- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
Популяциялық гомеостаз дегеніміз популяцияның сандық мәнін белгілі бір шегінде ұстап тұруы. Гомоестаздың түраралық механизмдеріне жыртқыш-жемтік, паразит-иесі типтегі қарым-қатынастар жатады. Түрішілік гомоестаздың негізіне бәсекелестік жатады.
Популяцияның кеңістіктік таралуы
Біркелкі таралу- бұл табиғатта ӛте сирек кездеседі. Бұл әртүрлі особьтар арасындағы бәсекелестікпен байланысты.
Кездейсоқ таралу- бірігіп тіршілік етуі байқалмайтын түрлерде және бірдей ортада ғана кездеседі.
Популяцияның демографиялық құрылымы
Популяцияның жыныстық және жас ерекшелік құрамын сипаттауды демография деп атайды («демос»-халық, «графо»-жазамын, суреттеймін). Белгілі бір популяция жас ерекшелігі әр түрлі особьтардан тұрады. Топтардың жас ерекшелік және жыныстық қатынасы популяцияның ӛсу қарқындылығы мен тіршілікке бейімдеушілігін және оның құрылымының маңызды сипаттамасы болып табылады.
Популяцияның этологиялық құрылымы
Этология - жануарлардың мінез-құлқының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Бір популяция мүшелерінің қарым-қатынастарының жүйесін популяцияның мінез-құлықтық немесе этологиялық құрылымы деп атайды. Популяция особьтарының басқа мүшелерлеріне қарым-қатынасы жӛніндегі жануарлардың мінез-құлқы ең алдымен түрге тән жалғыз немесе топтық ӛмір сүруіне байланысты.
Жалғыз ӛмір сүруде - популяцияның особьтары бір-біріне байланыссыз тіршілік етеді.
Жанұялық ӛмір сүру типінде ата-аналары мен ұрпақ арасында байланыс күшейеді.
Қауым- отырықшы жануарлардың топтық орналасуы.
Тобыр. Биологиялық пайдалы ұйымдасқан іс - әрәкеті байқалатын жануарлардың
уақытша бірлігі
Үйір. Тобырмен салыстырғанда үйір - бұл жануарлардың ұзағырақ және тұрақты бірлесуі.
Бақылау сұрақтары:
1.Популяцияға анықтама беріңіз.
2.Популяцияның жастық және жыныстық құрамын сипаттаңыз.
3.Популяцияның кеңістікте орналасу түрлерін кӛрсетіңіз.
4.Туылу, ӛсу жылдамдығы, ӛлу дегеніміз не?
5.Туылу мен ӛлімнің типтері қандай?
6.Биотикалық потенциал дегеніміз не?
7.Биотикалық факторлардың түрлері қандай?
ДӘРІС № 5
Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
Мақсаты: Студенттерге биоценоз туралы түсінік беру және экожүйедегі түраралық байланыстардың негізгі формалары, Г.Ф.Гаузенің бәсекелестік арқылы жою принципі, экологиялық қуыстың потенциалды және жүзеге асырылған түрлерін түсіндіру.
Жоспары:
Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама:
Биоценоз түрлік құрылымы
Қарым қатынс түрлері
4.Экологиялық қуыс
Негізгі түсініктер: биоценоз, синекология, биогеоценоз, экожүйе, нейтрализм, комменсализм, протокооперация, мутуализм, аменсализм, микориза, антибиоз, аллелопатия.
1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
Синэкология организмдердің тіршілік жағдайларын, ӛзара және қоршаған ортамен ӛзара қарым-қатынасын зерттейді. Белбілі бір ареалда бірлесіп бірге тіршілік ететін және бір - бірімен байланысты алуантүрлі түрлердің бүкіл жиынтығы биоценоз ("биос" - ӛмір, "ценос" - бірлестік) деп аталады. Бұл атауды 1877 жылы неміс ғалымы К. Мебиус Солтүстік теңіз устрицаларын зерттегенде қолданып, ғылымға енгізді.
