- •Дәріс №1 Тақырып: Экология және оның қысқаша даму тарихы.
- •2. Экологияның ғылым ретінде анықтамасы, оның қалыптасуының қысқаша тарихы.
- •3 Экология бӛлімдері.
- •4.Экологияның негізгі бағыттары
- •Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
- •2. Организмнің ортаға бейімделуінің негізгі жолдары
- •3. Экологиялық факторлар әсеріне организмдердің жалпы заңдылықтары
- •Популяциялық тіршілік деңгейі.
- •Популяцияның құрылымы мен түрлері.
- •3. Популяцияның статикалық және динамикалық сипаттамалары.
- •4. Популяциялық гомеостаз – популяцияның санын реттеу.
- •Популяцияның демографиялық құрылымы
- •Популяцияның этологиялық құрылымы
- •Тақырып: Бірлестіктер экологиясы-синэкология.
- •1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипаттама
- •Түраралық бәсекелестік – Гетеротиптік реакциялар
- •Қарым - қатынас типтері
- •Тақырып: Экожүйенің құрылу заңдылықтары.
- •Қоректік тізбектер. Қоректік торлар
- •Экожүйенің қоректік құрылымы
- •Экологиялық сукцессиялар. Экожүйенің өзіндік дамуы және оның тұрақтылығы
- •Тақырып: Биосфера және оның тұрақтылығы
- •1. Биосфера - ғаламдық экожүйе ретінде.
- •Ноосфера
- •Жердің жалпы антропогендік дағдарыстары
- •Тақырып: Тұрақты даму концепциясы
- •2. Стокгольм конференциясы
- •Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.
- •Атмосфералық ауаның ластануы
- •5. «Жылу эффектісі»
- •7. «Қышқылдық жаңбырлар»
- •Тақырып: қр-ның табиғи ресурстар қоры және оларды тиімді басқару
- •Қазақстандағы энергетика ӛндірістері
- •Тақырып: Табиғатты қорғауды ұйымдастыру
- •Ерекше қорғауға алынған териториялар
- •1.Қазақстан су қорларының экологиялық мәселелері
- •Каспий аймағының экологиялық жағдайы.
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.
- •Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.
- •Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты
- •1.Экологиялық мониторинг.
Абиотикалық факторлардың тірі организмдерге әсері
Абиотикалық фактор - бұл ӛлі табиғат факторлары. Олар: климаттық (жарық, температура, ауа ылғалдылығы, жел, қар), эдафикалық (механикалық, химиялық құрамы, ауа ӛткізгіштік, ылғал сыйымдылығы, боялуы), орографиялық (бедер, экспозиция), химиялық (ауаның газдық құрамы, судың тұздық құрамы), физикалық (дыбыс, магнетизм, жылу ӛткізгіштік, радиоактивтілік, космостық жарық шығару) болып табылады.
Жарық
Жарық негізінен ӛсімдіктердің ӛсуі мен дамуының жылдамдығына, фотосинтез қарқындылығына, орта температурасы мен ылғалдылығының ӛзгеруіне, жануарлар белсенділігіне әсер етеді.
Экологиялық фактор ретінде - жарыққа байланысты ӛсімдіктер: гелиофиттер, сциофиттер, факультативті гелиофиттер болып бӛлінеді.
Гелиофиттер немесе жарық сүйгіш ӛсімдіктер - күн сәулесі жақсы түсетін, ашық жерлерде және орманда ӛте сирек кездесетін ӛсімдіктер. Мұндай ӛсімдіктің гүлдері күнбағыс, итошаған сияқты, күн кӛзіне қарай бағытталып ӛседі.
Сциофиттер немесе кӛлеңке сүйгіш ӛсімдіктер - күшті жарыққа тӛзімсіз келеді және үнемі кӛлеңкеде ӛседі. Бұларға папоротник, орман шӛптері, мүк, саумалдақ және т.б. жатады.
Факультативті гелиофиттер немесе кӛлеңкеге тӛзімді ӛсімдіктер. Бұлар жақсы жарық жағдайында ӛседі, бірақ кӛлеңкелеу жерге де оңай үйренеді. Орман ӛсімдіктерінің кӛпшілігі, орман шӛптері, бұталар жатады.
