Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Клара.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
7.03 Mб
Скачать

1.3 Фронтальдық эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру

Физикадан жүргізілетін фронталь эксперименттік тапсырмаларды дұрыс ұйымдастыру үшін әрқайсысы ең кемінде 15 дана бірдей құралдар болуы керек. Бұл талапқа жоғарыда айтылған жабдықтар сай келеді. Ол 30 оқушыдан құралған сыныпты (2 адамнан 15 топ) немесе ең болмағанда әрбір үш адамнан бір топ құрылған 45 оқушысы бар сыныпты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Егер де фронталь жұмыстарға қажетті және комплектілі 15 немесе 30 данадан кіретін құралдар мен құрал-саймандарды тізім бойынша санап көрсек, онда жалпы құралдар мен материалдарды қоспағанда, олардың саны 850 данадан астам болады. Ал аты әр түрлі құралдар мен құрал-саймандардың саны 80-нен асады.

Физика кабинетінде міне осындай фронтальдық зертханалық жұмыстарға арналған кем дегенде 15 данадан топтастырылған бір типтес зертханалық құралдарды сақтау да өте маңызды. Бұларды дұрыс орналастырып, қажетті жағдай жасау арқылы және ұқыпты пайдалану арқылы осы құралдарды ұзақ мерзім пайдалануға болады.

Барлық жабдықтар оқу жылы бойына оқушылардың қолдарына фронтальдық зертхана жұмыстары мен эксперименттік тапсырмалар жасау кезінде бірнеше рет таратып беріп, әрбір тапсырманы орындағаннан соң, сабақтан кейін қайта жинап алып отыру керек болғандықтан, оларды сақтау мәселесі қиындай түсетіні өзінен-өзі түсінікті. Мұның үстіне, құралдарды таратып беру және жинап алуға кететін уақыт сабақ уақытының есебінен кететіндіктен, ол жұмыстарды мүмкіндігінше тез орындау керек.

Құралдарды таратып беру және жинап алуды ұйымдастыру жұмысы зертханалық құралдарды сақтау мәселесімен тығыз байланысты болғандықтан, бұл іске баса көңіл бөлу керектігін тағы да айта кету қажет және бұл мәселені шешудегі барлық қиыншылықты көзге айқын елестету үшін бір нақтылы мысал келтірейік.

Ең қарапайым фронталь зертханалық жұмыстың бірі –«Амперметр және вольтметр арқылы кедергіні анықтау» жұмысында әр жұмыс орнына кем дегенде 7 құрал керек: ток көз, амперметр, кілт, реостат, сым кедергі, катушка және бұлардан басқа тағы да қосқыш сымдардың бір жинағы керек. Басқаша айтқанда, бұл жұмысты бүкіл сынып үшін (15 жұмыс орнына) дайындағанда, қысқа уақыт ішінде шкафтардан шығарып, оқушылардың үстелдерінің үстіне, белгілі бір тәртіппен 105 құралды және 15 қосқыш сымдар жинағын орналастырып үлгеру керек. Сабаққа дайындалу процесін тездетудің аса зор маңызы бар екендігі осы мысалдан да түсінікті.

Әдетте орта мектепте физика оқытушыларының көбі, бірқатар жағдайлардың салдарынан, үзіліс кедергісінде келесі сабаққа керекті оқу экспериментін дайындау жұмыстарынан босамайды. Бұл жұмыстың әдетке айналатындығы сонша, кейбір жаңа тәжірибелерді енгізу мәселесі, көбінесе, оны үзіліс кезінде дайындау мүмкіндігіне байланысты қарастырылады.

Кейбір оқытушылар фронталь жұмыстарды осы тұрғыдан препарат бөлмелерінің және тәжірибелі лаборанттың жоқтығына байланысты, сабақтарды жүйелі түрде жүргізіп отыру мүмкіндігіне күманданады. Бұл сияқты күманданушылықты жоққа шығару үшін фронталь жұмысына қалай дайындалу керектігін толық талдап шығайық.

