- •1 Орта мектептің физика курсындағы фронтальдық эксперименттік тапсырмалар
- •1.1 Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы
- •1.2 Фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтар
- •1.3 Фронтальдық эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру
- •2 Өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға негізделген фронтальдық эксперименттік тапсырмалар
- •2.1 Мектеп физика курсындағы физикалық оқу экспериментінің жүйесі
- •2.2 Оқушылардың өлшеу икемділіктері мен дағдысын қалыптастырудың негізгі принциптері
- •2.3 Орта мектеп физика курсында жасалынатын фронтальдық эксперименттік тапсырмалар және педагогикалық тәжірибе нәтижелері
- •Жұмыстың орындалу реті:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Жақсылықова К.
Орта мектепте физиканы оқытуда фронтальдық эксперименттік тапсырмалар арқылы оқушылардың өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру
Дипломдық жұмыс
Мамандығы: 5В011000-Физика
Арқалық, 2017
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы.Алтынсарин атындағыАрқалық мемлекеттік педагогикалық институты
«Қорғауға жіберілді»
Математика және физика
кафедрасының меңгерушісі __________С.Б.Жұмабаева
«___» _________ 2017ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Орта мектепте физиканы оқытуда фронтальдық эксперименттік тапсырмалар арқылы оқушылардың өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру»
Мамандығы: 5В011000 – Физика
Орындаған
Ф-41 тобының студенті Жаксылықова К.
Ғылыми жетекші
аға оқытушы, магистр Қожахмет М.С.
Арқалық, 2017
МАЗМҰНЫ
|
КІРІСПЕ ............................................................................................... |
3 |
1 |
1 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА КУРСЫНДАҒЫ ФРОНТАЛЬДЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМАЛАР ЖӘНЕ ОНЫ ЖҮРГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ................................................. |
6 |
1.1 |
Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы.................................. |
6 |
1.2 |
Фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындауға қажетті жабдықтар......................................................................................... |
11 |
1.3 |
Фронтальдық эксперименттік жұмыстарды ұйымдастыру............... |
20 |
2 |
ӨЛШЕУ ИКЕМДІЛІГІ МЕН ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН ФРОНТАЛЬДЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ТАПСЫРМАЛАР............................................................................ |
25 |
2.1 |
Мектеп физика курсындағы физикалық оқу экспериментінің жүйесі............................................................................................ |
25 |
2.2 |
Оқушылардың өлшеу икемділіктері мен дағдысын қалыптастырудың негізгі принциптері.......................................... |
28 |
2.3 |
Орта мектеп физика курсында жасалынатын фронтальдық эксперименттік тапсырмалар және педагогикалық тәжірибе кезіндегі сабақ үлгілері.................................................................... |
36 |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
71 |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
73 |
КІРІСПЕ
Физика эксперименттік ғылым. Физикалық оқу экспериментінің көмегінсіз бұл пәнді оқыту барысында табиғи құбылыстар мен процестерді, физикалық заңдылықтарды түсіндіре алмайтынымыз белгілі. Сондықтан, оқу эксперименті физиканы оқыту үрдісінің негізі. Физикалық эксперимент оқыту әдістемесіне оқу эксперименті арқылы енгізіледі.
Физикалық эксперименттің ғылым мен техникадағы, ауыл шаруашылығындағы, тұрмыстағы аса маңызды рөлі оның физиканы оқыту үрдісіндегі де маңыздылығын арттыра түседі. Эксперименттік зерттеулердің теориялық негіздері физиканы оқыту үрдісінде бірізділікпен берілуі оның ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі мәнін арттырады. Көптеген әдістемелік жұмыстар оқушылардың өлшеу икемділігін, ебдейлігін қалыптастыру мәселеріне арналған.
