Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.08 Кб
Скачать

Дәріс №15 Тақырып: Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саясаты

Мақсаты: Студенттерге ҚР табиғи ортасының дестабилизация қоршаған ортаның жағдайын бағалау әдістері мен критерийлері, экологиялық мониторинг, оның ұйымдасу принциптері туралы білім беру.

1.Экологиялық мониторинг

2.Экологиялық қауіпсіздік. Экологиялық кодекс

3. «Жасыл экономика» саясаты

1.Экологиялық мониторинг.

Экологиялық мониторинг – табиғи кұбылыстардың және антропогендік іс-әрекеттердің әсерінен коршаған орта жагдайының ӛзгеруін бақылау, бағалау, тексеру және болжау жүйелері.

Мониторинг жүйесін топтастыру

Экологиялық мониторинг үш сатыдан тұрады: жағдайды бақылау, бағалау және болатын ӛзгерістерді болжау.

Мониторинг жүйесі факторларға, кӛздерге және әсер ауқымына байланысты да топтастырылады.

Әсер факторларының мониторингі - әртүрлі химиялық ластағыштардың, түрлі-түрлі табиғи және физикалық факторлар әсерлерінің мониторингі.

Ластағыш көздердің мониторингі –нүктелі стационарлы кӛздер (зауыттардың мұржалары), жылжымалы (кӛлік), кеңістік (калалар, химиялық заттектер ендірілетін егістік жерлер) кӛздер.

Әсер аумағына байланысты мониторинг кеңістік және уақытша мониторингтерге бӛлінеді.

Мәліметтерді ортақтастыру сипаттамасына қарай мынадай мониторинг жүйелерін кұрайды:

  • ғаламдық (биосфералық - халықаралық ынтымақтастық негізінде Жер биосферасындағы әлемдік құбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы назарға устап, экстремалды қолайсыз жағдайлардың болуы туралы уақытылы ескерту жасап отыру;

  • базалық (фондық) - жалпыбиосфералық, табиғи кұбылыстарды бақылау ;

  • ұлттық - 6ip мемлекеттің шегінде арнайы кұрылған органдар арқылы жүргізетін мониторинг;

  • аймақтық - халық, шаруашылығын карқынды игеру барысында ipi-ipi аудандардың кӛлемінде кұбылыстар мен процестерді зерттеу арқылы бақылау;

  • жергілікті (локалды) – елді мекендерде, ӛнеркәсіп орталықтарында, кәсіпорындарда коршаған ортаның сапалық ӛзгеруіне бакылау жүргізу;

  • импактылық - ерекше қауіпті зоналар мен жердегі аймақтық және жергілікті антропогендік әсерлердің мониторингі.

2. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету құралдарымен байланысты мәселелерге мыналар жатады:

Қаржы ресурстары және оларды пайдалану механизмі;

Экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану;

Тұрақты дамуды ғылыми және ақпараттық қамтамасыз ету

Бұл мәселелердің біздің Республикамыздың тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызы ерекше. Бұл мәселелерді шешудің міндеттері «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік» концепциясында қарасатырылған (ҚР Президентінің шешімімен бекітілген, 30 сәуір 1996 жыл). Экологиялық қауіпсіздік - ең алдымен қоршаған ортаға антропогенді немесе табиғи әсердің нәтижесінде жеке адамға, табиғат пен мемлекеттің ӛмірлік маңызды қажеттіліктерін нақты және мүмкін болатын қауіптен қорғауды қамтамасыз ету процесі. Экологиялық қауіпсіздік жүйесіне биосфера мен сыртқы антропогенді және табиғи факторлар арасындағы тепе-теңдікті ұстап тұруға бағытталған медициналық, биологиялық, экологиялық, құқықтық іс-шаралардың жиынтығы жатады.

3 «Жасыл экономика» - бұл табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әлауқатын сақтауға бағытталған экономика. «Жасыл экономика» бірінші кезекте, қазіргі уақытта сарқылуға ұшырап жатқан ресурстарды үнемді тұтынуға және сарқылмайтын ресурстарды тиімді пайдалануға бағытталған. Энергия үнемдеу қағидасына негізделген экологиялық қауіпсіз және арзан технологияларды қолданудың есебінен болашақта тамаша экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге болады.

«Жасыл» салалар халықты толық жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Мысалы, қалдықтардан органикалық тыңайтқыштар ӛндіру, кӛмірден және тӛмен сапалы кварциттен кремний ӛндіру, қоқыстарды пиролиздік әдіспен ӛртеуге негізделген электр стансасын құру, құнарсыз жерлерде құнарлығы жоғары дақылдар ӛсіру, жергілікті экологиялық материалдардан арзан және жеке үйлер салу сияқты бағыттарда.

Баламалы энергетика дегеніміз – бұл қоршаған ортаға тигізетін зияны ӛте аз болатын, пайдалануға тиімді, әрі ӛндірілуі анағұрлым жеңіл, сарқылмайтын энергиялар жиынтығы. Олардың қатарына мыналар жатады: жел энергиясы, биогаз, гелиоэнергия, баламалы гидроэнергетика, геотермальды энергетика, найзағай энергиясы, су энергиясы, ғарыштық энергия. Мемлекетімізді әлемге әйгілеуге мүмкіндік тудырғалы отырған «ЕХРО-2017» Халықаралық кӛрмесінің ашылу салтанаты 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығына жоспарлануда, оған жүздеген елден және ондаған әлемдік ұйымдардан ӛкілдер қатысып, кӛрмені тамашалауға келетін адамдар саны кем дегенде 5 млн. адам болмақ. Кӛрмені жоғары деңгейде ӛткізу үшін елімізде дайындық жұмыстары басталып та кетті, аумағы 113 гектар жер бӛлініп, 97 павильон тұрғызылады деп күтілуде.

ЕХРО кӛрмесі шеңберінде Қазақстанның ғылыми және технологиялық жетістіктер кӛрме-кешені жұмыс істейтін болады. Жоба бойынша кӛрме қалашығында Ӛмір, Әлем, Ғарыш және Сана атты тӛрт павильон тұрғызылады. EXPO сияқты халықаралық кӛрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүние жүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. EXPO-2017 халықаралық кӛрмесін ӛткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі.

«Болашақ энергиясы» – жел, күн, су, ғарыш баламалы энергетика, биомасса энергиясы, атмосфераға СО2 қалдықтарын тӛмендету мәселелерін терең қозғайтын ӛте ауқымды түсінік. Басты ерекшелік – бұл кӛрме-кешенінің балама энергиялық қуат кӛздерімен жұмыс істеуі. Сарапшы мамандар оған еліміздің толық мүмкіндіктері мен артықшылықтары бар екенін мойындап отыр. Сонымен, ЕХРО-2017 кӛрмесі

«Болашақтың энергиясы» тақырыбы ӛз мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдемек.

Бақылау сұрақтары:

  1. Экологиялық мониторинг түрлерін атаңыз.

  2. Экологиялық мониторинг кезеңдері қандай?

  3. Экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не?

  4. ҚР Экологиялық кодексі қашан қабылданған?

Ф ЕНУ 703-08-16. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]