Бұл мәселені өзара тығыз байланысты екі параллель бағытта шешу керек: әр түрлі құралдарды орналастыру және жинап қоюдың ең қолайлы тәсілдері мен амалдарын ойлап табу және оларды пайдалануиүшін белгілі бір тәртіп орнату керек. Мұның бәрі фронталь жұмыстарға арналған лабораториялық құралдарды сақтаудың және дайындаудың арнаулы жүйесін құрастырады.

Ең алдымен, барлық фронталь жабдықтар орындарында, яғни физика кабинетінде тәжірибені әзірлеуге арналған арнаулы жер болған жағдайдың өзінде де, олар физика сабағы жүретін сыныптың өзінде болуы керек. Көрші бөлмеден сыныпқа құралдар тасу әрқашан жүрер жолды ұзартады және есікті ашып жабуды керек етеді, сондықтан бұл – сабақ жүргізуге керекті барлық заттарды оқушылардың жұмыс орындарына тез орналастыруға кедергі жасайды.

Бұдан кейін (шкафтарда сақтау және орналастыру үшін) керекті жабдықтарды әдетте осы күні қолданылып жүргендей, физика курсының тарауларына немесе жұмыстардың тақырыбына қарап жинақтамай, құралдардың атына қарай жинақтау керек, яғни барлық таразыларды бір бөлек, өлшеуіш гирлерді, калориметрлерді, термометрлерді, рычагтарды, жүктер жинағы т.с.с. бөлек-бөлек жинау керек. Бұл-жабдықтардың әр түрінің сипатына, сыртқы көлеміне, структурасына мүмкіндігінше сай келетін және бір жерден екінші жерге тасу, орналастыру үшін қолайлы болатын қораптар қолдануға мүмкіндік береді.

Жабдықтарға арналған қораптар оқушыларға үлестіріп берген кезде, оның ішінде сол жұмысқа қатысы жоқ артық детальдар болмайтындай және қораптар шамадан тыс үлкен болмайтындай етіп таңдап алынады.

Мысалы, тірекке орнатылған лампылар және олардың қалпақтары бірге сақталады, себебі лампы тек бір жұмыста ғана қақпасыз қолданылады. Электродтар ұштағыштарымен бірге, тек электролизда емес, басқа жұмыстарда да қолданылатын батареялық стақандардан бөлек сақталады. Гидрометрлер, шүмектер және воронкалар бөлек-бөлек сақталады, себебі бір жұмыста шүмектер гидрометрлермен бірге, бірақ воронкасыз берілсе, ал басқа жұмыста шүмек пен воронка беріліп, гидрометрлер керек болмайды.

Бір көңіл аударатын жағдай, мұнда қораптарды қолданудың артықшылығы әрбір сабаққа керекті жабдықтарды тез ауыстыруға мүмкіндік беруінде ғана емес, себебі сақтаудың басқа системасы да жабдықтарды тез ауыстыруға мүмкіндік береді; оның артықшылығы жабдықтардың санын және түзулігін тез байқауға мүмкіндік беретінінде. Ал бұл физикадан фронталь жұмыстар өткізгенде өте жақсы.

Мысалы, ағаш өлшеуге арналған дұрыс пішінді денелерді немесе механикадағы жүктерді не калориметрлеуге арналған денелерді сақтауды ұйымдастыру керек делік. Бұл жағдайда құралдардың әр түрін бөлек қораптарға салып қойып, солардан бұл құралдарды үстелдерге таратып беру және жұмыс біткен соң қайта жинау тіпті қолайсыз болар еді. Бұл жағдайда құралдарды түгелдеу үшін оларды бастан-аяқ санап шығу керек, ал кейбір бүлінген, сынғандарын тек барлық құралдарды қораптардан шығарып арнаулы бақылау жүргізу керек болады. Бұған әдетте уақыт жетпейді.

Егер біркелкі құралдарды жоғары да көрсетілгендей өте қарапайым қораптарға орналастыратын болсақ, онда оқытушы оларды тек жәшіктің немесе қалыптың ұяларына көз жүргізу арқылы тексеріп шығады. Тексеруді осылайша ұйымдастырған соң құралдарды үлестіріп береді және жинап қоюды оқушылардың арасынан бөлінген кезекшілерге қорықпай-ақ тапсыруға, сөйтіп қалыптасқан бұл тәртіптің сақталуына толық сенуге болады.

