- •1 Орта мектептің физика курсындағы фронтальдық эксперименттік тапсырмалар
- •1.1 Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы
- •1.2 Фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтар
- •1.3 Фронтальдық эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру
- •2 Өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға негізделген фронтальдық эксперименттік тапсырмалар
- •2.1 Мектеп физика курсындағы физикалық оқу экспериментінің жүйесі
- •2.2 Оқушылардың өлшеу икемділіктері мен дағдысын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •2.3 Орта мектеп физика курсында жасалынатын фронтальдық эксперименттік тапсырмалар және педагогикалық тәжірибе нәтижелері
- •Жұмыстың орындалу реті:
Жұмыстың орындалу реті:
1. Дәптерге бақылау нәтижелерін жазу үшін кесте сызу керек.
2.
Өткізгіштен жасалынған орамның ұштарын
милли-амперметрге жалғап, кестенің
екінші бағанындағы 12-суретте көрсетілген
іс-әрекеттерді жасау керек. Тәжірибелерді
орындау кезінде орамды алмастыруға
болмайды. Ал магнитті катушканың екі
жағына да ауыстырып отыру керек.
3. Индукциялық токты алудың әрбір тәсілі үшін анықтау керек:
1) катушкадағы индукциялық токтың бағытын;
2)катушкадағы
индукциялық токтың магнит индукция
векторының
бағытын;
3)катушкадағы
магниттің магнит өрісінің магнит
индукция векторының
бағытын;
4)катушка
арқылы өтетін магнит өрісінің магнит
ағынының
өзгерісін;
Нәтижелерді сәйкес 2- кестенің бағандарына толтырылу керек.
4.Мына сұрақтарға жауап беру керек.
1 сұрақ.Магнитті жақындатқанда және алыстатқанда катушка арқылы өтетін магнит ағыны қалай өзгереді?
2сұрақ.
Катушка арқылы өтетін магниттік ағынның
,
векторлары қалай бағытталады?
3 сұрақ.Тәжірибелерден индукциялық токтың бағыты туралы қандай қорытынды жасауға болады?
2-кесте
Индукциялық ток алу жолдарына сәйкес нәтиже көрсеткіштері
№ |
Индукциялық ток алу жолы |
|
|
|
|
1 |
Катушкаға солтүстік полюстен ендіру |
|
|
|
|
2 |
Катушканың солтүстік полюсінен магнитті суырғанда |
|
|
|
|
3 |
Катушкаға оңтүстік полюстен ендіру |
|
|
|
|
4 |
Катушканың оңтүстік полюсінен магнитті суырғанда |
|
|
|
|
8-тапсырма. Индукциялық тоқ күшінің магнит ағынының өзгерісінің жылдамдығыныа тәуелділігін зерттеу
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1.Зертханалық тоқ көзі;
2. Миллиамперметр;
3. Орам;
4. Электромагниттің өзекшесі мен катушкасы;
5. Доға тәріздес магнит;
6. Жылжымалы реостат;
7. Электр тізбегін қосып-ажыратқыш кілт;
8. Зертханалық өткізгіщ сымдар жиынтығы;
Жұмыстың орындалу реті:
1.Орамның ұштарындағы қысқыштар арқылы миллиампермертмен жалғау керек.
2. Катушкадан доға тәріздес магнитті әр түрлі жылдамдықпен ендіріп,суырып алыңда және әрбір жағдай үшін индкуциялық токтың ең жоғарғы мәнін бақылап отыру керек.
3.
Катушканы миллиамперметрмен жалғап,оны
темір өзекшеге кигізу керек.Темір
өзекшеге кигізілген катушканы да 13-
суреттегідей реостат және кілт арқылы
ток көзіне жалғанады.
13-
сурет. Тізбек
5. Мына сұрақтарға жауап беру керек: 1-сұрақ.
Миллиамперметрге жалғанған катушка арқылы өтетін магнит ағынының өзгерісінің жылдамдығы қай жағдайда көп болады:магнитті тез қозғалтқанда ма,әлде магнитті баяу қозғалтқандама? Электромагнит катушкасындағы ток күші жай қозғалтқанда ма,әлде тез қозғалтқандама?
2 сұрақ. Катушка арқылы өтетін магнит ағынының өзгерісінің индукциялық ток пен индукцияның ЭҚК-не тәуелділігі туралы не айтуға болады?
6. Соңғы сұраққа берілген жауапты негіздеп дәптерге жазу керек.
9- тапсырма.Индукцияның ЭҚК-нің өткізгіщтің ұзындығына,қозғалу жылдамдығының модуліне, магнит индукциясының модуліне тәуелділігін зерттеу
Қажетті құрал-жабдықтар мен материалдар:
1.Миллимамперметр;
2.Орамы бар катушка;
3.Доға тәріздес магнит;
4.Жазықт магнит;
5.Ұзындығы 1 м болатын өткізгіш;
Жұмыстың орындалу реті:
1.Катушканы миллиамперметрдің қысқыштарының ұшына жалғау керек.
2.Катушканы доға тәріздес магниттің бір полюсінен әр түрлі жылдамдықпен кигізіп,шығару керек.Әрбір жағдай үшін индукциялық ток күшінің максимал мәнін бақылап отыру керек.Магнит өрісінде қозғалып келе жатқан өткізгіште туындаған индукция ЭҚК-өткізгіштің жылдамдық векторының модуліне тәуелді ма?
