Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.08 Кб
Скачать
  1. Балқаш кӛлінің экологиялық мәселелері.

Ағынсыз Балқаш кӛлі Қарағанды (Жезқазған), Жамбыл, Алматы (Талдықорған) облыстарымен шектесіп жатыр. Кӛлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бӛлігінде 9-19 км, ал батысында 74 км-ге дейін жетеді. Шығыс жағында Балқаш-Алакӛл кӛлдер жүйесімен, батыс бӛлігі Бетпақдала шӛлімен, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыс жағы Шу-Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр. Балқаштың суының кӛлемі – 112 км3, ең үлкен тереңдігі – 26м. Кӛлдің батыс бӛлігіне Іле ӛзені, шығыс бӛлігіне – шағын ӛзендер Қаратал, Ақсу, Лепсі келіп құяды. Балқаштағы экологиялық жағдай тек Балқаш кӛлін сақтап қалу ғана емес, бүкіл Балқаш-Іле аймағының келешегін ойлауды талап етеді.

  1. Кіші ӛзендерді қорғау мәселесі.

Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі. Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км. Қазақстанның ӛзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедей. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек ӛзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км2-ге шаққанда 0,13-0,022 км. Шӛлейт және шӛлді аудандарда ӛзендер жоқ деуге болады. Қалың ӛзен торы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Кіші ӛзендер кіші деп аталғанмен, олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі, ірі ӛзендердің жағдайы кіші ӛзендерге байланысты. Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика ӛзендерінің кӛп бӛлігі Каспий, Арал теңіздерінің, Балқаш және Теңіз кӛлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне, тек Обь-Ертіс, Есіл және Тобыл ӛзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.

Таза ауыз су проблемасы

Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд. адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапшы болып отыр. Адамның денсаулығы судың тазалығы мен оның санитарлық жағдайларды жақсартудағы ролімен тікелей байланысты. Адамның санасының ӛсуінің нәтижесінде судың жетіспеуі су дағдарысына алып келуде.

Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд. адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн. адам, оның ішінде 2-3 млн. балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан ӛлуде.

Жеке елді, аймақты таза сумен қамтамасыз ету мәселелері тек сол елге ғана қиындық әкелмей бүкіл әлемдік дағдарысқа үлес қосады. Сондықтан да мұндай дағдарыстық жағдайларды шешу бүкіләлемдік бірлесіп іс-әрекет жасауды талап етеді. Үлкен ойшылдықпен және болашақтық тұрғыдан суға адамзаттың негізгі стратегиялық ресурсы ретінде қарау XXI ғасырдың маңызды бағыттамаларының бірі болып тұр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды «Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.

Қоршаған ортаны қорғаудың тиімділігін жоғарылаудың ең басты жолы - ӛндіріске ауа, топырақ және су құбырларының ластануын кемітетін қор сақтау, аз қалдықты және қалдықсыз жаңа технологиялық процестерді кеңінен енгізу. Осындай қор сақтайтын технологияның бірі - Әл-Фараби атындағы қазақтың ұлттық университетінің жасаған, суды лазермен активизациялау. Белгілі жиілікте, аз қуатпен суды лазердің сәулесі арқылы активизацияланғанда сингитті оттегі қозады, содан барып, суды тез активизациялайды.

Су қоймаларын, ӛзенді тазарту, мал шаруашылығына қажетті жоғары белокты жемшӛп алу үшін лазерлі агрогидроэнергетикалық модуль жасалды. Мұны технологиялық жағынан сынау және ӛндіріске енгізу Алматы қаласының Сорбұлақ кӛлінде, Ертіс ӛзенінде және Бұқтырма су қоймасында жүргізілді. Ол үшін ӛзен және су қоймаларын тазартудың тиімділігін анықтау жұмыстары атқарылады. Бұл лазерлі агроэнергетикалық модульді қолдану арқылы биологиялық сапасы жоғары су алу қамтамасыз етілді. Сонымен қатар бұл модуль судағы ауыр металдардың иондарын және улы органикалық заттарды айтарлықтай кемітеді. Гидроегістікке лазерді қолдану кӛк балаусаның ӛнімін 810 есе жоғарылатады, судың бактериялық ластығын 10 есе, қорғасынның иондарын 40, никельді 80, кадмийді 55, сынапты 69, фенолды 48, мысты 50%-ке қысқартуға болатындығы дәлелденді. Суды резонансты лазерлі әдіспен ӛңдеу анаэробты бактериялардың және вирустардың ӛмір сүруін тоқтатады, эпидемиялық аурулардың шығу мүмкіндігін тӛмендетеді, хлор және басқа тотықтырушыларды қолданбай-ақ судың тотықтану қасиетін жоғарылатады. Сонымен, ӛсімдіктерге, жануарларға және адамға қажетті биологиялық жоғары сапалы судың алынуына жағдай туғызады.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазақстан Республикасының экологиялық мәселелері туралы не білесіздер?

2.Арал маңының әлеуметтік-экологиялық мәселесін ашыңыз.

3.Семей ядролық полигоны мәселесін түсіндіріңіз.

4.Каспий теңізінің қандай экологиялық мәселелері бар? 5.Балқаштың қандай экологиялық мәселелері бар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]