Мұнымен қатар зертханалық жабдықтарды осылайша (қораптарды) сақтағанда көп жағдайларда биіктіктері бірдей құралдарды біріңғай іріктеп алып, оларды шкафтардағы сөрелерге дұрыс орналастыруға мүмкіндік береді және бірқатар орын үнемделеді. Фронталь жұмыстарға арналған лабораториялық құралдар мен құрал-саймандарды қолайлы түрде орналастыратын шкаф қажет. Мұнда құралдар басқаларын қозғамастан, әр қорапты жеке-жеке суырып алуға болатындай етіп, сөрелерге бір қатар орналастырылу керек.

Жабдықтарды осылайша сақтаған кезде әрбір жеке жұмысқа құралдарды таратып беріп, кейін қалай жинап алуды ұйымдастыру керек.

Физика кабинетінде оқу экспериментін дұрыс қою үшін, өте тәжірибелі физика оқытушысының өзіне де жәрдемші лаборанттар керек болатындығы мектеп тәжірибесінен белгігі.

Физика кабинеттері толық жабдықталған кейбір мектептерде штатты лаборант енгізілген, ал орта мектептердің мұндай лаборанттар жоқ. Сондықтан эксперименттік жұмыстар үшін жәрдемші жөнінде, көбінесе, физика оқытушысының өзіне қам жеуге тура келеді.

Фронталь жұмыстарды ұйымдастыру кезінде оқушылар арасынан мұғалімге жәрдем беретін топ жасақталуын да ұйымдастыру керек. Мұғалім өте тәжірибелі болғанның өзінде тек лаборант пен мұғалім үшін фронтальдық зертханалық сабақтар мен қысқа мерзімді фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындау уақыт жағынан қиындық туғызады. Яғни тез арада тәжірибе жасау үшін қажетті барлық жұмысты орындап үлгеру мүмкін емес. Сондықтан бұл өте қажет болып табылады; қысқа уақыт ішінде соншама көп заттарды (орта есеппен әр жұмысқа 100 дана) үлестіріп беріп және оларды аз уақыт ішінде өз орындарына белгелі бір тәртіппен қайта жинау тек бірнеше адамның қолынан келе алады.

Сондықтан мұндай жұмысқа әрбір сыныптан 3-тен 6 оқушыға дейін бөліп қойған дұрыс. Сонымен қатар бұлай жасау арқылы оқушыларды еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке, айналасына қамқорлық жасауға тәрбиелеуге де болады. Оқушылар үнемі көмектесіп жүретіндіктен қандай құралдардың қай жерде тұрғандығын біліп жүреді, мұғалімнің алдын-ала берген нұсқауларын тез қағып алады. Құралдарды қалай ұстау керектігін, шкафтан қалай шығару керектігін, қораптарымен әр қатардағы оқушылардың үстелдеріне қалай үлестіріп қою керектігін, соңынан қалай қайта жинап алып, шкафтардағы өздерінің белгілі орындарына ораналастыру керек екендіктерін мұғалімнің басшылығымен біледі.

Тәжірибелі оқытушылардың айтуынша оқушылар мұндай жағдайларда істің барлық техникасын тез меңгеріп алады, ал мұғалім осындай оқушылардың көмегімен сабақ уақытының көп бөлігін үнемдеп, тиімді пайдалана алады.

Бөлінген оқушылар, әдетте, өздеріне көрсетілген сенімді өте жоғары бағалайды, лаборанттарға едеуір көмек көрсетеді. Дегенмен осы істің барлығына жауапты мұғалім мен лаборант екенін ұмытпаған жөн. Егер лаборант пән мұғалімінің алдын-ала берілген барлық тапсырмаларын алдын-ала орындап, қажетті құрал-жабдықтардың қай жерде тұрғанын анықтап қойған жағдайда оқушылардың көмегімен барлық құрал-жабдықтар әп сәтте таратылып беріледі.