3
.
Доға тәріздес магниттің полюсіне
катушканы бірдей жылдамдықпен кіргізіп
–шығара отырып,индукциялық токтың
максимал мәнін бақылау керек.Осыдан
кейін тәжірбиені жазық пен доға тәріздес
магниттерді қоса, 14-суреттегідей қайталау
керек. Магнит өрісінде қозғалатын
өткізгіштің бойында пайда болған
индукция ЭҚК магнит индукцисы векторының
модуліне байланысты ма?
4. Катушканы доға тәріздес магниттің полюсіне кигізіп,оны магнит ағынының магнит индукция сызығына әр түрлі бұрышпен бірдей жылдамдықта қозғау керек.Қозғалыстың әрбір бағыты үшін катушкадағы индукциялық токтың ең жоғары мәнін бақылау керек.Магнит өрісінде қозғалатын өткізгіште пайда болған индукция ЭҚК магнит индукция сызықтарымен қиылысатына бұрышқа тәуелді ма?
5. Миллиамперметрдің қысқыштарына жалғанған катушканың орнына бірнеше орамға жинатылған ұзын өткізгішті жалғау керек.Доға тәріздес магниттің полюсіне орманы кигізіп ,шығарып индукциялық токтың максимал мәнін бақылау керек.Магнитпен және орама катушкамен жасалынған тәжірбиелерді индукциялық ток күшінің мәнін салыстыру керек.
Магнит өрісінде қозғалатын өткізгіште туындайтын электр қозғаушы күш оның ұзындағына тәуелді ма?
6. Жалпылама қорытынды жасап дәптерге жазу керек .
10- тапсырма.Өздік индукцияның ЭҚК-нің өткізгіштің индуктивтілігіне және ондағы ток күшінің өгеру жылдамдығына тәуелділігін зерттеу.
Қ
ажетті
құрал-жабдықтар мен материалдар:
1.Зертханалық ток көзі ( аккумулятор немесе гальваний элементі);
2.Миллиамперметр;
3.Құрастырмалы электромагниттің өзекшесі мен катушкасы;
4.Кедергілері 2 және 4 Ом болатын кедергі резисторлар;
5.Жылжымалы реостат ;
6.Элктр тізбегін қосып- ажыратқыш кілт(батырма); 7.Зертханалық өткізгіш сымдар жиынтығы;
15-
сурет.
Түзу өткізгіштегі токтың магнит өрісін
зерттеу
15-суретте көрсетілгендей электр тізбегін жинау керек. Бұл тізбектің сызбасы 16-суретте кескінделген. Мұндағы L-электрмагниттің орамасы,RI-кедергісі 4 Ом,R2 16–сызбада потенциометрге қосылған жылжымалы кедергі, R3-кедергісі 2 Ом болатын кедергі резистор .
2
.Жылжымалы
реостатты орта шамасына қойып,миллиамперметрді
жалғастырушы өткізгішпен шунттап,тізбекті
тұйықтау керек.Қозғалтқышта оңға,солға
қозғай отырып,миллиамперметр арқылы
токтың өтпейтініне көз жеткізку
керек.Сонан соң миллиамперметрден
шунтты ағытып тастау керек және өздік
индукция құбылысын байқау керек.
3.Тізбекті қосып-ажырату керек. Миллиамперметрдің тілшесі әуелі оңға және сол жаққа ауытқиды. Бақыланған құбылысты түсіндіру керек.
4. Катушкадағы ток күшін өзгерте отырып, алдыңғы тәжірбиені қайталау керек. Ол үшін тізбектен R3 резисторын ажырату керек. Катушкада пайда болған ЭҚК –нің өздік индукциясы оның индуктивтілігіне байланысты бола ма?
5. Катушкадағы ток күшін өзгерте отырып,алдыңғы тәжірбиені қайталау керек. Ол үшін тізбектен R3 резисторын ажырату керек. Катушкадағы пайда болған ЭҚК-нің өздік индукциясы ондағы ток күшінің өзгеру жылдамдығына тәуелді боладыма?
6. Жалпы тәжірбие бойынша қорытынды жасап,оны дәптерге жазу керек.
Электростатика тарауы бойынша фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқау
Бұл тапсырмаларда электр заряды және электр өрісі сияқты фундаментальды ұғымдар туралы оқушылардың көзқарастары мен түсініктері тереңдетуге септігін тигізеді. Құбылыстың сапалық сипаттамалары қоса олардың сандық сипаттамалары (кернеулік,потенциалдар айырымы, өріс энергиясы, электр сыйымдылық) да ендіріледі. Мұнда қарастырылатын мәселелердің барлығы да өзінің практикалық қолданысына дейін жеткізіледі.
Тақырыптағы ең маңызды мәселелердің тұтастай физика курсындағы өзара әсерлесу методологиясы ұғымдарын қалыптастыру. Осыған байланыстан оқушыларға шын мәнісінде бар, нақты өзара әсерлесудің материалды тасымалдаушы ретінде өрістің бар екендігін көрсету өте маңызды.
Электр өрісін негізгі физикалық нақтылық ретінде қалыптастыруға эксперименттік тапсырмаларды тигізетін маңызы зор.
