Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Патриотизмге қарсы ұғымдарды атаңыз

2. Космополитизм сөзі қандай мағына береді?

3. Нигилизм сөзі қандай мағына береді?

4. Төмендегі сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Қоғамдық татулық, саяси тұрақтылық, экономикалық даму, қазақстандық патриотизм.

5. Төмендегі сөздерді тәуелдеңіз.

Халық, ар, намыс, Отан, атамекен, туған жер.

6. Кітап, мамандық, жүрек сөздерін тәуелдеп, түбірдің соңғы дыбысының өзгеруін түсіндіріңіз.

7. Отаншылдық, батырлық тақырыбындағы Б.Момышұлының нақыл сөздерін орысшаға аударыңыз, мағынасын ашыңыз.

1. Намысты нанға сатпа.

2. Ел дегенге езіліп, жұрт дегенге жұмылып қызмет ет.

3. Жерге тер төгіп, халыққа қан төгіп қызмет ет.

4. Отан үшін отқа түскін – күймейсің.

5. Ана үшін аянба – ант ұрады.

Бала үшін аянба – бетің күйеді.

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын.

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын.

8. Өз елінің нағыз патриоты дегенге сіз кімді мысал етер едіңіз, өз ойыңызды дәлелдеңіз, ол кісі туралы хабарлама жазыңыз.

9. Диаграмма бойынша тәуелдік, жіктік жалғауларын пайдаланып, өзіңіз туралы әңгімелеңіз.

Ұлты мамандығы

отбасы

туған жері

отбасы жағдайы

мен

жынысы азаматтығы Отаны

4.2. Абай Құнанбаев.

Жіктік жалғау.

1. Тиісті жалғауды қойыңыз.

Мен маман...... . Сен студент..... . Сіз оқытушы....... . Ол ақын..... . Біз адам..... . Сендер отаншыл....... . Сіздер жігіт....... . Олар азамат....... .

2. Төмендегі мәтінді І жақта мазмұндаңыз. Осы негізде қазақ халқының ұлы адамдары туралы мәтін дайындаңыз. Оны ІІ жақта мазмұндаңыз.

Қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы, аудармашы, жазушы, философ, жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаев 1845 жылы қазіргі Семей қаласының Абай ауданында туған. Абайды кішкентайынан әжесі Зере мен анасы Ұлжан ертегі, аңыз әңгімелерді айтып, жақсы тәрбиелеген. Әкесі баласының сауаттылығына, тәрбиесіне үлкен мән берген адам болған. Әкесі Құнанбай Абайды 9 жасында Семейдегі діни мектепке береді. Семейде жүргенде ол орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. 13 жасында Абайды әкесі бұл оқудан шығарып алады да, ел басқару ісіне тартпақ болады. Ел арасындағы алауыздық пен арамдықты көрген Абай болыс болудан бас тартады.

Абай елде жүріп те, Крыловты, Пушкинді, Лермонтовты оқып, қазақшаға аударады. Пушкиннен аударған «Татьянаның әні», Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» деген өлеңдеріне ән шығарады. Абайдың «Болыс болдым, мінекей», «Сегіз аяқ», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдері болыс-билерді қатты сынға алады. Оның табиғатты, махаббатты жырлаған әндері де күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ. Проза түрінде жазылған 45 қара сөзінің тәрбиелік те, философиялық маңызы зор.

Абай 1904 жылы қайтыс болды. Ол өз өлеңдерінің кітап болып басылғанын көре алмай кетті. Оның алғашқы жинағы 1909 жылы ғана жарық көрді. Абайдың шығармалары көптеген тілдерге аударылды. Бұл күндері Абайды, оның шығармаларын дүние жүзі біледі. Өз халқына арнаған орасан зор еңбегі үшін халқы оны сүйеді, мәңгілік ұмытпайды. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов өзінің «Абай жолы» романын Абайдың өмірі мен шығармашылығына арнады.

3. Сөзжұмбақты шешіңіз.

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

  1. Қазақстандағы басты тіл

  2. Отан сөзінің синонимі

  3. Қазақстан – светское государство. Асты сызылған сөзді аударыңыз.

  4. Адам сөзінің синонимі

  5. Ту сөзінің синонимі

  6. Қазақстанның ел ордасы

  7. Астананың негізгі символы

  8. Отаны ................. нан басталады. Түсірілген сөзді табыңыз.

  9. Мемлекеттің басты әні

4. «Отан» тақырыбында сөзжұмбақ құрастырыңыз.

5. «Ұлы іс отаншылдықтан туады» тақырыбында ойтолғау жазыңыз.

4.3. Айман - әлем әртісі.

Көптік жалғау.

1. Мына сөздерге көптік жалғауларды жалғаңыз:

Конкурс,сайыс,жүлде орындаушы, жеңімпаз,әртіс, іс, ішекті аспап,байқау, көркемдік жетекші , дарынды жас, танымал музыкант, әлем әртісі,әділ басшы, үлгілі ана, халықының қызы.

2. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз:

Айман Қожабекқызы Мұсақожаеваның шығармашылық жолы 1976 жылы Югаславия астанасы Белград қаласында өткен Халықаралық конкурстағы бірінші жеңісінен басталды. Талай биік дәрежелі конкурстарға қатысып,талай сыннан өтіп, атаулы жүлделерді иемденген жеңімпаз Айман Қожабекқызы қатардағы орындаушылардан бастап Халықаралық шығармашылық академиясының академигі дәрежесіне дейін көтерілді.

А.Мұсақожаева 1998 жылы қазан айында Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Хорватия балаларына көмектесу қайырымдылық акциясына қатысып, «Әлем әртісі» атағына ие болды. Бұдан бұрын осы атақ әлемінің ең дарынды алты әртісіне берілген, киелі жеті саны қазақ қызына бұйырды. Айман Қожабекқызы Мұсақожаева талай игілікті істерге мұрындық болып жүрген азамат: Алматыда құнды ішекті аспаптардың мемлекеттік коллекцияның жинақтау негізін қаласты, Астанада музыка академиясын ашып, оның жұмысын елімізде баламасы жоқ үздіксіз білім алу жүйесіне қойды; «Шабыт» халықаралық дарынды жастар байқауын ұйымдастырды; «Солистер академиясы» камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі, ал бас дирижері –Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бақытжан Қожабекқызы Мұсақожаева.

Мәтін бойынша сұрақ құрыңыздар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]