Осыншама көп жабдықтар мен жиынтық бөлшектерінің дұрыс сақталуы үшін жабдықтарды үлестіру және жинап алу техникасы жөнінде аса ұқыпты болуды керек етеді. Мұндай жұмыстар жасау барысында лаборант та оған көмекші оқушылар да бейқамдық пен салақтық (сындыру, жоғалту т.с.с.) танытпау керек. Олай болған жағдайда жоспарланып ортырған фронтальдық зертханалық сабақ немесе фронталь эксперименттік тапсырмаларды әрі қарай сәтті жүргізілуіне кедергі болды. Сол себепті кейбір тәжірибеге қажетті заттар мен құралдардың жоқтығынан бірсыпыра оқушылар жалпы жұмысты орындай алмай қалуы мүмкін [8].

Педагог ғалымдардың педагогикалық тәжірибелерінің зерттеулерінің нәтижесі мынадай жүйе қалыптасқан.

Зертханалық сабақтарды жүргізер алдында мұғалім, алдын ала даярланған керекті жабдықтарды тізім бойынша, лаборантпен бірге отырып шкафтардан, қораптардан шығарады. Егер жұмыстың мазмұгыга байланысты керек болса, онда демонстрация үстеліне жалпы жабдықтарды даярлайды (қайнаған су, мұз, сағат т.б). Жабдықтарды үлестіру бірнеше оқушы лаборантқа тапсырылады. Олардың әрқайсысы үлестіру үшін күрделі келген немесе аса ұқыпты күтімді керек ететін бір жабдықтар қорабын алады (аккумуляторлар, ұсақ гирлер, шыны банкалар) немесе ұсақ детальдары бар 2-3 қорапты алады (шариктер, линейкалар, түйреуіштер). Жұмыс біткен соң жабдықтарды сол таратып берген лаборанттың өзі жинайды.

Оқушылар лаборанттан таратуға алған құралдардың сақталуына жауапты болады. Ал лаборант өз кезегінде жиналған құралдардың сақталуына мұғалім алдында жауап береді. Құралдарды қоңырауға дейін жинап алу керек; мұғалім жабдықтар жиналып болғанша, оқушыларға орындарынан тұруға рұқсат етпейді. Көп жағдайда, бірнеше сабақтар бойы қатарынан сыныптар ауысып отыруы да мүмкін. Бұл жағдайда жұмысты өткізгеннен кейін үстелдер үстінде штатив, таразы, ұсақ гирлер тағы сол сияқтыларды қалдырып және олардың қандай күйде екендіктерін текcеріп, тек ұсақ бөліктерін ғана жинап алу керек.

Бөлінген оқушының лаборант алдында, ал лаборанттың мұғалім алдында жауапкершілігі өте маңызды.

Барлық оқушылар жұмысты ұйымдастыру жөніндегі жалпы ережені қатал орындайды:1) үстелдер үстіне жұмыс істеу үшін алған құралдар мен жазуға арналған жабдықтардан басқа ешнәрсе қоймайды; 2) берілген жабдықтар мен құрал-саймандарға жұмыс басталғанша тимейді; 3) жұмыс кезінде құралдарды ыңғайлы және тиімді етіп орналастыру жағын қарастырады және құралдарды бір үстелден екінші үстелге тасымайды; 4) жұмыс біткеннен кейін қондырғыны ажыратып, барлық құралдар мен құрал-саймандарды сабақ алдындағы күйіне келтіреді.

Жабдықтарды сақтау және фронталь зертханалық жұмыстарды ұйымдастырудың осы сипатталған жүйесі ең тиімді болып саналады. Осы әдісті қолданған жағдайда тәжірибелі педагогтардың іс-тәжірибесі бойынша зертханалық жұмыстардың кез-келген 1 минуттан 2 минутқа дейінгі өте қысқа уақыт аралығында дайындауға мүмкін екен. Бұл үзіліс ішінде бірінен соң бірі қатарынан келген лабораториялық жұмыстардың жабдықтарын ауыстыруға толық мүмкіндік беріп қана қоймай, оқытушыға тіпті үзілісті пайдаланбай-ақ, құралдарды сабақтардың үстінде үлестіріп беріп, жинап алуға мүмкіндік береді [9].