Электр бөлімінде тәжірбиелердің сәтті орындалуы өте қиын. Себебі, заттар өздерінің зарядынан тез айырылады және оларды зарядтау өте қиын.
Тәжірбиенің сәтті өтуі үшін келесі ережелерді қатаң орындау керек:
1.Сынып бөлмесінің ауасын тәжірбие жасалмастан бұрын тазартып алу керек.
2.Тәжірбие жасағанда қолданылатын оқшаулаушы заттар таза,құрғақ болуы керек.Сонымен қатар тәжірбие жасаушылардың да қолы таза болу керек.
3.Тәжірибе жасалатын заттарда кездейсоқ жинақталған зарядтар болмауы керек. Оны жою үшін ол затты спиртшамның немесе сіріңкенің жалынынан тез аралықта алып өту керек.
Төменде жекелеген тапсырмалардың орындалу нұсқаулары беріледі.
4.Тапсырма қажетті мәліметтерді кесте мен тәжірбиедегі өлшеушілерден алатын эксперименттік есеп түрінде беріледі.Бұл тапсырма оқушылардың жазық конденсатор туралы көзқарасын жалпылауға және электрсыйымдылықты есептеу формуласын бекітуге арналған.
Тапсырмада әдейілеп өлшеудің реті көрсетілмейді.Тек есепті шешу мәселесі қойылады:конденсатордың электрсыйымдылығын есептеу. Бұл оқушыларды өз бетінше жұмыс жасауға талпындырады.
Тапсырманы оқушылардың конденсаторды құрастыра алу,өлшеу жүргізу үшің қажетті приборды таңдай алу, кестемен жұмыс жасай білу ебедейліктері мен дағдыларын тексеру мақстында бақылау жұмысы ретінде беруге де болады. Тапсырманы орындау уақыты -6-7 минут.
Тұрақты электр тогы бойынша әдістемелік нұсқаулар.
Тұрақты ток заңдары тақырыбы бойынша көптеген ұғымдар мен заңдылықтары (электр тогы, ток күші, өткізгіштің кедергісі, кернеу, өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау, тұрақты қуаты, тізбектің бөлігі үшін Ом заңы ) 8 сыныпта оқытылады, 10 сыныпта бұл ұғымдар мен заңдылықтар өте терең теориялық және эксперименттік негізде оқытылады.Оқушылар өздерінің амперметрмер, вольтметрмен, реостатпен жұмыс жасай білу дағдылары мен тізбек құрастыру, тұрақты ток тізбегін құрастыра алу, есептей білу іскерліктерін жетілдіреді. Оқушыларда дағды, іскерлік пен машық фронтальдық зертханалық жұмыстар мен экпсперименттік тапсырмаларды орындау барысында қалыптасады.
5 тапсырманы өткізгіштің кедергісінің температураға тәуелділігін өтуден бұрын орындалады.Оның мақсаты оқшылардың осындай тәуелділіктің бар екендігініне көз жеткізіп алуына жағдай туғызады.
Спиральдағы кедергінің өзгерісін өткізгіштегі ток күшінің өзгерісі арқылы сипаттайтындықтан,оқушылардың тапсырманы орындамастан бұрын өткізгіштің кедергісі мен ток күші арасындағы байланысты қайталанғаны өте пайдалы болады.
Бірінші нұсқаның шамамен орындалу нәтижелерін мысал ретінде көрсете кетейік. Спиральдың бөлме температурасындағы кедергісі 2 Ом.Оны спиртшаммен қыздырған кезедгі оның кедергісі 4 Ом-ға артады.Спиральды суытқанда (спиртшамды үрлеп өшіргеннен соң) оның кедергісі қайтадан 2 Ом-ға тең болады.
Екінші нұсқада оқушылар электр шамының қылының кедергісін амперметр мен вольтметрдің көмегімен:алдымен 1 В кернеуде,одан соң 4 В кернеуде өлшейді. Сонымен қатар кедергінің 4-6 Ом –ға артқанын бақылайды. Бұл кедергінің температураға тәуелділігін айнымас дәлелі.
Екі нұсқа да бір уақытта жүргізу үшін сынып оқушыларының жартысына 1 нұсқаны,ал екінші жартысына 2 нұсқаны беруге болады. Тапсырманы орындау уақыты -10 минут [22].
Электр және магнетизм бөліміндегі эксперименттік тапсырамалар бойынша әдістемелік нұсқау
Магнит өрісі тақырыбына фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды шартты түрде үшке бөлуге болады. Бірінші бөлімде түзу токтың және дөңгелек токтың магнит өрісі, оның күштік сипаттамасы болып саналатын магнит индукция векторы қарастырылады. Ал екінші бөлімде қоғалыстағы зарядтарға ( токка) магнит өрісі тарапынан әсер ететін ( Ампер күші, Лоренц күші) күштер қарастырылады. Ал үшінші бөлімде заттың магниттік қасиеттері қарастырылады.
Токтың магнит өрісін зерттеуге арналған тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздері үшін жаңа ұғымдармен,тың білімдермен танысады. Мысалы, магнит өрісінің құйынды сипаты және де зарядталған бөлшектердің таңдап алынаған оське қатысты қозғалысы кезінде магнит өрісінің пайда болуын алуға болады.