Фронтальдық экспериметтік тапсырмалар қысқа мерзімде сыныптағы барлық оқушылар бір мезгілде мұғалімнің жетекшілігімен орындайтын тапсырмалар. Мұндай экспериметтік тапсырмалардың міндеті – оқушылардың физикадан алған теориялық білімдерінің берік болуы мен олардың өзіндік танымдық ойлау қабілетінің деңгейін дамыту, практикалық және интелектуалдық дағдылар мен машығының, сонымен қатар қарапайым бақылауларды ұқыпты қадағалауға, өлшеулер жүргізуге, приборлармен жұмыс жасай білуге, эксперименттердің нәтижелерін өңдеуге, оны қорытындылауға үйрету. Осы айтылғандардың негізінде оқушылардың өлшеу икемділігі қалыптасады.
Фронтальдық эксперименттік тапсырмалардың фронтальдық зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумнан ерекшелігі де және олармен ортақ ұқсастығы да бар. Мұнда фронтальдық зетхана жұмыстарындағыдай топтағы оқушылардың алған нәтижелерін, сабақ соңында салыстыру арқылы, ұжыммен талқылауға және оны бақылауға толық мүмкіндік береді, мұндай қорытынды талқылаулар әрбір тапсырманы орындағаннан кейін жүргізіліп отырады. Фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындау зертхана жұмысындағыдай аса күрделі болмауы керек және оған берілетін уақыт та аз (10 – 15 минут). Фронтальдық экспериметтік тапсырмалар аз уақытта есептелінгенімен оның оқушылардың өлшеу икемділігін қалыптастырудағы маңызы зор. Себебі орта мектептің физика оқулықтарында Қазақсатн Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бекіткен жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбында 8 зертханалық жұмыс, 8 сыныбында 9 зертханалық жұмыс, 9 сыныбында 4 зертханалық жұмыс, 10 сыныбында 8 зертханалық жұмыс, 11 сыныбында 4 зертханалық жұмыс қарастырылған. Барлығы 33 зертхана жұмысы. Зертханалық жұмыстардың аздығы оқушылардың өз бетінше зерттеу жұмыстарын жүргізіп, соның нәтижесінде олардың өлшеу икемдігі мен дағдысының қалыптасуына кедергі болады. Осыдан кейін фронтальдық эксперименттік тапсырмалардың санын көбейту арқылы оқушылардың өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға жол ашылады. Қазіргі кезде оқушылардың өлшеу икемділіктері дұрыс қалыптастырылмаған. Олар қарапайым өлшеулердің өзін дұрыс жасай алмайды. Оның көптеген себептері бар. Көптеген мектептер материалдық жағынан жабдықталмаған, ал кейбір мектептерде мұғалімнің біліктілігі жетіспейді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі: эксперимент физиканы оқыту процесінде әр түрлі функцияларды атқарады. Демонстрациялық тәжірибе ретінде ол физикаға деген қызығушылықты арттырудың құралы, фактілердің негізгі көзі, қоршаған табиғаттың біртұтастығы туралы білім береді. Фронталь эксперименттік тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өз беттерімен жұмыс жасауды үйренеді, сол арқылы олардың физикалық құралдармен жұмыс жасауға икемделіп, дағдысы қалыптасады. Алған теориялық білімдерін практикада қолданып, білімдерінің беріктігіне қол жеткізуіне мүмкіндік жасалынады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы: орта мектептің физика курсында фронталь эксперименттік тапсырмаларды бірнеше нұсқаларда көрсету.
Практикалық маңыздылығы: орта мектептің физика курсында өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға ықпал ететін фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды іріктеу және оны орындау әдістерін көрсету.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы: осы зерттеу жұмысының нәтижесінде, яғни физика сабағында фронтальдық эксперименттік тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың физикадан алған теориялық білімдері бекітіледі, олардың өзіндік танымдық ойлау қабілетінің деңгейі дамытылады, өлшеу дағдылары мен машығы қалыптасады, қарапайым бақылауларды ұқыпты қадағалауға үйреніп, өлшеулер жүргізуді, приборлармен жұмыс жасай білуді, эксперименттердің нәтижелерін өңдеуді, оны қорытындылауды толық үйретеді. Жалпы айтқанда фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың физикадан алған білімдері тереңдеп, олардың зерттеушілік іскерлігі, өлшеу икемділігі мен дағдысы қалыптасады.
