болады. Мысалы, күйіс қайыратын жануарлар ӛздерінің қарнында тіршілік ететін бактериялар мен инфузорияларсыз қорегін қорыта алмаған болар еді. Адамның ас қорытуы да сол сияқты пайдалы микрофлораның кӛмегімен іске асады. Қожайынның ұлпалары мен мүшелерінде тіршілік ететін паразиттер қоректің қоры шектеусіз кӛп жағдайда тіршілік етеді.

5.Ағзаның адаптациялық биологиялық ырғақтар. Фотопериодизм.

Табиғаттағы жүйелі ауысып келіп отырған факторларға байланысты ӛсімдіктер мен жануарлар тіршілігінде құбылыстарға үйлесе дамитын бейімделушілік қалыптасады. Осы құбылыстарды биологиялық ырғақтар дейді. Кез-келген табиғи ағзалар үшін табиғи ритмдерді ішкі (ӛзінің тіршілік әрекетіне байланысты), сыртқы (қоршаған ортадағы циклдық ӛзгерістер) деп бӛледі. Фотопериодизм дегеніміз организмдердің тәуліктік жарық пен қараңғы мерзімінің ұзақтығына байланысты оған жауап беру реакциясы.

6.Тірі жүйелердің ұйымдасу деңгейлері: молекула-генетикалық, клеткалық, ұлпалық, онтогенетикалық (организмдік), популяциялық - түрлік және биогеоценотикалық, немесе биосфералық.

Тірі материя үшін сол жүйеге кіретін элементтердің, яғни қарапайым бӛлшектерден бастап, организмдер мен қауымдастықтар, биосфераға дейін иерархиялық бір-біріне

Бақылау сұрақтары:

1.Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияларына тоқталыңыз.

2.Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлерін анықтаңыз.

3.Тіршілік орталарын атаңыз.

4.Су ағзаларының экологиялық жіктелуін беріңіз. Әр топтың ӛкілдеріне мысал келтіріңіз.

ДӘРІС №3

Тақырып: Экологиялық факторлар және олардың классификациясы. Мақсаты: Студенттерге антропогенді факторлардың әсер ету заңдылықтары, Либихтың минимум заңы, Шелфордтың толеранттылық заңы, стенобионтты және эврибионтты организмдер, организмдердің тіршілігіндегі негізгі абиотикалық факторлардың экологиялық мәні, ортаның экологиялық сыйымдылығы жайлы білім беру Жоспары:

  1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары:

  2. Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы.

  3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары: Ю.Либихтың минимум заңы және В.Шелфордтың толеранттық заңы.

Негізгі түсініктер: экологиялық факторлар, биотикалық факторлар, абиотикалық факторлар, антропогенді факторлар, толеранттылық диапазоны, оптимум зонасы, экологиялық валенттілік

1. Қоршаған ортаның экологиялық факторлары- тірі организмдерге олардың дербес дамуының бір ғана кезеңінде болса да тікелей немесе жанама әсер ете алатын, ортаның кез-келген әрі қарай бӛлшектелмейтін элементі.