6 тапсырма тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісін зерттеуге арналған.
Тапсырманың негізі мақсаты түзу өткізгіштің берілген нүктедегі өрісінің магнит индукция векторының ток күшіне, бағытына, өткізгішке дейінгі орналасқан ара қашықтыққа тәуелділігін ашып көрсету.
Барлық тапсырмаларға магнит өрісінің индикаторы ретінде магнит тілшесі алынады.Оны микротокты циркулциялайтын коптеген контурлардың жиынтығы ретінде қарастырады.
Тапсырманың бірінші бөлігін орындауда оқушылар тізбекті тұйықтаудың нәтижесінде магнит тілшесінің бастапқы қалпынан ауытқуынан байқайды. Сонымен қатар тілшенің ауытқуының ток күші артқан сайын артатынына да көз жеткізеді.
Тізбектегі токтың бағытын ауыстыру нәтижесінде тілшенің ауытқуы да қарама –қарсы жаққа ауысады. Ал тізбекті ажыратқанда тілше бастапқы орнына қайтып келеді.
Осы тәжірбиелерді негізге ала отырып, мұғалім төмендегідей маңызды қорытындылар жасайды:
1)Магнит өрісін қозғалыстағы зарядтар туғызады;
2)Магнит өрісі (мұнда тілшенің магнит өрісі) тек қозғалыстағы зарядтарға ғана әсер етеді. Мұндағы магниттік әсерлесу күші зарядтардың қозғалыс жылдамдық векторының бағытына және модуліне тәуелді(өткізгіштігі ток күші мен оның бағытына).
Магнит тілшесіне токтың магнит өрісінен басқа. Жердің магнит өрісі де әсер ететінін оқушылардың назарына сала кету керек.Токтың магнит өрісі тілшені өткізгіштің бағытына перпендикуляр бағытта орындатуға ұмтылады. Осыған сәйкес магнит индукция векторы өткізгіштегі токтың бағытына перпендикуляр жазықтықта жатады. Осы нүктедегі оның бағытына перпендикуляр жазықтықта жатады.Осы нүктедегі оның бағыты токтың бағытына және өткізгішпен салыстырғандағы оның орналасауына байланысты (өткізгішпен салыстырғанда симметриялы орналасқан нүктелерде магнит индукция векторлары қарама -қарсы жаққа бағытталады).
Одан әрі тәжірибелерден оқушылар тогы бар түзу өткізгіштің маңында біртекті емес магнит өрісі болатынына көз жеткізеді. Магнит индукция векторы өткізгіштен алыстаған сайын әлсірей бастайды. Тапсырманы орындау уақыты -8 минут.
Электромагниттік индукция тарауындағы эксперименттік тапсырмаларды орындауға әдістемелік нұсқаулар.
Электромагниттік индукция-электродинамика бөлімінің негізгі тақырыптарының бірі. Бұл тақырыптарды оқытуда оқушылардың электр және магнит өрісі туралы көзқарастары кеңейтіледі және олардың арасындағы тығыз байланыстың мәні ашылады,яғни өрістердің бірі өрістердің бірі өзгерсе,онда екіншісі пайда болады.
8 сыныпта оқушылар өткізгіш пен магниттің бір бірімен салыстырғандағы қозғалысынан индукциялық токтың пайда болуымен танысады. Ал 10 сыныпта осы құбылыстармен қатар магнит өрісінің туындауын қарастыратын болады. Магнит пен өткізшгіштің салыстырмалы қозғалысымен байланысты пайда болған индукциялық электромагниттік құбылыс қозғалыстағы зарядқа әсер ететін Лоренц күшінің әсерімен түсіндіріледі. Себебі, Лоренц күші санақ жүйесіне байланысты болғандықтан, қозғалыстағы өткізгіштегі электромагниттік индукция құбылысына қарастыру оқушыларды электродинамиканың релятивистік көзқарастар шеңберіне енуіне жағдай жасайды.
Тақырыптың үлкен политехникалық мәні бар, себебі электромагниттік индукция құдылысы бүгінгі күнгі заманауи электротехника мен радиотехниканың,кибернетиканың негізін құрады.
Фронтальдық эксперименттік тапсырмалар оқушыларда осы тақырыптағы негізгі ұғымдар мен заңдылықтарды(электромагниттік индукция заңы, Ленц ережесі, қозғалыстағы өткізгіштің ЭҚК-і және өздік индукцияның ЭҚК –і) қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
7 тапсырма индукциялық токтың бағытын зерттеуге негізделген. Тапсырманың мақсаты –Ленц ережесін эксперимент түрінде тексеру.
Тапсырма оқушылардың кеңістіктің белгілі нүктесіндегі тұрақты магнит өрісінің магнит индукция векторы модулінің одан магнит өрісінің полюсіне дейінгі ара қашықтыққа тәуелділігін,дөңгелек токтың магнит индукция векторының бағытын анықтау үшін бұрғы ережесін қолдану және т.б бұрын өтілген материалдарды тереңірек түсінуге көмектеседі.