Диплом жұмысының мақсаты: физиканы оқыту барысында фронтальдық эксперименттік тапсырмалардың көмегімен оқушылардың өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыру.
Диплом жұмысының міндеттері:
Фронталь эксперименттік тапсырмалардың жүйелі түрде оқытылуын қамтамасыз ету;
Оқушылардың білім деңгейінің мүмкіншіліктерін ескеріп фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды дайындау;
Мектеп физика курсы бағдарламасына сәйкес оқушыларының өлшеу икемділігі мен дағдысының қалыптасуына септігін тигізетін фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды іріктеп, жауаптарын дайындау;
Фронтальдық эксперименттік тапсырманың орындалуының бағалау критерийін жасау.
Зерттеу объектісі: фронталь эксперименттік тапсырмалар
Зерттеу пәні: физиканы оқыту әдістемесі
Теориялық және әдіснамалық негіздері: физикадан ғылыми-әдістемелік әдебиеттер, оқу экспериментінің зерттеу проблемасы бойынша педагог, психолог ғалымдардың еңбектері, Білім және ғылым министрлігінің орта мектептің білім беру мәселелеріне қатысты көрсеткіш (норматив) құжаттары мен оқу-әдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оқу бағдарламалары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б.
Тәжірибелік базасы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылына қарасты Құралай жалпы орта мектебі.
Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
1 Орта мектептің физика курсындағы фронтальдық эксперименттік тапсырмалар
1.1 Физиканы оқытудағы эксперименттің маңызы
Арнаулы құрал-жадықтардың көмегімен сабақта физикалық құбылысты немесе заңдылықты қайтадан көз алдына әкелу оқу эксперименті деп аталады. Сабақта тәжірибелерді демонстрациялау, олардың кейбіреулерін кино және теледидар, компьютер арқылы көрсету, оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауы, мектептегі эксперименттік оқыту әдісінің негізі олып табылады.
Мектептегі физикалық эксперименттің жүйесі оқу бағдарламасындағы оқыту мазмұнына, яғни оқушылар игеретін дағды мен икемділіктерге, сабақтың түріне- барлық оқушылармен бір мезгілде өтуіне, мектептегі физика кабинетінің жадықталу тәуелділігіне байланысты [1].
Орта мектепте физикадан жасалынатын оқу эксперименті екіге бөлінеді:
Демонстрациялық оқу эксперименті. Ол көбінесе мұғалім орындайтын және сыныптағы оқушылар бір мезгілде қабылдауға арналған тәжірибе.
Зертханалық. Зертханалық тәжірибелерді оқушылар өздері орындайды.
Демонстрациялық жұмыстардың мұғалімнің сөзімен ұштасып, физикалық ұғымдарды дұрыс қалыптастырудағы маңызы өте зор. Орта мектептің төменгі сатысында физика пәнін оқытуда физика бағдарламасында әрбір тақырыпқа демонстрациялық тәжірибелердің міндетті минимумы көрсетіледі. Демонстрациялық экспериментті өткізгенде түрлі мақсат көздеуге болады:
Бір немесе бірнеше құбылысты бақылау;
Ұсынылған гипотезаны тексеру;
Физикалық заңдылықтарды айқындау, тексеру;
Кейбір қондырғылар мен приборлардың жұмыс принципін сипаттау.
Мектеп оқу экспериментін ұйымдастыруда мынадай маңызды мәселелерге көңіл аудару керек.
