Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Экология.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
167.08 Кб
Скачать

2. Стокгольм конференциясы

1972 жылы маусым айында БҰҰ қоршаған ортаны қорғау бойынша конференциясы болды. Оған әлемнің 113 елінен адамдар қатысты. Мұнда 5 маусым халықаралық қоршаған ортаны қорғау күні болып белгіленді. Осы конференцияның бас хатшысы Морис Стронг болды. Ол тұрақты даму түсінігінің синонимі болатын «экодаму» түсінігін қалыптастырды. Экодаму дегеніміз – экологиялық бағытталған әлеуметтік-экономикалық даму.

Сонымен қатар арнайы құрылым –қоршаған орта бойынша БҰҰ бағдарламасы – ЮНЕП құрылды. Оның басты міндеті – экологиялық дағдарыстың ӛткір мәселелерді жеңу үшін ұсыныстар жасау.

3. Рио – де – Женейро конференциясы. Тұрақты даму туралы түсінікті қалыптастыру үшін негізгі ролді 1992 жылдың маусым айында Рио – де – Женейро қаласында БҰҰ ұйымдастырған «Рио-92» саммиті болды. Бұл форумға 172 елден 40 000 адам қатысты. Бұл конференциясында кедей елдердің экономикалық жағдайларын жақсартуға бай елдердің кӛмек кӛрсетуі міндеттелген Жер хартиясына қол қою жоспарланған болатын. Бай елдердің кӛмек беруден бас тартуы себепті Хартия қабылданбады. Оның орнына «Қоршаған орта және даму» декларация мен «ХХІ ғасырдың күн тәртібі» атты ауқымды бағдарламасы қабылдады.

5. Иоханнесбург саммиті. 2002 жылы Иоханнесбургте «Рио+10» атты форум болып ӛтті. Форумның басты мақсаты – Рио-92- гі кӛрссетілген әлемнің экологиялық құрылуының жоспарларына кӛшу болды. Саммиттің қорытындысы – әлемдік қауымдастықтың приориттері кӛрсетілген Іс әрекеттердің келісім жоспары мен Саяси декларация болды. Ғалым Р.А.Перелет осы Иоханнесбургте «Рио+10» саммитті әлемдік қауымдастықтың тұрақты даму жолындағы маңызды кезең, жаңа этап деп атап кӛрсетті. Тұрақты даму бойынша Бүкіләлемдік кеңестің бас хатшысы Н.Деса: «Шешімдерді орындаудың Иоханнесбургтік жоспары беттен тұрса да, мен «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» қарағанда анағұрлым адресті және тура бағытталған құжат» деп пікірін білдірді.

Халықаралық экологиялық ынтымақтастық қызметінің негізгі принциптері.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы БҰҰ бағдарламасында ЮНЕП деп аталады. Осы орган тұрақты негізде жұмыс жасап жатыр, оның штаб пәтері Найроби (Кения) орналасқан. Айнала қоршаған ортаны қорғау кӛп қырлы, кешенді проблема екені белгілі, бұған байланысты ЮНЕП қызметіне қосымша оның кейбір жеке аспектілерімен БҰҰ басшылығымен келесі мамандырылған ұйымдар, жұмыс істейді:

ЮНЕСКО – ғылым, білім, мәдениет саласындағы БҰҰ мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен бітімгершілік келісім – шарттарын жүргізуге ықпал жасайтын арнайы мамандырылған мекеме. Оның негізі 1946 жылы құрылған. Штаб – пәтері Францияның астанасы Париж қаласында орналасқан. ―Адам және биосфера‖ және ―Адам және оны қоршаған орта‖ бағдарламалары бойынша жұмысты орындайды, адам мен айнала орта байланысы туралы зерттеулер жүргізеді;

ФАО – ауылшаруашылық ӛнімдерін ӛңдеу және ӛндіруді жақсарту міндетін атқарады, агросфераға инвестиция тартуға, топырақ құнарлығын арттыру мен жер ресурстарын ұтымды пайдалану, қорғау; жаңа және ӛзгеше энергия кӛздерін ӛндіруді, игеруді ықпалын тигізуге кӛмектеседі. ФАО негізі 1945 жылы құрылған. Бұл мекеменің штаб – пәтері Италияның астанасы Рим қаласында орналасқан.

