Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.08 Кб
Скачать

Тақырып: Қазіргі таңдағы ғаламдық экологиялық мәселелер.

Мақсаты: Студенттердің климаттың ӛзгеруі, озон қабатының жұқаруы, шӛлейттену, биологиялық алуантүрліліктің азаюы, әлемдік мұхиттың ластануы, ӛндіріс пен ауылшаруашылығының интенсивтілігіне байланысты экологиялық факторлар. Қоршаған ортаның физикалық, химиялық және биологиялық ластануы және экологиялық генетикалық салдары сияқты ғаламдық экологиялық мәселелер туралы білімдерін кеңейту. Жоспар:

  1. Ғаламдық мәселе түсінігі

  2. Судың ластануы

  3. Атмосфералық ауаның ластануы

  4. Топырақтың ластануы

  5. Жылу эффектісі

  6. Озон қабатының жұқаруы

  7. Қышқылды жауын-шашындар.

1. Ғаламдық проблемалар - әлемді тұтас қамтитын табиғи, табиғи-антропогендік немесе таза антропогендік құбылыстар. Осы құбылыстардың даму процесі жаһандану деп аталады. Қазіргі таңда Халықаралық деңгейде мынадай ғаламдық проблемалар бар:

  • ресурстар проблемасы;

  • азық-түлік немесе ашаршылық проблемасы;

  • энергетикалық проблема;

  • демографиялық проблема;

  • климаттың ӛзгеруі;

  • қылмыспен және терроризммен күрес; - наркобизнеспен күрес.

2. Қоршаған ортаның ластануы дегеніміз оған тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың концентрациясының артуының нәтижесінде қолайсыз әсерлер туындауы. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе ағзаға қажет заттың оптималды концентрациядан артық болуы да жатады.

Ластану әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі.

    • шығу тегі бойынша:

табиғи және жасанды (антропогенді);

    • пайда болу кӛзіне байланысты:

а) ӛндірістік, ауыл шаруашылық, транспорттық және т.б;

ә) нүктелік (ӛнеркәсіп орнының құбыры), объектілі (ӛнеркәсіп орны), шашыраған (егістік танабы, бүкіл экожүйе), трансгрессивті (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін);

    • әсер ететін ауқымына байланысты: ғаламдық, аймақтық, жергілікті;

    • қоршаған ортаның элементтері бойынша: атмосфера, топырақ, гидросфера және оның әр түрлі құрам бӛліктері (әлемдік мұхит, тұщы су, жер асты сулары, ӛзен сулары және т.б.);

    • әсер ететін жеріне байланысты: қала ортасы, ауыл шаруашылық ортасы, ӛнеркәсіп орындарының ішінде, пәтер ішінде және т.б;

    • әсер ету сипатына байланысты: химиялық (химиялық заттар мен элементтер), физикалық (радиоактивті, радиациялық жылулық, шу, электромагниттік), физикохимиялық (аэрозолдер), биологиялық (микробиологиялық және т.б);

    1. Судың ластануы. Ластануға судың барлық түрлері (мұхит, континенттік, жерасты) әр түрлі дәрежеде ұшыраған. Судың, әсіресе ауыз судың сапасы халықтың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша судың сапасының тӛмен болуынан жылына шамамен 5 млн. адам себепті ӛледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған адамдардың саны 500 миллионнан 1 миллиардқа дейін жетеді.

Ластаушы заттардың басым бӛлігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, ӛнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су транспортымен ластану үлесі де жоғары.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]