Физика курсында зертханалық жұмыстардың білімдік және тәрбиелік маңызы зор. Зертханалық жұмыстарды орындау оқушылардың физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруіне ықпал етеді. Өлшеу құрал-жабдықтарымен жұмыс істегенде шеберліктер мен дағдылары қалыптасады, білімдерін өмірде саналы қолдануға үйренеді. Зертханалық жұмыстар еңбекке баулу тәрбиесінде және оқушылардың политехникалық білім алуына маңызды рөл атқарады. Дұрыс ұйымдастырылған зертханалық жұмыс оқушылардың ой белсенділігін арттырып, оларды қойылған сұраққа эксперименттік жолмен өз бетінше жауап іздеуге үйретеді.
Зертханалық жұмыс жасау оқушылардың бойында экспериментаторлық дағды мен ебдейліктің қалыптасуына мүмкіндік беретін ең маңызды әдіс. Осы әдіс арқылы оқушылардың өлшеу ебдейлігі қалыптасады. Осы қалыптасқан дағдылар оларға күнделікті өмірде де қажеттеріне жарайды.
Зертханалық жұмыстарды ойдағыдай өткізу үшін физика кабинетіне типтік зертханалық жұмыстарды орындау барысында, өлшеу құрал-жабдықтармен жұмыс істегенде оқушыларда біліктер және дағдылармен қатар өлшеудің қателіктері және олардың себептері жайлы жалпы түсінік болуы керек. Тікелей өлшеудің абсолютті қателігін анықтай білуі, жуық сандарға қолданылатын амалдар ережесі бойынша нәтижесіне өңдеу жүргізу, бірнеше өлшеулердің арифметикалық ортасын таба білулері қажет. Оқушылар өлшеудің салыстырмалы қателігінің пайызбен өрнектелетінін білуі керек.
Зертханалық жұмыстардың мазмұнын оқушылар шапшаң түсініп, оларды сапалы орындай алуы үшін, олар осы жұмыстарға қатысты теориялық материалды жақсы меңгеруі керек. Сондықтан мұғалім сәйкес материалды қайталауды алдын-ала жоспарлауы тиіс. Өтілген материалды пысықтау үшін қажетті жұмыстарды дайындауда оқушыларға өз бетінше қайталауға қажетті мәселелерді дер кезінде көрсетіп беруі керек, сондай-ақ олармен физика курсының сәйкес бөлімдерінен бірқатар есептер шығаруы керек.
Практикада зертханалық сабақтардың негізгі екі формасы орын алған: фронталь зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар.
Фронталь зертханалық жұмыстар бүкіл сабақ бойынша есептелген ұзартылған және 5-10 минутқа есептелген қысқа уақыттық болуы мүмкін. Мұндай зертханалық жұмыстарды фронтальдық деп атайды. Фронталь зертханалық жұмыстар мен бақылауларда сыныптың барлық оқушылары жұмысты бір тақырыпта орындайды және бірдей жабдықтармен пайдаланады. 7-8 сынып оқушыларына физика бағдарламасы бойынша көзделген зертханалық жұмыстар осындай тәсілмен өткізуге есептелген. Сабақта шамалы ғана уақыт ала отырып, мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін мұндай жұмыстар физиканы оқытудың тиімділігін арттырады. Мұнда мұғалім ауызша кеңес береді және жұмыстың кейбір қиын жерлерін көрсетеді, тақтаға қажетті сурет, сұлба болса салады, алынған нәтижелерді талдауды ұйымдастырады [1,40б.].
Физикалық практикум- зертханалық сабақтардың жоғарырақ басқышы, оның мынадай ерекшелегі бар. Мұнда оқушылардың әр тобы әр түрлі жұмыстар орындайды. Физикалық практикум фронталь зертханаға қарағанда күрделірек және оны орындау үшін көбірек уақыт қажет болады.