Биоценоздың негізгі компоненттері: ӛсімдіктер, жануарлар және микроағзалар. Бұл жүйеде кейбір түрлер, популяциялар және түрлер топтары қауымдастық үшін ерекше зиян келтірмей, басқа түрлер ӛкілдерімен, топтарымен алмастырыла алады, ал жүйенің ӛзі түрлер арасындағы антогонисті күштердің теңдесуі есебінен сақталады. Кез келген биоценоз – ішкі күрделі құрылымы бар, түрлер арасындағы байланыстар арқылы реттелетін- күрделі табиғи жүйе. 2. Биоценоздың түрлік құрылымы
Биоценоздағы түрлер саны әртүрлі болып келеді. Олардың біреулері кӛп санды, екінші біреулері аз санды, ал үшіншілері тіпті сирек. Биоценоздағы кӛп санды түрлер –доминанты немесе басыңқы түрлер деп аталады. Мысалы, шыршалы биоценозда ағаштар ішінен үнемі шырша басым келеді. Кӛп санды басым түрлер биоценоздың негізгі ядросын құрайды. Ал сирек және аз санды түрлер – биоценозда әртүрлі болып келеді. Доминантты түрлер бірлестікте негізгі басты байланыстарды анықтайды. Олар бірлестіктің негізгі құрылымы мен сыртқы пішінін құрайды.
Түрлердің сандары жӛнінен қатынасы - биоценоздың түрлік құрылымын құрайды. Биоценоздың әрбір типі үшін ӛзіне тән ӛз құрылымы болады.
Кеңістікте түрлердің таралуы. Биоценоз үшін түрлердің кеңістікте таралуы заңды құбылыс. Бұл таралудың негізін ӛсімдіктер әлемі қалыптастырады. Жапырақтардың орналастыруы - ӛздерінің ӛсу пішініне және жарық сүйгіштігіне байланысты, биоценозда ӛсімдіктер ярустылық құрайды. Әдетте орманда ӛсімдіктер 5-6 ярус құрайды. Аз санды түрлер, әдетте стенобионтты түрлер жиі нақтылы орта күйінің мысалы, жалпақ жапырақты ормандарда 5- 6 ярустарды құрайды. Бірінші - биік ағаштар (жӛке, емен, қарағай т.б.), екінші - ӛте биік емес ағаштар (шетен, алма, алмұрт, мойыл) үшінші - бұталы (ит жүзім, ырғай, таңқурай және т.б.); тӛртінші- биік шӛптерден, ал бесінші және алтыншы ярустар аласа шӛптерден тұрады. Ӛсімдіктерге ярустылық жоғары ярустағы жарық сүйгіштердің жарық ағынын тегіс пайдалануға, ал тӛмендегілер - кӛлеңке сүйгіш ӛсімдіктер жарықтың қалған бӛлігін ғана пайдалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жануарлар да ӛсімдіктер әлемінің ярустарында да тіршілік етуі мүмкін, бірақ ӛздерінің қозғалғыштығына байланысты әртүрлі жануарлар бірден бірнеше ярусты меңгеруі мүмкін.
Сонымен, биоценоз деп - тірі организмдердің бір жерде бір -бірімен ӛзара байланыста тіршілік ететін экологиялық топтарды атайды.
Биотикалық қарым қатынастар. Биотикалық қарым қатынастары
Табиғатта әрбір тірі организмдер оқшау, жеке тіршілік ете алмайды. Оны кӛптеген табиғаттың басқа ӛкілдері қоршайды және бұлардың барлығы бір бірімен күрделі қарым қатынаста болады. Организмдер арасындағы қарым қатынастар, сонымен қатар олардың тіршілік жағдайларына әсері қоршаған ортаның биотикалық факторларының жиынтығын құрайды. Экологиялық қарым қатынастар, әдетте, ӛте күрделі сипатта болады, кӛптеген факторларға байланысты және әртүрлі жағдайларда ӛзгеше ӛтеді.
Биотикалық факторлар деп – организмдер мен популяциялар арасындағы ӛзара әрекеттесу формаларын атайды. Биотикалық факторлар түрішілік және түраралық болып бӛлінеді.
Түрішілік - Гомотиптік реакциялар
Гомотиптік реакциялар - бір түрге жататын дара организмдер арасындағы ӛзара әрекеттер. Бірлесіп тіршілік еткен жағдайда жануарлар мен ӛсімдіктердің тіршілік әрекеттері кӛп дәрежеде популяция саны мен тығыздығына тәуелді болады. Сол себепті топ және масса эффектісімен байланысты құбылыстардың мәні үлкен.
Топ эффектісі дегеніміз - топтың ӛзінің және топ құрамындағы организмдердің санының дара организмдердің мінез-құлқына, дамуы мен кӛбеюіне ықпалы.
Масса эффектісінің топ эффектісінен айырмашылығы, ол бір түр особьтарының бірін бірі сезінумен байланысты емес. Масса эффектісін особьтар саны және популяция тығыздығы артқан кезде тіршілік ету ортасында пайда болатын организмдер туындатады.