Оқушылар катушкадағы индкуциялық токтың бағытын миллиамперметрдің тілшесінің ауытқу бағытымен және катушкадағы орамдардың оралу бағыты бойынша анықтайды;катушкадағы индкуциялық токтың магнит индукция веторының бағытын бұрғы ережесімен;катушкадағы магниттің магнит индукция векторының бағытын магниттің қозғалыс бағыты бойынша анықтайды.
Тәжірибелер катушкаға магнитті жақындатқанда , яғни катушка арқылы өтетін магнит ағынын арттырғанда катушкадағы индукциялық токтың әсерінен пайда болған магнит өрісінің индукция векторы тұрақты магнит өрісінің магнит индукция векторына қарама-қарсы бағытталады. Яғни индукциялық токтың магнит өрісі осы ток туғызған магнит ағынына кедергі болады.
Катушкадан магнитті алып тастағанда (магнит ағынын азайтқанда) индукциялық токтың өрісінің магнит индукция векторы және тұрақты магниттің өрісі бірдей бағытта болады. Яғни бұл жағдайда индукциялық токтың магнит өрісі катушка арқылы өтетін магнит ағынының өзгерісіне кедергі келтіреді.
Жасалынған тәжірбиелерді негізге ала отырып,оқушылар мынадай қорытынды жасайды:тұйық контурда пайда болатын индукциялық токтың бағыты сол ток туғызған , тұйық контурмен шектелетін аудан арқылы өтетін магнит ағынының бағытымен бағыттас және ток туғызатын магнит ағынының өзгерісін компенсациялауға ұмтылады. Тапсырманы орындау уақыты -15 минут.
8 тапсырма электромагниттік индукция заңын сапалық тұрғыда тексеруге негізделген.
Миллиамперметрмен тұйықталған катушка арқылы өтетін магнит ағынын жасалынған тәжірбиелер арқылы оқушыларға магнит өрісінің кез-келген өзгерісі құйынды электр өрісін туғызатынына көз жеткізеді. Бұл токтың күші магнит ағынының өзгерісінің жылдамдығының артуымен өседі.Тәжірбиеде тізбектің кедергісі өзгермейді, олай болса, тұйық контурдағы индукция ЭҚК-і осы контур арқылы өтетін магнит ағынының өзгеріс жылдамдығына тура пропорционал болады. Тапсырманың орындалу уақыты- 8 минут.
9 тапсырма қозғалыстағы өткізгіштердің индукциясының ЭҚК зерттеуге негізделген.Тапсырманың мақсаты- индукцияның ЭӨК-нің өткізгіштің қозғалыс жылдамдығы векторының модуліне, оның ұзындағына,магнит индукция векторының модуліне байланысты екендігін сапалық тұрғыда ашып көрсету.
Осы жасалынған тәжірбиелерде демонстрациялық тәжірбиелердің қөмегімен оқушылар мына формуланың дұрыстығына көз жеткізді:
Мұндағы:
- индукция ЭҚК-і,
-магнит
өрісіндегі өткізгіштің қозғалыс
жылдамдығының векторының модулі,
-магнит
индукция векторының модулі,
-
өткізгіштің магнит өрісіндегі бөлігінің
ұзындығы,
-
магнит индукция векторы мен өткізгіштің
жылдамдық векторының арасындағы бұрыш.
Біртекті магнит өрісіндегі қозғалатын
өткізгіште индукциялық ЭҚК-тің пайда
болуы электрондық теория мен Лоренц
күшінің әсерімен түсіндіріледі.
Сонымен қатар оқушылардың назарын жасалынған тәжірибелер: Лоренц күшінің формуласының да дұрыстығын дәлелдейді:
-
Лоренц күшінің векторының модулі,
-электр
зарядының модулі,
-магнит
индукция векторының модулі,
-
магнит индукция векторы мен электр
зарядының
жылдамдық векторының арасындағы бұрыш.
Тапсырманың орындалу уақыты -10 минут.
10 тапсырманы орындауда өздік индукция және индуктивтілік құбылыстарын зерттеуге негізделген. Тапсырманың мақсаты – өздік индукцияның ЭҚК-нің өткізгіштің индуктивтілігіне, ондағы ток күшінің өзгеру жылдамдығына тәуелділігін сапалық тұрғыда көз жеткізу.
Бұл тапсырманы орындауда оқушылар көпір әдісі бойынша электр тізбегін құрастырады. Мұнда көпір ретінде кедергісі 4 Ом болатын спираль өткізгіш пен құрастырмалы электромагниттің кедергісі 5 Ом болатын катушкасы алынады. Кедергісі 6 Ом болатын реостат патенциометр есебінде қосады. Зертханалық реостатта үшінші клеммасы болмайды. Сол себептен бір өткізгіш реостаттың орамдарының бір бос ұшына қосылады [23].
Оқушылардың өлшеу икемдігі мен дағдысын қалыптастыру мақсатында физиканы оқытуда фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындатуды педагогикалық іс-тәжірибеде қолдану.
Педагогикалық тәжірибе барысында 8 –10 сыныптарға сабақ берілді. Қарастырылатын эксперименттік тапсырмалар 8 және 10 сыныптың физика курсында оқытылатын материалдардың мазмұнымен сәйкес. Әрбір тақырыпта орындалатын эксперименттік тапсырмалар сол тақырыпта қалыптастырылатын ұғымның маңыздылығын айқындап, оқушылардың меңгеруі керек практикалық ебдейліктері мен дағдыларына негізделініп жасалынды.
