Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5 Мб
Скачать
☆

2. Мәтінді оқыңыз және орыс тіліне аударыңыз.

Азаматтық қалай анықталады?

Әрбір елдің, мемлекеттің тұрақты тұрғындары – сол елдің азаматтары болып табылады. Азаматтар әр ұлт өкілінен құралуы мүмкін, алайда барлығына ортақ «азаматтық заң» жүзеге асады. Азаматтар осы заңға сүйенеді әрі бағынады.

ҚР азаматтарының азаматтығын танытатын тіркелген құжат «ҚР Азаматтық Кодексі» (4 наурыз, 1995ж.). Аталмыш заңды құжат ҚР Конституциясына (30 тамыз, 1995 ж.) сәйкес болу керек. Және де азаматтық қатынастарды реттейтін ҚР қабылданған өзге заңдарына, ҚР Жоғарғы кеңесінің қаулыларына (заң құжаттарына), ҚР Президентінің жарлықтары мен қаулыларына, ҚР Үкіметі қаулыларына байланысты «Азаматтық Кодекске» өзгертулер мен қосымшалар енгізіліп отырады.

ҚР Азаматтық Кодексі ҚР Заң және Әділет орындарына, ҚР Ішкі істер министрлігіне қарайды.

ҚР Азаматтық Кодексі 24 тараудан 405 баптан тұрады.

12-бап. Жеке тұлға ұғымы.

ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар да жеке тұлға болып танылады.

13-бап. Азаматтық құқық қабілеттілігі.

Азаматтық құқыққа ие болып, міндет атқару қабілеті барлық азаматтарға бірдей болып табылады. Азаматтың құқық қабілеттілігі ол туған кезден басталып, қайтыс болған соң тоқтатылады.

15-бап. Азаматтық есімі.

Азамат өз фамилиясы мен өз есімін, сондай-ақ қаласа әкесінің атын қоса, өз атымен құқықтар мен міндеттерге ие болады, оларды жүзеге асырады. Азаматтың жасырын түрде құқыққа ие болуы, бүркеншік ат пайдалануы ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексімен қаралады.

16-бап. Азаматтың тұрғылықты жері.

Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекені оның тұрғылықты жері болып табылады.

Он төрт жасқа толмаған адамдардың немесе қорғаншылықтағы азаматтардың тұрғылықты жері олардың ата - анасының, асырап алушылардың немесе қорғаншылардың тұрғылықты жері болып табылады.

17-бап. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі.

1. Азаматтардың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі кәмелетке толғанда, яғни он сегіз жасқа толғаннан кейін толық көлемінде пайда болады.

2. Заң құқықтарында он сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет қабілеттілгіне ие болады.

22-бап. Кәмелетке толмаған азаматтар он төрт жастан бастап ата-анасының немесе асырап алушылардың, қорғаншылардың келісімімен ғана әрекетке қабілетті бола алады.

33-бап. Заңды тұлға ұғымы.

1. Меншік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы жеке мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе метасы болуға тиіс.

2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

3. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. ҚР Азаматтық Кодексі қай жылы қабылданды?

2. ҚР Азаматтық Кодексі неше тараудан, неше баптан тұрады?

3. Азаматтардың құқық қабілеттілігі туралы ҚР Азаматтық Кодексінде не жазылған?

4. Азаматтардың тұрғылықты жері қалай анықталады?

5. Азаматттардың әрекет қабілеттілігі қандай деңгейде?

6. Жеке тұлға мен заңды тұлға арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты көрсетіңіз.

7. ҚР Азаматтық Кодексі қандай заңды орындарға жүгінеді?

8. Кәмелетке толмаған азаматтардың ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес қандай мүмкіндіктері бар?

  1. Төмендегі сөз тіркестерінің баламаларын тауып, шылауларды байланыстырып сөйлемдер құраңыз.

Азаматтық қатынастарды реттеу

В связи постановлениями правительства

Аталмыш заңды құжат

С согласием опекунов

өзгертулер мен қосымшалар негізінде

Гражданин не достигший совершеннолетия

Заңнамаға сәйкес

На основе изменении и дополнении

Үкімет қаулыларына байланысты

Гражданин не достигший совершеннолетия

Азаматтардың құқық қабілеттілігі

Регулировать гражданские отношения

Жасырын түрде құқыққа иелену

Данный законный документ

Асырап алушылардың рұқсатымен

Быть ответственным

Жауапкер бола алатын ұйым

Правовые способности гражданина

Кәмелетке толмаған азаматтар

Соответственно законодательством

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]