Ылғалдылық
Су тірі организмдер тіршілігіне қажетті негізгі экологиялық фактор және олардың тұрақты құрамы тірі организмдерде әртүрлі. Ӛсімдіктердің әртүрлі даму кезеңдерінде суға қажеттілігі бірдей емес, әсіресе әртүрлі түрлерде ол топырақ типі мен климатына байланысты ӛзгереді. Мысалы, астық тұқымдас ӛсімдіктердің қарқынды ӛсуімен салыстырғанда, тұқымның ӛсуі мен олардың пісіп жетілуі кезінде ылғалдылық аз керек. Кез келген әртүрлі ӛсімдіктің даму сатысы мен ӛсу фазаларының ерекше кезеңін бӛлуге болады. Бұл кезеңде судың жетіспеуі ӛсімдіктердің тіршілік әрекеттеріне кері әсер етеді. Ортаның ылғалдылығы жер шарындағы организмдердің таралуы мен санын анықтайтын шектеуші фактор болып саналады.
Мысалы, шамшат ӛсімдігі құрғақ топырақта да тіршілік етуі мүмкін, бірақ оған ауаның жеткілікті жоғары ылғалдылығы міндетті түрде қажет. Жануарларда су алмасуын реттейтін жабын механизмдері мен ӛткізгіш жабын ұлпалары маңызды роль атқарады.
Температура
Жылудың тірі организмдер үшін маңызы ӛте зор. Себебі сол организмдердің денесінің жылуы ӛзі қоршаған ортаның температурасын байланысты.
Белгілі бір шекке дейін сыртқы ортаның температурасы ӛсімдіктердің ӛсуіне және дамуына, кейбір жағдайда морфологиялық белгілеріне, таралуына әсерін тигізеді.
Эволюция процестеріне байланысты ӛсімдіктердің де тірі организмдерге тән сыртқы ортаның қолайсыз құбылыстарынан қорғану үшін әртүрлі морфо - физиологиялық бейімделушілік қасиеттері пайда болады. Ӛсімдіктердің әртүрлі ӛсу сатысына байланысты жылу сүйгіштігі де әртүрлі. Мысалы, қоңыржай аймақта тұқымның ӛнуіне ӛте тӛменгі температура керек болса, ал гүлденуі үшін ӛте жоғары ыстық температура қажет.
Сондықтан ӛсімдіктерді сыртқы ортаның жылуына бейімделу дәрежесіне байланысты үш топқа бӛлуге болады.
Суыққа тӛзімсіз ӛсімдіктер - судың қату температурасынан тӛменгі жағдайда тез ӛліп қалады немесе бұзылады. Бұлар кӛбінесе жаңбырлы тропикалық ормандарында және жылы теңіздерде ӛсетін ӛсімдіктер.
Аязға тӛзімсіз ӛсімдіктер - тӛменгі температураға тӛзімді болғанымен, ұлпаларында мұз пайда болса, ӛліп қалады. Бұған кӛбінесе мәңгі жасыл субтропикалық ӛсімдіктер түрлері жатады.
Мұзға және аязға тӛзімді ӛсімдіктер - бұлар кӛбінесе ауа райы құбылмалы, қысы суық жерлерде ӛседі, ӛте қатты аяздарда ӛсімдіктердің (кейбір балдырлар - Sphaerella nivallis; балқарағайлар - Larix dahurica; қыналар - Clodonia; екі аналықты саумалшық – Oxyria digyna және т.б.) жер бетіндегі мүшелері қатса да ӛзінің тіршілік қабілетін сақтайды. Аязды кӛтеру үшін ӛсімдіктер қыс жақындағаннан бастап дайындала бастайды.
Жылу тепе – теңдігін ұстап тұруға сол организмнің дене пішіні мен оның кӛлемінің қатынасының байланысын ең бірінші рет неміс физиологы Карл Бергман 1847 жылы дәлелдеген. Тұрақты және дене температурасы жоғары жылықанды жануарларға ыстық климатта жылуды шашырату, ал суықта керісінше жылуды ұстау, жинау пайдалы.
Бергман ережесі бойынша: «Суық жерлерді мекендеуші жылықанды жануарлар үшін ірі болу, ал жылы жерлерді мекендеуші жануарлар үшін ұсақ болу тиімді». Жануарлардың мӛлшері ұлғайған сайын, оның денесінің беті, яғни ауданы екі дәрежеге, ал кӛлемі үш дәрежеге артады. Ол бір түрге жататын екі жануарды алсақ, үлкені суық жерді, ал денесі кішісі ыстық жерді мекендейтіні дәлелденген.