ВОЗ (Әлемдік деңсаулық сақтау ұйымы) - әлем халықтарының деңсаулығын қадағалайды, экологиялық қауіпсіздікті сақтау мақсаты жүктелген. ВОЗ мекемесі 1946 жылы құрылды. Штаб – пәтері Женевада. Әртүрлі қауіпті ауру түрлеріне қарсы емдеу шараларын іздестіреді, халықаралық деңгейдегі санитарлық ережелерді жасайды, сондай – ақ емдеу дәрілердің сапалық жағын тексереді.

МАГАТЭ – радиациядан қорғану, қауіпсіздік шараларын жасау міндеті бекітілген, бұған радиоактивтік материалдарды айнала ортаға экологиялық зиянын тигізбей тасымалдау мен қалдықтарды жою міндеті тапсырылған. Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану ісінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту бағытында пайда болған агенттік. Қазіргі кезде бұл агенттік барлық елдердегі атом электр станцияларының қауіпсіздігін қадағалайды. Бұл агенттік 1957 жылы БҰҰ шешімімен құрылған, штаб – пәтері Вена қаласында орналасқан.

ВМО (Әлемдік метеорологиялық мекеме) – бұл мекеме негізі 1873 жылы құрылған, бірақ 1947 жылдан бастап БҰҰ құрамына енді. ВМО басшылығымен әлемдік ауа райын бақылау қызметі жұмыс істейді, оның негізгі міндеті планетадағы табиғат күштері мен құбылыстары жайлы жалпы мәліметтер мен бақылау жасау, сондай – ақ ұлттық метерологиялық қызметтің жұмысын үйлестіру. Штаб – пәтері Женева қаласында орналасқан.

МСОП (Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғаудағы халықаралық одақ) – бұл одақ ЮНЕСКО және ФАО жанындағы халықаралық кеңес пен ұсыныс беруші мекемк. МСОП әлемдік табиғат қорғау стратегиясын жасады және барлық елдерге оны орындау жӛнінде ұсыныс береді. МСОП 1948 жылы құрылған. Ұйымның орналасқан қаласы Глан (Швецария).

МЮО- Халықаралық құқық ұйымы 1968 ж құрылған, қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық сұрақтарын дайындауға ықпал етеді.

МЭС- Халықаралық экологиялық сот. 1994 ж қарашада Мехико конференциясында заңгерлердің ұсыныс бойынша құрылған ұйым. Әлемдік экологиялық іс-әрекеттерді әділ шешуді қажет ететін мәселелерді шешумен айналысады.

WWF-жабайы табиғатты қорғау фонды (ағыл. WWF World Wide Fund for Nature)

1961 ж құрылған. 27 ұлттық бӛлімшелері бар.

МОТ –Халықаралық еңбек ұйымы. 1919 ж еңбек қауіпсіздігінің шарттарын қамтамасыз ету және биосфераның ластануын азайту мақсатында құрылған ұйым.

ГРИНПИС (Greenpeace «Жасыл әлем») — қоршаған ортаның деградациясының алдын алуды мақсат етіп қойған тәуелсіз халықаралық қоғамдық ұйым. 1971 ж Канаданың Ванкувер қаласында құрылған 1,5 млн мүшесі бар, 1/3— американдықтар. Әлемнің 32 елінде бӛлімдері бар.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тұрақты даму, мақсаты, міндеттері, мәселелері қандай?

  2. Рим клубының баяндамалары

  3. Стокгольм конференциясының принциптері

  4. Рио-де Жанейро конференциясының құжаттары

  5. Иоханесбург саммитінің ерекшелігі қандай?

  6. Тұрақты дамуды қамтамсыз ететін қандай халықаралық бірлестіктерді білесіздер?

Дәріс 9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]