10 «Ә» сынып |
Жаксиликова Клара |
Күні: 16.02.2017 жыл |
||
Сабақтың тақытыбы: |
Электр тізбегіне өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау |
|||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||
Күтілетін нәтиже: |
|
|||
Сабақтың түрі: |
Жаңа сабақ, жаңа сабақты практикамен ұштастыру. |
|||
Сабақтың әдісі |
«Миға шабуыл» әдісі, «ақылдың алты ойлау қалпағы» әдісі. |
|||
Сабақтың көрнекілігі: |
ток көзі, амперметр, вольтметр, шам, кілт, қосқыш сымдар, резистор, интерактивті тақта, слайд. |
|||
Сабақтың барысы: |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылатын ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) |
1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын реттейді. |
|
|
Қызығушылықты ояту ( 7 мин) |
|
|
Интербелсенді тақта |
|
Жаңа сабақ (15 мин) |
Практикада қолданылатын электр тізбектерінің құрамында бірнеше электр энергиясын тұтынушы элементтер болуы мүмкін. Бұл элементтер бір-бірімен әрқалай қосылады, мысалы тізбектей немесе параллель. Тізбектей жалғауда:
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: I = I1 = I2 = … = In; U = U1 + U2 + … + Un ; R = R 1 + R2 + … + Rn. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншініғң соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды. Параллель жалғау:
Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады. U = U 1 = U 2 = … = Un I
= I 1 +
I 2 +
… + In
|
|
Интербелсенді тақта, презентация электрондық оқулық, суреттер. |
|
Есептер шығару. (10 мин) |
|
|
|
|
Сабақты бекіту. ( 7 мин) |
«Ақылдың алты ойлау қалпағы» әдісі арқылыжаңа сабақты бекітеді. Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер Қызыл шляпа – ішкі сезім Қара шляпа – логикалық негативті ойлау Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау Көк шляпа – ойлау процесін басқару. Жоспарлы әрекет, нақты ұйымдастыру, бақылау мен міндетті түрде шешім қабылдауды көздейтін салқынқанды ұстаным. |
|
|
|
Рефлексия (2 мин) |
Нені үйренгендерін білу үшін ақ қағаз таратамын. Қағаз бетіне қолының саусақтарын қойып, сызуларын сұраймын. Әрбір саусақтың бойына жазу жазады. Бас бармақ- тағы қандай жұмыстар жүргізу керек? Балан үйрек- жаңа не білдім? Ортан терек- маған не жеткіліксіз болды? Шылдыр шүмек- сабақ барысындағы психологиялық ахуал, 10 балл бойынша. Кішкентай бөбек- маған ең қатты ұнағаны... Қатысушылар өз қолдарының кескінін қағаз бетіне түсіріп, әр саусақ бойына сұрақтарға жауап жазады. |
|
Үлестірмелі қағаз |
|
Бағалау (1 мин) |
Стикерлер арқылы бағалау. |
|
Стикер |
|
Үй жұмысы (1 мин) |
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау. |
|
|
|
8 «Б» сынып |
Жаксиликова Клара |
Күні: 14.02.2017 жыл |
||
Сабақтың тақытыбы: |
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. |
|||
Сабақтың мақсаты: |
|
|||
Күтілетін нәтиже: |
|
|||
Сабақтың түрі: |
Ашық сабақ, жаңа сабақ, жаңа сабақты практикамен ұштастыру. |
|||
Сабақтың әдісі |
«Миға шабуыл» әдісі, «сөз шеру» ойыны, «Кім жылдам» ойыны |
|||
Сабақтың көрнекілігі: |
ток көзі, амперметр, вольтметр, шам, кілт, қосқыш сымдар, резистор, интерактивті тақта, слайдтар. |
|||
Сабақтың барысы: |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Қолданылатын ресурстар |
|
Ұйымдастыру кезеңі (1 мин) |
1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру; 4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері); 5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. |
Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын реттейді. |
|
|
Қызығушылықты ояту ( 7мин) |
«Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылардың өткен материал деңгейін тексеру.
Сөз шешу: І топқа - кот, ІІ топқа - декергі, ІІІ топқа - керуен (берілген сөздің дұрысын жазу) 1. Шаманың атауы 2. Белгіленуі 3. Формуласы 4. Өлшейтін құрал 5. Өлшем бірлігі 6. Өлшейтін құралдың шартты белгіленуі 7. Өлшейтін құралдың тізбекке жалғануы 8. Ашқан ғалым кім? |
Үлестірмелі қағазда берілген сұрақтарға жауап береді. Оқушылар сұраққа жауап беру арқылы қызығушылығы оянады, білімін көрсетеді. |
Үлестірмелі қағаз |
|
Мағынаны тану Жаңа сабақ (10 мин) |
Техникада және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар:қыздыру шамдары,үтіктер,электр пештері,электрқозғалтқыштары және т.б.электр құралдарын пайдаланады.Бұлар түрліше жалғанады.Практикада қолданылатын электр тізбектерінің құрамында бірнеше электр энергиясын тұтынушы элементтер болуы мүмкін. Бұл элементтер бір-бірімен әрқалай қосылады, мысалы тізбектей немесе параллель. Тізбектей жалғауда:
Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда ток күштері тең, ал тізбектегі жалпы кернеу оның бөліктеріндегі кернеулердің қосындысына тең болады, ал жалпы кедергі әрбір өткізгіштің кедергілерінің қосындысынан тұрады: I = I1 = I2 = … = In; U = U1 + U2 + … + Un ; R = R 1 + R2 + … + Rn. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншініғң соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей қосу деп атайды. Параллель жалғау:
Өткізгіштерді паралель жалғағанда, тізбектің барлық бөліктерінде кернеу бірдей, ал жалпы ток күші әрбір өткізгіштегі ток күштерінің қосындысына тең, жалпы кедергі әрбәр өткізгіштің кедергісінен кем болады. U = U 1 = U 2 = … = Un I = I 1 + I 2 + … + In = + + … + Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғаса, онда мұндай жалғауды өткізгіштерді параллель жалғау деп атайды [25]. |
|
Интербелсенді тақта, презентация, электрондық оқулық, суреттер. |
|
Практикалық бөлім (10 мин) |
«Кім жылдам» ойыны арқылы есептер шығару.