Физикалық практикум оқу жылының 9-10-11 сыныптарда, 1-2сағат бойы өткізіледі (мысалы, дененің еркін түсуін өлшеу, шала өткізгіштердің вольт-амперлік сипаттамаларын алу, электрорезонансты зерттеу). Мұндай лабораториялық практикумдар күрделі аппаратуралармен жасалады, физикалық құбылыстар терең зерттеледі, оқушылардың өз бетінше ізденушілікпен істеуін талап етеді, оларды ғылыми зерттеу және өлшеу әдістерімен таныстырады [2].
Сыныптан тыс эксперимент үйде, өндіріс нысандарына экскурсия кезінде, физикалық кештерде, физика-техникалық үйірмелерде, қолдан приборлар жасау кезінде өткізіледі. Сыныптан тыс уақыттағы физикалық тәжірибелерді, бақылауларды, өлшеулерді нәтижелі өткізу мұғалімнің мынадай әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстарды күні бұрын жасай білу шеберлігіне байланысты: 1) оқу материалына сәйкес қосымша әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау; 2) жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау [3].
Үйде орындалатын эксперименттік жұмыстарды орындау кезінде оқушылар үй тұрмысындағы нәрселерді пайданалып бақылаулар мен тәжірибелер жасайды. Үйде орындалатын эксперименттік сабақтар оқушыларға оқып үйренген физикалық заңдардың қоршаған өмірдегі көрінісін көре білуде себебі тиеді, сөйтсе отырып, теория мен пратиканың байланысын ұштастырады.
Егер оқушыларды орындауға қажетті құралмен қамтамасыз етілген десек, онда үйде орындалатын эксперименттік жұмыстарды негізгі үш түрге бөлуге болады: 1) оқушылар үй тұрмысында бар нәрселерді және қолда бар материалдарды пайдаланып істелінетін жұмыстар; 2) оқушылар өздері жасаған құрал-жабдықтармен эксперимент жасайтын жұмыстар; 3) өнеркәсіп жасап шығарған құрал-жабдықтармен орындалатын жұмыстар [4].
Диплом жұмысымызда қарастырылатын эксперименттік жұмыстардың барлығы да өтіліп жатқан оқу бағдарламасының шеңберінде қарастырылған. Әрбір тақырыпқа берілген тапсырмалардың саны сол тақырыпта қалыптастырылатын ұғымның маңыздылығын, сол тақырыпта оқушылардың меңгеруі керек практикалық ебдейліктері мен дағдыларына, сол тақырыпты оқытуға бөлінген сағатқа байланысты болады. Кейбір тақырыптар бойынша берілген эксперименттік тапсырма бірнеше нұсқада беріледі. Тапсырманың бірнеше нұсқада болуы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауын мүмкіндік береді. Фронтальдық эксперименттік тапсырмалардың санын көбейген сайын оқушылардың өлшеу икемділіктері де арта түседі. Себебі көптеген фронтальдық эксперименттік тапсырмалар оқушылардың өлшеу икемділігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
Фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды орындау фронтальдық зертханалық жұмыстардан өзгеше. Ол көбінесе физикалық есептеулерге емес, физикалық құбылыстарды бақылауға негізделеді. Себебі эксперименттік тапсырмаларды орындауға көп уақыт жұмсалмауы керек.
Зерттеу жұмысында ұсынылып отырған эксперименттік тапсырмаларды орындау уақыты 5-15 минут аралығында болады. Дипломдық жұмыста қарастырылып отырған фронталь эксперименттік тапсырмалар көптеген жылдар бойы Ресей мектептерінде өз бағасын алған әдіскерлердің: Владимир Алексеевич Буровтың, Александр Иванович Ивановтың, Виктор Иванович Свиридовтың әдістемелік құралдарынан алынды [5].
Орта мектепте жүргізілетін күнтізбелік жоспарларға сәйкес фронталь зертханалық жұмыстар аз жоспарланған. Ал физиканың негізгі экспериментте, яғни тәжірибеде болғандықтан физикадан тәжірибе жұмыстарын оқушының өз қолымен жасап үйренуі, жасаған тәжірибесінің нәтижесін өңдеп, оған байланысты ой қортындыларын жасау өте маңызды.