|
|
Интербелсенді тақта |
|
Демонстрациялық бөлім (10мин) |
(Өткізгіштерді жалғаудың сызбасын тауып, тізбекті жинақтау) 1 - өткізгішті тізбектей жалғау; 2 - өткізгішті параллель жалғау; 3- өткізгішті аралас жалғау; |
Топпен жұмыс жасайды. |
Құрал жабдықтармен |
|
Сабақты бекіту (5 мин) |
Тест. 2 нұсқа бойынша оқушылар жауап береді. |
|
Үлестірмелі қағаз |
|
Бағалау (1 мин)
|
Мұғалім оқушылар білімін топ басшылармен бірлесе отырып бағалайды. |
|
|
|
Үй жұмысы (1 мин) |
Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу. Есептер шығару. |
|
|
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Мектеп физика курсындағы эксперимент-бұл физика ғылымына тән, зерттеудің ғылыми-әдістемелік көрінісі. Физикалық экспериментті негізге алып отырып, құбылысты оқып үйрену – оқушылардың ғылыми- көзқарасының қалыптасуына, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек түсінуге, мектеп оқушыларының пәнді оқып үйренудегі қызығушылығын арттыруға себін тигізеді.
Мектептегі оқу экспериментін көріп және жасау кезінде оқушылар ғылыми зерттеу әдісі туралы түсінік алады. Мектепте дұрыс ұйымдастырылған физика экспериментінің тәриелік мәні зор, ол оқушыларды алдына қойған мақсатқа жетуге, жұмыста ұқыптылыққа, қарастырып отырған құбылысты бақылауға және одан қорытынды шығаруға, оның негізгі белгілерін бөліп ала ілуге үйретеді.
Оқушыларға терең де нақты білім беру үшін, оларда практикалық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру кезінде әртүрлі оқу экспериментін қолданып, ауыстырып отыру қажет. Физикалық эксперимент мұғалім мен оқушылардың іс-қимылдарына, мақсатына байланысты демонстрациялық және зертханалық деп бөлінеді. Зертханалық эксперимент фронталь зертханалық жұмыстар, физикалық практикум, сабақтан тыс тәжірибелер мен бақылаулар, оқушылардың сыныпта орындайтын зертханалық жұмыстары болып бөлінеді.
Фронтальдық эксперименттер төмендегідей түрлерден тұрады: физикалық құбылыстарды бақылауға және зерттеуге арналған, заттардың қасиетін зерттеу және бақылау, физикалық шамаларды өлшеу, физикалық шамалардың арасындағы тәуелділікті зерттеу, физикалық заңдарды оқып- үйрену жұмыстары. Эксперименттік жұмыстарда осылардың көпшілігі қамтылғанымен негізгі мақсат оқушылардың өлшеу жұмыстарын жүргізу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру болды. Себебі, оқушылардың мұғалімнің басшылығымен өз бетінше орындайтын фрондальдық эксперименттердің, яғни фронтальдық зертхана жұмыстары мен фронтальдық эксперименттік тапсырмалардың маңызды өте зор. Эксперименттік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың жаңа білімді игеруімен қоса олардың өлшеу икемділігі мен дағдысы да қалыптасады. Фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды жасауға аз уақыт кетеді деп есептелінген.
Құбылыстарды және заңдарды оқып үйренгенде оқушының ой-өрісіне мұғалімнің сөзімен ұштастыра жасап, көрсететін демонстрациялық эксперимент физикалық ұғымдардың ойдағыдай қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі. Демонстрациялық эксперимент сабақтың ең негізгі бөлімі болып табылады. Сабақ түсіндіруде ең негізгі элемент болып мұғалімнің әңгімесіне, әңгімелесуіне жаңа материалды түсіндірумен қоса жүреді.
Педагогикалық іс-тәжірибе кезінде жоғарыда көрсетілген эксперименттік тапсырмалар орындалды. Сонымен қатар, мектеп физика курсындағы фронталь зертханалық жұмыстарға күнделікті сабақ жоспары (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) дайындалып, бұл жұмыстар сабақ кестесіне сәйкес орындалды.
Физиканы оқыту барысында оқушылардың алған теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұштастыру мақсатында фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды жиі қолданудың маңызы зор.
Дипломдық жұмысты жазу барысында мынадай қорытындылар жасалды:
1. Физикалық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып, талдау арқылы физикалық эксперименттің түрлері анықталды;
2. Физика пәнін оқыту барысында оқушылардың алған теориялық білімі мен практикалық дағдысын ұштастыру мақсатында фронтальдық эксперименттің маңыздылығы айқындалды;
3. Берілген тақырыпқа байланысты тәжірибелердің бағдаламаға сәйкестігі анықталды;
4. Демонстрациялық тәжірибелердің саны, тақырыбы және тізімі жасалды;
5. Фронталдық эксперимент арқылы алынған теориялық білім нығайтылады;
6. Фронталь эксперименттік жұмысты орындағанда оқушылар өздері білетін тәсілдерді қолдану арқылы, ертеректе меңгерген әдістерін жетілдірді. Оқушылардың іс-әрекетіндегі жүйелі түрде жүргізілген мұндай жұмыстар, олардың ойлауы мен шығармашылық қабілеттілігін дамытуға көмектеседі;
7. Эксперименттік жұмыстарды өздері жасау барысында оқушылардың өлшеу икемділігі мен дағдысы қалыптасындығы анықталды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН әдебиеттер тізімі
1 |
Акитай Б.Е. Физиканы оқыту теориясы және әдістемелік негіздері. -Алматы: Қазақ университеті, 2006 |
2 |
Құдайқұлов М., Жаңабергенов Қ. Орта мектепте физиканы оқыту әдістемесі. -Алматы: Рауан, 2002 |
2 |
Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразователь- ной школе. - Москва: Просвещение, 1985. |
3 |
Жүсіпқалиева Ғ.К., Жумашева А.А. Мектепте физика курсын оқытудың теориясы мен әдістемесі. - Орал: БҚМУ, 2012 |
4 |
Орехова В.П., Усова А.В. Методика преподования физики. т.І М: Дрофа, 2001 |
5 |
В.А.Буров.,А.И.Иванов, В.И.Свиридов. Фронтальтные экспериментальные задания по физике . 10 класс. М. «Посвещение», 1986. |
6 |
Хорошавин С.А. Физический эксперимент в средней школе. М., 1988. |
7 |
Учебное оборудование по физике в средней школе. /Под ред. А.А.Покровского. М., 1980 |
8 |
Е.Аққошқарұлы. Физикалық тәжірибелер. - Алматы,1997 |
9 |
Г.Қ.Нұрғалиева. Педагогиканықлогикалық-құрылымдық курсы, - Алматы, 1996. |
10 |
Н.М.Шахмаев, Н.И.Павлов, В.И.Тыщук. Физический эксперимент в средней школе: библиотека учителя физики-М.: Просвещение, 1991. |
11 |
Жайсаңбаев Т.Р., Ешімова Ұ.З. 7-8 сыныптардағы физикалық демонстрациялық эксперимент. - Алматы: Інжу-Маржан, 2011 |
12 |
Методика преподавания физики в средней школе: /Под ред. С.Е.Каменецкого. – М.: Просвещение, 1987 |
13 |
Шахмаев Н.М. и др. Физический эксперимент в средней школе: Колебания и волны. Квантовая физика. М., 1991. |
14 |
Бабанский Ю.К.. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. - Москва: Просвещение, 1985 |
15 |
Алимбекова Г.Б.Болашақ мұғалімдерінің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейін жетілдіруге арналған оқу құралы.-Алматы, Оқу құралы.2008 |
16 |
Бугаев А.И. Методика преподования физики в средней школе; Теоретические основы . М: Просвещение, 1981 |
17 |
А.С.Ахматова. Лабораторный практикум. - М., Наука, 1980 |
18 |
В.А.Буров.,А.И.Иванов, В.И.Свиридов. Фронтальтные экспериментальные задания по физике . 9 класс. М. «Посвещение», 1986 |
19 |
Фронтальные лабораторные занятия по физике в 7-11 классах общеобразовательных учреждений. /Под ред. В.А.Бурова М: Просвещение, 1991 |
20 |
Шахмаев Н.М., Каменецкий С.Е. Демонстрационные опыты по электродинамике. М., 1983
|
21 |
Каменецкий С.Е. Теория и методика обучения физике в школе. Общие вопросы. Учебное пособие для студентов пед. вузов. М: Академия, 2000 |
22 |
Покровский А.А., Зворыкин Б.С. Орта мектептегі физиканың фронталь сабақтары. Алматы, 1966. |
23 |
Хорошавин С.А. Техника и технология демонстрационного эксперимента. М., 1981. |
24 |
Б.Кронгарт,В.Кем,Н.Қойшыбаев. Физика:Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану – математика бағытындағы 10 – сыныбына арналған оқулық / Б.Кронгарт,В.Кем,Н.Қойшыбаев. – Өңд., толықт. 2-бас. Алматы: Мектеп, 2010 өзінің пайдаланған оқулығынды жаз |
25 |
Дүйсембаев Б.М., Байжасарова Г.З., Медетекова А.А. Физика және астрономия. 8-сынып. – Алматы: Мектеп, 2008 |

Эквивалентті кедергі
3.