Көптеген физика мұғалімдері физикалық экспериментке байланысты түрліше жұмыстар жүргізуді. Олар пратикум өткізеді, түрлі физика үйірмелерін ұйымдастырады, үйде орындауға экспериментке негізделген тапсырмалар береді т.с.с. Оқушылардың жан-жақты етіп тәрбиелейтін оқытудың осы айтылған әр түрлі формаларының ішінде фронталь (жаппай) жүргізілетін сыныптардағы зертханалық жұмыстар мен тапсырмалардың аса зор маңызы бар.
Орта мектепте физикадан жүргізілетін зертханалық жұмыстар мен тапсырмаларды фронталь өткізу әдісінің көптеген аса маңызды пайдалы жақтары бар екендігі мәлім. Бұл әдіс, ең алдымен, оқушылардың алып жатқан теориялық білімдерін пратикамен тығыз байланыстыруға мүмкіндік береді. Фронтальдық әдіспен жүргізілетін жұмыстар курстың әр тарауын оқуға кіріспе ретінде, не мұғалімнің сабақты көрнекі түрде түсіндіруіне немесе өткен материалды қайталау және қорыту ретінде өткізілу де мүмкін.
Оқушылардың өздері жасап көретін эксперимент демонстрациялық тәжірибелер сияқты, материалды ұғынуға көп жәрдем ететін, оқыту үдерісінің қажетті бір буыны болып табылады. Сонымен қатар, фронталь әдіс оқушыларға қарапайым өлшеуіш құралдармен және құрылғылармен жұмыс істеуде кейбір алғашқы пратикалық дағды қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.
Тәжірибе, оқыту үдерісінде дағдылануды білім алудан бөлуге, ажыратуға болмайтындығын көрсетеді. Дағды білім алумен бірге бірте-бірте пайда болады. Сондықтан оқушыларды басынан бастап дұрыс дағдыландырудың зор маңызы бар, себебі дұрыс дағдыландырмаудың нәтижесі істеген жақсы нәтиже шығаруға көп кедергі жасайды және оны кейін жөндеу қиынға түседі. Осы тұрғыдан қарағанда фронтальдық тәжірибелік жұмыстардың айтарлықтай маңызы бар.
Сабақтар фронталь жүргізілетін кезде әрбір тапсырманы орындау, толығымен бүкіл сыныптың ұжымдық түрде жұмыс істеу арқылы және оқытушының үнемі бақылап отыру арқылы өткізіледі. Мұндай жағдайда қандай болмасын қателік тез байқалып, не оқытушының нұсқауынша немесе озат оқитын оқушыға еліктеу арқылы тез түзетіледі.
Әдістемелік пікірлер бойынша фронталь жұмыстарға арналған оқу жабдықтары, оларды меңгеріп алу оқушыларды негізгі мақсаттан-физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды үйренуден-басқа жаққа алаңдатпау үшін өте қарапайым етіп алғандықтан, оқушыларға құралдарды меңгеру, олармен жұмыс жасаудың ең элементар практикалық дағдылары үйретіледі.
Фронталь зертханалық жұмыстар мен эксперименттік тапсырмалар практикумнан ерекше, әр топтағы оқушылардың алған нәтижелерін, сабақ соңында салыстыру арқылы, ұжымдық түрде талқылауға және оны бақылауға толық мүмкіндік береді. Қажет болған жағдайда мұндай қорытынды талқылаулар әрбір зертханалық жұмыстың, эксперименттік тапсырманың соңынан да жүргізіліп отырылуы мүмкін.
Дегенмен, фронталь әдісінің осындай практикада дәлелденген барлық дұрыс жақтарына қарамастан, физикада жүргізілетін фронталь зертханалық жұмыстар мен эксперименттік тапсырмалар біздің орта мектептерімізде жиі қолданылмай келеді. Фронталь зертханалық жұмыстардан басқа, үлкен бір бөлімді өткеннен кейін не физиканың жылдық курсын өткеннен кейін жүргізілетін зертхананың тағы басқа бір түрі-қайталау практикумы бар. Мұндай практикумдардың міндетіне, негізінен, мыналар кіреді: оқушыларды өз беттерімен жұмыс істеуге көбірек үйрету, бұрын алған дағдыларын дамытып тереңдете түсу, техникада және күнделікті тұрмыста кездесетін неғұрлым күрделі құралдармен таныстыру т.с.с. Көптеген себептер нәтижесінде мектептерде фронталь зертханалық жұмыстар мен эксперименттік тапсырмалар ұйымдастырудың орнына, көбінесе, тек қана практикум ұйымдастырумен қанағаттанып қояды. Бұлайша алмастырушылыққа жол беруге болмайды, себебі пратикумдар сөзсіз бағалы екендігіне қарамастан, олар толығымен фронталь жұмыстар сияқты бола алмайды, оларды жоғары сыныптарда фронталь жұмыстармен қатар жүргізген жөн болады [6].
Фронталь жұмыстардың дамуына кедергі болған себептердің бірі-қазіргі кезде арнайы өндіріс орындары шығарған зертханалық жабдықтардың жеткіліксіздігі және оның барлық сынып оқушыларына жетерліктей санының болмауында. Бұл мұғалімнің зертханалық жұмыстарға құралдар жинауға көп уақыт жұмсауға мәжбүр етеді. Сондықтан кейбір физика пәні мұғалімдері фронталь зертханалық жұмыстарды мектеп жағдайында оқушылардың қолдан жасаған құралдарымен қоюға мәжбүр етеді. Дегенмен сабақ осы күнгі әдістемелік талаптарды толық қанағаттандыру үшін фронтальдық эксперименттік тапсырмаларды қарапайым зертхана құралдарымен қоса күнделікті тұрмыстағы материалдарды қолдана отырып та жасатуға болады.
Фронталь зертханалық жұмыстарды ұйымдастыру кезеңдері:
1.Әзірлік кезеңіндегі мұғалімнің іс-әрекеті: зертханалық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрылымындағы орныны анықтау; сабақ жоспарын (конспектісін)жасау; құралдарды жинақтап олардың дұрыс жұмыс істеуін тексеру; тәжірибе нәтижесінің қателегін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау.
Оқушының іс-әрекеті: теориялық материалды қайталау; құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру; қажет болған жағдайда , эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару; жұмысты орындаудың жоспарын құру.
2. Орындау кезеңіндегі мұғалімнің іс-әрекеті: кіріспе әңгіме өткізу; оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау; оқушының жұмысының нәтижесін тексеру.
Оқушының іс-әрекеті: жұмыс істеу; жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу; жұмыстың нәтижесін дұрыстығын тексеру.
3. Қорытындылау кезеңіндегі мұғалімнің іс-әрекеті: оқушылардың жұмыстарын тексеру; жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру.
Оқушының іс-әрекеті: жұмыстың нәтижесін талдауға қатынасу; өз жұмысын талдау [3,163б.].
Фронтальдық эксперименттік тапсырмалар фронтальдық зертханалық жұмыстарға қарағанда өте жеңіл әрі қарапайым. Сол себепті зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтардың ішінде оқушылардың өздері-ақ жасай алатын ұсақ құралдар мен детальдар да кездесіп қалады. Бұл қолдан жасалатын қарапайым құралдар мен бөлшектер эксперименттік тапсырманы орындауға жарайтындықтан ондай нәрселер үшін мәселені қиындатпай өндірістерге тапсырыс берудің қажеті де жоқ. Бұл жерде мұғалімнің шеберлігі мен тапқырлығы өте маңызды рөл атқарады.
Құрал-жабдықтар жөніндегі мәселені шешу үшін қолдан жасалатын құралдар мен өндіріс құралдарын сәйкестеу қажет.
